Материалдар / Мақала "Қазақ тілі сабағында тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Қазақ тілі сабағында тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі сабақтарында тыңдата білу, сөйлесу үшін тыңдай білу, тыңдалған ақпаратты қолдана білуге үйрету және тыңдалған ақпараттың меңгерілу нәтижесін білу үшін бақылау жолдарын қарастыру – біздің мақаламыздың басты мақсаты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2021
1114
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақ тілі сабағында тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер»



Адамның күнделікті өмірі қарым-қатынас жасаудан тұратын белгілі. Ал қарым-қатынастың негізі – сөйлесу. Сондықтан жақсы қарым-қатынастың болуы, дұрыс сөйлесуден, нақтырақ айтсақ, адамдардың бірін- бірі түсінуінен тұрады. Қай жастағы адам болсын өзі түсінбейтін ақпаратты, әуені қанша жағымды болса да сөзін түсінбеген соң әнді де тыңдай алмайды. Өзге тілдегі ақпаратты тыңдап, оны түсіне білуге үйрену – жүйелі, үздіксіз жүргізіген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Сондықтан қазақ тілі сабақтарында тыңдата білу, сөйлесу үшін тыңдай білу, тыңдалған ақпаратты қолдана білуге үйрету және тыңдалған ақпараттың меңгерілу нәтижесін білу үшін бақылау жолдарын қарастыру – біздің мақаламыздың басты мақсаты. Осы аталған мақсат бойынша тыңдалым әрекетін меңгерту үшін тіл үйренушілердің дайындығына қойылатын талаптар, тыңдалынатын ақпаратты таңдау, тыңдатуға арналған құрал-жабдықтар, сонымен қатар, тіл үйренушінің тыңдалған ақпаратты қабылдауы, есте сақтауына байланысты сұрақтар туындайды.

Тіл үйретуде тыңдалым әрекетінің маңызды орны бар. Әрине сөйлесім әрекетінің төрт түрінің де өзіне тән ерекшеліктері бар. Бірақ оларды тек бір-бірімен тығыз байланыста қолдану ғана белгілі бір нәтижеге жеткізетіні анық. Дегенмен, «Тыңдай білу – ұлылық», «Тыңдамаса, сөз – жетім ...», «Құйма құлақ құйып алады» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Тыңдалым – сөйлеу әрекетінің ауызша баяндау түрі. Тыңдай отырып, өзіміздің серіктесімізден қажетті мәліметті аламыз және оның ойын, мақсатын білеміз.Оқушы бойына тыңдалым дағдысын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді пайдаландым.Тыңдалым дағдысын басшылыққа ала отырып әр сабағымда тақырыпқа сай аудиожазба арқылы тапсырмамен жұмыс орындатып отырдым.

«Синонимдерді тап»  әдісі. оқушыларға сөздер ұсынылады.Олар тыңдалған мәтіннен осы сөздердің синонимдерін тауып, жауап парағына белгілеуі керек. Осы арқылы оқушылардың тыңдау әрекеті мен сөздік қоры дамиды. 

«Кір жаятын жіп»

Өтілген тақырып бойынша мәтін оқимын. Мәтін ішінен керекті сөзді тауып кір жаятын жіпке ілу керек. Соңында кім қанша сөз ілгенін тексеремін. Бұл әдістің мақсаты оқушының тыңдау дағдысын қалыптастыру және есте сақтау қабілетін қалыптастыру.

.«Төрт сөйлем» әдісін. Тыңдаған материалдан қажетті ақпаратты  іріктеп алуға дағдыландыру мақсатында қолданады.

  1.  Пікір. Тыңдаған   мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2.  Дәлел.  Өз  пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3.  Мысал.  Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

 Мен не естідім?

Бір оқушыға мәтін оқытамын. Оқушылар тыңдаған мәтін ішінен сөз табының қай түрі көп кездескенін табу керек. Және екі тақырыптың ұқсастығы мен айырмашылығын табу керек.

Оқушылар бойына тыңдалым дағдысын қалыптастыру барысында түрлі әдіс–тәсілдермен қатар аудиожазбалар арқылы әр сабағымда мәтінмен жұмыс істедім. Сабақта қолданған әдістер арқылы оқушылардың сабақты бір-біріне түсіндіргені, сұрақты түрлендіріп қойғандары оқушылардың қызығушылықтарын арттырды және оларға ұнады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!