Материалдар / Мақала тақырыбы: "Қобыз- қазақтың ұлттық аспабы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала тақырыбы: "Қобыз- қазақтың ұлттық аспабы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық аспабы қобыз туралы. Қобыз аспабы – қазақ халқының өте ерте заманнан, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болған қасиетті асыл мұрасы,Ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Скрипка аспабының атасы. Қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген. Аспап ысқысы бар шекті аспаптардың қатарына жатады. Қоңыр үнді қобыз ғасырлар сырын жетелейтін киелі аспап. Қобыз десе біздің санамызға Қорқыт ата түседі. Қорқыт бабамыздан қалған қасиетті қара қобыз ғасырдан - ғасырды жалғап, сазды сарынын үзбей қазақ халқының қуанышы мен қайғысын жеткізіп келеді. Бірде ботасыз нарды идірсе, енді бірде жан азабын тартқан шерменденің дертіне дауа болады. Қандай күй орындалса да қобыз сарыны құлаққа жағымды, жылы естіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2021
2066
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Атадан қалған асыл мұра - Қобыз.


Қобыз аспабы – қазақ халқының өте ерте заманнан, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болған қасиетті асыл мұрасы,Ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Скрипка аспабының атасы. Қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген. Аспап ысқысы бар шекті аспаптардың қатарына жатады. Қоңыр үнді қобыз ғасырлар сырын жетелейтін киелі аспап. Қобыз десе біздің санамызға Қорқыт ата түседі. Қорқыт бабамыздан қалған қасиетті қара қобыз ғасырдан - ғасырды жалғап, сазды сарынын үзбей қазақ халқының қуанышы мен қайғысын жеткізіп келеді. Бірде ботасыз нарды идірсе, енді бірде жан азабын тартқан шерменденің дертіне дауа болады. Қандай күй орындалса да қобыз сарыны құлаққа жағымды, жылы естіледі. 
Қорқыттың ізін жасғастырушы өнерпаз ұрпақтарымен таныса отырып, олардың мұраларын халыққа жеткізу, насихаттауды мақсат тұтамын. Қорқыт бабамыздан қалған қасиетті қара қобыз ғасырдан - ғасырды жалғап, сазды сарынын үзбей қазақ халқының қуанышы мен қайғысын жеткізіп келеді.

Қылқобыздың шығу тарихын сонау атам заманнан белгілі бақсы балгерлерді жебеп жасқаушы түркілердің бабасы тұңғыш қобызшы Қорқыт ата есімімен байланыстырып аңыз етіп айтады. Халық арасына кең тараған аңызда бәрімізге белгісі.

Қобыз – таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі үні, музыкалық дыбысы ерекше аспап. Біреулер оны құс даусына ұқсатады: «Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» – дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады (И. Гмелин). 
Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп - сүйкеп көсеп - көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою - қошқыл сазды мұңлы болып шығады. 

Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын - қыстау болды. Бұл аспап қазақ халқының тарихи - этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұра бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай - ақ қойды. Әу бастан - ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай ескіліктің қалдығы саналып жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды дейді А. Затаевич. Осының салдарынан 20 ғасыр басында қобыз аспабына арналып шығармалар жазылмай сиреп ұмытыла бастады. «Әкеден балаға мұра» болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт - санамыз, отбасылық қобызшылық дәстүріміз үзіліп қалды. Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері 19 ғасыр ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы.

Қобыз қайың, арша сияқты ағаштардың тұтас бөлігінен шауып жасалады. Бас, кеуде, аяқ деген үш бөліктен тұрады. Төменгі бөлік терімен қапталып, оған тиек қойылады. Екі ішегі жылқы қылынан тартылады. Аспап мүмкіндігі зор, әрқилы дауысты, оның ішінде табиғи дыбыстарды айнытпай шығарады. Қобыз сөзі «қобыдан шыққан дыбыс» деген мағына береді. Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады. Себебі, қобыз тартқан бақсы сынды жандардың адам тағдырына әсер ететін күші, бойында үлкен қабілеті бар болған. Қобыздан шыққан үн адам бойындағы әлсіздік я жағымсыз күштерді сыртқа шығарып, оған күш - қуат береді. 

Ең алғаш прима-қобызда сабақ берген ұстаз - скрипкашы И.А.Лесман болды.  Консерваторияда 1945 жылдардан бастап профессор А.Жұбановтың өтінішімен скрипка класының мұғалімі И.Лесман алғашқы оқушыларының бірі Ф.Балғаеваға прима-қобызда шығарма орындау тәсілдерін үйретіп, сабақ беру әдістемесінің негізін салды. Талантты жас домбырашы Ф.Балғаева Лесманнан дәріс алып, прима-қобызды жете меңгеріп қана қоймай, прима-қобызда ойнайтын өнерпаздарды әзірлеген ұстаз болды.

Көне аспап бүгінгі таңда тек қазақтың ғана емес, әлем елдерінің кәдесіне жарап - ақ жатыр. Тіпті бүкіл әлемді мойындатқан классикалық музыка да осы қобыздың арқасында дүниеге келгендігін ойласақ, оның тегін аспап еместігіне көз жеткізе түсеміз. Бірақ музыкалық құрал ретінде пайдаланылып жүрген аспапта қандай сыр жатқаны беймәлім. Сондықтан, өнер киесін арқалаған бабаның өнегесін қадірлеп, өткенді ұмытпай, бабалар жолын жалғастыру үшін осы мұраны танып меңгеру бүгінгі, келешек ұрпақтар үшін парыз десек, оны жас ұрпаққа үйретіп, олардың бойына сіңіру, білікті ұстаз мамандардың міндеті деп білемін.

Мақала авторы: Бижан Гүлбағдат Бимұханқызы

Ақтөбе қаласы №17 «Шұғыла» МДҰ музыка жетекшісі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!