Материалдар / маршруттық кітапша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

маршруттық кітапша

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сыныптас тыс жүргізілетін ұйірмелер мен топсеруен кезінде өте пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2023
296
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Кеңсай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»













Ғылыми жоба тақырыбы:

«Мектепте ұйымдастырылатын туристік жорықтардың оқушылар бойындағы дағдыларды қалыптастырудағы рөлі.»







Бағыты: Өлкетану

Орындаушы : Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Кеңсай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

6 сынып оқушысы Қажет Ердос


Жетекшісі: Осы мектептің география пәнінің мұғалімі Қапсадықова Назым Жанболатқызы



Жұмыстың орындалған уақыты: 2022 оқу жылы











2022-2023 оқу жылы





Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................................3


1. Туристік жорықтарды ұйымдастырудың жалпы негіздері............................6

1.1. Туристік жорық туралы түсінік.....................................................................6

1.2. Туристік жорық кезінде кездесетін қиындықтар дәрежесі........................10

1.3 Мектепте ұйымдастырылатын туристік жорықтардың түрлері.................12


2. Туристік жорық арқылы оқушылардың дене шынықтыруларын және қызығушылықтарын арттыру ..............................................................................15

2.1 Туристік жорықты өткізу кезеңдері...............................................................15

2.2 Туристік жорық арқылы оқушылардың денелерін шынықтыру................21


3. Эксперимент жұмысы.......................................................................................25


Қорытынды............................................................................................................26


Әдебиеттер.............................................................................................................27






























Кіріспе


Қазіргі таңда ғаламтор қолжетімді болған себепті, оқушылардың алатын ақпараттары өте көп. Сондықтан оқушылар сабақта отырып теориялық білім қабылдағаннан кейін, оны практика жүзінде орындаса нәтиже жоғары болады. Осыны негізге ала отырып, әсіресе ауызша сабақтардан, оқушылардың оқуға деген ынтасын ояту,қызықтыру мақсатында сабақтан тыс туристік жорықтар ұйымдастырылып отырса.

Туризм  – бұл дене тәрбиесіндегі серуен, саяхат, туристік жорық түрінде пайдаланылады. Туризмге оқушылардың барлығын қатыстыруға болады. Туризм оқушыларды туған жерін құрметтеуге, төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке,басқа көзқараста болуға, және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге тәрбиелейді[10].

Туризм жастарды жағымсыз қылықтарға қарсы тұруға (темекі тарту, арақ ішу), мықты денсаулық негізін қалыптастыруға, пайдалы, қызық істерге, жаңа ақпарат пен керемет идеялардың пайда болуына тәрбиелейді. Ғалым Ян Амос Каменский табиғатты қорғау қажеттілігі тәрбиелеудің біртұтас жиынтығын құрайтындығын дәлелдеген болатын[21].

Туризм мен экология , табиғатты қорғау мәселесін В.И.Вернадский, Э.В.Гирусов, Ю.М.Лотман, А.Д.Урсул қарастырды. Туристік - өлкетану бағытындағы жұмыстарды жолға қойып, ол туралы зерттеу жүргізіп жүрген В.П.Фомин, Г.Г. Невзоровтардың зерттеу еңбектері бар[7].

Туристік жорықтар – туристер үшін қолайлы туризмнің жұмыс формаларының бірі. Туристік жорық дегеніміз – алдын – ала дайындалған жаңа немесе белгілі бір маршрут бойынша сауықтыру, танымдық, спорттық бағытта өткізілетін жұмыс. Туристік жорықтар ұзақтығына қарай бір, екі, үш немесе көпкүндік болып бөлінеді.

Қазіргі туристік жорықтың негізінде салауатты өмір салтын енгізу қажеттілігі, өз өлкесінің табиғатын білуге деген қызығушылықты оятады. Туристік жорық табиғатпен қарым – қатынас арқылы, таза ауада, өркениеттің жоғары деңгейінде, тірі табиғатпен қауышу, өз бойындағы физикалық жəне психикалық ауыртпалықтардан арылу.

Туристік өлкетану іс-әрекеттері оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен пайдаланылмай келеді. Педагогикалық тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған бұл іс-әрекеттер жеке тұлғаны қалыптастыруда аймақтық білім деңгейін көтерудегі ерекше орны бар екендігін А.А.Остапец-Свешников (Москва), А.Л.Шипко (Украина), О.Б.Мазбаев, В.П.Фомин, А.З.Абдулхаиров еңбектерінен және эксперименттік іс-әрекеттерден көруге болады.

