Материалдар / Мақала Қашықтықтан оқыту -заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала Қашықтықтан оқыту -заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмек ретінде ұсынылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2021
392
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала

«Қашықтықтан білім беру: жаһандық ауқымдағы жаңа міндеттер» атты конференцияға «Қашықтықтан оқыту білім беру заман талабы » тақырыбындағы конференция қатысушысы : Мизамбекова Нургуль Умирзаковна. Ақмола облысы Білім басқармасы жанындағы Целиноград ауданың Агротехникалық колледжі МКҚМ Жаңаесіл ауылы.


Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты оқу процесі 2020 жылдың наурыз айынының 16 жұлдызынан бастап қашықтан жүргізілетіні белгілі болған кезде басында көптеген қиындықтар пайда болғаны рас. 2019-2020 оқу жылының II жарты жылдығында алғаш рет жаңа форматта білім беруге тура келді. Сонымен қатар, біздердің мойынымызға үлкен жауапкершіліктің жүктелгені де рас . Білім беру жүйесінің басты міндеті білім беруді әлемнің жетекші елдеріне сәйкес деңгейге жеткізу мен жеке түлғаның білім алу және рухани құндылықтары мен мүмкіндіктерін қанағаттандыру үшін бүгінгі күнге енгізіліп отырған қашықтықтан оқыту ұстаздар үшін осы міндеттерді жүзеге асыруға қаншалықты дайын екенін көрсетеді. Оқу үрдісінде ең тиімді деген әртүрлі платформалар ұсынылды және осы платформалармен емтихандар өткізіліп, студенттер жаңаша оқуға дайындалды.

Қашықтан оқыту жағдайында II-жарты жылдықтың алғашқы күндері ұстаздар мен студенттерде компьютердің болмауы, отбасында бірнеше бала болған жағдайда компьютерді пайдалану сияқты мәселелердің туындағаны да анық. Соған қарамастан ұстаздарымыз сабақтарын қашықтықтан оқытып, студенттермен кері байланыс жасап уақытылы тиімді орнатты. Колледж ұстаздары мен студенттері үшін ортақ білім платформасы дайындалып үлкен көмек болды . Қашықтық сабақ – әдеттегідей дәріс көлеміндегі сабақ емес. Қашықтық сабақтың әдіс-тәсілдері, қағидалары да басқа. Студентті алдында тұрып сабақ беру және қашықтықтан оқыту – екі бөлек нәрсе. Ұстаздарға қашықтықтан әдістемелік көмектер бере отырып, 2019-2020 оқу жылын, бітіруші түлектер мемлекеттік емтиханды қашықтықтан өткізіп мамандық бойынша біліктіліктерін алып шықты және мамандықтары бойынша барлығы бірдей қалыпта жұмысқа орналасты.

Облысымыздың әдістемелік кабинеттерімен бірге өте белсенді жұмыс атқардық десек болады.Себебі бейне сабақтарды қалай дайындау туралы нұсқаулықтар жіберіп отырды. Колледж платформасында қосымша кітапханаларымыз болды. Қашықтықтан оқыту қазіргі жағдайда бұл – ұстаз жұмысының жаңа шарты. Ең бастысы, студент ұстазынан қызықты, тартымды сабақ күтеді.Білім Министрлігі тарапынан білім беру ұйымдарына, педагогтарға тиісті әдістемелік ұсынымдар дер кезінде беріліп отырды. Ұстаздар үшін арнайы онлайн, курстар, вебинарлар ұйымдастырылды . Бұл – күрделі кезеңде ұстаздарға деген үлкен қолдау деп білемін. Ақмола облысының оқу-әдістемелік орталығы да пандемия кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыруда ауыл педагогтеріне дер кезінде әдістемелік көмек беріп, қашықтан оқытудың қиындықтарын жеңудің тиімді жолдарын ұсынып отырды.

Әрине, бұл – уақытша қиындық, бұған түсіністікпен қарап, шәкірттеріне қашықтан білім беріп жатқан колледж ұстаздар қауымына ризашылығымыз мол. Осы орайда ата-аналар тарапынан да көмектер болды. Табандылық пен төзімділік арқасында барлық қиындыққа төтеп береміз. Қашықтан оқыту ұлттың әлеуетін арттыруда және әсіресе жаһандық көзқарасы бар болашақты тәрбиелеуде педагогтерден үлкен міндеттерді талап етеді. Осы артылған жүкті колледжіміздің әрбір педагогі жауапкершілікпен орындап түсіне білді деп ойлаймын. Бұл сынақтан да бір –бірімізге қолдау жасау арқылы сүрінбей өтіп, қиындықты артқа қалдыруға тырыстық.

