Материалдар / Мақала: "Бастауыш сыныпта – педагогикалық технологияны оқытудың жаңа жүйелері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: "Бастауыш сыныпта – педагогикалық технологияны оқытудың жаңа жүйелері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш мектеп педагогикасы – кіші оқу жасындағы балаларды тәрбиелеу, білімдендіру, оқыту заңдылықтарын зерттеумен айналысып, сол заңдылықтарға орай білімдерді тәжірибелік іс- қызметте тиімді пайдаланудың жолдары мен әдістемелерін нақтылап ұсынушы ғылым. Бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру болып отыр. Сонымен бірге жаңа педагогикалық технологияның қажеттілігі артуда.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
643
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕЛЕРІ

Токтаганова Лязат Жумахановна

Бүгінгі таңдағы өркениетті елу елдің қатарына қосылуды мұрат тұтқан Тәуелсіз Қазақстанның қоғамы болашақ түлектерді, жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігінен оқу-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар қоюда.

Бастауыш мектеп педагогикасы – кіші оқу жасындағы балаларды тәрбиелеу, білімдендіру, оқыту заңдылықтарын зерттеумен айналысып, сол заңдылықтарға орай білімдерді тәжірибелік іс- қызметте тиімді пайдаланудың жолдары мен әдістемелерін нақтылап ұсынушы ғылым. Бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру болып отыр. Сонымен бірге жаңа педагогикалық технологияның қажеттілігі артуда.

1-кесте. Дамыта оқыту тәсілдері.

Педагогикалық

процестің

компоненттері

Дәстүрлі иллюстрациялық-

түсіндірме әдісі

Дамыта оқыту

Мақсат білік, дағды қалыптастыру

Оқушыларға білім, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту

Байқампаздығын

Бастапқы мазмұн

Мысалдар, дәлелдер, ақиқат, мәтіндер

Заңдылықтарды, теорияларды, ережелерді, ұғымдарды қорыту.

Оқытудың формалары

Жеке, топтық, фроньталды.

Бірлескен оқу қызметі, ұжымдық оқыту әдісі

Оқыту әдістері

Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық.

Проблемалық баяндау, ішінара ізденушілік, зерттеушілік

Бақылау, бағалау

Бақылау, оқыту нәтижесін мұғалімнің бағалауы.

Өзін-өзі бақылау,

өзін-өзі бағалау.

Ойлау

Эмпирикалық: индукция, салыстыру, жіктеу.

Теориялық:

Дедукция, талдау. Рефлекция, модельдеу.

Қазіргі кезде бастауыш білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын (оқушылардың зерттеу – жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі, жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқыту ) тәжірибеде қолдану 12 жылдық оқытудың негізгі бағыты болып отыр.

Баланың айналаны өз бетімен танып-білуге ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуге оқытудың басты мақсаты – адамзат мәдениетінің кез-келген саласындағы іс-әрекетінің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.

Балаларды оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктерімен сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді «дайын күйде» алмай, өз бетімен ашады.

Оқытуды іске асыру тәсілдерінің бірі- жобалар әдісі, өзінің дидактикалық негізі бойынша шынайы өмірде тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзыреттілікті тәсілді қолдайтын технология.

Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы- оқытудың негізгі мақсаты ретінде пәндік білім- білік дағдыларды қалыптастырудан жалпы оқу біліктерін қалыптастыруға ден қою. Өзіндік оқу әректтерін дамыту- бағалау жүйесіне өзгерістердің енгізілуін көздейді.

Дамыта оқыту технологиясы – шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға есте сақтауға, тіл дамытуға бағытталған. Бұл технологияның ерекшелігі: оқығанын пікір-сайысқа салу; сабақ құрлымының оңтайлығы; дидактикалық ойындар; өзіндік іс-әрекеттің қарқындылығы; сабақта әр оқушыға өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік беретін ситуация құру.

Коммуникативті оқыту технологиясы- сабақта диалогтық және монологтық оқытуға жағдай жасайды. Коммуникативтік әдіс – оқушылардың танымдық оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады. Коммуникативтік әдісті қолдану кезінде қарым-қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсатты тілегіне бағына білуін қалыптастырады.

Педагогикалық технологиялар қолдану сипатына қарай дәстүрлі және инновациялық болып бөлінеді. Инновация ( «новация» - жаңа, жаңашылдық; «ин», «қайталанатын» процесс, құбылыс, оқиға, т.с.с. білдіретін жұрнақ.) бар, әрекет етуші нәрсенің ішінде жаңаның пайда болуын, дамуын білдіреді. Бұл ұғым кейде «жаңалықты енгізу», «жаңашылдық», «жаңаны жасау», «реформалау» ұғымдарымен теңестіріледі, ал кең тұрғыдан алғанда жүйедегі кез-келген өзгерісті білдіреді. «Педагогикалық инновация» (жаңаны енгізу) ұғымына педагогикалық сөздікте мынадай анықтама беріледі:

  1. Тұтас білім беру жүйесінің және оның жекелеген бөліктерінің, компоненттерінің сипатын жақсартатын тұрақты элементтерді. (жаңашылдықты) білім беру ортасына енгізудегі мақсатқа бағытталған өзгерістер.

  2. Жаңашылдықты (жаңа құралдарды, әдістерді, әдістемелерді, технологияларды, бағдарламаларды және т.с.с. ) меңгеру процесі;

  3. Ерекше әдістемелер мен бағдарламаларды іздестіру, оларды білім беру процесіне енгізу және оларды шығармашылықпен ой елегінен өткізу.

Сонымен бірге педагогикалық инновация педагогикалық іс-әрекетке жаңаны енгізу, оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында олардың мазмұнымен технологиясын өзгерту болып табылады.

Дәстүрлі және инновациялық педагогоикалық технолонгиялардың аражігі болғанымен, бұл оларды тұтас бір-бірінен ажыратып алу деген сөз емес. Олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерімен қатар бірін-бірі өзара байланыстырып тұратын ортақ сипаттары да болады. Оқытушы білім берудің мақсаты мен міндеттерін нәтижелі жүзеге асыру үшін педагогикалық технологиялардың әрқайсысына тән ерекшеліктерін ала отырып, оларды өзара байланыстырып қолданудың мәнін жете түсіну қажеттілігін ғалымдар өз зерттеулерінде анықтап отыр. Сондықтан біз өз зерттеуімізде дәстүрлі технологиялардың аражігін бөліп көрсетуді жөн көрдік. Оны төменде берілген 1- кестеден көруге болады.

2-кесте. Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі.

Дәстүрлі технологиялар

Инновациялық технологиялар

Мазмұнды компонент

Білім беру стандартымен анықталады

Білім беру стандарты оқушылардың дайындық деңгейі бойынша саралап оқыту есебінен байытылады, оқыту бағдарламалары кеңейтіледі және тереңдетіледі,

Жобалау компоненті

Мақсат пен міндеттерді бағдарлама мен мамандарды даярлауға қойылатын талаптарға сәйкес оқытушы анықтайды.

Мақсатты жобалауға және соңғы нәтижені анықтауға оқушы өз мотивациялары мен сұраныстары бойынша қатынасады.

Оқыту моделі (әдістемелер, әдістер, құралдар, педагогикалық тәсілдер )

Түсінідірмелі-иллюстративтік оқыту әдістемесі, «талап қою педагогикасына» құрылған оқыту әдістері, құралдары, педагогикалық тәсілдері.

Студенттердің ақыл-ой іс-әрекетін белсенділендіруді, дамытуды көз-дейтін әдістемелердің әртүрлі нұсқалары тән:

Проблемалық сұрақтар, эвристикалық әңгімелер, тренингтер, іскерлік ойындар, дамыта оқыту. т.б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!