Белгiлi психологтар Б.Г.Ананьев, В.В.Давыдов, Қ.Б.Жарықбаев, Ж.И.Намазбаева, М.М.Мұқанов, М.Б.Блонскийдiң, С.Л.Рубенштейн, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занковтың еңбектерiнде арқау болып, зерттеулерiнде оқушылардың бiлiмдері мен рухани байлықтарына, мiнез-құлықтарына, дүниетанымдарына қалыптастырып отыру қажеттiлiгi айқындалған.
Д.Б.Эльконин оқу әрекетi арқылы баланың үлкендермен қарым-қатынастарының барлық жүйесi мен жеке қарым-қатынасы бiлiнедi, деп көрсеттi
[14]

Туристік жорықтың педагогикалық әлеуетін арттыру үшін басшылықтың демократиялық стилі және оған қатысушылардың бір-біріне құрметпен қарауы маңызды.

Туризм Еңбек және ерікті дағдыларды тәрбиелеу үшін қолайлы орта жасайды. Жорықта турист кедергілерді жеңуге, тамақ дайындауға, ағаш кесуге, шатыр қоюға үйренеді. Мұғалім мұны өзінің жеке үлгісімен үйретеді. Науқан кезінде мұғалімнің алдында оқушылардың мінезінің қарапайым мектеп өмірінде білуге болмайтын жақтары ашылады. Туристік топ-Бұл сынып емес. Лагерь өмірі туристерді жақындастырады, олар бір-бірін жақсы біледі. Көбінесе туристік топ тәртіп бұзушыларға тиімді әсер етеді.

Зерттеудің мақсаты: туристік жорықтарды ұйымдастыру үшін өлкетану ,тарих,география мамандарына арналған туристік жорықтардың маршруттық кітапшасын құрастыру, туристік жорық және өлкетану іс-әрекеттерін оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттау жəне патриоттық сезімдерін ояту.

Зерттеудің міндеттері:

1. Жорық түрлеріне сипаттама беру;

2. Жорықтарды ұйымдастыру кезеңдеріне сипаттама беру;

3. Жорықта қолданылатын құрал-жабдықтарға сипаттама беру;

4. Жорық категориясына сипаттама беру;

5. Жорыққа қатысушылардың міндеттеріне сипаттама беру.

Зерттеудің гипотезасы: егер туристік жорықтардың маршруттық кітапшасын басшылыққа алып, аудан бойынша үйірмелерде оқушылар үйренсе

Зерттеудің ғылыми идеялығы: туризмнің белсенді түрлері деп маршрут бойынша əрекет ету əдістерімен ерекшеленетін туристік жорықтар айтылады. Туризмнің белсенді түрлеріне спорттық туристік жорықтардың көпшілігі, яғни жаяу, шаңғымен, тауда, суда(моторсыз қайықтармен), велосипедпен жəне т.б. өткізілетін жорықтар тиісті. Кей жағдайларда көлікті пайдалану арқылы өтетін туристік саяхаттардың құрамына белсенді жорық түрлері қосылады. Бұл жұмыста туристердің дұрыс тамақтану жəне физикалық дайындық мəселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Туризмнің жұмыс істеу формасының бірі – туристік жорықтар. Алдынала құрылатын белгілі-бір маршрут бойынша (танымдық, сауықтыруспорттық т.б.) əр түрлі мақсатпен белгілі-бір мерзімді, қозғалыстың активті түріне негізделген туристік іс-шара.

Зерттеудің методологиялық негізі: біз жүйелі түрде туризм, өлкетану және саяхат әсерімен қалыптасқан жеке ерекшеліктерін қарастырғанда отандық және шет ел педагогикасының негізіән салушылардың түпнұсқалы еңбектеріне сүйендік. Біздің замандастарымызыдың көптеген еңбектерінде оқушылардың табиғатпен қарым-қатынасы, олардың туризм мен саяхат нышандарын қолдана білуі, өз отаны мен туған өлкесін танып біліп, оның өткені мен бүгінгі тарихын білулеріне ерекше мән берілген. Бұл зерттеулер жеке адамдардың, жоғарғы сынып оқушыларының қалыптасуына қажетті заңдылықтардың нақты жүйесін аша білген отандық және шетел психологтары мен педагогтарының еңбектерінде одан әрі қолдау тапты, мысалы: И.Зверев. А.Н. Захлебный, А.Н. Сидельковский, И.Т. Суравегина, А.Б. Петровский, И.С. Кон т.б. Әсіресе осы бағытта жүргізілген ғылыми ізденістердің ішінде маңызды орынды Ресей білім Академиясының жеке адамдарды зерттеу институтының ғалымдарының еңбектері алады. (Б.Т. Лихачев, Н.С. Дежникова, А.А. Остапец-Свешников және т.б.)

