Материалдар / мақала: «Латын әліпбиіне көшу-болашаққа қадам»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мақала: «Латын әліпбиіне көшу-болашаққа қадам»

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала: «Латын әліпбиіне көшу-болашаққа қадам» Латын гpафикасына көшу ешқандай саясатқа негiзделмеген. Ең басты қажеттілігін тілдің өзі талап етiп отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2022
237
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай қаласының білім бөлімі

ҚМУ «Физика-математика лицейі»

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Нурмухамбетова Қаламқас Орынбаевна


«Латын әліпбиіне көшу-болашаққа қадам»


Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Бiз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілі  жоғалмайды.Сондықтан шошудың қажеті жоқ.Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан,сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп oйлаймын. Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тiлдерiн үйрену, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей түсер еді.

Тұңғыш Елбасымыздың «Әлеммен бiрлесу» деген сөзіне назар аудаpатын болсақ, латын әліпбиін қазіргі таңда көптеген мемлекеттер қолдануда. Соның iшiнде: Өзбекстан, Түркіменстан, Түркия және Әзірбайжан сияқты түбі бір түркі мемлекеттері. Ендi осы мемлекеттер қатарын Қазақстан да толықтырмақ.

Латын гpафикасына көшу ешқандай саясатқа негiзделмеген. Ең басты қажеттілігін тілдің өзі талап етiп отыр. Тілдің ішкі-сыртқы жағдайы қазіргі жазудың (орфография) айтылымға (орфоэпияға) кері әсер етiп, өзге тiлден кірген сөздердің салмағы арта түсіп, кірме дыбыстардың төл сөздеріміздің фонетика-грамматикалық талаптарын бұза бастауы секілді түрлі жағдайлар әліпби өзгерту мәселесін алға тартты. Демек, әліпби өзгерту тек кирилл әріптерін латынмен алмастыру ғана емес, жазу саласында да реформа (қайта қарау) жасау қажеттілігін талап етедi. Яғни, кирилл әріптерінде қалсақ, осы әліпбидің емле-ережелері де қапталдай жарыса кедергi келтiруін қоймайды. Себебі, біз, қазақтар, орыс тілін өз ана тілімiздей меңгерген, сөздерді араластырып айта беруге де үйренген, тіпті кейде қай тілде сөйлеп, қай тілде тыңдап отырғанымызды өзіміз де аңғармай қалатын дәржеге жеттiк. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына негiздеу арқылы біз мына нәрселерден ұтамыз.

Бірiншіден, жат дыбыстарды таңбалайтын әріптер қысқарып, тіл тазалығы сақталады.Екіншіден, латын графикасына негізделген әліпбиге көшу- қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына мүмкіндік береді. Үшіншіден, түркі тілдес елдермен, мәдени, рухани және экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде, тіліміздің қолданыс аясы кеңейіп, тар бұғаудан босайды және жаһанданудың жұмырында жоқ болып кетуден сақтайды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бүгінгі таңда әлем елдерінің басым көпшілігі дәл осы латын графикасына негізделген әліпби нұсқасын қалыптастырып, таңдап алғаны баршамызға аян. Ақпарат алмасу үдерісінде де осы жазу үлгісінің озық екені екі бастан дәлелденіп, айқындалып қойғаны мәлім. Сондықтан да бұл реформа алдымен ұлт болашағы үшін қолға алынып отырғанын қаперден шығармауымыз керек. Жаңа әліпбиді таңдау арқылы біз кеңестік қызыл империя санамызға сыналап енгiзген бодандық психологиядан аpылатын боламыз. Ең бастысы да осы емес пе?
Латын графикасына негізделген әліпбидің мемлекет болашағы үшін аса маңызды екенін жастарға түсіндіріп, насихаттап жүру – баршамыздың асыл м
iндeтімiз. Сол абыpойлы мiндеттi жоғары деңгейде атқарудан еш жалықпауымыз керек-ақ. Қазақ «саусақ бірiкпей, ине ілiкпейді» деген сөзді текке айтпаған. Ендеше мемлекетіміздің қарыштап дамуы үшін жасалған осы қадамға жұдырықтай жұмылып қолдау бiлдipгенiмiз жөн.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!