Тәуелсіз елдің тірегі болсам арманым.....
Біз тәуелсіз елміз. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Терең тарихымызбен, ұлағатты, ұлы ата-бабаларымыздың өмір жолынан алар тәліміміз өте көп. Халқымыз дамудың көзі бірлікпен татулықта екенін ежелден білген. Себебі, алғашында еліміз бытыраңқылықпен шашыраудың кесірінен сыртқы жаудан көп опық жеді. Алайда бірліктің қадірін кеште болса түсінген халқымыз Аңырақай шайқасында бірліктің құдіретін өзіне де, өзгеге де айқын дәлелдеді. Өткен ғасырда бабаларымыз тірі қалу үшін, күресу үшін бірлікте болса. Ендігі таңда ірі болу үшін, дамуымыз үшін бірлікте болуымыз қажет. Сол кезде бейбіт күндегі белестерді сүрінбей бағындырамыз. Еліміз болашаққа көз тігіп отыр, бабадан қалған жерді, тілді, қазақ елін Мәңгілік ел етуді мұрат қылудамыз. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біз Мәңгілік ел боламыз.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы елдегі жағдайды еске алсақ, Қуанған да, қорыққан да бірдей дегендей, елдің есі шығып кеткен жылдар еді. Неше түрлі митингілер, шерулер, ақылға сыймайтын қозғалыстар болды. Соның бәріне төтеп бере білген Елбасы елдегі тыныштықты да сақтай алды. Мемлекеттің түпқазығы етіп ол халықтың бірлігі мен ынтымағын атады.
Ел бірлігі буындар арасындағы сабақтастық. Бұл мәселеде стратегияда жан-жақты айтылған. Ел бірлігі дегеніміз жаңа ұғымды қажет ететін феномен. Ата буын, орта буын, немере буын. Осылардың арасындағы сабақтастық. Айталық дәм үстінде атасы, әкесі, немересі бас қосты. Бірақ олар, бір ұғымда, бір түсінікте, бір тілде сөйлесіп, тілдесіп арман қиялдарын, мақсат – мүдделерін бір ортаға салып отыр ма? Сабақтастық – Мәңгілк Ел идеясының өзегі.
Мәңгілік Ел идеясы – отансүйгіштіктің, патриотизмнің қайнар бұлағы болу үшін қазақ елінің азаматтары тегіс, әсіресе қазақтар бай, ауқатты болулары керек.
Қазақ елінің азаматтары бай, ауқатты болмаса елімізді, жерімізді өзге жұрттың бай, ауқатты азаматтары билеп, төстеп кетпек. Мәселе бай болуда, мәселе ауқатты болуда. Мәселе елге, жерге, табиғи қазынаға ие болуда. Ата-бабаларымыз осылай армандаған.
Болашақ жастардікі – оны құрайтын, әрі дамытатын, сол дамыған елдің жемісін көретін де жастар. Ол үшін басты талап елімізде белсенді де білімді, денсаулықтары мықты жас ұрпақ тәрбиелеп өсіру аға буынның асқақ міндеті болмақ.
Қазір барлық дамыған елдерді жоғары сапалы білім беру жүйесі қалыптасқан. Сондықтан да бізге ең бірінші кезекте ұлттық білім беру жүйесін жақсарту, жаңарту қажет.
Мәңгілік Ел – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, әділетті және өркендеген елде өмір сүруге деген ұмтылысымыз, біздің ортақ үйіміз – Қазақ елінің көркеюі. Мәңгілік Ел болу үшін Қазақстанның Тәуелсіздік құндылықтарын нығайта беруіміз керек. Сонымен қатар жарасымды бірлігіміз арқылы қасиетті қазақ жерінде парасатты қоғам орнатуымыз керек.
Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай Қазақстанның болашағы – жас ұрпақтың қолында. Сондықтан Біз – жастар, ерекше белсенділік танытып, біздің әрбір мақсат пен міндетке жетуде, яғни сапалы білім алып, білікті маман атануда аянбай еңбек етуіміз қажет.
Осы жолда аға буыннан бөлек, жастардың міндеті үлкен екендігі айтылады. Яғни біз жастар Мәңгілі Ел болып қалыптасуымыз үшін еліміздің жаңаша патриотты ұрпағы, салт-дәстүрімізді сақтаған, жаңаша ойлай білетін, саяси өмірге жан-жақты пікіріміз бар, демографияға көзқарасымыз түзу, іскер, білімді ұрпақ болуымыз шарт деп білемін. Мұның бәрі – Мәңгілік Ел идеясының өзегі болып табылады.
Ұлт болып саналуымыздың басты факторларының бірі, ол әрине – Ана тілі. Осы Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен қатар Мәңгілік Тіл болуы шарт. Осы орайда Елбасымыз Ана тілімізді даудың тақырыбы етіп емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн-деді. Ендігі таңда ана тілімізді де Мәңгілік Тіл ете білуіміз де өз қолымызда екен.
Қандай да болмасын ауқымды да, келелі жалпы халықтық істерді орындау кім көрінгеннің қолынан келе бермесі ақиқат. Ол үшін халықты ұлы мақсаттарға жетелейтін патриоттық, ұлттық идея керек екені, күмәнсіз шындық. Ол идея – мәңгілік ел идеясы деп көрсетті Елбасымыз. Осы орайда мен өзім тәуелсіз елдің тірегі болып, жастардың жалаулы жүрегі болғым келеді
Мен өз сөзімді Елбасымыздың төмендегідей ыстық қанатты сөздерімен тәмамдағым келеді.
Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен – күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!