Материалдар / мақала: Адам әсемдігінің келбеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мақала: Адам әсемдігінің келбеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Экскурсиялық әдістеме бірнеше аспектілерде қарастырылады: экскурсоводтардың кәсіби шеберлігінің негізі ретінде; материалды «ұсынуды» жетілдіретін механизм ретінде; экскурсовод қызметін реттеу процессі ретінде. Экскурсияны жүргізу әдістері экскурсия жетекшілері жұмысының спецификалық құрылысын құрайды. Бұл әдістемелер экскурсияның спецификасынан шығады, яғни көрсетілім мен әңгімелеп берудің ұйқасуы және экскурсия жетекшілерінің объектіден объектіге орын ауыстыруы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2021
431
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Экскурсияны дайындаудың әдістемесі.

Экскурсиялық әдістеме бірнеше аспектілерде қарастырылады: экскурсоводтардың кәсіби шеберлігінің негізі ретінде; материалды «ұсынуды» жетілдіретін механизм ретінде; экскурсовод қызметін реттеу процессі ретінде.

Экскурсияны жүргізу әдістері экскурсия жетекшілері жұмысының спецификалық құрылысын құрайды. Бұл әдістемелер экскурсияның спецификасынан шығады, яғни көрсетілім мен әңгімелеп берудің ұйқасуы және экскурсия жетекшілерінің объектіден объектіге орын ауыстыруы. Экскурсияға қатынасушылардың алып отырған білімі объективті әлем құбылыстары мен зерттеліп отырған пәнді тікелей қабылдауға негізделеді. Сондықтан экскурсия көрнекі оқыту (сурет, үлгі, фотосурет және т.б.) жүйесінде маңызды орын алады.

Жалпы экскурсиялық әдіс екі басты бөлімнен тұрады:

а) экскурсияны дайындау;

б) экскурсияны жүргізу;

  • алдын- ала қарау тәсілі;

  • панорамалық көрсетілім тәсілі;

  • реконструкция тәсілі;

  • көру монтажы тәсілі;

  • оқиғаларды бір орталыққа біріктіру тәсілі;

  • көрі арқылы салыстыру тәсілі;

  • абстрогирование тәсілі;

  • интеграция тәсілі.

Экскурсиялық әдістеме көрсетілім және әңгімелеу сияқты түсініктермен тығыз байланысты.

Көрсетілім әдістемесі – экскурсиялық әдістеменің дайындық көлемі мен қиындығы және жүзеге асырылуы бойынша көп бөлігі. 

Әңгімелеу әдістемесі – әдістеменің бірінші бөлігіне бағыныштылық сипатта болатын аз бөлігі.

Көрсетілімнің әдістемелік тәсілдеріне:

Әңгімелеудің әдістемелік тәсілдеріне:

  • анықтама беру тәсілі;

  • сипаттау тәсілі;

  • мінездеме беру тәсілі;

  • түсіндіру тәсілі;

  • комментарий жасау тәсілі;

  • репортаж жүргізу тәсілі;

  • цитата келтіру тәсілі;

  • сұрақ- жауап тәсілі;

  • куәгерлерге кілттеме жасау тәсілі;

  • тапсырма беру тәсілі;

  • жаңа материалдарды беру тәсілі.

«Методика» деген сөз грек тілінен пайда болған «метод» деген сөз – «бір нәрсеге жол» деп аударылады. Методиканың жалпы ұғымы – алдына қойған мақсатқа жетуі. Ал, «экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді.

Экскурсия – методика арқылы алдын ала ойластырылған назар аударарлық жерді, тарихи және мәдени ескерткіштерді көрсету, оның негізіне экскурсанттардың көз алдындағы объекттердің анализі жатқызылған, және сонымен байланысты оқиғалар туралы епті әңгіме. Бірақ экскурсияның негізін тек қана осымен түсіндіру дұрыс емес.

