Материалдар / мақала: Дене тəрбиесінің маңызы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мақала: Дене тəрбиесінің маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тəрбиесінің пайда болуы мен бастапқы даму дəрежесі халықтың тұрмысы мен санасына байланысты белгілі бір мақсатты шешуге бағытталды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
400
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дене тəрбиесінің маңызы.

Адам баласы көне замандардан бері жабай аңдармен талай рет «күш сынасуына» тура келді. Аң жəне балық аулау,жеміс-жидек теру адамның күші мен төзімділігін,икемділігі мен шапшаңдығын,байқампаздығын қалыптастырып,дамытты. Аңшылық құралдарын даярлау жəне оларды дұрыс пайдалана білу адам денесінің тез жетіліп,қөзғалыс дағдыларының жүйеге түсуін қажет етті. Сойтіп,адам өз денесін өзі шынықтырып,жетілдіру талабын туындады. Дене тəрбиесі дегеніміз-осы. Дене тəрбиесінің пайда болуы мен бастапқы даму дəрежесі халықтың тұрмысы мен санасына байланысты белгілі бір мақсатты шешуге бағытталды. Ол мінез-құлық,өндіріс деңгейі,адам санасы сияқты факторларға негізделді. Адам сойыл,найза т.б.құралдарын пайдалану арқылы өз қозғалыс дағдыларын қалыптастырады. Бұл қозғалыс дағдысы дами келіп,ол кейн кəсіби қызметке айналды. Өндіріс пен күнделікті тіршілік адамдардың шынығуын қажет етуі дене тəрбиесіне үлкен мəн беруді талап етті. Адам бір нəрсені үнемі орындап дағдылануға саналы түрде кірісетін болды. Еңбек құралдарын тиімді пайдалану үшін,дененің еңбекке дайындығы қажет екенін түсіне басталды. Осының нəтижесінде адам еңбек процесінен тыс кездерде де тіршілікке қажетті қимыл-қозғалыстарды қайталап орындап,өзін-өзі дамытып отырды. Сол кезден бастап табиғи түрдегі қимыл-қозғалыстар аса қажетті дене жаттығуларына айнала басталды. Дене жаттығуларымен шұғылдану адамның тіршілікке қажетті өнімдерді өндіруіне пайдасын тигізетінін білді. Осылайша,дене тəрбиесінің дамуы адамды еңбекке дайындаудың құралы мен əдісіне айналды. Кейіннен,қоғамда сана мен тұрмыс жағдайының деңгейі өскен кезде,яғни күнделікті өмірдегі бос уақытты дене тəрбиесі ермектік ойынға аусып,жаңаша қалыптаса бастады. Қоғамдық жағдайлардың өзгеріп отыруы дене тəрбиесі жүйесіне де өзгерістер əкеледі. Ал дене тəрбиесінің мақсатары мен міндеттерінің өзгеруі денені шынықтыруға арналған жаттығу түрлеріні көбейтеді. Күнделікті түрмыс-тіршілікке керекті қимыл-қозғалыстарға,əскери дайындыққа қажетті жəне спорт түріне айналған күрделі жаттығулар келіп қосылады. Сойтіп,уақыт өткен сайын адам өз денесін жетілдірудің мол мүмкіндіктерін біліп,дене жаттығуларымен арнайы шұғылдану жүйесі қалыптасты.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!