400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Экожоба"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектебіміздің іші мен сыртын көркейту мақсатында "Экозона" жобасы жүзеге асырылды. Мақалада "Экозонаға" түсінік беріліп, балаларды табиғатты қорғауға, гүлдерді өсіріп баптауға машықтандыру туралы ажазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мектебіміздегі Экозона» жобасы

2022-2023 оқу жылында №2 Шұбарқұдық қазақ орыс жалпы орта білім беретін мектебінде 7 жоба қорғалды. Соның бірі «Экозона» жобасына «Greenpeace» бұрышы жасақталды, тоқталатын болсақ...

Greenpeace дегеніміз (ағылш. Green Peace — «жасыл әлем»)– табиғатты қорғау ұйымы. Бұл ұйымның халықаралық дәрежесі бар. Гринпис 1971 жылы Канаданың Ванкувер қаласында Дэвид Мактаггарт деген табиғат жанашырының бастамасымен құрылған екен.

Greenpeace-тің басты мақсаты - қоғам мен биліктің назарын аударту арқылы ғаламдық экологиялық проблемаларды шешу. Бізде табиғатты қорғап, мектебімізді көркейте отырып, өз үлесімізді қосу мақсатында көптеген жұмыстар атқардық.

Атаулы жоба ұсынылғаннан бастап өз еріктерімен білек сыбана кіріскен мектебіміздің ұстаздарының арқасында уақытынан бұрын аяқтап, жоғары нәтижеге жеттік. «Экозона» жұмыстары екіге бөлінді, ішкі жұмыстар және сыртқы жұмыстар.

Ішкі жұмыстарымыз: мектебіздің ішін гүлдендіру мақсатында гүлдің 135 түрін отырғызған болатынбыз. Білім ордамыздың бірінші және екінші қабатындағы барлық сыныптар мен дәліздері гүлдендірілді. Гүлдеріміз әр түрінен (жарықты жақсы көретін, көлеңкені сүйетін, суды көп қажет етпейтін) болған соң, бәріне де күтім қажет. Уақытылы су құйып, қадағалап отыруға биология пәнінің мұғалімдері өз жауапкершіліктеріне алды. Жасақталған бұрышымыздың төрінде келген қонақтарды қарсы алғандай дыбыстарымен екі тотықұсымыз сайрап, бәрін таң қалдырды. Біз үшін, бұл да бір ерекше бейне болды.

Сыртқы жұмыстарымыз: ауланы көріктендіру мақсатында Петунияны (Шырайгүл)

ертерек әкеліп отырғыздық. Мектеп ауласының сол жақ бөлігінде субұрқақ орналасқан. Сол субұрқаққа сән беріп тұрған осы гүліміз. Ал енді, Петуния туралы айтатын болсақ...

Шырайгүл , петуния (лат. Petunia) – алқалар тұқымдасына жататын көп не бір жылдық шөптесін немесе бұта тәрәздә аспалы өсімдіктер туысы. Өсімдігің петуния (порт. petúnia) атауы Бразилияның тупи-гуарани тіліндегі «petun», яғни «темекі, шылым» тіркесінен шыққан. Оңтүстік Американың тропикалық аймақтарынан тарқаған шырайгүлдің табиғи түрлері Бразилия, Боливия, Аргентина және Уругвайда өседі. 35 түрі белгілі.[1] Биіктігі 20—30 см, кейде 60—70 см келеді. Бұл өсімдіктер жылу және жарық сүйгіш өсімдіктер. Оларды балкондарда, террасаларда, горшоктарда, жол жағалауында өсіруге пайдаланады. Шырайгүл күтім талғамайды және ұзақ гүлдеп тұрады. Сондықтан Оңтүстік Америкалық шырайгүл қала гүлзарларына сән беріп тұрады. Қазақстанда үлкен, түрлі-түсті әдемі гүлшанағы бар шырайгүлді қала көшелерін, саябақтарды, үйдің ауласы мен қылтималарды безендіру мақсатында отырғызады. Будан шырайгүлі қар түскенге дейiн гүлдейдi.

Қорытындылай келе, мектебізге келген аудан басындағы ұстаздарымыз «Экозона» жобасының жұмыстарын тамашалап, қызықты жерлерге суретке түсіп, керек мәліметтерін түртіп алып, алғыстарын білдірді. Әрқашан табиғатты қорғап, көгалдандырып өз үлесімізді қосайық!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.10.2023
350
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі