Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
М ектептің атауы
Тақырыбы:
Мәшһүр Жүсіп мирасы жанға азық, көңілге медеу
Бағыты: «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмір жолын зерттей келе, ақындық қасиетіне тоқталу. Шығармашалығына терең бойлап мағынасын айқындау»
Ғылыми жоба үлгісін құрастырған: Оқушының толық аты-жөні
Ғылыми жетекші: Мұғалімнің толық аты - жөні
пәндерінің мұғалімі
Секция: Қазақ әдебиеті
2023-2024 оқу жылы
Мазмұны
АБСТРАКТ………………………………………………………………………...3-5
КІРІСПЕ.......................................................................................................................6
1 тарау. Тарихтар сыр шерткенде...
1.1. Қазақтың маңдайына біткен Мәшһүр Жүсіп..................................................7-8
1.2.Ғалымның хаты өлмейді. Мәшһүртанудың зерттелу аясы..........................9-11
2. Ұлы ақынның арман - мұраты
2.1. Шығармашылығы шыңдарды бағындырған.................................................9-10
2.2. Ақын поэзиясының көркемдік әлемі...........................................................15-17
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................19
АБСТРАКТ
Зерттеудің өзектілігі: Мәшһүр Жүсіп Көпеев қазақ әдебиеті саласында өзіндік үні бар, қаншама мол мұра қалдырған майталман. Оның зерттеген еңбектерін кеңінен тану аса үлкен қажеттілік. Ұлы тұлғаның қай шығармасын алсақ та терең ой мен мол мағынаны аңғарамыз. Олай болса зерттеу жұмысына таңдалған тақырып аса өзекті.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығына тереңінен бойлай отыра, қазіргі қоғамға қажетті үлгі – насихатты дәріптеуімізге болады. Оны тіл дамытуға, ұлттық құндылықтарымызды қадірлеуге, білім беру барысына пайдалануға мүмкіндік бар.
Ғылыми жобаның мақсаты: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірбаянын, халқы үшін сіңірген еңбектерін жан – жақты зерттеп, еңбектерімен толығырақ танысу. Өлеңдеріндегі негізгі бағытты айқындап, мағынасы зерделеу. Қазіргі қоғаммен байланыстырып, қорытынды шығару.
Жұмыстың міндеттері:
-
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірбаянымен танысу;
-
Оның еңбек жолына тоқталып, алғашқы өлеңдеріне мән беру;
-
Ұлы тұлғаның ұстанған бағытын айқындап, мағынасын талдау;
-
Шығармаларындағы шындық, боямасыз бейнені дәлме дәл беріп, арман – мақсатына үңілу.
Ғылыми жұмыстың жаңалығы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев қазақтың маңдайына біткен текті тұлға. Дегенмен, зерттеу жұмысын жаза отыра, ақынды сынағандар, қаралағандар қатары да болғандығын анықтап, оның себебін де айқындап өттім.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Аталмыш зерттеу жұмысы үлкен мәнге ие. Оның тағылымды тәрбие мен мол білімге негізделген тұстары өте көп. Біз тұлғаның тарихына үңіле отыра, ілім мен білімнің қаншалықты маңызы жоғары екендігін айқын аңғарамыз. Оған қоса өнер мен мәдениеттің тұтас ел үшін маңыздылығы да тілге тиек етіледі.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Ақпараттық технология дамыған заманда кез – келген мәліметті онлайн түрде іздеуге болатындықтан, зерттеу барысында инновацияның көп көмегі тиді. Оған қоса, кітапханадан көптеген еңбектер қолданылып, тың мәліметтермен танысуға мүмкіндік алдым.
АБСТРАКТ
Актуальность исследования: Машхур Жусуп Копеев является выдающимся знатоком казахской литературы. Большая потребность в широком признании его исследованных работ. Какой бы труд великого человека мы ни взяли, видим глубокую мысль и большой смысл. Так что тема, выбранная для исследовательской работы, особенно актуальна.
Научный прогноз исследовательской работы: углубляясь в творчество Машхур Жусупа Копеева, мы можем прославлять образец для подражания, необходимый современному обществу. Его можно использовать для развития языка, почитания наших национальных ценностей, образовательного процесса
Цель научного проекта: всестороннее изучение биографии Машхур Жусупа Копеева, его заслуг для народа, более детальное знакомство с его трудами. Определить основное направление в стихах и изучить смысл. Связываться с современным обществом и делать выводы.
Задачи работы:
-
Знакомство с биографией Машхур Жусупа Копеева;
-
Изучить его трудовую деятельность и проанализировать его первые стихи;
-
Обзор направления и содержания произведения ;
-
Осознание реальности, видения общества и мечты поэта в его произведениях
Новизна научной работы: Машхур Жусуп Копеев-лицо казахского происхождения. Тем не менее, написав исследовательскую работу, я выяснил, что есть ряд тех, кто критиковал поэта, кто критиковал его, и я выяснил причину.
