Мақала "Жер тағдыры - ел тағдыры"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Жер тағдыры - ел тағдыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ даласындағы жер-су атаулары біздің тарихымыз, ұлттық жадымыз екені белгілі. Атаулар кез-келген елдің тарихынан сыр шертіп, болмыс-бітімінен, халықтың тыныс-тіршілігімен шаруашылығынан, салт-дәс¬тү-рінен, тілі мен дінінен хабар береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы

5 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Бейнегүл Байдрахмановна

Жер тарихы - ел тарихы

Қазақ халқының атам заманнан орнығып,өмір сүріп жатқан жерінің аумағы қаншалықты ұлан-ғайыр екенін білеміз.Осы атамекеніміздегі өзен, көл, тау, қырат секілді жер бедеріне меншіктелген атаулардың да мыңдап саналатыны мәлім.Ертеде өткен ата-бабаларымыз солардың әрқайсысына ат қойып, айдар тағу жағынан ұқыпты ғана емес, олардың тапқыр болғандығын байқаймыз.

Қазақ даласындағы жер-су атаулары біздің тарихымыз, ұлттық жадымыз екені белгілі. Атаулар кез-келген елдің тарихынан сыр шертіп, болмыс-бітімінен, халықтың тыныс-тіршілігімен шаруашылығынан, салт-дәс­тү­рінен, тілі мен дінінен хабар береді. Жазушы Мұхтар Әуезовтің «Біздің қазақ жер атын, тау атын әменде сол ортаның сыр-сипатына қоя білген. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да, жер-су жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, құпия-сыр жатады» деп айтуы тегін емес.

 Бүгінгі сөз еткелі отырған өңіріміз - Қарағанды өлкесі.

Қарағанды - 1932 жылдан қала. Республикамыздың ауыр өнеркәсібін дамытуға өзіндік үлкен үлес қосып келе жатқан өркенді өнеркәсіпті қала. 1833 жылы қазіргі Қарағандыдан 25 шақырым қашықтықта Нұра өзені бойынан Байжан қарттың Әппақ деген қойшы баласы тас көмір кесектерін тауып, содан бұл жер «Қарағанды» атанған. Атаудың мағынасы - «қараған қалың өскен жер». Қараған - өсімдік аты. Қараған сөзіне -ды қосымшасы жалғанған атау.

Жауыртау - атауын халық аңыздарында жиі кездестіреміз. Бұл атау туралы көнекөз қариялардың айтуынша: «Айбас Қозының ел-жұртын іздеуге шығып, астындағы атының одан әрі жүруге жарамай, жауыр болып қалған жері, қазіргі Теміртау маңайы болса керек, содан Жауыртау атанған еді», - дейді.

Ер жігіттің атын арытқан Жауыртауды казір Теміртау деп атайды. Шынында да Теміртау дегеніңіз - ел өміріндегі тарихи-әлеуметтік өзгерістерімен біте қайнасқан атау. Теміртау десе Теміртау. Кәдуілгі «тау-тау темір» деген сөзден шыққан атау. Теміртау - 1945 жылға дейін Самарқант қалашығы аталып келіп, 1945 жылдың аяғында Теміртау қаласына айналған. Қарағанды облысына қарасты, Самарқант су қоймасының жағасындағы қала. Бұл жерде темір көп болғандықтан да Теміртау аталған.

Майқұдық - тұрғын аймағы. Көне түрік тілінде май және қудық сөздерінен қалыптасқан атау. «Май» тұлғалас тіркестер түркі тілдерінің көкке табыну дәстүрінен елес береді: қазақша «от ана, май ана», алтайша «май эне», орхон жазбаларында «ұмай». Сонымен қатар, бұл сөз кезінде түркілер өздері үмытып кеткен тасқа салынған таңбалар деген ұғымды білдіреді. Майқұдық «Киелі құдық» мәніндегі атау.

Саран - қала аты. Қазақша сораң «сортаң жер» мағынасындағы атау.

Тентек - өзен. Өзеннің Тентек аталуы оның құтырына аққан, қатты ағысына байланысты қойылса керек. Таудан төмен қарай аққан көп өзен Тентек өзеніне қосылып, су көлемі көбейіп, арнасы толған соң екпіндей, сарқырап-күркіреп, қатты ағуы табиғи құбылыс

Жартас - мекен аты. Көне түрік тілінде чарташ түрлерінде келеді. Атау «тасты жар» деген мағынаны білдіреді.

Топар - өзен, көне атау. Қарағанды облысының Абай ауданындағы жұмысшы кент атауы. Бұл өзен аты оның ағысы мен табиғатына байланысты қойылған. Демек, «Топар» «жылдам, тез, ағыны қатты өзен» деген мәнге лайық

Топонимдердің пайда болуына алдымен тарихи жағдайлар, географиялық орта әсер ететіні белгілі. Халық жердің географиялық ерекшелігіне, белгілі бір тарихи себептерге атау беретін болған. Табиғи нысандарға атау беруде олардың айрықша белгілері ескерілгенін байқауы­мызға болады. Мәселен, Ұлытау, Алашахан, Домбауыл, Жошыхан, Ұлы Жыланшық, Ақкөл сынды тарихи атаулар бірнеше ғасыр бойы сақталып келеді. Әдетте, атаулар белгілі бір себептерге байланысты пайда болады.  Өйткені олардың кездейсоқ қойылуы мүмкін емес.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде бүгінімізді бағамдап, өткенімізге ой жіберіп, елдің, жердің тарихын зерттеу­ге, зерделеуге бетбұрыс басталды. Кешегі Кеңес заманында тарихи атаулар өзгеріске ұшырағаны мәлім. Бұл сол замандағы ұлтсыздандыру саясатының бір көрінісі еді. Еліне еңбегі сіңген тарихи тұлағаларымыз теріс жағынан насихатталды.

Әрбір атаудың өзіндік сыры, өзіндік тарихы  бар. Оларды ғылыми зерттеулердің нысанына айналдыра білсек, ата-бабаларымыздың өмір сүрген кезеңдеріндегі әртүрлі оқиғаларды, тарихи жағдайларды тереңірек білетін боламыз. Ғалымдардың жазған еңбектері де аз емес. Демек, сөзінде құпия жасырынған, ақиқат бейнеленген қазақтың жер-су атаулары жас ұрпақ үшін тұнып тұрған тағылым. 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2021
2090
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі