Материалдар / М.Әуезовтің "Қарагөз" драмасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Әуезовтің "Қарагөз" драмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Әуезовтің "Қарагөз" драмасын талдау бойынша дидактикалық материалдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
3712
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» драмасы туралы

Мұхтар Әуезовтің әйгілі трагедияларының бірі - «Қарагөзде» (1926) бас бостандығына жете алмай, ескі ғұрыптардың құрбандығы болған жастар тағдыры көрсетіледі. Қазақ драматургиясының алтын қорына қосылған бұл шығарманың идеялық мазмұнын жазушы былайша ашып көрсетеді: «Жалпы пьеса тақырыбы-беймезгіл заманда жолсыз өмір кешіп, ерте тарқан қайғы-зардың уынан қаза тапқан өнерлі жастар жайы: асықтық пен ақындық құмарлығына елтіген уыз жастар жайы. Пьесаның екінші айқындаған идеясы азаптан туған ақындық, қан-қайғыдан туған қаза, жеке бастың ғана күй-шерінен басталып барып, халықтық қайғы-қамды ұсынуға беттеген шабытты көрсетпек». Шығарма қаһармандары, бір-біріне ғашық Сырым мен Қарагөздің өзара іңкәрлық сөздері мына диалогтермен айқын көрінеді.

Сырым: Қара түндей қасірет ортасында жалғыз шырақ-жарығым, маңдайдағы жұлдызым! Торға түскен ақтотым...келші күнім!...

Қарагөз: Жаным Сырым! Менің бар дүниеден бөліп-жарып алғаным- бір ғана сен өзіңсің. Қандай азап көрсем де, қай қайғыда тебіренумен жүрсем де, жүрегімнің түбінде құпия боп тығылған жылғыз бір сәулем бар. Өз ішімде жанған сол күнім, сөнбес жарығым бар...Соным-өзіңсің, сен ғанасың...

Бірақ Қарагөз бен Сырымның ғашықтығына тас бөгеттей кедергі бар. Ол- екеуінің туыстық түбірі жеті атаға жетпегендігі, сондықтан ру дәстүрі бойынша бір-бірімен қосылуға болмайтындығы. Оның үстіне Қарагөз басқа рудың белгілі, беделді жігіті Наршаға айттырылған. Нарша Қарагөздің бетін өзіне бұрып алмағанына әрі қыздың басқаға ауған бейілін өзгертуге дәрменсіздігіне көңілі күпті. Драматург өзінің шығармасында өмірде сирек кездесетін жағдаятты таңдап алған, тартыс желісін бірден-бірге ширата түсіп, характерлерді де мейлінше дәйекті, толық етіп сомдаған. Сырым мен Қарагөздің махаббатына тосқауыл болған-олардың аталастық жақындығы. Міне, осы хал бұлардың жас өмірін жайқалдырмай, мезгілсіз қасіретке ұшыратады. Наршаның аулына ұзатылып барғанда да Қарагөздің ойынан Сырым бір сәт те шықпайды, өзінің жанында бәйек болып отырған қосағы Наршаға көңіл аудармайды. Ал Наршаның жағдайы да айрықша мүшкіл. Атақты ауылдың маңдай алды жігіті, ақылды Нарша Қарагөз жүрегін өзіне бұра алмағанына шерлі болады. Наршаның адамгершілігінің биіктігі, сұлу Қарагөзді әрі түсініп, әрі күйініштен күн кешкені оны көркем әдебиеттегі қайталанбас сом тұлғалар қатарына қосады. Бір-бірін сүйгенінен басқа жазығы жоқ Сырым мен Қарагөздің ел дәстүрі алдында «қарабет» атанып, бірінің жынданып өлуі, екіншісінің тірі жүрсе де, сергелдең өмірге душар болуы халықтың ғасырлар бойында қалыптасқан дәстүріне кереғар келуінің салдарынан туады.

Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» драмасына талдау

Мұхтар Әуезовтің драматургия саласына қосқан үлесі шексіз. Ол сахналық қойылымдарға қазақтың дәстүрлерін енгізе отырып жазған. Мысалы, алтыбақан, қыз ұзату салтанаты сынды салтымызды қосып отырды. М. Әуезовтің жеке пьесаларының варианттарын қосқанда, шамамен, елу шақты драмалық шығармасы бар. Әр драмалық шығармасында көркем образдар галереясы бар. Мақал-мәтелдер, фразалық тіркестер, айқышты сөздер көптеп қолданылып, автордың сөздік қорының молдылығынан хабар береді. Семейде «Еңлік-Кебектен» кейін іле-шала жазылған және гамлеттік оқиғаны бұлдыр елестететін М.Әуезовтің «Қарагөз» пьесасы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді, пьеса 1926 жылы жарияланып, сол жылы Семейде қойылды. Репертуардан тез алынып тасталған осы туынды отыз жыл өткеннен соң, КПСС-тің XX съезінен кейін ғана сахнаға қайта оралды. «Қарагөз» трагедиясының көркемдік ерекшеліктері, шығармашылық тарихы, қойылымдары, тарихи негіздері жайында Әбділда Тәжібаев, Рымғали Нұрғалиев, Бағыбек Құндақбаев, Тұрсын Жұртбай, т.б. көптеген зерттеушінің еңбектері бар. Жан-жақты зерттелген. Шығарма күрделі психологиялық драма, беті айқын трагедия. Көркемдік компоненттерін барлық жағынан алғанда әлемдік драматургияның үздік үлгілерімен еркін салыстыруға болады. Бас бостандығына жете алмай, ескі ғұрыптардың құрбандығы болған жастардың тағдыры көрсетіледі. Әрине, осындай шығарманың жаңа нұсқасы дегенде көрерменнің елең ете қалатыны заңды. М.Әуезов «Қарагөзінің» басында сахнаға Нарша мен достары шығады. Қарагөздің өз ауылында ұнататыны бар ма деген күдіктері бар. Қарагөз бен Сырымның махаббатында тас бөгеттей үлкен кедергі бар. Ол – екеуінің туыстық түбірі жеті атаға жетпегендігі, сондықтан ру дәстүрі бойынша бір-бірімен қосылуға болмайтындығы. Оның үстіне Қарагөз басқа рудың белгілі, беделді жігіті Наршаға айттырылған. Нарша Қарагөздің бетін өзіне бұрып алмағанына қатты налыйды. Нарша мен Қарагөз отау тіксе де, Қарагөздің бар ойы Сырымда. Сүйгеніне қосыла алмаған әйелін көрген Нарша ауылдың маңдайы жарқыраған азаматы еді. Жарын түсініп, жанын күйік жеген Наршаны автор көркем әдебиетте кездесе қоймайтын тұлғалардың қатарына қосады. Бір-бірін ұнатқаннан басқа қылмыстары жоқ Сырым мен Қарагөз ел алдында, ата дәстүр алдында үлкен ұятқа қалады. Бірі жынданып өліп, бірі сергелдең өмірдің күйін кешеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!