Зерттеудің теориялық маңыздылығы: туризм өзінде үлкен әлеуметтік–мәдени және тарихи–педагогикалық әлеуетін  құрайды және ол тек  физикалық, экологиялық, эстетикалық ғана емес және т.б. мәдени саладағы ең маңызды элементі болып келеді.Туризмнің мәдени құңдылығы, оның түрлеріне байланысты (халықаралық, ішкі, көркемөнер жоспары, танымдық, сауықтыру, спорттық, саяхат, жорық, жарыстар, слет және т.б.), ал қандай да болмасын туризм түрінің эстетикалық маңыздылығы–онда қай өлшемде эстетикалық құңдылығының көрсетілуі болып келеді. Туризмнің мәдени, гуманитарлық құңдылығына туризммен шұғылдануға қызығатын адамдардың сезімінің ерекшеліктері әсер етеді, олар оны нақты бір мақсатқа қолдануға тырысады, туризм бойынша бұндай шараларда жарыстар көп  ұйымдастырады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Туристік жорықтарды дұрыс ұйымдастыра білуге жəне кездесетін табиғи кедергілерді жеңе білуге үйретеді. Сондай-ақ жорыққа қажетті құралжабдықтар түрлерін білуге жəне оларды қажетті жағдайда пайдалана білулеріне көмектеседі.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, теориялық және негізгі бөлімдер, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.






















1. Туристік жорықтарды ұйымдастырудың жалпы негіздері


1.1 Туристік жорық туралы түсінік


Туризм дегеніміз - жастар үшін - саяхат жасау, ол арқылы жетістікке жету, жаңа дүниені танып білу.

Туризм түрлері мен класстарының өзара арақатынасына байланысты бірнеше туризм түрлерінен мынандай [20]:

1. Қаржы көздеріне қарай - әлеуметтік, коммерциялық;

2.  Ұйымдастыру сипатына қарай – ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған, жеке және топтық;

3. Ұзақтығына қарай – қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді;

4. Туристік ағындардың ырғақтығына қарай – балалар немесе жасөспірімдер, жастар және ересектер;

5. Әлеуметтік топтарына қарай – қала, ауыл тұрғындары және жанұялық туризмдер түрлеріне бөлінеді.

6. Сондай-ақ туризм, туристік саяхаттардың немесе жорықтардың мақсаты мен қозғалу әдістерінің мүмкіндігіне қарай да бірнеше түрлерге бөлінеді.

Жорықтардың мақсаттары:

  1. Спорттық - топ мүшелерінен туристік тәжірибе алу, биіктікті жерсіндіру, спорттық разрядтарды орындау.

  2. Тәрбиелік - табиғатқа ұқыпты қарау үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу (экологиялық тәрбие). Адамгершілік категориялары бойынша жұмыс (жауапкершілік, ізгілік, әділдік, парыз, абырой, ар-ождан, өзара көмек).

  3. Сауықтыру - науқанға қатысушылардың физикалық және моральдық қасиеттерін арттыру, денені қатайту.

  4. Оқу - жаңа аудандарды зерттеу және игеру, табиғи, мәдени, тарихи ескерткіштерге бару.

Туристік саяхаттың не жорықтың мақсатына қарай рекреациялық, экскурсиялық (мәдени) және арнайы болып бөлінеді. Оның ішінде рекреациялыққа мәдени көңіл көтеру, курорттық-емдік, спорттық сауықтыру, ал экскурсиялыққа табиғи, тарихи-мәдени, шаруашылық аймақтары және этникалық, экологиялық, діни, сонымен қатар арнайыға кәсіби-іскерлік, конгрестік, оқу, қоғамдық, аң аулау шаруашылығы, фестивалдар және шопинг туризмі жатады[3].

Туристік жорықтарды өткізу орнына, қолданылатын транспорт құралдарынына және қозғалу түріне байланысты туризм төмендегідей топтарға бөлінеді;

1) транспорт құралдарын қажет етпейтін яғни оған туризмнің активті түрі жатады, олар жаяу, шаңғы, тау, альпинизм, су, су асты, спелео т.б.       