     

Ұстаздардың карантин кезіндегі жұмысы көптеген мәселелер мен сұрақтарды шешуден тұрады – студенттер мен ата-аналар чатын құрып, сол жерде шешу орынды болды. Қарым-қатынас қағидаларын сақтауда маңызды. Атап айтқанда: бейне және аудио қоңыраулар кезінде микрофонның дыбысын өшіру керек; дыбысты қосу немесе жазу арқылы сұрақтарға жылдам жауап беру; студенттермен тұрақты түрде жеке кездесулер ұйымдастыру; барлық сұрақтар мен оларды шешу жолдарын жазбаша түрде тіркеп, ақпараттың кімге арналғанына қарай қызметкерлердің, оқушылардың немесе ата-аналардың чатына не поштасына жіберу; мұғалім жұмыс күні ішінде әріптестерімен, оқушылармен және ата-аналармен байланыста болуы керек екенін оқытушылар әр уақытта негізге алып отырды. Мұғалімдер өздерінің тиімді жұмысы күнделікті стандартты жұмыс форматында қолданатын құралдарына байланысты екенін есте ұстауы керектігінің маңыздылығын түсіне білді. Сондықтан тек қана өзіңнің білімі мен дағдыларын мен іскерлігін қашықтықтан тиімді қолданып жүр деп ойлаймын.

Негізінде қашықтықтан оқыту Республика, облыс, қала және ауыл колледжлерінде кең көлемде қолданыста болды . Колледждер барысында айтатын болсақ ұстаздар арасында бейне сабақтар жөнінде тәжірибе алмасулар болды . Бұл жаңашылдық жыл көлемінде өз жұмысын атқарып келуде. Бұл инновациялық әдіс арқылы ата – аналар студенттердің білім үлгірімін, ал студенттерге платформа арқылы үй жұмысы уақытында біліп отырды. Мұндай әдіс арқылы колледж пен ата – аналар қауымы арасындағы байланыстың одан сайын нығаюына үлкен септігін тигізді. Студенттер қашықтықтан өткізілетін онлайн олимпиадаларға ,байқауларға қатысуға көп мүмкіндік алды . Мұндай интернет олимпиадалар студенттердің үлкен қызығушылығын тудырады . Тапсырмалары қызықты, сан алуан және олимпиаданың ең тиімді жері – студенттер өздерінің білім деңгейлерінің көрсеткішін бірден білулері болып табылады. Аталған олимпиадалар сайыс түрінде берілсе де, студенттер осы олимпиадаларға қатысу арқылы білім деңгейлерін әрі қарай жетілдіреді деп айтуға болады. Өйткені, студенттер дәріс барысында алған білімдерін шыңдайды, тексереді, салыстырады. Студенттерге арналған олимпиадалардан басқа, ұстаздарға арналған онлайн жүйесінде өтетін сан алуан семинарлар, конференциялар, вебинарлар ұйымдастырылып, ата-аналар чаттарына дер кезінде таратылып отырды .

Қашықтан оқытуға деген жаңа қызығушылық ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, ғаламдық ақпараттық желінің пайда болуы аясында туындаған. Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де, студенттер үшін де оңай шаруа емес, заман талабы болғандықтан, біраз күш-қуатты талап етеді. Бұл – Қазақстанның білім беру жүйесі үшін үлкен қуат. Педагогтардың қарым –қатынасы сабақтан тыс жерде оқытушы мен студент арасындағы жедел әрекеттестік құралы ретінде танылып отыр.

   Колледж ұстаздары ақылдаса келіп, барлық бағдарламаларға талдау жүргізіп және ыңғайлы, қолайлы ортақ платформа бағдарламасын таңдап, қазіргі таңда жұмыс жасап жатырмыз. Қашықтықтан оқыту білім берудің мақсаты – сапалы білім беру қызметін алуда студенттердің мүмкіндіктерін кеңейту. Яғни онлайн жүйе оқытушылардың да, студенттердің де жауапкершілігін арттырып,білім беру талаптарын күшейтетіні сөзсіз. Студенттер қашықтықтан дәріс алу барысында бұдан бұрынғы кесте бойынша оқуды жалғастыра береді,айырмашылығы-сабақтар онлайн режимде жүргізіледі.Қашықтықтан оқытудың тиімді тұсы студент өздігінен ізденеді,талпынады.Студенттер оқытушымен аудиторияда емес,қашықтан,онлайн режимде кездеседі.Дәріс барысында олар жаңа тақырыптарды тыңдайды және талқылайды,

