Материалдар / Мақала: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМ АЛДЫНДАҒЫ ОРНЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМ АЛДЫНДАҒЫ ОРНЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Студент мақаласы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
244
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМ АЛДЫНДАҒЫ ОРНЫ

Егеменді еліміз сыртқы саясатта талмас күш жігерімен, белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталған қарқынымен ерекшеленеді. Тәуелсіз алған 23 жыл ішінде еліміз талай асу белестерді бастан кешірді. Егемендігімізді алғаннан бастап-ақ Қазақстан 30-дан астам елдермен дипламатиялық қарым-қатынасын нығайта түсті. Аз ғана жыл ішінде елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің ел экономикасын, әлеуметтік жағдайын, саясатын дамытуға жоспарланған стратегиялық жобалардың арқасында бізді төрт күл дүние таныды. Дүниежүзі елдерінің қатысуымен 2010 жылдың 1-2 желтоқсан аралығында елімізде ОБСЕ саммиті мен 2011 жылдың қаңтар мен ақпан айларында еліміздің бас қалалары- Астана мен Алматыда жетінші қысқы Азиада ойындары өткен болатын. Міне, сол кезден бастап еліміз әлем елдерінің көз айымына айналған болатын.


1-ші сурет. Қазақстандағы ОБСЕ саммиті 2010 жыл


2-ші сурет. Азиада-2011


Қазіргі таңда Қазақстанның ғасырлар бойы туысқандық, саяси және экономикалық қарым-қатынаста болған көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен достастығы- жоғары қарқында жалғасып келеді. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің  елордамызға іс-сапарлары нәтижесінде және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылдан,ан болатын. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін берді.[1]

Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатындағы басым бағытының бірі -Ресеймен экономикалық ынтымақтастықты нығайту және ТМД елдерінің шаруашылығын дәйекті түрде экономикалық кіріктіру болып есептеледі. Ресеймен еліміз көбіне экспорт өнімдері сату арқылы сыртқы берік сауда қатынастарын жүзеге асырады. Мұнай және табиғи газ өнімдерін экспортқа жіберу арқылы еліміз сыртқы елдермен байланысын күшейтсе, екінші жағынан- экономикалық табыс көзіне кенеліп отыр. [2]

Қазақстанның Қытаймен дипломатиялық қатынас нәтижесінде екі ел арасында тауар айналым алға басып, көптеген саяси, экономикикалық жобалар іске асырылса, Қазақстанның АҚШ-пен қарым-қатынасы барысында   терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және еліміздегі жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды. [3]


1-ші кесте. Қазақстандағы мұнай компанияларының үлесі (2008 жыл).


Қазірде еліміз БҰҰ, ТМД, Юнеско, ЕҚЫҰ секілді ынтымақтастық пен бейбітшілікке бағытталған халықаралық ұйымдарға мүше. Оның өзі Қазақстанның әлеммен байланысын әртарапта нығайта түседі. Бұндай ұйымдарға мүше болу арқасында ел тұрақтылығы мен қауіпсіздігіміз сақталып, еліміз жыл сайын гүлденіп, өркендеу үстінде.

Қазақстанның сыртқы елдермен байланыс жасауына әсер ететін негізгі факторларға- мәдени мұра, өркениет, мәдениет, диалог, құндылықтар, сенімдер, идеология, философия, саясат және шиеліністерді жатқызуға болады. Себебі, елдің өзге елдермен байланыс құруы осы факторлардың негізінде жүзеге асады. Мысалы, дүниежүзінде тоғыз өркениет қалыптасқан. Әрбір өмір сүруші өркениеттің өзіне тән асыл мұрасы, идеолгиясы болады. Қазақстан асыл және мәдени мұралары болып табылатын ескерткіштерді шетел қонақтарына дәріптей отырып, бағалы да баға жетпес ерекшеліктерін паш етеді. Және классификация арқылы мемлекеттер өзара біркелкі қасиеттері бойынша біріктіріліп, диалог ретінде түрлі тақырыпта келіссөздер жүргізеді. [4]

