Материалдар / Мақала Мұқағали Мақатаевқа 90 жыл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала Мұқағали Мақатаевқа 90 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру,рухани танымын кеңейтіп,адамгершілікке тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2021
243
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Биыл Қазақ поэзиясының ақиық, мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 90 жыл.

Осыған орай Түркістан облысы,Кентау қаласы «Шаш-төбе»жалпы орта мектебінде ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру, жырларды мәнерлеп оқу,рухани танымын кеңейтіп,адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Поэзия,сен менімен егізбе едің» атты оқу челленджі өткізілді.Онда ақынның өмірі жайлы естеліктер айтылып, өлеңдері оқылды.

Мақатаев – 1931 жылғы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында Хантәңірі тауының етегінде дүниеге келген.

Мұқағали Сүлейменұлы - тағдырдың ащы дәмін ерте татқан ақын. Себебі поэзия патшасының балалық шағы сұм соғыспен тұспа-тұс келді. Әкесі майданға аттанағанда ол аманат арқалап, анасы мен бауырларына қамқор болып ауылда қалды. «Сенің қандай аңсаймын «тамашаңды?» Соғыс келді: жүрекке жара салды»... Осы өлең жолдарынан ақынның бала кездің өзінде қандай қиыншылықтан өткенін аңғарамыз.Өкінішітісі өнегелі жан заманында лайықты бағасын ала алмады. Бірақ өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік тұлға. Дәуірдің үнін дөп басып айтқан, шындықты шыңғырып жазған адалдықты сүйген ақын Мұқағали билік пен ұлыққа жақпады. Өзегінен өлең өрілген болмыс иесінің жырлары қашан да оқырмандар жүрегінде. Ақын шығармашылығының басты тақырыбы: туған өлкесі, Отаны, қазақ халқының тарихы, Анаға, өмірге сүйіспеншілік, қоршаған әлемге құштарлық, мейірімділік, әйелге махаббат туралы.

Оның өмірге ғашық,отанға адал,тілге жанашыр,махаббатқа құштар өлеңдерін оқи отырып, жігеріңізді жандандырып, қайратыңызды қайрайтын айшықты ойларды кездестіруге болады.

« Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан»деп сыбырлаған,- дейді ақын.

Ақын Мұқағали Мақатаевты халық арасында "қазақтың мұзбалақ ақыны" деп те атайды. Жалпы мұзбалақ деп бес жастағы бүркітті айтады.Қазақ құсбегілері бүркітті сынына қарай бес түрге бөлген екен. Соның бесінші сыны - бітімі зор, көзі шүңгіл, балапан кезінде жүні қара, балақ жүні шудалы, ақ білек, ақиық, жүнінің ұшында ақ бұршағы бар құсты құсбегілер Алтайдың ақиығы деп атайды. Бұл қарлы биік тауларда, әсіресе, Алтай тауында көбірек кездеседі. Мұндай құстар, көбіне қоңыр аңдарға құмар келеді. Тау ешкі, қара құйрық, елік сияқты аңдарды ұстап жейді. Бұл нағыз мұзбалақ қыран. Яғни мұзбалақ сөзі бүркіт пен қыран құсқа байланысты қолданылады.



Ал мұзбалақ сөзінің тағы бір дәл түсінігі - ертеден кешке дейін алысса да жалықпайтын, аңды көргенде өлермендене жанып түсетін, өжеттігі мен қайраты бойында, талабы мен бақыты маңдайына қатар біткен, қырып салар қыран екен.

"Парасат" орденінің иегері, ақын Нүсіпбек Айтұлы Мұқағалиға ең алғаш "Хан Тәңірінің мұзбалағы" деп теңеу жасаған.

45 жылдық ғұмырында сан түрлі тақырыпта қалам тербеген Мұқағали – жастардың сүйікті ақыны. Оларды жырларымен жігерлендіріп, ұрпағын патриоттық рухта тәрбеиелей білді. Қара өлеңнің қадірін білетін қазақ барда артында қалған мұрасының өлмейтінін де айтып кеткен. Сондықтан болар, қаламы мен қағазын қару еткен ақынның сыршыл поэзиясы әлі талай жасай бермек.



Дайындаған:Шаш-төбе жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мунира Умяминова

































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!