Теоретическая значимость исследования: данная исследовательская работа имеет большое значение. У него много моментов, основанных на знаниях и знаниях. Когда мы углубляемся в историю личности, мы отчетливо видим, насколько важны учения и знания. Кроме того, подчеркивается важность искусства и культуры для нашей страны.
Практическая значимость исследования: поскольку в эпоху развития информационных технологий любую информацию можно было искать в интернете, инновации очень помогли в исследовании. Кроме того, в библиотеке было использовано много работ, где я смог ознакомиться с новыми подробностями.
ABSTRACT
Relevance of the research: Mashkhur Zhusup Kopeev is an outstanding expert on Kazakh literature. There is a great need for wide recognition of his researched works. No matter what work of a great man we take, we see deep thought and great meaning. So the topic chosen for the research work is especially relevant.
Scientific forecast of the research work: by delving into the work of Mashkhur Zhusup Kopeev, we can glorify the role model needed by modern society. It can be used to develop the language, honor our national values, and the educational process.
The purpose of the scientific project: a comprehensive study of the biography of Mashkhur Zhusup Kopeev, his merits for the people, a more detailed acquaintance with his works. Identify the main direction in the verses and explore the meaning. To get in touch with modern society and draw conclusions.
Tasks of the work:
• Acquaintance with the biography of Mashkhur Zhusup Kopeev;
• To study his career and analyze his first poems;
• Overview of the direction and content of the work ;
• Awareness of the reality, vision of society and dreams of the poet in his works
The novelty of the scientific work: Mashkhur Zhusup Kopeev is a person of Kazakh origin. Nevertheless, after writing a research paper, I found out that there are a number of those who criticized the poet, who criticized him, and I found out the reason.
Theoretical significance of the research: this research work is of great importance. He has a lot of points based on knowledge and knowledge. When we delve into the history of personality, we clearly see how important teachings and knowledge are. In addition, the importance of art and culture for our country is emphasized.
Practical significance of the research: since in the era of information technology development any information could be searched on the Internet, innovations helped a lot in the research. In addition, many works were used in the library, where I was able to get acquainted with new details.
Кірісіпе
Әдебиет – халықтың құлағы, көзі, сезімі. Халыққа батқан ауыртпалықты алдымен оның сезімтал ақындары сезінеді. Халық басына төніп келе жатқан қауіп – қатерді алдыменсезінетін де, одан шығар жолды іздейтін де ақынның сезімтал жүрегі. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ ақындарының барлығы дерлік бодандықта мүлгіген, түрлі ішкі араздықтардан іріп – шіріп бара жатқан қазақ елінің мұндай ауыр жағдайдан шығар бірден бір жолы – халықты сауаттандырып, көзін ашу, сана – сезімін ояту, білім, ғылым, өнер арқылы теңдікке жету деген ағартушы – демократтық бағытта болды. Солардың бірі және бірегейі – Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
Орыс отаршылдығының өтінде қалған Қазақстанның солтүстік қиырында өмірге келген Көпейдің баласы Жүсіп ерекше қабілетті, алғыр болып өседі. Жастайынан өлең – жырға үйір болып, ауыз әдебиетінің небір үлгілерін жатқа толғайды. Осылайша елге аты шыққан Жүсіп сегіз жасынан «Мәшһүр» атанады. Он бес жастан бастап өлең шығара бастайды. Сөйтіп ақындық жолға біржола түседі. Жасынан ескіше хат таныған Жүсіп ислам әлеміне үңіледі. Шығыстың классикалық қисса – дастандарынан мол сусындайды. Орыс әдебиетінен де хабардар болады. Сөйтіп әлемдік руханият теңізінен өзіне керектісін ала білген Жүсіп шығысшыл да, орысшыл да, батысшыл да, діншіл де болып кетпейді. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қайшылығы мол қазақ қоғамының елдің ертеңін ойлаған халық ақыны болып қала береді. Жүсіптің шығармашылығында шығыстың да, орыстың да, исламның да іздері сайрап жататындығы сол себептерден болса керек.
Мәшһүр Жүсіптің есімі кезінде елге танымал болғанымен де кеңестік дәуірде кейінгі ұрпаққа мүлдем белгісіз болып келді. Оған себеп оның шығармашылығындағы сүйіспеншілік, отансүйгіштік, озбырлық, әділетсіздік атауға қарсылық, діншілдік сарындар болатын. Неоколониализмнің бір түрі Советтік Социалистік республикалар Одағының саясатына коммунисттер басшылыққа алған түбінде социализм жеңбей қоймайды, коммунизм салтанат құрады дегенге саятын марксизм – ленинизм идеологиясының бағдарламасына Мәшһүр Жүсіптің шығармашылық болмысы сай келе бермейтін. Сондықтан да Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы кеңестік кезеңде өзіне лайықты бағасын алмақ түгілі, қуғын көрді. Егеменді ел болған соң барып ақынның артына қалдырған әдеби мұрасымен толық танысуға мүмкіндіктер туды. Халқының рухани байлығына айтулы үлес қосқан тарихи тұлғалардың бірі екендігіне көзіміз жетті.