2.Жаңа экскурсияны құру қандай тақырыпқа болса да жұмысшылар ұжымының толығымен белсенді қатысуын талап ететін қиын процесс. Болашақ экскурсияның мазмұны, оның танымдылық құндылығы әдістемешілер мен экскурсоводтардың білімдеріне, олардың біліктілігіне (құзыреттілігі), олардың педагогика және психология негіздерін тәжірибе жүзінде меңгеруінің дәрежесіне, аудиторияға әсер етудің ең тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдап алуды білуіне тікелей тәуелді болып келеді.

Экскурсия – бұл екі өте маңызды процесстердің нәтижесі: оның дайындалуының және өткізілуінің. Олар өзара байланысты, өзарашарттас. Ойластырылмаған дайындықпен экскурсия өткізілуінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мүмкін емес.

Жаңа экскурсияны дайындау бойынша жұмыста екі негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады:

экскурсияның жаңа тақырыбын өңдеу (мүлдем жаңа немесе тек берілген экскурсиялық мекеме үшін жаңа);

бастаушы немесе жұмыс істеп жатқан экскурсоводты ол үшін жаңа, ал берілген мекемеде бұрыннан өңделіп қойған және өткізілген экскурсияға даярлау.

Алғашқы бағыт – экскурсиялық мекеме үшін жаңа экскурсия құру процесі.

Жаңа экскурсия дайындау шығармашылық топқа тапсырылады. Оның құрамына 3-тен 7 адамға кіреді, ал бөлек жағдайларда одан да көп, тақырып қиындығына қарай. Олардың көбі мекемеде жұмыс істеуші экскурсоводтар. Жиі консультанттар ретінде түрлі салалар мамандары – мұражайлардың, жоғары оқу орындарының және орта мектептердің және т.б. ғылыми жұмыскерлері шақырылады.

Әдетте шығармашылық топтың әрбір қатысушысына бөлімдердің біреуін, экскурсия тақырыпшаларының біреуін немесе тақырыпша сұрақтарының бір немесе бірнешеуін өңдеу тапсырылады. Жұмысты бақылау мақсатында шығармашылық топ жетекшісі таңдап алынады.

Жаңа экскурсия даярлығы үш негізгі баспалдақтан өтеді:

Алдын ала жұмыс – болашақ экскурсия үшін материалдар іріктеу, оларды оқу (яғни, берілген тақырып бойынша білім жинақталу процесі, экскурсия мақсаты мен тапсырмаларын анықтау). Осымен бір мезгілде экскурсияны құрайтын объектілерді іріктеу жүріп жатады.

Экскурсияның өзін тікелей өңдеу өзіне кіріктіреді: экскурсиялық бағытты құруды; фактілік материалды өңдеуді; экскурсия мазмұны, оның бірнеше негізгі сұрақтардан тұратын негізгі бөлімімен жұмыс істеуді; бақылау мәтінін жазуды; экскурсия жүргізу әдістемесімен жұмыс жасауды; экскурсия өткізу кезіндегі көрсетілім мен әңгімелеудің ең тиімді деген әдістемелік тәсілдерін таңдау; жаңа экскурсияның әдістемелік өңдеуін дайындауды; экскурсоводтардың жеке мәтіндерді жазуы.

Ақырғы баспалдағы – экскурсияны бағытта қабылдау (қорғау). Экскурсиялық мекеме жетекшісімен жаңа экскурсияны бекітуі, өз тақырыбын қорғаған экскурсоводтарға бағытта жұмыс істеуге рұқсат ету.

Қарапайым түрде барлық экскурсиялардың схемасы, тақырыбына, түрі және өткізілу формасына қарамастан, бірдей: кіріспе, негізгі бөлім, қорытындысы.

