Материалдар / Мақала Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсат - оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой - өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан - жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми - зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2021
374
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бактаева Меруерт Турсунтаевна, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзінің Қазақстан халқына жолдауында:

"Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет.Бүгіннен бастап,ұлттық мінез-құлық, биік талғам паздық,тектілік,білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптасты-руымыз керек"-деген болатын.

Қазіргі білім берудің басты мақсаты – шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет.

Мақсат - оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой - өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан - жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми - зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

- пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділігі артады;

- шығармашылық жұмыстар арқылы ойын дамытады;

- өздігінен іздене алады, ғылыми зерттеу жұмыспен айналысуға көмектеседі;

- өзіне деген сенімділігі қалыптасады;

- жалпы алғанда оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейі артады.

Өз жұмысымда мен жаңа технологиялардың элементтерін пайдаланып жүрмін. Соның ішінде АКТ пайдалану, СТО технологиясы, Блум технологиясы,Флеш BIBLIO.Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу-оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Деңгейлеп оқыту технологиясы: көбінесе Бенжамин Блум технологиясы негізінде беріледі.

Мысалы, 7 сыныпта берілген мәтін бойынша бірнеше деңгейлік тапсырмалар беріледі:

Мәтінді түсініп оқы. Түсінгеніңді айтып бер. Мәтінге ат қой. Мәтінді қалай аяқтар едің? Адал досының жасаған көмегі қандай? Жігіттің жасаған жақсылығына баға бер.

СТО технологиясы:сто элементтерін сабағымда жиі пайдаланып отырамын.

«Бес жолды өлең» стратегиясы

«Болжау» стратегиясы

Автор орындығы

«Екі жақты күнделік» стратегиясы

Ойтолғау

«Болжау» стратегиясы бойынша оқушылардың алдына әңгімеден үзінді беріледі.Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып, оқиғаның немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.

«Екі жақты күнделік» стратегиясы.

«Бес жолды өлең» стратегиясы.

Өлең құрастыру

Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады.

а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.

Мысалы,Ф.Оңғарсынованың «Ана» өлеңінде :

«Өмірде мынау ең жақын,

Аяулым сенсің,анашым!» деген жолдар бар.

Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру тапсырылады. Тапсырма дұрыс орындалу үшін, ең алдымен, оқушылар құрастыруға тиісті.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда өлеңнің сызбасы түсіріледі:

«Өмірде мынау ең жақын,

Аяулым сенсің,анашым!», — ұсынылған жолдар.

«Мейірім төккен сол қалпың,

Өмірлік бізге панасың.», — оқушының аяқтауы, яғни бұл – жоспар, өлең ұйқасқа құрылады және бұл сызба бойынша өлеңнің бірінші мен үшінші және екінші мен төртінші жолдары ұйқасуға тиіс.

ә) Балаларға өлең құрастыру үшін төмендегідей тірек сөздер,дайын ұйқастар ұсынылады:

баламыз,

саламыз,

сабақты,

боламыз.

Оқушының тапсырманы орындауы:

Біз білімді баламыз,

Шырқап әнді де саламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Біз бақытты боламыз.

Сондай-ақ оқытудың жаңа әдістерін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі оқушылар бойында мынадай қасиеттерді қалыптастыруға болатынын байқатты:

1. Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;

2. Бір-бірінің пікірлерін қабылдауға үйренеді;

3. Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді, өзіне белгіліні пайдалана алады;

4. Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі.

5. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасы, шығармашылық жұмыстарға қабілеті, танымдық белсенділігі артады

6. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгелердің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді,бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда,оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс,оқуға,білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей,күннен-күнге дами түсуі қажет.Сонда ғана оқушы бойынша білім нұры тасып,сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі,сыртқы ортамен байланысы дамып,оқушы дүниетанымы арта түсері анық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!