Әрбір елдің өзіне тән асыл құндылықтары болады. Мысалы, Қазақстанның құндылықтарына ұлттық рәміздері, ойындары, тағамы яғни өзге елге еш ұқсамайтын дара белгілері жатады. Осындай құндылықтарымыз арқылы еліміз өзгеше бағытта даралана түседі. Сонымен қатар сыртқы елдермен байланыс орнатушы басты саланың біріне саясатты жатқызуға болады. Саясат өз ішінде сыртқы және іщкі болып екіге бөлінеді. Ең бірінші, ішкі саясатымызды дамытқаннан кейін-ақ сыртқы саясатқа аяқ баса аламыз. Әрине, сыртқы мемлекеттермен байланыс жүргізуге шиеліністердің туындауы әбден мүмкін. Бірақ бұның барлығын барынша бейбітшілік жолмен шеше білсек дұрыс таңдау осы болар еді. Ендігі кезекте ұшқыр философиялық терең ойдың да пайдасы ұшан теңіз. Ол өз кезеңінде елдерді қабілеттілігі мен көзқарастың бір бағытта шығу нәтижесінде орын алады. [5]

Елбасымыздың арқасында әлем бізді жаңаша бағытта тани бастады. Санада, АҚШ. Қытай елдерінде өткізілетін түрлі бокс, воллейбол, баскетбол, ауыр және жеңіл атлетика секілді спорт түрлерінен Қазақстанның қажымас қайратты бір топ спортшылары өздерінің бағын сынап, көк туымызды аспанға, биікке желбіретіп келеді.[6]

Өзге елде Қазақстанның биік тұғырдан көрінуі мені шаттыққа бөлейді. 2017 - де Қазақстанның елордасында өткізілетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінде бізді дүниежүзілік елдер жаңаша қырынан тани түсетін болады. Ол үшін қазірде елордамызда «Болашақ энергиясы» тақырып төңірегінде бірнеше жобалар іске қосылды. Еліміздің білікті де қабілетті жасұландары осы жолда аянбай еңбек етуде. Осындай қарқынмен жалғаса берсек, болашақта еліміз тек жоғарыдан көрінетін болады. Қазақстанның сыртқы елмен байданысына әсер ететін факторларды нығайта түссек, еліміз табысқа кенеліп, келешекте дамыған елдер қатарынан көрінетін болады. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болса- алдымыздағы қиын деген асу белестердерді де оп-оңай бағындыруымызға болады. Алдыға қойған қандай да бір биік мақсаты бар ел әруақытта жоғары жетістіктерге жетіп, биікке қанат қағатыны анық. Қазақстан болашақта толағай табыстарға кенеліп, сыртқы елдермен қатынасы нығайып, ірі жетістіктердің қатарынан көрінетініне сенімім мол.




Пайдаланған әдебиеттер мен дереккөздері:


1. Шыңғыс М. Қазақстан және әлемдік инвестиция. // Жас Алаш.-2002-№9-9б.

2. Райханұлы Н.  Өткен жылдың қорытындысы не көрсетті? //Ақиқат.-2003-№3-41-43б.

3. Қаженбаев С. ΧΧΙ ғ. Қазақстанныңэкономикалық даму модельдері. //Статистика учет и аудит.-2002-№2-30-32б

4.http://e-history.kz/kz/contents/view/1504

5.http://www.turkystan.kz/kz/articles/view/29547

6.http://alashainasy.kz/sport/kazaktyin-jas-boksshyilaryi-alemde-brnsh-50591/












«ЖАС ДАРЫН»


III Республикалық сырттай ғылыми- тәжірибелік конференциясына


  1. Автордың аты- жөні: Даулетьярова Назерке Даулетьярқызы

  2. Ғылыми жетекшісінің аты-жөні: Сұлтамұратов Бақытхан Әділбекұлы

  3. Жұмыс орны: Қазақстан тарихы пәні мұғалімі НЗМ

  4. Мекен- жайы: Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

  5. Байланыс телефондары: 8 702 377 8485

  6. E-mail: 97_nazok@mail.ru, ndauletyarova@gmail.com

  7. Мақала тақырыбы: Қазақстанның әлем алдындағы орны

  8. Бағыты: Тарих, география жәнесаясаттану


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!