Материалдар / мақала Алиева Айгерим
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мақала Алиева Айгерим

Материал туралы қысқаша түсінік
Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Көбінесе аутизм 3-5 жас аралығында анық көрінеді. Соның нақты ерекшеліктері төмендегідей: Аутизмі бар бала көзін бір жерге тоқтатпайды, әсіресе қарама-қарсы отырған адамның түріне ол адамның бет-әлпетіне, тікелей (көзбе-көз,тура
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
344
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Дидактикалық ойынның түрлері»

«Аутизмі бар балаға математикалық дидактикалық ойынды қолданудың

әдіс-тәсілдері»


«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның

шығармашылық қабілетін дамытады.

Ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес»

(В.А.Сухомлинский)


Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді.

Көбінесе аутизм 3-5 жас аралығында анық көрінеді. Соның нақты ерекшеліктері төмендегідей:

Аутизмі бар бала көзін бір жерге тоқтатпайды, әсіресе қарама-қарсы отырған адамның түріне ол адамның бет-әлпетіне, тікелей (көзбе-көз,тура) қарамайды. Бұндай балаларды ешнәрсе қызықтыра алмайды. Немқұрайлық ойындарда да пайда болады, бір іс-әрекетті неше рет қайталап, мәнсіз ойнайды. Аутизм балалардың зейіні тұрақсыз болады, оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет.

Аутизмі бар балаларды оқу-тәрбиелеу процесінде дидактикалық ойынды қолданудың туындауы, ең біріншіден, ойынның бұл жастағы басты қызметі болып келетіндігінен шыққан.

Педагог маман балалардың жас ерекшелігімен қатар, аутизмі бар балаларға тән дамуындағы ауытқуы туралы ұмытпауы керек. Әдетте, аутизмі бар балалар болбыр, эмоциясыз болып келеді. Сондықтан баланы қызықтыратын, көңілін бөлетін әдіс-тәсілдер қажет. Аутизмі бар балалар селқос, заттармен және ойыншықтармен белсенді әрекет жасауға ынталанбайды. Ересектерге әрдайым балалардың ұсынылған қызметке жағымды, әсерлі қарым-қатынасын жасап тұру қажет. Дидактикалық ойынның мақсаты да осында.

Дидактикалық ойын мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда ойын әдісі, оқыту нысаны, өзіндік ойын қызметі және бала тұлғасын жан-жақты тәрбиелеудің тәсілі болып келеді. Дидактикалық ойын барысында таным процестері де дамиды.

Дидактикалық ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен сабақты берік меңгерту болып табылады.

Дидактикалық ойындарды сабақтың әр алуан буындарына енгізу:

  1. Сабақтың кіріспе бөлімінде;

  2. Материалды игеруге даярлық кезінде;

  3. Материалды пысықтау кезінде;

  4. Игерілген материалды қайталау кезінде дидактикалық ойындарды пайдалануға болады.

Дидактикалық ойынның негізгі түрлері. Мектепке дейінгі педагогикадағы барлық дидактикалық ойындарды үш түрге бөлуге болады: заттармен (ойыншықтармен, табиғи материалдармен) ойнау, үстел жанында ойналатын баспалық ойындар және сөздік ойындар.

  1. Заттармен ойнау. Заттармен ойнағанда ойыншықтар мен деректі заттар қолданылады. Олармен ойнағанда, балалар әр түрлі заттарды салыстырып, олардың ұсақтығын не айырмашылығын табуды үйренеді. Бұл ойындардың құндылығы: балалар заттардың түр-сипатымен танысып, түсін, көлемін, пішіні мен сапасын ажыратуды үйренеді. Бұл ойындарда салыстыру, сараптау-жіктеу, қойылған мақсаттарының шешілу кезегін айқындау мәселелері шешіледі. Заттар әлеміндегі өздерінің білімдерін арттыру кезінде ойын шарты күрделенеді: затты бір ерекше сипатына қарай табуды, осы сипатқа қарай заттарды біріктіруді үйренеді. (түсі,пішіні,сапасы мен нысаны т.б.бойынша)

2. Үстел жанында ойналатын баспалық ойындар.

Үстел жанында ойналатын баспалық ойындар – балалардың қызықты ойыны. Олар әр түрлі болады: қима суреттер, лото, домино т.б. Бұларды қолдану арқылы дамыту ойындары да әр алуан болады.

Суреттерді жұптастыру. Бұл ойындағы ең онай тапсырма-әртүрлі суреттердің ішінен екі мүлдем бірдейін табу. Суреттерді ұқсас жерлеріне қарай табу (классификациялау). Бұнда-жалпылау, заттар арасында байланыс табу.

Суреттердің құрамын, санын, орналасуын есте сақтап қалу. Бұл ойындардың дидактикалық тапсырмаларына, реттік және есептік сандарды, үстел үстіндегі суреттердің орындарын (оң-сол, жоғары-төмен, жанында-алдында т.б.) есте сақтаулары жатады, суреттерді қозғағаннан кейін қалай өзгергендерін айтып бере алуы.

Кеспе суреттер мен текшелерді (кубиктерді) құрастыру. Бұл ойындардың мақсаты – бөлшектерден тұтас зат құрастыруды меңгерту.

3. Сөздік ойындар. Сөздік ойындар балалардың сөздері мен әрекеттеріне негізделген. Балалар бастапқы білімдерін қолдана отырып, заттар туралы өз білімдерін тереңдетеді.


Осы айтылған дидактикалық ойын түрлерін қарастыра келе, өз іс-тәжірибемнен жұмыс бағыттарымның бірі қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру болғандықтан, түрлі математикалық дидактикалық ойындар түрлеріне тоқталғым келеді.


Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар

«Дәл осындай пішінді тап»

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, түстерін анықтауға, дұрыс тауып орналастыруға және салыстыруға үйрету.

Көрнекілігі: қағазға салынған және бөлек әртүрлі геометриялық пішіндер.

Мазмұны: Бала әртүрлі пішіндерді ажыратып, түстерін айтып немесе көрсету арқылы орналастырады. Үлгі ретінде суреттен бір пішінді көрсетіп, дәл осындай жұбын табуды ұсыну, пішіннің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.

«Үй салу»

Мақсаты: таным процестерін дамыту, түстерді ажыратуға жаттықтыру.

Көрнекілігі: үй суретінің үлгісі, әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер.

Мазмұны: Балаға үйдің суретінің үлгісін көрсету, оған әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.

«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен сәйкестендіру.

Көрнекілігі: Сеген тақтасы

Мазмұны: Балаға Сеген тақтасы беріледі. Тақтадағы бос торларды сәйкес пішіндермен толықтыруы керек.


Өлшемдер туралы дидактикалық ойындар

«Қай қолымда көп»

Мақсаты: аз және көп заттарды ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. Көрнекілігі: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар, түймелер т.б.

Мазмұны: балаға оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайды. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады.

«Көп және біреу»

Мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету, заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.

Көрнекілігі: көп және бір зат бейнеленген суреттер.

Мазмұны: бала берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді көрсету арқылы бөліп, екі жаққа қояды.

«Ұзын және қысқа»

Мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету, тапсырманы орындауға жаттықтыру.

Көрнекілігі: ұзын және қысқа жолақшалар.

Мазмұны: балаға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.


Кеңістіктер туралы дидактикалық ойындар

«Биік-аласа және үлкен-кіші»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлай білуге, биік - аласа және үлкен - кіші ұғымдарын, айырмашылықтарын түсіндіру.

Көрнекілігі: биік-аласа үстел және үлкен-кіші кесе бейнеленген суреттер.

Мазмұны: балаға биік-аласа үстел және үлкен-кіші кесе бейнеленген суреттерді көрсету. Бала айырмашылығын тауып орналастыруы қажет.

«Жоғары-төменде, алдында-артында, ішінде-үстінде»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлай білуге, жоғары-төменде, алдында-артында, ішінде-үстінде ұғымдарын ажыратуға дағдыландыру.

Көрнекілігі: жоғары-төменде, алдында-артында, ішінде-үстінде бейнеленген суреттер.

Мазмұны: балаға бейнеленген суреттерді көрсету, тусіндіру арқылы айырмашылықтарын түсіндіріп, кеңістікті бағдарлай білуге қалыптастыру.


Сандық құрамды ажыратуға арналған ойындар

«Заттарды сана»

Мақсаты: баланың зейінін аудару арқылы байқағыштығын арттыру.

Суреттен көрсетіп, аттарын атап және санау арқылы қарапайым математикалық білімдерін бекіту.

Көрнекілігі: көкөністер, үйлер, саңырауқұлақтар суреттері.

Мазмұны: балаға аталған суреттерді көрсете отырып, санауды үйрету. Бір суретте бірнеше түрлері болуға тиіс. Балаға қойылатын талап санын анықтау.

«Кімдер? Қанша? Қандай?»

Мақсаты: санауды үйрету және 1-ші, 2-ші ұғымдарымен таныстыру.

Көрнекілік: «Шалқан» ертегісі бойынша кейіпкерлер бейнеленген суреттер.

Мазмұны: Кейіпкерлерді қойып, ертегіні әңгімелеу. Кейіпкерлердің санын анықтау арқылы 1-ші, 2-ші ұғымдарымен таныстыру.

Мысалы: «Шалқан» ертегісі бойынша атасы бірінші, әжесі екінші, қызы үшінші т.б. жалғастырып кетуге болады.

Қорыта келгенде, бірінші деңгейдегі мақсат-ойын үрдісінен рахаттану. Егер ойын балаға қуаныш әкелетін болса, онда бала кез-келген белсенділікке дайын болады. Дидактикалық ойын балаға білім берудегі әсер етудегі ең негізгі бір түрі, өйткені ойын балалардың негізгі іс әрекеті. Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруда дидактикалық ойындардың алатын орны ерекше. Балаларды ойынға қатыстыру арқылы маман алынған тәжірибенің белсенділігін сипаттап ескермесе, онда ойынды үйретудің әдістемелік тәсілдері мен ойынды басқаруы өз деңгейінде практикалық мақсатына жете қоймайды. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді.

Өз іс-тәжірибемнен дидактикалық ойындар нәтижесінде балалардың таным әрекеттері, күрделі және ұсақ моторикалары және қарапайым математикалық түсініктері аздап болсада қалыптасып келеді.


Қолданылған әдебиеттер

1. Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. ¬ М., 1992.

2. Богуславская З.М., Смирнова Е.О. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту ойындары. – М., 1991.

3. Колесникова Е.В. 3-4 жас балаларына арналған математика. – М., 2008.

4. Леушина А.М. Математикалық түсініктерді қалыптастыру. –А., «Мектеп», 1982.

5. Никитин Б.П. Дамытушы ойындар. – М., 1994.

6. Сатимбекова М.С., Наурызбаева Ә.Н., Әуелбекова: Математика әдістемелік құрал. –А., «Алматы кітап» ЖШС, 2005.

7. Ғаламтор беттерінен....

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!