Кіріспесі, әдеттегідей, екі бөліктен тұрады:

ұйымдастырушылық (экскурсиялық топпен танысу және экскурсанттарға жолдағы қауіпсіздік ережелері және бағытта өзін-өзі ұстауы жайлы нұсқау беру);

ақпараттық (бағыттың тақырыбы, ұзындығы мен ұзақтығы, жол жүру уақыты мен қайтіп келу уақыты, санитарлық аялдамалар мен экскурсия аяқталар жер жайлы қысқаша хабарлама).

Негізгі бөлімі нақты экскурсиялық объектілер, көрсетілім мен әңгімелеудің тіркесінде құрылады. Оның мазмұны объектілерде ашылуы тиіс және тақырыппен біріктірілген бірнеше тақырыпшалардан тұрады. Экскурсия тақырыпшаларының саны әдетте 5-тен 7-ге дейін болады. Бұл жерде экскурсияны құру үшін маңызды нәрсе объектілерді таңдауда экскурсия тақырыбын ашуға көмектесетіндей, уақыты бойынша белгілі бір мөлшерде және берілген экскурсияның қандай да бір тақырыпшасының мағынасына байланысты объектілер болуы керек.

Қорытындысының да, кіріспесі сияқты, экскурсиялық объектілермен байланысы жоқ. Ол уақыты бойынша 5 – 7 минут алуы және екі бөлімнен тұруы керек. Біріншісі – экскурсияның негізгі мазмұнын қорытындылау, экскурсия мақсатын іске асыратындай тақырып бойынша қорытынды. Екіншісі – берілген тақырыпты кеңейте және тереңдете алатындай басқа экскурсиялар туралы ақпарат. Қорытынды бөлім дәл кіріспе мен негізгі бөлім сияқты маңызды.

Экскусияның айтарлықтай қызықты болуы өте маңызды. Және елеулі түрде оның артық, туристерге қажеті жоқ ақпаратқа толы болмауы қажет, керісінше қандай болмасын экскурсанттар категориясымен жақсы қабылдануы тиіс. Осығын байланысты, экскурсия тематикасы белгілі бір экскурсанттар категориясына арналуы керек (ересектер немесе балалар, жастар, қалалық немесе ауылдық тұрғындар, гуманитарлық кәсіп жұмысшылары, шетелдіктер және т.б.). Мұндай есеп экскурсиялық қызмет етуге саралап келу деп аталады. Ол тұтынушылардың тек қызығушылықтарын ғана емес, олардың мақсаттарын да ескеруі керек. Егер де экскурсия, мысалы, фольклорлы тур түрінде ұсынылса, онда әңгімелеу мен көрсетілімде негізінен аймақтың тарихын, ескерткіштерін, ұлттық ерекшеліктерін тірек етіп алу керек. Ал егер экскурсия іскерлік тур бағдарламасына кіретін болса, онда іскерлік және қоғамдық орталықтар көрсетіліміне көңіл бөлген жөн. Курортты демелыс түріндегі экскурсиялық қызметті ұйымдастыруда табиғи ландшафтылар, ескерткіштер, объектілерді қарап-бақылау серуендері көз тартады.

Жаңа экскурсия дайындау барысында белгілі бір тәртеппен орналасқан бірқатар негізгі кезеңдерді бөліп көрсетуге болады. Оларды экскурсиялық мекеме жұмысы тәжірибесі кезінде құрылғандай жүйелілікпен қарастырайық.

Алғаш рет «экскурсияға дайындық кезеңдері» түсінігі күнделікті пайдалануға 1976 ж. енгізілген еді. Сол кезде он бес кезең аталды:

1. Экскурсия мақсаты мен тапсырмаларын анықтау.

2. Тақырыпты таңдау.

3. Әдебиет іріктеу және кітапнаманы (библиография) құрастыру.

4. Экскурсиялық материалдың көздерін анықтау.

Тақырып бойынша мұражайлрдың экспозициялары және қорларымен танысу.

5. Экскурсиялық объектілерді іріктеу және оқу.

6. Экскурсия бағытын құру.

