Латын негізінде құрылған қазақ
әліпбиі
Қазақ тілі- Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі [1] . Сондықтан оның мемлекеттік
тіл екендігін естен шығармауымыз керек. Қазақстанда тұратын
халықтардың қатынас құралы болу үшін және өзінің барлық саласында,
соның ішінде басқа елдермен сыртқы қатынастарда іс жүргізу үшін
мемлекет тарапынан қолдау қажет. Сол сияқты тілімізді латын
әліпбиіне көшуге де ел болып, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші
бір ауыздан елбасымыздың Н.Ә Назарбаевтың 14.12.2012 жылғы
Қазақстан халқына Жолдауында «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді
латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт
болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз
мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай
шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге,
балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең
бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Біз қазақ тілін
жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз....» деді [2] осы үндеуді ұстай
отырып, өрескел болашақ ұрпақтың болашағы үшін латын әліпбиіне көшу
керек деген ұстанымды құптаймын. Осы тұрғыда латын әліпбиіне көшуге
байланысты ғалымдардың мынадай ұсынған жобаларын ұсынғым келіп
отыр. Белгілі Қазақстан Ғылым акдемиясының академигі Әбдуали Қайдар
«Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаевқа жолдаған
хатында президентке шексіз алғысын білдіре отырып, Түрік
мемлекетінде өткен конференцияларға қатыса отырып, тоқсан ауыз
сөздің тобықтай түйіне ретінде басқа түркі халықтары секілді
қазақтар да өзінің ұлттық санасына тән, өзінің ұлттық жазуы
қалыптасуға тиіс» - деді. [3]
Академик 34 әріптен тұратын
әліппенің тек 28 таңбаны ғана ұсынған. Яғни
Әә, Ğğ, Iı, Şş, Nn, Öö,
Üü латын әріптері емес, түркі
елдерінің әріптері. Бұл пікірмен қосылуға да болады, бірақ
компьютерді қолдану тұрғысынан
қарастырылмаған.
Осы жобаларды негізге ала
отырғанда кейбір оқырмандардың «Латын әліпбиге көшудің не қажеті
бар?» деген сұрақтар немес осы харіфке көшкендегі онық
артықшылықтары қандай деген сұрақтар туындауы мүмкін. Оған
Ә.Қайдаридің тұжырымдамасын негізге ала отырып төмендегідей жауап
беруге болады.
-
Жаңа заман ағымына сай
компьютердің барлық мүмкігдіктерін пайдалана аламыз. Яғни
:
-
барлық символдар пернелерде
болады. Дегенмен,жаңа әліпбидегі әріптердің клавиратурада орналасу
ретін анықтау керек. Сөздердегі бір әріптердің екінші әріппен
тіркесу жиіліген фонетика мамандары шеше алмайды, оны бірлесе жұмыс
жасай отырып, егер осы мәселе шешілсе, онда әріптерді еңгізуде
қазіргідей емес, бір жарым- екі есе уақытты үнемдеуге болар
еді.
-
Тілімізді бұрмалаудан
құттылып, өзіміздің жан – дүниемізге жақын төл әріпімізді
пайдаланар едік
-
Басқа тілдерден енген кірме
сөздерден құтылар едік
-
Тілдегі барлық дыбыстарымызды
негізінен бір дыбысқа бір әріп принципімен бегілейтін
боламыз
-
Төл 9 дыбысымыз түгел
қамтылады
-
Іс – қағаздарын барлық
мекемелерде қазақша жүргізіп, қазақ тілін қазіргідей тек қағаз
жүзінде ғана емес, іс жүзінде де мәртебесін көтеруге
болады
Қорыта келгенде, латын
әліпбиіне көше отырып, біз тіл тазалығымызды сақтай отырып,
тілімізді кириллица торынан құтқарамыз. Мақаламды ұлы ағамыз
Әбділді Тәжібаевтың :
Туған тілім-тірлігімнің
айғағы
Тәләм бар да айтылар сыр
ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге
өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге
өшемін,- демекші
Біздің міндетіміз - болашақта
тіл қадірін түсінетін ұрпақ тәрбиелеу.