2) транспорт түрлерін қажет ететіндерге велосипед, ат, желкенді-қайық және тағы басқалары жатса, ал моторлы транспорт құралдарын қажет ететіндерге яғни туризмнің пассивті түріне әуе, автобус, автокөлік, темір жол, теңіз жолдары және т.б. жатқызамыз.

Аталғандардың ішінде активті туризм түрлері адам денсаулығы мен салауатты өмір салтын ұстану үшін қажетті туризм түрі болып табылады.

Туризм классификациясы ғылыми теориялық және практикалық жағынанда маңызды орын алады. Ол әлемдік туристік қозғалысты тереңірек түсініп білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар туризм классификациясы жоғарыда аталғандармен тоқталып қана қоймайды. Қоғамдық қажеттіліктерге байланысты туризм классификациясының әліде жаңа түрлері пайда болары сөзсіз.

Туристік жиындар (слеттар) әдетте жұмыстан тыс және оқудан (сабақтан) тыс, бос уақытта: көктемде немесе жазда, табиғи көрікті аймақтарды, туризмді таныстыру, сонымен қатар көпшілік (массовый) туризмді дамыту, туристік жиындарды (слеттарды) өткізу жағдайындағы тәжірбие алмасу,сондай-ақ ең үздік туристік жұмысты таңдау мақсатында жүргізіледі.

Туристік жиындар (слеттар) көпшілік туризмнің негізгі жұмыс формасы. Туристік жиындарды өткізу орыны, әртүрлі спорттық жарыстарды және туристік жорықта кездесетін табиғи кедергілерден өту техникасын қолдана алатын және т.б. жерлерде өткізілуі тиіс.

Туристік жиындар барынша қызықтырып өткізген дұрыс. Егер туристік жиындар тек спорттық жарыстардан немесе қатысушылардың жұмыссыздығыннан тұратын болса, онда ол туристерді тез жалықтырып жіберуі мүмкін, қызығушылығын артыратын әртүрлі және жан-жақты етіп ұйымдастыру керек.

Туристік жиындарға өлкетанушыны, аңшыны, географты, геологты шақыртып, олар туристерге әртүрлі тақырыпта өздерінің жұмыс барысындағы қызықты оқиғалармен бөлісетін болса, онда ол туристік жиындар қызықты бола түседі.

Туризмнің түрлері критерий бойынша бөліп қарастырылады. Олар[11]:

І. Туристердің мақсаттары бойынша:

- діни туризм дегеніміз – адамдардың қажылық мақсатта түрлі дін бойынша қасиетті жерлер мен орындарға бару;

- конгрестік туризм іскер адамдардың келісім шарттар жасауы үшін, т.б. мақсаттарын жасайтын сапарларымен, осы мақсаттағы немесе ғылыми конференциялар;

- курортық туризм – туристердің демалысын, емделуін белгілі бір дәрежеде қамтамасыз ету жұмыстар жиынтығы;

- өз бетінше ұйымдастырылған туризм – бұл қоғамдық топтардың, жеке адамдардың өз бетінше, бірігіп өткізген жорықтары;

- экскурсиялық немесе танымдық туризм – туристердің белгілі біржердің табиғи ерекшеліктерінен, табиғи мәдени орындарымен, ұлттық этнографиялық салт – дәстүрімен танылу.

ІІ. Пайдаланылатын көлік түрлеріне және өткізілетін туристік жорық аумағына байланысты – ат туризмі кейінгі кезде кең тараған. Туризмнің бұл түрінің ерекшелігі жорықтар кезінде арнайы дайындықты, ерекше құрал – жабдықтарды және аттарға әбден күтім жасауын талап етеді.

ІІІ. Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары болып танылады. Халықаралық туризмі мынадай түрге бөлінеді:

  • келу туризмі, Қазақстан республикасының аумағына тұрақты тұратын адамдардың ҚР жеріндегі саяхат;

  • шығу туризмі ҚР тұрақты тұратын адамның басқа елге саяхат;

  • ішкі туризм ҚР-ның азаматтары мен оның аумағындағы тұрақты тұратын адамның ҚР-ның шегіндегі саяхаты. Ішкі туризімінің мынадай түрлері бар: Әлеуметтік, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, әскерлік, конгрестік, емдеу – сауықтыру, мәдени - танымдық, діни және т.б.