-
Қазақтың маңдайына біткен Мәшһүр Жүсіп
Мәшһүр – Жүсіп Көпеев! Осы бір ғазиз жанды еске алғанда оны бізге Құдайдың өзі берген, Алла Тағала халқымызға арнайы жіберген адам деп айтуға болады. Олай дейтініміз, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ жұртының ауыз әдебиеті үлгілерін, тарихын, мақал – мәтелдері мен тұрмыс – салт дәстүрлерін және өнерін дәл осы кісі секілді тірнектей жинап өткен ешкім жоқ. Бұған Мәшекеңнің ақындығын, аузы уәлі шешендігін, көріпкелдігін қосыңыз. Сондай – ақ, шағатай, парсы, араб тілдерінен хабардарлығын, «Дала уәлаяты» газетімен арадағы тығыз байланысын және атақты түркітанушы В.В.Радловпен шығармашылық тұрғыдағы қарым – қатынасын еске алыңыз...[1, 2-3 б.].
Мәшһүр Жүсіп Көпеев ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің әртүрлі саласында қалдырған мол мұралармен қазақ әдебиеті тарихының аталған кезеңнен ерекше орын алады. Ол – қазақтың ауыз әдебиетінен өзіне дейінгі ірі ақындармен шығармашылығын білумен бірге, Шығыстың әйгілі классиктері Науаи, Фирдоуси, Сағди, Хафиз шығармаларымен де таныс болған. Олардан көп үйрене отырып, өзіндік ізденіспен жеткен мол білімнің арқасында көркем шығармашылықтың биігіне көтерілген ақын.
«Әркім өз жанын тірілтуді керек қылса, ғұмырын ғылым – білімге сарп қылсын. Ғылым – білімге ғұмырын сарп қылмаған пенденің жаны өлік сияқты. Өзі өліп жатқан өлікті кім керек қылады» деумен адамзатқа өлмес сөз, өшпес өнеге айтқан зерделі ақынның өзі де өмір бойы ғылым – білімге ұмтылып, өмірі ізденіспен өткен екен. Не табылса да ғылым – білімнен табылады деп, қараңғылық түбінен жол таба алмай дағдарысқа түскен жұртына өлеңмен үндеу тастап, ғылым – білім арқылы халқын оянуға шақырады, азаттықты насихаттайды.
Ғажайып мұралармен халқының көңіліне ұялап «Мәшһүр» атанған Жүсіп Көпеев 1858 жылы Қызылтуда, Найзатас деген жерде дүниеге келеді. Өзінің «Мәшһүр» атқа ие болуы жайы «Өмірбаян» атты өлеңінде былай баяндалады:
Жасымда қойылған ат адам Жүсіп,
Жұрт кеткен сүйгенінен Мәшһүр Жүсіп.
Қолыма қағаз – қалам алған шақта,
Кетемін қара сөзге желдей есіп.
Бес жаста бісміллә деп айтып жаздым хатты.
Бұл дүние жастай маған келді қатты.
Сегізден тоғызға аяқ басқан күнде,
Мұса еді қосақтаған «Мәшһүр» атты.
Ақын өзі айтқандай, тоғызға енді толған шағында қалың топтың алдына шығып, ауыз әдебиетінің озық үлгілері «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Ер Тарғын» т.б. сияқты лиро – эпостық жырларды мүдірместен жатқа оқиды екен. Оның өлеңіне риза болған Шорманның МұсасыЖүсіпке «Мәшһүр» атағының таңылуына себепкер болыпты.
Медресені бітіргеннен кейін өз ауылында ұстаздықпен айналысады. Балаларға діни сабақ үйретумен бірге, оларды халықтың ауыз әдебиетіне, музыка өнеріне, қолөнерін үйренуге бейімдеп тәрбиелейді.
Көзінің тірісінде – ақ аты алашқа аңыз болып тараған Сарыарқаның салақ ақыны, тарихшысы, ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармалары сонау тоқырау жылдардың өзінде әр жылдарда там – тұмдап болсын («Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды») жарық көрсе, оның елден ерек дара қасиеті, әулиелігін кеңінен толғаған кесек дүние түгілі ауызекі айтылатын аңыз әңгімелердің арқауына айналудан қалып, ұмытылып бара жатқандай еді. Оған 1952 жылы Мәшекеңнің бейіті құлатылып, сол кездегі партиялық идеологияның ақынның аруағын қорлап, былайғы жұрттың үрейін ұшыруға негізделген солақай саясаттың салқыны ерекше әсер еткені сөзсіз.
Бір ғажабы идеологтар қаншама тырысып талаптанса да Мәшекеңді халық санасынан жоя алмады. Оның рухы жылдар өткен сайын асқақтап, аспандай берді.[2, 4-5 б.].
1.2.Ғалымның хаты өлмейді. Мәшһүртанудың зерттелу аясы
ХХ ғасыр басы – қазақ әдебиетіндегі ең бір күрделі кезең. Бұл – қазақ халқы тарихи дамудың аумалы – төкпелі кезеңнен өтіп, еркіндіктің құрғақ қиял, құр арманнан елес боп көріне бастаған тұсы. Бостандықтың биік табалдырығын базыл аттауға таяу қалып, бірақ тауы шағылып, көңіліне кірбің түскен сәті болатын.
Кеңестік кезең тұсында – ақ әдебиет тарихын жүйелеуде ерекше көзқарас, терең білімділігімен ерекшеленген білімді ғалым Б.Кенжебаев төмендегідей пікір айтады: «Мәшһүрдің «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз». «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Хал ахуал» секілді кітаптары 1907 жылы басылған. Осы үш кітабының үшеуінде де революцияның әсері барлығы байқалып отырады. Сонымен қатар оларда Мәшһүрдің діншілдік, ұлтшылдық, панисламистік – либералдық көзқарастарын көрсететін сөздерді, пікірлерді кездестіреміз... Сондықтан біз Мәшһүрді негізінен алғанда феодалдық – клерикалды және бірталай демократиялық пікірлері мен панисламизм, пантюркизмге іштартушылығы бар ақын деп атаймыз».[3, 6 б.].
Қатал қорытынды болғанымен, осында шындықтың да мәні бар. Ол шындықты ғайбаттан ажыратып алу, әрине, оңай емес. Замана салқыны тудырған мұндай пікірдің ызғарынан бүгінде Мәшһүр Жүсіп Көпеев сияқты көптеген ақын – жазушыларымыз арылуда. Кезінде ресмиліктің құрсауында әлгіндей ой айтқан ғалымдарымыздың айта алмаған шын сырын кейінгі ұрпағы жолын тауып жалғастырып жатса, игі істің белгісі. Жоғарыдағы үзіндідегі «бірталай демократиялық бар» деген сөздің өзі – ақын мұрасына берілген биік баға.
Мәшһүртану – алдына әлі де қомақты, толық зерттеулерге негіз болар мәселелері жетіп жатқан әдебиет тарихының бір ілгері саласы. «Дін - апиын» деген ұранды алға ұстанған кезеңнің әдеби мұралардан, жалпы шығармашылық өнерден дін исі сезілсе – ақ, тұншықтыруға ұмтылғаны аян.
Әйгілі ғалым Ә.Қоңыратбаев конференцияда жасаған баяндамасында ақын Мәшһүр Жүсіптің саяси лирикасына тоқтала келіп, мынадай ой айтады: «оның жырларының басты тақырыптары – ұлт, жер мәселесі, содан туатын кедей шаруа тілегі, оқу – білім, патшалық тәртіп пен капитализм қайшылығын сынау сияқты өз кезеңі бар халықтық демократиялық мәселелер болды».[3, 7 б.].
Сондай-ақ зерттеуші Сәрсенбі Дәуітұлы ақын таңдамалысының екі томдығы құрастыруға белсене атсалысумен бірге, кейінгі 1983-1997 жылдар аралығында ақын шығармаларын араб әрпімен көшіріп, баспасөз бетінде жариялауда біраз еңбек етіп жүр. Сонымен бірге басылым беттерінде азды – көпті Н.Жүсіпов, М.Әлімбаев, С.Шәрәпиденұлы, Ертай Мәшһүр Жүсіп Көпеев шөбересі,С.Баязитов т.б. тарапынан Мәшһүр Жүсіп Көпеев ақындығын арқау еткен мақалалар жарық көріп жүр.
«Мәшһүр Жүсіп дастандары» деген тақырыпта Жүсіпова Гүлназ Қуандыққызы диссертациялық жұмысы қорғалды.
Мәшһүр Жүсіп шығармашылығының кешендеп зерттелу жайы жалпы қазақ әдебиетінің даму тарихын кең қарастыра алмау секілді олқылықтармен байланысты.
Қырқыншы жылдардың басында Мәшһүр Жүсіп мұраларын қаралау басым болып келді. 1951 жылдың 13 июнінде Қазақ ССР Ғылым Академиясы тіл және әдебиет институты мен қазақстан жазушылар одағының бірлескен жиналысында академик – жазушы С.Мұқанов баяндама жасады. Онда Шәкәрім, Нармамбет, Көкбай, Әріп, әсет секілді ақындармен қоса Мәшһүр Жүсіп те қараланған. С.Мұқанов ақынның 1907 жылғы кітаптарын сынай келіп, өз ойын былай тұжырымдаған болатын: «Бұдан артық кертартпалық, бұдан артық діншілдік, бұдан артық ұлтшылдық, бұдан артық панисламшылдық пікір болуға тиісті емес».
Жалпы Мәшһүр Жүсіптің өмірі, шығармашылығы қазақ әдебиеті тарихынан алар орны туралы, арнайы қомақты зерттеу жұмыстары жүргізілмесе де, шолу түрінде жеке пікір білдірулер біраз орын алады. Мәшһүр ақын туралы тарихшы ғалым Қасым Бейсенбаевтың пікірі төмендегіге саяды. Ғалым ақынның туындыларында діни уағыз бен ұлтшылдық сарын басым екендігін тап басып таниды. Шығармашылығында діни дүниетанымның айрықша орын алатындығына сүйене отырып, Мәшһүр Жүсіпті ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында Қазақстандағы қоғамдық ой – сананың, діни – мистикалық ағымның беделді өкілі деп көрсетеді. Сонымен бірге ол Мәшһүр Жүсіптің халықтық мәдениет пен әдебиет, оқу – ағарту ісінің өсіп – өркендеуіне үндеп, елдің білім – ғалымға деген құштарлығының оянуына жасаған ықпал – әсерін де жоғары бағалайды.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев мұрасын әр қырынан зерттеу енді ғана қолға алына бастады. Бертінге дейін ақын жайлы пікірлердің бір сарында болып келуі себебінің басты белгілерін жоғарыда атап өттік. [3, 8 б.].
Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының көтерген келелі мәселелері күні бүгінге дейін өзінің өзектілігін жоймай келеді. Жоғарыда мысал ретінде алынған өлең жолдары осыған нақты дәлел. Білімге ұмтылған елдің тәрбиесі тамаша өрбіп, болашаққа деген ұмтылыс ерекше болуы тиіс. Өлеңімен кең даланы тербеп, өзекті ойларды ортаға салып, өлеңіне арқау еткен жанның әр шығармасы ерекше құнды қазына, баға жетпес байлық. Мен ақын бабамыздың, ғалым атамыздың әр еңбегін ерекше бағалаймын. Қазір мектеп партасында отырған біздей бүлдіршіндер үшін нағыз үлгі – өнегенің, тамаша бағыт – бағдардың айқын көрінісі. Олай болса, жағымсыз мінезденден бойды аулақ ұстап, білімге ұмтылу, елдің ертеңін ойлап, Егемендіктің көк туын одан әрі көкте желбірету біздің басты парызымыз. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының көкейкесті мәселелерін үнемі қаперге алып, болашаққа айқын арманмен көз жүгіртіп, кемелдеңген келешекке өз үлесімді қосамын деп сөз беремін!
2.1. Шығармашылығы шыңдарды бағындырған
Мәшһүр Жүсіп Көпеев Бұқара, Түркістан, Ташкентке бірнеше рет барып, білімін жетілдірген. Ол алғаш рет Бұқарадаға 1887 жылы 29 жасында барады. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өз өлеңдеріндегі деректер бойынша ол 1895 жылы араға сегіз жыл салып ол жаққа қайта жолы түседі. Ақынның бұл екінші сапарының мақсаты да ғылым жолы еді. Ал, Бұқара, Ташкентке үшінші сапарының жөні бөлек. Мұның себебі, Мәшһүр – Жүсіп 1907 жылы жарық көрген үш кітабы үшін «Хал - ахуал», «Сарыарқаның кіндігі екендігі», «Тірлікте көп жасағаннан көрген бір тамшымыз» заңға ілігіп, ол кітаптары елге таратылмайды және осы кітаптарды бастырып шығарған Қазан қаласындағы Құсайыновтарға он екі мың айып салынады. Ақынның қамаушылар тізіміне ілігіп, ел ішінде жасырынып жүруі, Бұқара, Ташкентке үшінші рет сапар шегуі осыған байланысты.
Бабалар заманынан ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ елінің қонысы, алтын мекені Сарыарқаны патша өкіметі отарлап, өріске өрт, жүрегіне дерт салып отырған озбыр қиянатын ащы шындықпен әшкерелеп, халықтың ауыр хал – қасіретін тебірене жыр еткен бұл толғауында. Сөйтіп бүгінге қандай қатты қайғырса, болашақ күйзелісті көрегендікпен сезініпті.
Айырылды біздің қазақ Есілінен.
Өзінің болған емес кесірінен.
Жер мүлкі шаруаның қызықты едің – ау,
Қойынында құшақтаған жесірінен.
Осы өлеңде ақын «Ұйқыңнан оян», «елдігіңді ұмытпа», «Жер – суыңа өзің ие болуға талаптан!» - дейді. Патша өкіметінің «Алты бақан - алауыз» қазақты өз өзімен ұштастырып, шабыстырып қойған алаяқтық саясатын әшкерелейді.Елдің еңсесін басып, езгіге салып үкілі арман – мұратының күлін көкке ұшырған отаршыл патша өкіметіне ұнайтыны белгілі.[3, 12 б.].
Ақындық жолға ерте түскен Мәшһүр Жүсіп өз өлеңдерінде көбіне заман жайынан толғап, сол кездегі қазақтың қыңыр – қырсық мінезі мен қисық қылықтарын би – болыстардың берекесіз тірлігін өткір сынға алып, ел жайын күйзеле жырлайды. Халықты оянуға үндеп, бірлігі бекем, берекелі де азат, еркін ел болуға шақырады.
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы тақырыптық ізденістерге келсек, мұнда қоғамдық өмір тудырған замананың зәру мәселелері көрініс тапты. Соның ең негзгілері: дін, халықтың тұрмыс жағдайы, ұлт, жер мәселесі, білім, ғылым, еркіндік, азатшылдық, патшалық саясаттың қитұрқы әрекеттерін сынау жалпы адамзаттық ой – толғамдар т.б.
Ақын ел еңсесін басқан қараңғылықтың себебін білім жоқтықтан деп біледі. Сыртқы және ішкі азулылардың тісі мен тырнағының қатты бататындығын да содан деп түйеді. Алты бақан алауыздықтың түп төркіні сол надандықта жатқандығын терең сезінеді. Надандықтың тұманын түретін нұрлы сәуле білім екенін ақын аңғарып қана қоймай, соны ұлтының үмітіне айналдыруға тырысып, білімді насихаттауға бар күшін салады.
Ел ішіндегі келеңсіз құбылыстарды бет – жүзің бар демей сын тезіне алған Жүсіп кей кездерде:
«Бұл сөзімнің балы бар уы аралас,
Ойлаймысың бір іске деп жарамас» - деп те күйінеді.Халқының бойындағы жағымсыз мінездерді сынау, адамгершіліктің асыл қасиеттерін әспеттеу, халықты бірлікке, ынтымаққа шақыру, елдікке үндеу – ақын поэзиясының негізгі сарындары.
Абайдан мүшел жастай кіші Жүсіптің өлеңдерінен ұлы ақынның поэзиясымен сарындас екендігі айқын көрінеді.
М.Ж.Көпеев поэзиясындағы басты сарын – қазақ халқының басына түскен ауыр халге ашыну, күйіну. Мәшһүр де Абай сияқты халықты іштей жегі құрттай жеп бара жатқан ел ішіндегі жағымсыз құбылыстарды, адамдардың жаман қылықтарын аяусыз сынайды, қиындықтан шығар жолды іздейді. [4, 8 б.].
Мәшһүр Жүсіптің ел жайына, ұлт мәселесіне арналған өлеңдері азатшылдық, бостандық, еркіндік ұранына толы. Ол еркіндік пен әділдік үстемдік құрған елді аңсап қана қоймай, сол еркіндік пен әділеттілікке жеткізер әділетті жолбасшы да іздейді. Өлеңінде солардың өз көкейіндегі, өз ойындағы бейнесін сомдайды.
Бүгінгі күннін талабынан қарасақ та Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің сол кездегі айтқаны бұл күнге де ескірмеген ескі сөз болып жеткенін байқаймыз. Жолбасшыға қатысты кешегі тілек те, бүгінгі талап та бір деңгейде шығып тұр. Тәрбиенің тал бесіктен басталатындығын «Бұлақ көзі» атты еңбегінде тілге тиек етіп өткен Мәшһүр Жүсіп атамыз, «Шығады: «асыл тастан, өнер - жастан», Тәрбие тәуір болса әуел бастан», - деп, адамның ең алдымен өмірлік ұстанымы дұрыс арнада бағытталуына мән беріп, сонымен қатар білімге ұмтылудың аса үлкен қажеттілік екенін баса айтады. Жалынды жастардың бойындағы ұшқырлықты дұрыс пайдаға асыру қажеттігін дәріптеп, жеке бастың пайдасын ойлап, байлыққа масаттанудан бойды аулақ ұстап, халыққа адал қызмет ету қажеттігін алға тартады. Әрине, бұл қазіргі біздің қоғамда да аса маңызды тетіктердің бірі. Билік басындағы басшылардың өз билігін әділ жүргізуі, қарапайым жұртшылықтың жағдайын ойлауы өте маңызды. Жемқорлықпен күрес, жаға ұстатарлық жағдайдан әлі толық арыла алмай келе жатқанымыз шымбайға бататыны рас. Мұндай жайттарды Мәшһүр Жүсіп Көпеев өз заманында да зар илей отыра жырға қосып, сөзімен түйреп, ішкі күйін күңірене толғайды. Мәселен, «Көшпелі болған жұрттың шаруасы...» атты өлеңінде: «Жетіліп партиямен дәрежесі, Жақсыға жаман адам таныс болды», - деп жағымпаздықтың жұрт ішінде сипаты кең етек алғанын ашына айтады. Туысқандықтың арасы суып, туғаннан безінудің, безбүйрек ата – аналар қатарының көбейіп, пайданы ойлауға бейім жандардың жай – күйін осы өлеңмен қатар, «Дауасыз дерт» атты шығармасында да тамаша суреттей білген. Адамдардың атаққұмарлығы білімнен оза шауып, ар – намыстың аяқ асты қалып бара жатқандығы үлкен өкініш тудырып, халқына барынша үндеу тастап, бұл өмірдің өткенші екендігін тілге тиек етіп, дүниеқоңыздықтың түбі жақсылыққа апармайтындығын баса ескертеді. Мұның бәрі адамның өзін – өзі тануына деген үлкен сабақ жолдары. Әр жырға терең үңілген сайын адам өз – өзін тәрбиелеп, бойынан мін іздеп, жақсылыққа қарай ойысатыны анық. Олай болса, Мәшһүр - Жүсіп Көпеев өлеңдерінің өмірлік мәні, өнегелік пайдасы қашан да зор.
