Материалдар / Мақала «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен мағынасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен мағынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми ізденушілер және тарихшылар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2020
247
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

УДК 378. 245 Н 23


Нарзуллаева Сарвирух Батырханқызы

Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы – техникалық колледжі


«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен мағынасы.


Түйіндеме. Мақала «Мәңгілік ел» идеясының мәні мен мазмұны, сонымен қатар тарихпен сабақтастығы көрсетілген. Бұл ұлттық идеясы жаңа замандағы келешек жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін ояту, елін мен тілін құрметтеу, тарихын, мәдениетін үйретудің бастамасы. Еліміздің жас ұрпақтарына ұлттық сана-сенім, ұлттық рух түсінігін қалыптастыруына негіз бола алады.

Кілтті сөздер: «Мәңгілік ел», ұлттық сана-сенім, ұлттық рух, Мәдени мұра.



«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы бізге түркі дәуірінен қалған мұра. «Мәңгілік ел» - ата - бабаларымыздың армандаған асыл дүниесі. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы ұлттық идеясын қазіргі таңда жаңғырту жас ұрпақты партиоттық сезімге бөлеумен, қазақ тарихын, мәдениетін үйретудің кепілі, азаматтық пен ұлттық сана-сенімнің, ұлттық рухтың, мәдени болмыстың дамып, тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әсер етеді.

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізгі құрамдас бөліктері:

  • жалпыұлттық;

  • азаматтық;

  • этнос қалыптастырушы;

Мәңгілік елдің құндылықтары:

  • Ұлттық бірлік, бейбітшілік және қоғамдағы ынтымақтастық;

  • Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана;

  • Тарихтың, мәдениеттің және тілдің орталығы;

  • Ұлттық қауіпсіздік;

  • Жалпы әлемдік және аймақтық мәселелерді шешуге атсалысу;

  • Индустриялы және инновациялық тұрғыда даму;

  • Жоғары руханилық және зайырлы қоғам;

  • Баршаға бірдей еңбек ету қоғамы; [1, 91б.].

«Мәдени мұра» мемелкеттік бағдарламасы 2003 жылы Елбасымыздың бастамасымен құрылды. Бағдарлама жұмыстары 2004 жылдан басталды. Қазіргі күнде бағдарламаның 2007-2009 және 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламалары дайындалған.

«Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты - елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қайта қалпына келтіру, құндылықтарымызды қорғау, әлемге өркениетімізді көрсету.

«Мәдени мұра» бағдарламасы осы бағыттар бойынша жұмыс атқарады:

  • мәдени мұра саласында ғылыми жұмыстар атқарады;

  • археологиялық және этнологиялық зерттеулер жүргізеді;

  • сәулет есткерткіштерін қорғайды;

  • тарихи-мәдени орындарды дамытады;

  • ұлттық әдеби жазбаларды сақтайды;

Осы бағдарлама барысында Гуманитарлық бағыт бойынша атқарылуы тиіс жұмыстар кеңейтілді.Тарихи есткеркіштер саны арта түсті. 40 археологиялық қазба жұмыстар (Шілікті және Берел қорғандары) және 26 ғылыми-қолданбалы артефактілермен зерттеу жұмыстары жүргізілді. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламада білім беру мәселеі терең қаралды және тарихты оқытудың жаңа жүйелері қалыптастырылды [2, 185-189 бб.].

«Мәңгілік ел» идеясында ағылшын тілін оқытудың маңызы көрсетілген. Қоғамдың дамуының кепілі болатын шет тілі қазіргі қоғамның жаңаруының қайнар көзі. Жаңа технологиялар мен қамтылған класстар, шетел принцинтер сай технологиялармен жабдықталған аудиториялар бұл үрдісті дамытудың бір шарттары болып табылады [3,76 бб.].

«Мәңгілік ел» идеясының негіздері және тарихи сабақтастығы. «Егер біз ел болуды қаласақ, мемлекеттілігімізді ұзақ сақтап қалғымыз келсе, руханиятымызды сақтап қалуымыз керек. Бұның негізі халықтың даналығы» [4, 267 б.]. «Мәңгілік ел» идеясы елдің дамуының қайнар көзі, күштің пайда болар тамыры, өркендеудің алғашқы қадамы. «Мәңгілік ел» идеясы тек ғана «Қазақстан-2050» стратегиясының бір бөлігі ғана емес, Қазақстан мемлекетінің таусылмас, дамушы идеялық тұғыры болып есептелінеді [5, 79 б.]. Сонымен қатар «Мәңгілік ел» бағдарламасын тарих пәнімен тікелей байланыстырып, бұл идеяның негізінде тарихмызды, рухани байлығымызды дамыта аламыз Тарих-барлық гуманитарлық бағыттың көкжиегі. Тарих пәні барлық бағыттарда білім алып датқан тұлғаларға үйретілуі шарт ғылым саласы. Тарих-тұлғаның бойына ұлттық сезім мен патриоттықты қалыптастырады, өзіндік сана-сезімді дамытады және дүниетанымдық негіз қалыптасады. Тарих сабағыны оқудың өзіндік мақсат және міндеттері бар:

