Материалдар / Мақала "Білім берудегі инновациялар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Білім берудегі инновациялар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2019
587
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ХИМИЯ ПӘНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

С.С. Торебекова

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін № 5 орта мектеп» КММ, Балқаш қ. cakenti86@mail.ru

Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді. Жоғарғы мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары тиіс. Оқытудың нәтижесі сын тұрғысынан ойлау, өздігінен зерттеу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруге тиіс. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

Б. Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді», – дегендей, сапалы білім, саналы тәрбие берген қоғамдағы ұстаз қауымының орны ерекше екенін ұмытпай, қоғамның әр мүшесі жан-жақты қолдау көрсетуі қажет деп ойлаймын.

Жаңартылған білім беру мазмұны  елдің саясатымен үндескен бағдарлама  «Мәңгілік Ел» жалпұлттық идеясының құндылықтары, сонымен қатар пәннің құрылымында мазмұны бойынша өзге пәндердің байланысы, сыныптан сыныпқа өткендегі білім мен дағдылары қайталанып,  одан әрі дамытып отыратын спиральді білім беру бағдарламасы моделіне критериалды бағалауға, жалпы мектеп оқушыларының функионалдық сауаттылығын қалптастыруға негізделген. Жаңапртылған білім мазмұны бойынша «Химия» пәнін табысты оқыту мұғалімнің тікелей кәсіби тәжірибесі мен құзыреттілігіне, оқу үдерісі нәтижелеріне басым көңіл бөлуіне байланысты деп ойлаймын.

Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім мен дағды қажет. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етіп, құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет келесі құндылықтар мен дағдылар анықталады:

Құндылықтар:

  • шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • қарым-қатынас жасау қабілеті;

  • өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

  •   жауапкершілік;

  •   денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

  • өмір бойы оқуға дайын болу.

Дағдылар: сын тұрғысынан ойлау; білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті; проблемаларды шешу қабілеті; ғылыми-зерттеу дағдылары; қарым-қатынас дағдылары;  жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті; АКТ саласындағы дағдылар.

Химия пәнін оқытуда жаңартылған білім берудің маңыздылығы мен ерекшелігі зор, себебі оқушылар көптеген әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды пайдалану арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өз бетімен ізденуге, құзіреттілігін жоғарлатуға мүмкіндіктері бар. Оқушылардың алатын негізгі білімдерінің сапасы оқыту дәрежесіне тәуелді. Себебі, көптеген жаңа ақпараттар ағымы, жаңалықтар бала санасына әсер етпеуі мүмкін емес. Осындай қоғамға лайықты жеке тұлғаны қалыптастыру үшін жаңартылған білім мазмұны бойынша сапалы білім мен саналы тәрбие қажет. Бүгінгі заманғы педагогикалық саладағы жаңалықтардың бірі – оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу болып табылады. Менің алдымда тұрған үлкен міндет – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, салауатты, жан – жақты дамыған, рухани бай, заман талабын орындай білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту. Білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі.

 Химия пәні мұғалімі ретінде ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени мұраларды жадында өшпестей етіп сақтаған құзіретті жеке тұлға қалыптастыруда оқытудағы жаңа тәсілдерін өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.Жалпы менің оқытудағы өз міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту, яғни сабақта кең көлемде көрнекі құралдар пайдалану, сабақты түрлендіріп өткізу, сабақта оқушылардың өздері шығармашылықпен жұмыс жасауы. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыс жасағанда диалогқа түскені жөн. Себебі қабілеті әртүрлі оқушылар, бір- бірімен жұмыс жасағанда, әрқайсысы өз пікірлерін айтады, яғни жауапкершілікті сезінеді. Топтық жұмыста оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалау, немесе топаралық бағалау, яғни қазіргі жаңартылған білім мазмұнына сай қалыптастырушы бағалау жүзеге асады. Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырса, екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды және көшбасшыны анықтауға мүмкіндік береді. Химия пәнінен оқушыларға өз бетімен жұмыстар орнату арқылы шығармашылықпен білім алуға қол жеткізуге болады. Өзіндік жұмыстарда: оқушының пәнге деген қызығуы артады; оқушының шығармашылық қабілеті дамиды; ізденушілік қабілеті артады; ақпаратты бағдарлау біліктілігі қалыптасады.

Химия пәнінен жаңартылған білім мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курсы барысында 8-сыныпқа арналған 3.4 Ерітінділер және ерігіштік ұзақ мерзімді жоспар бөлімі бойынша Ерітінділер және ерігіштік. № 5 зертханалық тәжірибе «Заттардың ерігіштігін зерттеу» тақырыбында сабақ жоспарын құрастырдым. Сабақ жоспарын құрастыру барысында спиральді білім беру қағидатын негізге алып, жаратылыстану пәнінде алған білімдерін ескере отырып құрастырдым. Сабақты жоспарлау мақсатында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолдануды жоспарлап отырмын. Өткен тақырыпқа шолу жасау барысында «Сұрақтар қобдишасы» әдісі алынды. Барлық оқушылар алдыңғы білімді еске түсіре отырып сұрақтарға жауап береді, ойларын бөліседі.

Негізгі бөлімінде «Стоп кадр» әдісінде оқушылар bilimland.kz сайтынан

бейнежазбаны көру арқылы өз ойларын ортаға салады. «Елші» тәсілі арқылы оқушылар топпен жұмыс жасайды, топ ішінен елші болып қабілеті жоғары оқушы басқа топқа барып жаңа тақырыптың мазмұнын ашады. Зертханалық тәжірибені орындау барысында жұптық жұмыс іске асырылады, оқушылар тәжірибені жұппен бірлесе орындайды және байқаған құбылысты жеке өз бетімен жұмыс дәптеріне орындайды. Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар (сараланған тапсырмалар), яғни молярлық концентрацияға негізделген есептер беріледі, яғни қарқын тапсырманы уақытынан бұрын орындаған оқушыларға ойлау деңгейінің дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады. Мұғалім тарапынан қосымша ресурс: ғаламтор желісі бойынша сілтемелер, формулалар жинағы және заттардың суда ерігіштігі бойынша кесте беріледі. Сабақты қорытындылау мақсатында «Миынның суретін сал» әдісі қолданылу жоспарланып отыр және оқушылар жаңа тақырыпты игеру барысында қандай мәліметтер алғанын жазады, ой қорытады. Бұл тапсырмаларды орындау оқу мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді.

Оқушылар мадақтау, «Бас бармақ» әдісі негізінде топаралық бағалау, дескриптор негізінде өзара бағалау арқылы бағаланады.

Оқушыларды мақтап, мадақтап отыру олардың көңіл-күйіне әсер тигізеді. Сабақта қалыптастырушы, топаралық және өзара бағалау түрлері қолданылады. Бағалау критерийлері негізінде тапсырмалар сараланып, соған орай дескриптор құрастырылады. Дескриптор арқылы оқушылардың ойлау дағдылары нақтыланады.

Сонымен жаңартылған білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:

  • пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);

  • таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерархиясы;

  • білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;

  • бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;

  • бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;

  • оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландыру болып табылады (Ұлттық білім академиясы, 2016).


Химия пәнінен жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақты жоспарлау үлгісі:


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3.4 Ерітінділер және ерігіштік

Мектеп: Балқаш қаласы ЖББ № 5 орта мектеп

Сабақ тақырыбы: Ерітінділер және ерігіштік. № 5 зертханалық тәжірибе «Заттардың ерігіштігін зерттеу».

Күні

Мұғалімнің есімі: Торебекова Сания Сырлыбековна

Сынып: 8

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

8.3.4.2 ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: зертханалық жұмыс жасау барысында ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіне отырып заттардың ерігіштігін зерттеу;

Оқушылардың басым бөлігі: тәжірибе нәтижесі бойынша байқаған құбылыстарды салыстыру және қорытындылау;

Кейбір оқушылар: молярлық концентрациялары арқылы заттардың ерігіштігін анықтауға байланысты есептеулер жүргізе алу.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

1. Ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын айқындап, заттардың суда ерігіштігін анықтай алады;

2. Тәжірибе нәтижесі бойынша байқаған құбылыстарды сипаттай алады;

3. Молярлық концентрациялары арқылы заттардың ерігіштігін анықтауға байланысты есептеулер жүргізе алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: заттар ерігіштігіне әсер ететін факторларды анықтау, заттардың ерігіштік кестесін және графигін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Терминология: «ерігіштік», «концентрация», «пайыз», «еріткіш», «ерітінді».

