Материалдар / Мақала "Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды оқытудағы дидактикалық ойын әдісін қолдану".
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды оқытудағы дидактикалық ойын әдісін қолдану".

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала "Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды оқытудағы дидактикалық ойын әдісін қолдану" тақырыбында.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Наурыз 2022
366
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды оқытудағы дидактикалық ойын әдісін қолдану.


Ермек Динара Аскаровна

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Песчан ауылының

«№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ. Дефектолог маманы


Ойын кезінде балаға фантазиясы мен шығармашылығын дамытуға үлкен мүмкіндік беріледі. Ойын жаттығуларын жағымды жағдайларда өткізген жөн. Балаға берілетін тапсырмалар оның жеке бас мүмкіндіктеріне және логопед ұсыныстарына сәйкес келуі керек.

Бала тапсырманы орындап жатқан кезде оны асықтыруға немесе тапсырманы орындау деңгейін нашар деп айтуға, оған тапсырма нәтижесі жөнінде сыни пікірлер айтуға болмайды.

Ойын кезінде баланы белгілі бір іс әрекеттерге үйретуден қарағанда, оның өзіне деген сенімділігін, өз пікірін ашық білдіртуге үйрету маңыздырақ.

Логопедиялық әрекеттер түрлі әдістермен орындалады.

Оқыту әдісі педагогикада бала мен педагог арасындағы өзара әрекет ету ретінде қарастырылады. Бұл әрекеттер баланы білім алуға, дағдыларын жетілдіруге, баланың ақыл-ойын , мінез-құлқының қалыптасуына бағытталған.

Оқыту әдісінің түрлі классификациясы бар: тәжірибелік, көрнекілік және ауызша. Осы әдістер баланың сөйлеу қабілетіндегі кемістіктіктерге, коррекциондық-мазмұндық тапсырмалардың мақсаты мен міндетіне, жұмыс этаптарына, жасына, баланың индивидуалды-психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес таңдалады.

Логопедиялық жұмыс этаптарының өнімділігі, яғни баланың сөйлеу дағдыларының дұрыс жетілуі осы әдістерді дұрыс таңдау мен оларды дұрыс қолдануға негізделген.

Осы әдістердің арасындағы ең тиімдісі бұл – дидактикалық ойынды оқытушының балаға әрекеті ретінде қолдану болып табылады.

Осылайша дидактикалық ойынның екі мақсаты болады: біріншісі – оқытушы қадағалап отыратын оқушы, ал екіншісі – ойындық, яғни баланың ойын үшін әрекет етуі.

Осы екі мақсаттың бірін бірі толықтыруы өте маңызды, яғни осы мақсаттар олрындалған жағдайда бағдарламаны да меңгеру қиындыққа соқпайды. Сондықтан да баланың сөйлеу дағдыларын арттыру үшін логопед ойын жаттығуларын көбірек қолданғаны абзал.

Сонымен қатар, қазіргі кезде баланың дыбыстық анализі мен синтезі дағдыларын қалыптастыру кезінде, оқуды үйрету кезінде, сөйлеу қабілетін арттыру кезінде, көбінесе, ойындарды қолданады.

Дидактикалық ойындар келесі принциптерге негізделеді:

Дидактикалық ойын баеғдарламаға сәйкес болуы керек;

Дидактикалық ойын ең алдымен баланың сақталған мүмкіндіктерін әрекеттендіруі керек;

Заттардың, суреттердің, нұсқаулардың міндеттері, сұрақтардың мәні, ойын шарттары балаларға түсінікті болуы керек;\

Ойынды өткізуге арналған нұсқамалар түрлі-түсті, яғни баланың зейінің аударатындай болуы керек;

Ойын шарты мен нұсқамада ойынға барлық баланың қатысуын қадағалау керек.

Баланың сөйлеу қабілетін дамытуға, оқу дағдыларын жетілдіруге, жіберілетін қателіктердің алдын алуға бағытталған жүйеленген дидактикалық ойындар мен ойын тәсілдері: дисграфия (жазуының бұзылуы), дислексия (оқуының бұзылуы).

Балалардың көркемдік-көріністік ойлау қабілетін дамыту үшін арнайы панно қолданылады. Балаларға арналған ойын тапсырмалары олардың сөйлеу қабілетін дамытуға және баланың жан-жақты дамуына үлкен көмегін тигізеді. Ойын арқылы бала өзінің сөйлеу қабілетін, логикалық ойлауын, зейінің, есте сақтау қабілетін, графикалық дағдыларын дамытады.

Мұндай жетістіктерге жету үшін баланы ойын кезінде түрлі жағдайларға тап болуын жоспарлау керек, яғни ойлауға қабілеті бар, жағдайды анализдей алатын, өзіндік қорытындылар жасай алатын бала мұндай жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін үйренеді.

Оқуға үйрету – бұл әліппедегі графикалық көріністерді механикалық түрде жаттаумен сипатталатын, біртекті және қызықсыз процесс. Бұл әріптік жүйе балаға түсініксіз, сонымен қатар әріпті жаттау мен оларды сөздерге, сөздерді сөйлемдерге айналдыру балаға тым қиын. Әсіресе түсініп оқу бала үшін мүлдем қиын. Көбінесе, балалар мәтінді механикалық түрде оқып, оның еш мазмиұның түсінбей қалады. Осының әсерінен оқу процессі балаларға түсініксіз, қиын және еш қызығушылықсыз өтеді. Сондықтан да біз балаға оқуды үйреткен кезде ойындарды қолдану тек қана нәтижелі әдіс емес, сонымен қатар балаға да қызықты деген шешімге келдік.

Дидактикалық ойындарды түрлі көркемдік материалдармен бірге жүргізген кезде логопедиялық коррекция әлдеқайда өнімдірек болады: тұрмыстық заттар, ойыншықтар, арнайы дайындалған нұсқамалар.

Көру кескініне негізделіп бекітілген зат атаулары, олардың белгілері және әрекеттері ұзақ уақыт бойы баланың жадында сақталады.

Үлкендер балаларға «Маған мынау жайлы айтшы» деген кезде балалар өздерін қызықсыз әрі ыңғайсыз жағдайда сезінеді. Ал егер де дәл осы сұрақты оқытушы ойын түрінде қоятын болса, бала қызығушылықпен жауап береді. Осындай жағдайларда бала өзін оқытушымен бірдей деңгейде сезінеді.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!