7. Бағытты өтіп шығу.

8. Экскурсияның бақылау мәтінін дайындау.

9. «Экскурсовод портфелін» жинақтау.

10. Экскурсия өткізудің әдістемелік тәсілдерін анықтау.

11. Экскурсия жүргізу техникасын анықтау.

12. Әдістемелік өңдеуді құрастыру.

13. Жеке мәтіндерді құрастыру.

14. Экскурсияны қабылдау (тапсыру).

15. Экскурсияны бекіту.

Жаңа экскурсияны дайындау шығармашылық топқа жүктеледі. Оның құрамын экскурсияның қиындығына қарай 3-7 адам кіргізіледі. Топ жетекшісі тағайындалады. Көп жағдайда ол сол мекемелерде жұмыс істеп жүрген экскурсоводтар болады. Кеңесші ретінде әр түрлі салалардың мамандары шақырылады.

Жаңа экскурсияны дайындау 3 кезеңнен тұрады:

1.Алдан-ала жұмыс – келешек экскурсияға мәліметтер жинау және сол мәліметтерді зерттеу, сонымен қатар экскурсияда көрсетілетін объектілерді таңдау;

2.Тікелей экскурсия дайындау – бұл дегеніміз экскурсиялық маршрутты құру, нақты мәліметтерді өңдеу, бірнеше негізгі сұрақтардан тұратын экскурсияның негізгі бөлігінің мазмұнын құрастыру, бақылау мәтінін жасау, экскурсия методикасын жинақтау, әңгімелеудің, көрсетудің тиімді методикалық тәсілдерін анықтау;

3.Қорытынды кезең – экскурсияның маршрутты қабылдау мекеменің басшысымен жаңа экскурсияны бекіту және экскурсияның алдында шығармашылық топ экскурсияны қорғайды. Жаңа экскурсияны дайындаудың кезеңдерін бейнелеуге болады. Олардың өзіндік реті бар. экскурсия тәжірибесінде қалыптасқан жүйелілік бойынша қарастырамыз.

Объект болып бір оқиғамен байланысты ғимараттар, түрлі құрылыстар, археологиялық ескерткіштер, өнер туындылары саналады.

Экскурсия кезінде объекті көрсету басты орын алады. Дұрыс таңдалған объектілер олардың саны, көрсетудің кезектілігі экскурсия сапасына әсер етеді.

Объектілерді келесі топтарға бөлуге болады:

1.Біздің халқының өмірінде болған тарихи оқиғалармен, қоғаммен, мемлекеттің дамуымен байланысты орындар;

2.Ғимараттар мен құрылыстар, мемориалды ескерткіштер, белгілі адамдардың өмірі мен қызметіне байланысты орындар: архитектуралық ансамбльдер, қоғамдық-инженерлік құрылыстар, мәдени саласындағы ғимараттар және т.б.;

3.Табиғи объектілер: ормандар, саябақтар, өзендер, көлдер, қорықтар мен қорықшалар және реликті өсімдіктер;

4.Мемлекеттік және халық мұражайлардың сурет экспозициясы, тұрақты және уақытша көрмелер;

5.Археология ескерткіштері: ежелгі тұрақтар, қоныстар, қорғандар, киелі орындар және т.б.;

6.Өнер ескерткіштері: бейнелеу өнерінің туындылары, қолтаңбалы өнер, мүсін және т.б.

3.Экскурсиялық объектілер келесі топтарға бөлінеді:

1.Мазмұны бойынша: бір жоспарлы және көп жоспарлы;

2.Функционалды белгісі бойынша: негізгі және қосымша;

3.Сақталу дәрежесі бойынша: толық сақталған, біздің уақытымызға дейін біраз өгерістермен жеткендер, жартылай сақталған және жоғалтылған.

1.Танымдылық құндылығы – бұл дегеніміз объектінің бір нақты оқиғамен белгілі мәдени қайраткерлердің өмері мен шығармашылығына байланысты.