Сөз тіркестері: «ерітіндінің көлемі», «массалық үлес», «молярлық концентрация», «қаныққан ерітінді», «қанықпаған ерітінді»

Құндылықтарды дарыту

Ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіну үшін ерітінділер және олардың концентрациясы жөнінде білім қажет;

Жеке тұлғаның пікірін ескеріп, әрбір ойдың құндылығын құрметтеуге үйрету;

Зертханалық тәжірибелер жүргізу барысында оқушылар бірлік пен ынтымақтастықты сақтап, бірлесе еңбектенуге уйренуі қажет.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану-5.3.2.5 заттарды ерігіштігі бойынша жіктеу;

Математика- 5.4 А пайыздық есептеулер жүргізу.

АКТ қолдану дағдылары

Bilimland.kz сайты, twig.kz, интерактивті тақта, ғаламтор


Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Жаратылыстану 5-сынып 5.3.2.4 еріген заттың массалық үлесін анықтау;

8.3.4.1 заттарды судағы ерігіштігі бойынша жіктеу;

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі:





Өткен тақырыпқа шолу:

4 минут
















Мағынаны ашу:

9 минут






































Ширату жаттығуы:

Оқушылармен амандасу,

түгендеу, назарын сабаққа аудару.

«Шаттық шеңбер» барлығы

шеңбер құрып тұрып көздерін жұмып, қолды алға созып, қолы тиген оқушымен бірге тұрады, бірге тұрған оқушылар бір-біріне жылы лебізін білдіреді.

Мақсаты: Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Сұрақтар қобдишасы:

Мақсаты: Ортаға сұрақтар жазылған қобдиша қойылады. Оқушылар кезектесіп бір сұрақты алады да жауап береді. Кей жағдайда оқушылар сұрақтар құрастырып қобдишаға салып, сосын оған жауап бергізуге де болады.

  1. Ерітінді деген не?

  2. Ерітіндінің қандай құраушылары еріткіш және

еріген зат деп аталады?

  1. Еріген заттың массалық үлесі деген не?

  2. Мольдік концентрация нені көрсетеді?

  3. Белгілі мольдік концентрациялы ерітіндіні

қалай дайындайды?

ҚБ: мадақтау арқылы бағалау.


Оқушыларды «молярлық концентрация», «массалық үлес», «ерігіштік» деп жазылған түрлі түсті кілттер арқылы топқа біріктіру.


«Стоп кадр» әдісі. Ойлау дағдылары: білу, түсіну

Ерітінділер тақырыбы бойынша bilimland.kz сайтынан «Заттардың суда ерігіштігі» тақырыбында бейнежазба көрсетіледі. Оқушылар бейнежазбадан не көргендерін өз сөздерімен түсіндіреді.

Мақсаты: бейнежазба көрсету арқылы оқушылардың ойын сұрау.

Қалыптастырушы бағалау (ҚБ): смайлик арқылы

бағалау.


Бағалау критерийі (БК -1): Ойлау дағдылары: қолдану

Топтық жұмыс: «Елші» тәсілі арқылы жаңа сабақтың мақсатын ашу.

1-топ: Ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын постерге түсіріңдер.

2-топ: Ерітінділердің молярлық концентрациясына сипаттама беріңдер.

3-топ: Заттардың суда ерігіштігі бойынша кесте құру.

Мақсаты: топ болып материалды оқиды, постерге түсіреді және елшілер өз тобына түскен тапсырманы өзге топқа түсіндіреді.

Дескриптор:

  1. Ерітінділердің күнделікті өмірдегі маңызын

біледі;

  1. Ерітінділердің молярлық концентрациясын
    біледі;

  2. Заттарды суда ерігіштігі бойынша жіктейді.

Топаралық бағалау: Топ бірін-бірі бас бармақ әдісі арқылы бағалайды.

Осы тапсырмалар топтамасы негізінде сабақтың мақсаты ашылады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып, бағалау критерийлерін айқындайды.

«Бұзық телефон» ойыны: шаттық шеңберге тұрып бастаушы келесі адам құлағына бір сөз сыбырлайды соңында бастаушыға сол сөз жету керек, кейін сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады.

Мақсаты: оқушыларды дұрыс тыңдауға ынталандыру.









Cұрақтар

жазылған

қобдиша















Мадақтау

Керемет!

Жарайсың!

Тамаша!


Топтың аты

жазылған түрлі-түсті кілттерді

таңдау арқылы оқушылар топқа бірігеді

Интербелсендітақта, ғаламтор

bilimland.kz

https://twig-bilim.

kz/kz/film/solutions




Постер қорғау

Оқулықпен, ғаламтормен жұмыс

Ортасы

20 минут

БК-2

Ойлау дағдылары: талдау

(Жж) Заттардың суда ерігіштігін зерттеу зертханалық жұмысы орындалады.

Мақсаты: Оқушылар зертханалық жұмыс жүргізеді және өздерінің не бақылағандарын сипаттайды, қорытындылайды.

Алдымен оқушылардан қауіпсіздік техникасының ережелері сұралады.

Оқушыларға жұмыс парағы таратылады. Жұмыс мақсаты, жұмыс барысымен танысады. Жұмыс барысы бойынша жұпта зертханалық жұмыс орындалады.


Жұмыс барысы:

1. Судың бірдей көлемі құйылған 3 стақанға натрий мен барий сульфаттарын және магний карбонатын салыңдар, олардың суда ерігіштігін салыстырыңдар. Қажет болған жағдайда ерітінділерді қыздырыңдар. Не байқалды? Заттарды еритін, аз еритін және ерімейтін деп кестеге жіктеңдер.

2. Екі сынауыққа 2 г-нан қант салыңдар. Бірінші

сынауыққа шамалы су құйып, оны жақсылап

шайқандар. Екінші сынауықты спиртшам жалынында қыздырыңдар. Байқаған құбылыстарды салыстырып, тиісті қорытынды жасаңдар.

3. Таразыда 25 см3 су, 10 г тұзды өлшеңдер. Осы

тұзды суда ерітіп, ерітіндіні таразыға қайтадан

өлшеңдер. Қандай өзгеріс болды?

Зертханалық жұмысты жұппен орындағаннан кейін байқаған құбылыстарын жұмыс дәптеріне жазады.

Жеке жұмыс: оқушылар зертханалық жұмыстан

байқаған өзгерістерді өз дәптерлеріне түсіреді.

Жұмыс барысы

Байқалған

құбылыс

Қорытынды











Дескриптор:

- заттардың суда ерігіштігін салыстырады;

- заттардың суда ерігіштігін топтарға жіктейді;

- байқаған құбылыстарды салыстырып, қорытынды жасайды;

- су мен тұзды өлшеп, еріген кездегі массасымен салыстырады.

Өзара бағалау: көршісімен дәптерлерімен алмасып, дескриптор негізінде бір-бірін бағалайды.

Сараланған тапсырма:

Ойлау дағдылары: жинақтау

Бағалау критерийі: Молярлық концентрациялары арқылы заттардың ерігіштігін анықтауға байланысты есептеулер жүргізе алады.

«Ойлан тап»:

1. Натрий гидроксидінің 5 %-дық 200 г ерітіндісі мен 20 %-дық 300 г ерітінділерін араластырғанда түзілген ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептеңдер.

2. Тығыздығы 1,30 г/см3 және массалық үлесі 40 % болатын күкірт қышқылының молярлық концентрациясын (моль/дм3) есептеңдер.


Оқулық 155 бет«Химия»

8-сынып

Мектеп баспасы




Реактивтер:

натрий хлориді,

барий сульфаты,

магний

карбонаты,

су, қант


Құрал-

жабдықтар:

сынауық

тұрғысы,

сынауық,

таразы,

спиртшам,

сынауық

ұстатқыш,

шыны

таяқша,

химиялық

стақан.




























Қосымша ресурс:

ғаламтор желісі бойынша сілтемелер, формулалар жинағы

заттардың суда ерігіштігі кесте.

Аяқталуы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Миынның суретін сал: Оқушылар өз миларының суретін салып (алдын ала салып келген) сабақта меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толықтырады.

Мақсаты: сабақта меңгерген білімдерін қорытындылау

Үй тапсырмасы: «Заттардың суда ерігіштігі»

тақырыбында қосымша ақпарат қарастыру.

Рефлексия:

« Пирамида» әдісі












Саралау

- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?


Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Сабақты жоспарлау мақсатында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолдануды жоспарлап отырмын. Өткен тақырыпқа шолу жасау барысында «Сұрақтар қобдишасы» әдісі алынды. Барлық оқушылар алдыңғы білімді еске түсіре отырып сұрақтарға жауап береді, ойларын бөліседі.