2.2. Ақын поэзиясының көркемдік әлемі
Кез келген өнер өлкесінде танылып жүрген жеке тұлғаның қай салада болмасын өзгеге ұқсамайтын, тек өзіне ғана стильдік қолтаңбасы анықталады. Ендеше сөз өнеріндегі қаламның қарымын анықтайтын өлеңдері мен өзіндік стилін қалыптастырған ақынның бірі Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
«Сөз сөзге сәулесін түсіреді» деген атақты теоретик ғалым Потебняның өлең өнеріне қойған негізгі критериі Мәшһүр ақынның өлеңдерінде қалай өрнектеледі. Әдебиет теориясында әр түрлі көркемдік әдіс – тәсілдердің түрлерін қолдану арқылы ақын өлеңдеріне қандай эстеикалық мән үстей алады?
«Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Образдылық – суреттілік, сөздегі сурет».
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ақындық әлемінің көркемдікке жетелер есігін қағар алдындағы шегініс ретінде, жалпы ақын табиғаты, талант тұрпаты дегенге тоқталып өткен артық емес.
Ақын сипаты туралы ақын Қ.Мырзалиев былай депті:
«Айтамыз біздер ақын деп,
Адамды шоқ боп маздаған.
Ақынға керек ақыл көп,
Асаулық керек аздаған». [3, 39 б.].
М.Ж.Көпеев шығармаларын оқып танысқан оқушысының ең әуелі байқайтыны ақын тілінің біршама халықтық тілге жақындығы. Ақынның бүкіл шығармашылығында үстемдік құрған өлең түрі – қара өлең. Халықтық поэзияның бұл өлең өлшемі авторға шығармаларында жоғары екпінді сеніммен оқушысымен идеялық байланыста болуға және ақынның өмірлік шындықты баяндау тәсіліне өте бейімді болып келеді.
Ақынның поэзиясы өзінің стилдік жүйесінде тілдің әр түрлі лексикалық коммуникативті деңгейінде түсінікті де орынды қолдана білуімен ерекшеленеді. Метасемантикалық функционалды, лексика, теологиялық негіздегі символдық образдар, діни мифологиялық, діни психологиялық мотивтер Мәшһүр өлеңдерінің көпшілігінде кездесіп отыратындығымен, ақынның исламдық философия ағартушылық тенденциясында қалыптасқан ойлау жүйесі мен берік дүниетанымының жанама куәсі болып табылады. Мәшһүр Жүсіптің діни өміртанушылық рухы мен танымы айқын аңғарылатын өлеңдеріне: «Қара өлең», «Үш рет сөз», «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі», «Адам екі түрлі», «Қалмады ойлай – ойлай басымда ми», «Түркістан. Ташкент сапар хикаясы», «Жылым – қой, тауық жылы мен үш жаста», «Мәшһүр атты қалай алғандығы туралы», «Анама хат» сияқты өлеңдер жатады.
Мәшһүр Жүсіп шығармаларының басым көпшілігі құрылымдық жағынан сюжетті – баяндау тәсіліне құрылған. Бұл оның өз өлеңдері арқылы халықтық сананың қалыптасуы мен таным түсінігіне ықпал жасауында моральды – дидактикалық қызмет атқарады.
Ақынның «Мәшһүр сөзді киіндіріп, жұрт көзіне түсіргені» атты өлеңінде мынандай метафоралық қолданыс бар:
Болғанда – ақыл – дария, ауыз – садап,
Сөз гауһар сл садаптан алған жарып.
Сөз өнерінің ерекшелігін баса көрсеткісі келген ақын ақылды дарияға, ауызды садапқа, сөзді гауһарғаауыстыра бейнелейді.
Мәшһүр Жүсіптің қоғам, елдің әлеуметтік жайы сөз болған өлеңдерінде кездесетін теңеулердің сипаты қоғамдағы адамдар бейнесінің көбіне аңға, құсқа теңеуімен ерекшеленеді.