             Әрине, алғаш Білім министрі А.Аймағамбетовтың қашықтықтан оқыту туралы бұйрығы шыққанда, бойымда қорқыныш ұялағанын жасыра алмаймын. Бір жағынан, қызығушылық пайда болды. «Қалай білім берер екенбіз?», «Оқушылар қалай қабылдар екен?» «Мұғалімге әдістемелік көмек қалай беремін?» деген сұрақтар мазалады. Қазіргі оқушылармыз ақпараттық технологияны жақсы меңгерген өте ақылды, дарынды, сондықтан оқушыларымыз еш қиналмастан оқу бағдарламасын үйіріп алып кетті. Берілген тапсырманы уақытылы орындап, үлкен жауапкершілігімен белсенді түрде сабаққа қатысады. Ұстаздарға келетін болсам, жастарымыз қиналмады, ал мұғалімдік өтілі біраз жерге келген ұстаздарымызға дер кезінде көмек берудің арқасында, қашықтықтан еш қиналмастан сабқтарын берді. Әрине бастауыш сынып оқушыларына ата – аналардың көмегі қажет, осы тарапында ата – аналарға үлкен алғысымды білдіріп отырдым. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деген К.Д.Ушинский. Осы ұлы тұлғаның сөзін ұран етіп қана қоймай, ісімізбен дәлелдеп отыруға тырыстық.

             Менің түсінгенім, қашықтықтан оқыту жүйесінің басты артықшылығының бірі – уақыттытиімді пайдалана алатын болдық. Осы үнемдеген уақытымызды өзімдің кәсіби деңгейіміз бен шеберлігімізді арттыруға жұмсадық.Көптеген біліктілік арттыру курстарынан өттік.

Қорыта келе айтарым,   қиындықтарды меңгеріп жеңе білдік десем болады . Осы қиын -қыстау кезеңінде: “Біз біргеміз!”,”Біз үйдеміз!” деп, бір-бірімізге бір ауыздан бәр-бірімізге қолдау көрсеттік. Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тəуелсіздігін қорғайтын, білімді ұрпақтың тəлімгері біздерге, яғни ұстаздарға «Қашықтықтан оқыту» атты үлкен жауапты іс жүктелді. Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың қашықтықтан оқыту туралы бұйрығы шыққалы, ұстаздар қауымы барынша талмай еңбек етіп жатыр. Балаларға жан -жақты, қызықты білім беру үшін ғаламтор желісіндегі түрлі платформаларынан ізденуде.

           Әрбір жаңа дүниенің тиімді және тиімсіз тұстары болады. Қиын кезең кемел адамдарды қалыптастырады. Қашықтықтан оқытуда студенттердің кең ауқымда жауап беруіне мүмкіндік аз болды . Берілген тапсырманы дәрістегідей жан-жақты талқылап, сын пікір айтып, ойын жеткілікті деңгейде ашуда қиындық туындады . Алайда, қашықтықтан оқыту – колледж үшін де тиімді жүйе, ол барлық ұстаздарға қолайлы. Қашықтықтан оқыту – студенттен қашықтықта болу деген емес, студентке бұрынғыдан да қатты жақындау. Студентке барынша түсінікті болатындай етіп жағдай жасау біздің міндетіміз деп ойлаймын. Тек бұл жүйеде жақсы жұмыс істеу үшін ғаламтордың озық қосымшасы болу қажет. Алғашқы сабақтан бастап студенттің талпынысы, ынтасы одан сайын шабытымызға шабыт қосты, қанаттандырды. Әр дәрісімізге алдынғыдан жақсы жауапкершілікпен дайындалып, үлкен ізденіс үстіндеміз. Түрлі білім порталдары арқылы да дайындығымызды пысықтап, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын одан әрі дамыта алдық деп ойлаймын. Оны студенттердің жасаған кері байланысынан-ақ байқауға болады.Қашықтықтан оқу арқылы біз сақтық шараларын жасап қана қоймай, сонымен қатар өз шеберлігімізді де арттырып жатырмыз.

              Бұл өзгерістер ғылым мен техниканың дамуына алып келеді. Ал бұл ғылым мен технологияны дамуындағы үлкен серпілістер .

            Алғашында барлығымызға яғни ұстазға да, оқушыға да,ата-анаға да қиын болды. Бірақ ұстаздарымыз өз ісінің үлкен шеберлері екендігін дəлелдеді. Бала оқытудың оңай іс еместігін ата-аналар қауымы да мойындап жатты. Ұстаз мəртебесі қашан да биік тұратындығы дəлелденіп жатты.

Ұлт ұстазы , өткен ғасырдағы қазақ руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы:”Мектептің жаны -мұғалім. Мұғалім қандай болса,мектебі сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса,”ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең əдемі, мектепке керегі -білімді, педагогика, методикадан хабардар,оқыта білетін “мұғалім”, депті. Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі өз қадірін жоғалтқан жоқ. Отанымыздағы барша балаға қашықтықтан білім беріп, тəрбие тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мұғалімдер қауымына қажырлы еңбектеріңіз жана берсін дегім келеді.

         Еліміз аман болсын, аспанымыз ашық болсын. Мыңдаған жылдар бойы көк туымыз көк аспанда желбірей  берсін!



Әдебиеттер тізімі:

1. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.

3. Журнал «Мектеп» № 11

4.http://adilet.zan.kz/

5.http://stud.kz/

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!