Материалдар / Мақала Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал барлық ұстаздарға пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2018
342
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Темір Ж.Т.Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУәлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 4 курс студенті



СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан да жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Ол үшін білімнің өзегінде, біріншіден, өзіндік көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыратын, екіншіден ортаға тез бейімделу, жаңа ақпаратты түсіну, қабылдау, өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамытатын құрауыштардың қатар қамтылуына назар аударылуы тиіс. Жеке тұлға, яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Біз, ұстаздар қауымы, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен қабылдауымыз керек.Бүгінгі мұғалімдердің басты міндеттердің бірі – білім беру жүйесін жаңарту болып саналады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ең беделді адам – ол өзінің ұстазы. Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды. Қоғамның дамуы келешек ұрпаққа білім беруші мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Қазақстан Республикасында білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады.Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын тақырыпқа сай ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен пікірлесу, топтасу арқылы білімдері молаяды. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, ойлау, алдыға жетелеу. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады. Білім    алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті– жеке тұлғаны дамытып, білімге және оқуға деген сенімін нығайту, іскерлік пен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Сабақтарда сын тұрғысынан ойлау технологиясының «ЖИГСО», «Кубизм», «Ыстық орындық», «Өрмекші торы», «Ойлан – жұптас – бөліс», «Еркін микрофон», «Серпілген доп» әдістері, «Ментальді карта», «Рөлдік ойын», «АВС» стратегиясы, «Венн» диаграммасы, «Текстологиялық карта», «Семантикалық карта», «Галерияға саяхат», «Болжау» стратегияларын қолданған өте тиімді [1].Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жазу немесе айту керек» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрет, жауапкершілігін арттыру [2]. Кесте 1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшелігі



Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі – оның тиімділігі, нәтижелігі, жаңашылдығы

Мақсаты:Тиімділігі:Нәтижесі:
Білім алуға ұмтылатын шәкіртке жол көрсету, оқуға қызығушылығын ояту,сабақта оқушыны ізденіске бағыттау, оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындау, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асуы, мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу,ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленеді.Оқушының қызығушылығын арттырады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, терең білім алуға жағдай жасап қана қоймай, коммуникативтік қатынасын қалыптастырады, оқушыны ізденіске жетелейді.







Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда оқушылардың ізденушілік,зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашады. Оқушы жүрегіне жол тауып,оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін,әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере білім алуға қабілетін зерттей отырып,тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан жобасымен танысып, оның стратегияларын өз тәжірбиелеріңізде қолданудан өзіңіздің біліктілігінздің арта түскендігін аңғарасыз. Сонымен қатар сабақтарда «кубизм», «топтастыру», «бес жолды өлең», «түртіп алу жүйесі», «венн диаграммасы» стратегияларын жиі пайдалануға болады.  Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушыларға жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға оқушыларға мүмкіндік жасалынады [3]. Ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп қағаз бетіне түсіріп, қорғайды. Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды талқылап жатқанда сөйлейтін оқушы да топ мүшелерінің аргументтерін жинақтап, сөйлеуге дайындалады. Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімін кеңейте түседі. Ортамен қарым- қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге, айта білуге үйретеді. Оқушылардың жазған пікірі басқа оқушылардың пікірін тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде ойындағы негізгі қажеттігін жазады. Эссе - өз ойын білдіру, ішкі жан дүниесін ұғу, күнделікті өмірде туындайтын ойларды айту мен эссе жаздыруға көп көңіл бөліп, өсімдіктану тіл сабақтарымен интегративті қолдануға мүмкіндік жасайды [4]. Ең басты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына оң нәтижесін беретін жоба. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық, ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.     Қорыта айтқанда, инновациялық білім беру әдістемелері  — тиімді құралдың бірі. Инновациялық білім -  іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет пәндердің мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік шеберлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған. Ең бастысы, оқушыны келешек өмірге дайындап, білім-біліктерін, іскерлігін өмірде қолдауға жағдай жасайды.



Пайдаланған әдебиеттер:

  • Мухамадиева М.Н. , Чинибаева Э.Г. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану жолдары. Алматы, 2017.
  • Жақсыбаева Б.С.Сабақта сын тұрғысынан ойлау әдістерін тиімді пайдалану. Талдықорған, 2014.
  • Білім. Таным. Тәрбие. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. №1, 2016 жыл.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!