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығының көркемдік жағын қарастыру барысындағы келесі нысанаға аларымыз – ақынның эпитет жасаудағы ізденісі. Ақын: «Не пайда нұр сипаты сүмбіл шаштың» деп ғажап эпитеттің үлгісін сомдаған.
Ақынның бүкіл өлеңдерінің бүкіл желісінен ерекше назарға ілінетін жайт, ол – ақынның кейбір тұрақты тіркестер мен мақал – мәтелдердің өңін өзгертсе де, сол қалпын сақтаған күйде де өте мол қолданылатындығында.[3, 52 б.].
Мәшһүр шығармалары тек идеялық – тақырыптық жағынан ғана қазақ әдебиеті антологиясына қосылған мол мұра болып қоймай, сонымен бірге көркемдік ерекшеліктермен де ескерусіз қалмайды, ал ақын ретінде творчествалық биікке көтерілген, өзінің әдебиеттегі әсемдік әлемін, өрісті өлеңімен өзінің ақындық портретін орнатқан ақынның әдеби мұраға қосқан көркем дүниелерңмен де ерекше бағаға лайықты.
Әлемге аты Мәшһүр болған, туа бітті талант иесі, қазақтың маңдайына біткен текті тұлғасы – Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өнегелі өмірі өскелең ұрпақ үшін қашан да тамаша үлгі. Ақындығы бір төбе, тарихты тануы тым ерекше, қазақ мәдениеті мен әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып, өлмес мұра қалдырған, зерттеушілігі тағы бар, текті туған азаматқа расымен қандай мақтау болсын лайық! Мен ұлы данышпанның әр дүниесіне терең мән бере отыра, ерекше дарындылықты, мол даналықты, асқан білімділікті байқаймын. Әсіресе, әуелі өзіңді танып, мінез – құлығыңды басқарып, басқаларға зиян тигізбеу барысын баса айтқан адам, білімді болуға үндеп, келешектің кемелденуін кемеңгерлікпен тамаша байланыстырған. «Бес қымбат» мінез көркемдігіне басымдық беріп, тура жолдан таймай, сабық сақтап, әдептіліктен ада болмауға шақырады. Әрине, қанша уақыт өтсе де, өнегелі өлеңдері өзінің өзектілігін жоймайтыны анық. Қазіргі заманда да бұл қасиеттер аса қажет. Сол себепті, «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деген жолдарды Мәшһүр Жүсіп өз заманында да кеңінен дәріптеп өткен
Қорытынды
Мәшһүр Жүсіп Көпеев қазақтың текті туғант тұлғаларының бірі. Оның өмір бойы әдебиетке сіңірген үлесі ұшан теңіз. Ілім – білімге деген зор құлшынысы халықты түзу жолға шақыруға итермелеп, артынан мол мұра қалдыруға ықпал етті. Оның халық ауыз әдебиетіне деген зор ықыласы құнды қазынамыздың қаймағы бұзылмай келер ұрпаққа аманатталуына түрткі болды.
Ақындығы бір төбе, зерттеушілігі де ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге мол. Бірнеше тілді қатар еркін меңгеру де кез – келген жанның қолынан келе бермейтін дүние. Ел мен жерді аралап қойын дәптеріне қажет ақпаратты түртіп жүруінің өзі өнерге деген құрметінің белгісі.
Мен зерттеу жұмысын жүргізу барысында Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірбаянымен танысып, шығармашылығына тереңінен бойлап көптеген құнды ақпараттарды меңгердім. Алдағы уақытта ізденіс жұмыстарымды олан әрі тереңдетіп, жетілдірсем деген ниетім бар. Ұлы тұлғамен танысу барысында оның қаншалықты жан жақты, көптеген дарыны бар екендігін аңғардым. Алайда, Мәшһүртану әлі де толық зерттеуді қажет екендігін де білдім.
Қазақтың маңдайына біткен текті азаматтың арманы халықтың қал жағдайының дұрысталып, көзі ашық, көкірегі ояу болуы. Білімді ерекше дәріптеген жанның мол мұрасы өте құнды жәдігер.
Қазақ халқы қашан да Мәшһүр Жүсіпті төбесіне көтеріп, дәріптей бермек. Елі үшін талай тер төккен жанның үміті бүгінде ақталып, еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, білімге айрықша ден қойған. Бабалар арманы орындалып, білімді жастар аманатқа қиянат жасамай, халықты одан әрі гүлдендіре бермек.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Ана тілі газеті. Мәшһүр – Жүсіптің әулеті. Автор: Аупбаев Ж.
-
Баязитов С. Мәшһүртану өрісі: оқу құралы – Павлодар: Кереку, 2009. – 60 б.
-
Қонарбаева А. Ағартушы – ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. – Алматы: «Нұрлы Әлем», 2014 – 80 б.
-
Ысқақұлы Д.Әдебиет алыптары. – Астана: «Фолиант», 2004. – 304 бет.
1