Негізгі бөлімінде «Стоп кадр» әдісінде оқушылар bilimland.kz сайтынан бейнежазбаны көру арқылы өз ойларын ортаға салады. «Елші» тәсілі арқылы оқушылар топпен жұмыс жасайды, топ ішінен елші болып қабілеті жоғары оқушы басқа топқа барып жаңа тақырыптың мазмұнын ашады. Зертханалық тәжірибені орындау барысында жұптық жұмыс іске асырылады, оқушылар тәжірибені жұппен бірлесе орындайды және байқаған құбылысты жеке өз бетімен жұмыс дәптеріне орындайды. Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар (сараланған тапсырмалар), яғни молярлық концентрацияға негізделген есептер беріледі, яғни қарқын тапсырманы уақытынан бұрын орындаған оқушыларға ойлау деңгейінің дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады. Мұғалім тарапынан қосымша ресурс: ғаламтор желісі бойынша сілтемелер, формулалар жинағы және заттардың суда ерігіштігі бойынша кесте беріледі. Сабақты қорытындылау мақсатында «Миынның суретін сал» әдісі қолданылу жоспарланып отыр және оқушылар жаңа тақырыпты игеру барысында қандай мәліметтер алғанын жазады, ой қорытады. Бұл тапсырмаларды орындау оқу мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.

Бағалау

  • Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді.

Оқушылар мадақтау, «Бас бармақ» әдісі негізінде топаралық бағалау, дескриптор негізінде өзара бағалау арқылы бағаланады.

Оқушыларды мақтап, мадақтап отыру олардың көңіл-күйіне әсер тигізеді. Сабақта қалыптастырушы, топаралық және өзара бағалау түрлері қолданылады. Бағалау критерийлері негізінде тапсырмалар сараланып, соған орай дескриптор құрастырылады. Дескриптор арқылы оқушылардың ойлау дағдылары нақтыланады.


Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескриптор

Ерітінділердің

табиғаттағы және

күнделікті өмірдегі маңызын айқындап, заттардың суда ерігіштігін анықтай алады;

1

  1. Ерітінділердің күнделікті өмірдегі маңызын біледі;

  2. Ерітінділердің молярлық концентрациясын біледі.

  3. Заттарды

суда ерігіштігі бойынша жіктейді.

Тәжірибе нәтижесі

бойынша байқаған

құбылыстарды

сипаттай алады;


2

1. Заттардың суда ерігіштігін салыстырады;

2. Заттардың суда ерігіштігін топтарға жіктейді;

3. Байқаған құбылыстарды салыстырып, қорытынды

жасайды;

4. Су мен тұзды өлшеп, еріген кездегі массасымен салыстырады.

Молярлық

концентрациялаы арқылы заттардың ерігіштігін анықтауға

байланысты

есептеулер

жүргізе алады.

3

1. Есептің шартымен танысады, берілгенін жазады;

2. Молярлық концентрация формуласын дұрыс жазып,
тығыздықты пайдаланып есепті шығарады;

3. Есептің жауабын жазады.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Химия кабинетінде химиялық құрал-жабдықтарымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасының ережесін сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.



Әдебиеттер тізімі

1. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 17.01.2014 ж.
2. Н.Ә.Назарбаев “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауы, 2012.
3. ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2011.
4. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010.
5. ҚР «Білім туралы» Заңы, Астана, 2007.
6.
«Білім технологиялары» № 3, 2014 ж.





































Аннотация. Мақала қазіргі заман талабына сай жаңартылған білім мазмұнының маңыздылығына негізделген. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, қалыптастырушы бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етуге негізделген.

Аннотация. Статья основана на актуальности содержания современного образования, отвечающего современным требованиям. Обновленная образовательная программа, включенная в учебный процесс в Казахстане, - это отличная программа, отвечающая потребностям современного поколения. Основная цель обновленной образовательной программы - обновить содержание образования и потребовать введения официальной системы оценки и эффективности использования различных методов и инструментов обучения.

Abstract. The article is based on the relevance of the content of modern education that meets modern requirements. The updated educational program, included in the educational process in Kazakhstan, is an excellent program that meets the needs of the modern generation. The main goal of the renewed educational program is to update the content of education and require the introduction of an official evaluation system and the effectiveness of the use of various teaching methods and tools.

Түйін сөздер: жаңартылған білім мазмұны, химия пәні, құндылықтар, дағдылар, қалыптастырушы бағалау, функционалдық сауаттылық.

Ключевые слова: обновленное содержание знаний, предмет химии, ценности, навыки, формативная оценка, функциональная грамотность.

Key Words: refreshed essay, subject chemistry, proneness, the navy, theoretical appendix, functional grammar.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!