  • тұлғаның бойына жаңа заманның қалыптасуына дейінгі қоғамды үйрету;

  • азаматтық және патриоттық сезімды дамыту;

  • әлеуметтік рухани және адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

  • мәдениет пен өркениеттің маңыздылығын көрсету; [6, 18-19 бб.].

«Мәңгілік ел» идиясының мәні мен маңыздылығын осы бағдарлама негізінде жасалынған Қазақ хандары туралы жаңа кітапты айта аламыз. Елімізің дамуы тарихымыздың жандануының кепілі. Тарихты қалпына келтіру, бұрмаланған, жойылған деректерді қайта өңдеу еліміздің өркендеуінің бір көрінісі.

Талас Омарбеков –тарихшы ғалым, қазақ халқының тарихта жазылмаған, ол туралы деректер жойылып кеткен тұлғалар мен қазақ хандарының тарихын жандандырды. Оның «Ұлы даланың дара тұлғалары: Қазақ хандары» еңбегі Тоқтамыстан Кенесары ханға дейін және қазақ халқының қалыптасуы жайлы деректерді өз ішіне алады. Бұл еңбек басқа жазушылар мен журналистердің жазу стилінен өзгеше болып көрінді.

Ғалым өз еңбегінде тарихи тұлғалардың халыққа сіңірген еңбегіне қарай бес топқа бөліп қарастырған [7, 136 б.].

Қазақ хандығының күшеюі мен дамуына үлес қосқан ірі тұлғалар- Керей хан, Әз Жәнібек хан, Бұрындық хан және Қасым хандар.

Қазақ хандығының әлсіреуіне себеп болған хандар-Мамаш хан, Тахир хан, Қожахмет хан, Тоғым хан.

Қазақ хандығының дамуына, ішкі және сыртқы саясатының өркендеуіне, қазақ хандығын басқа елдерге мойындата алған хандар-Тәуекел хан, Хақназар хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан.

Қазақ хандығын көрші елдердердің көмегімен сақтап қалуға тырысқан хандар-Шығай хан, Әбілқайыр хан, Нұралы хан, Ералы, Есім, Әбілмамбет, Болат, Жолбарыс, Сәмеке, Айшуақ, Бөгей, Қаратай, Арынғазы [8, 4 б.].

Осы орайда жаңа дәуірдің тарихшы ғалымдарының негізгі мәселесі отандық тарихты қайта қалпына келтіру. Жас ұрпақты жаңа көзқараспен дамыту, жаңа тарихты оқыту.


Пайдаланылған әдебиеттер


1. Сандыбаева А.Д. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Оқу құралы. –Түркістан, 2018.-102 б.

2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық.Тәуелсіз Қазақстан алғышарттары мен қалыптасуы. 4-кітап/ Т.О. Омарбеков, Б.С. САйлан, А.Ш.Алтаев, Ф.А.Қозыбақова [және т.б.]-Алматы: Қазақ университеті, 2016.-264 б.

3.Қаратаева Л. «Мәңгілік ел» идеясын ақпараттық кеңістікте жылжыту». Қоғам және дәуір. Ғылыми-сараптамалық журнал. №3 (47) 3. 2015 ж.120 б.

4. Назарбаев Н.Ә. тарих толқынында.-Алматы: Атамұра, 1999.-296 б.

5. Сыздықов С. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері және тарихи сабақтастық». Қоғам және дәуір. Ғылыми-сараптамалық журнал. №1(45) қаңтар 2015 ж.120 б.

6. Оралова Г. «Тарих пәнін білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың негіз». Қазақстан тарихы. Әдістемелік журнал. №4(184) сәуір. 2018 ж.1-88б.Алматы

7. Төлебаев Т.Ә. Қазақстан тарихы мен тарихнамасының өзекті мәселелері: монография.-Алматы: Қазақ университеті, 2016.-270 б.

8. Талас Омарбеков. Ұлы даланың дара тұлғалары: Қазақ хандары.-Алматы: «Эксклюзив КА», 2015.-180 б.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!