Жаяу туризм – күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар.Халықтық топтар арасында ең көп тараған белсенді туризм түрі болып есептеледі: арнайы көлікті қажет етпейді, кез- келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болады. Қарапайым жаяу жорықтар кез келген ауданда (туған өлкеде) отпуск және демалыс күндерінде өткізілуі мүмкін. Жаяу туризм - спорттық туризмнің бір түрі болып табылады. Оның негізгі мақсаты ретінде маршрут бойынша белгілі бір аймақтан өту болып табылады[16].

Жаяу туризм артықшылықтары:

  1. Жаяу туризм - бұл әдемілікке, тазалыққа және бастапқы күйдегі табиғатқа бой алдыру болып табылады.

  2. Жаяу туризм - бұл жеке адами қасиеттердің өсу мүмкіншілігі.

  3. Жаяу туризм - ұмытылмастай көңіл-күй мен жақсы достар.

Тау туризмі – биік, күрделі таулы жерлерде өткізілетін жорықтар болып бөлінеді. Тау рельефінің элементтері тау жорықтарында қозғалысқа едәуір кедергілер келтіріп отыратын сәттері кездеседі.Бұны тау жорығының табиғи кедергілері деп атайды.

Тау туризмімен айналысу үшін таулардың физика-географиялық ерекшеліктерін жақын біліу керек.Тау рельефінің элементтерінен қалыптасатын табиғи кедергілерден өту және қорғану тәсілі тау жорықтарының техникасы және тактикасы деп аталады.

Шаңғы туризмі. Белсенді туризмнің ең күрделі түрлерінің бірі – шаңғы туризмі. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы аймақтғы шаңғы тебу тәсілін жіті меңгеру қажеттігі, жұқа, қалың қарларда жүрудің қиындығы кейбір қауіптің бары (температураның төмендігі, боран және т.б.) саяхатқа қатысушыларға дене тәрбиесі мәдениеті талаптарын арттыруды жүктейді[12].

Шаңғы туризмі қыс кезінде,белгілі бір қар жамылғысының қалыңдығына байланысты өткізілетін, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал-жабдықтары (примус, пеш, шаңғы т.б.) және қонақ жайлары (бивуак, қар үйшіктері, тұрғын мекен жайлар т.б.) бар жорықтарға байланысты жұмыстар тобы. Климаттың, ауа-райының әр түрлі жағдайында жорықтар өткізіледі. Шаңғы туризмі бойынша жорықтар жазық жерлерде және таулы аудандарда қар жамылғысы тұрақты аймақтарда таралған.

Велосипед туризмі - ұзақ қашықтықтағы,көптеген километрге (1100км дейін ) созылатын, арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық (көліктік) құрал велосипед болып табылатын,жорық кезіндегі өзіндік кедергілері бар (жолсыз жерлер, орман-тоғайлар, жыралар т.б.) туристік топ құрамының шағын болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыру жұмыстарының жиынтығы. Велосипед туризмі, өзіндік туризмнің түрі – велосипедпен болатын саяхаттар мен спорттық жорықтар[18].

Велосипедпен кез келген жолды өтуге болады,соқпақ жолдар мен қарапайым тегіс жерлерді өтеді,онымен терең орлар арқылы да,құмды жерлерді де,тасты тау жолдарын да,өзенді де кесіп өтуге болады.

Күніне қозғалыс қарқынына, ауа райына,жол жағдайы мен оны жеңіп өтуіне байланысты велотуристер 40-тан 120 км дейін (арттан соққан жел кезінде 45-тен 140 км дейін) жолды жүріп өтеді. Саяхатта велотурист жүкті өзі алып жүрмейді,ол барлық жүкті велосипедке тиейді. Экологиялық жағынан велосипед таза көлік түрі.

Сурет 1. Туристік веложорықтардың түрлері

Shape1


Спорттық велотуризмнің негізі болып арнайы таңдалған қиын маршрут болып табылады. Оның құрылымына әдетте перевалдарды, орман жолдарын, қиын жететін жолдар немесе толығымен жолсыз жерлерді өтуді қосады. Қозғалу темпі орташа болып келеді.


    1. . Туристік жорық кезінде кездесетін қиындықтар дәрежесі


І. Тау туризмінде кездесетін кедергілер әр түрлі дәрежесіне байланысты топтастырылады[4].

1. Асулар. Асулар дегеніміз тау жоталарының арасын өтуге қолайлы иін немесе географиялық тілмен айтқанда тау аралық ершік деп аталады. Асулар биіктігіне қарай градусына байланысты және кездесетін кедергілерге қарай әр түрлі күрделілікке жіктеледі.Бұл асу категориялары деп аталады.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!