2.Объекттің әйгілігі – оның халық арасында белгілігі.

3.Объектінің әдеттігіден тыс болуы – объектінің қайтланбас ерекшелігі бір аңызбен немесе оқиғамен байланыстылығы.

4.Объекттің айқын көрінуі – сыртқы айқындығы қоршаған ортамен, ғимаратпен, құрылыстармен, табиғатпен өзара байланыстылығы.

Экскурсия маршрутын жасағанда экскурсиялық топтың қозғалыс кезінде уақытты үнемді пайдалануды есте сақтау керек. Бірқалыпты объектілерді көрсете беруде сақ боду керек. Экскурсияның уақытын көрсетумен, әңгімелеумен және паузалармен толықтыру қажет. Көрсету мен әңгімені пайдаланудың 4 варианты бар:

1.Әңгіме мен көрсетудің бірге жүріп отыруы – экскурсанттар бейнеленіп жатқан объектіні зерттейді;

2.Тек қана әңгіме айтылады – қалаға сипаттама бергенде және тарихи оқиғалар қарастырылғанда;

3.Тек қана көрсету жүргізіледі – объектіні экскурсовод көмегімен зерттеу;

4.Көрсету де, әңгімелеу де жоқ – экскурсанттардың өзіндік жұмысы (бақылау, алған әсер мен білімді меңгеру).

Экскурсия кезінде тек қана әңгімелей берсе біраз уақыттан кейін экскурсияға деген қызығушылық төмендейді, одан кейін тіпті жоғалады. Сондықтан объектілерді көрсетудің, әңгімелеудің арасында үзілістің болуы тиіс.Экскурсия жасаған кезде маршрутқа байланысты үзілістерді жоспарлайды. Қала сыртына жасалған экскурсияла үзілістер ұзақтау болады. Үзілістерді дұрыс пайдалану керек. үзіліс кезінде пікір алысуға, көргенді талқылау дұрыс емес. Өйткені, кейіннен аудиоториялық қызығушылығы төмендейді. Лекция тыңдаушыларының зерттеуі бойынша 14-ші, 25-ші, 34-ші минуттарда тыңдаушылардың назары төмендейді екен. Сондықтан экскурсиялық методика осы уақыттарда жаңа объектті енгізеді. Одан басқа назар аударарлық тәсілдерді пайдаланылады (жазылған дыбысты тыңдау, слайдтарды көрсету).

4.Маршрутты тексеріп шығу экскурсия жасалу кезінде негізгі этаптың бірі болып табылады. Маршрутты тексеріп шығуды ұйымдастырған кезде келесі міндеттер қойылады:

-Маршруттың жоспарымен, маршрутта қарастырылған көшелермен, алаңдармен танысу;

-Объекттің орналасқан жерін анықтау, экскурсиялық автобустың тоқтайтын жерлерін анықтау;

-Әрбір объектті көрсеткен кезде жұмсалатын уақытты есептеу (хронометраж);

-Белгіленген объектілердің дұрыс таңдалғанын анықтау;

-Объектті дұрыс, тиімді көрсететін нүктелерді табу және сол объектінің қасында туристерді орналастыратын орындарды анықтау;

-Объектпен танысатын методикалық тәсілдерін анықтау;

-Маршрутта қауіпті жерлерді анықтап, туристердің қауіпсіздігіне шара қолдану.

Бақылау мәтіні шығармашылық топпен жасалады. Бақылау мәтіні басқаша «фирма мәтіні» деп аталады. Бақылау мәтінінде әдебиеттен үзінділер, статистикалық мәліметтер, сонымен бірге экскурсия кіріспесі, мазмұны және қорытындысы толық жазылады. Бақылау мәтінінде маршрутпен байланысты емес мәліметтерде кіреді. Осы мәліметтер экскурсия басқа варианттарын жасаған кезде көмектеседі.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!