Материалдар / МДҰ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚПЕДОГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

МДҰ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚПЕДОГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
МДҰ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚПЕДОГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А.К.Курманалина, тәрбиеші Ақтөбе қаласы. МКҚК «№42 «Айналайын» МДҰ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚПЕДОГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ Аннотация В каждой стране встречаются дети, которым нужны особые знания, это души, которым нужны особые формы воспитания и образования. Оказание специальной помощи таким детям сегодня является одной из актуальных проблем в нашей стране. В современном мире работа по воссозданию системы общего образования в Республике Казахстан направлена на сохранение процесса обучения личности, здоровья. Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылымиәдістемелік дамуына көп көңіл бөлінуде Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, ата-ананың жұмыс басты болып, балаларына жеткілікті уақыт бөле алмау салдарынан, бала есін білгеннен бастап планшет, смартфондарды көп қолдануына байланысты, олардың сөйлеу қоры азайып жүре пайда болған аурулар салдарынан ерекше білімді қажет ететін балалар саны жылдан жылға артуда. Әрбір елде ерекше білімді қажет ететін балалар кездеседі, олар тәрбиелеудің және білім берудің ерекше түрлерін қажет ететін жандар. Осындай балаларға арнайы көмек көрсету қазіргі таңда біздің елде өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беру жүйесін қайтадан құру жұмысы оқыту үдерісін жеке тұлғаға, денсаулықты сақтауға бағытталған. Дене шынықтыру бойынша бұндай балаларды тәрбиелеумен оқыту жалпы қимылдық біліктерді, жүру мен жүгіру дағдыларын, қимылдарды үйлестіруді, гигеналық және денешынықтыру құралдарын қолданудың қарапайым дағдыларын қолданамыз,ал ойынға қатысуға қалауы бойынша,эмоциалдық жауап беруді,нұсқау бойынша қимылдарды орындауға баулимыз.Бұл сала бойынша балаларды өзіне- өзі қызмет көрсете білуге, сапта дұрыс жүруге, жеңіл жаттығуларды орындай білуге үйретеміз, Қимылды ойындар «Автомобилмен қарғалар», «Кім шапшаң», «Жұбыңды тап» «Ақ қоян», « Ұйқыдағы аю» сияқты ойындарға қызығушылық танытады. Қоршаған ортамен таныстыру бойынша ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеу мен оқыту қатысымның вербалді және вербалді емесдағдыларын қалыптастыруды, тілдік ортаны құруды, сөйлеу белсенділігін,қоршаған ортаға қызығушылықты, коммуникативті әрекеттің түрлі формаларына қатысуға қабілеттілікті оятуды қамтиды. Бұл сала бойынша балалардың тілдік қорын дамыту мақсатында ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, сұрақ-жауап арқылы сөйлеу қабілетін дамыту. Мысалы: балаларға жақсы таныс «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін көп ертегі кейіпкерлерінің арасынан тауып беру. Жеңіл тақпақтарды айтқызу. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеу мен оқытуда көпсенсорлы қабылдаумен кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыруға, сенсорлық ақпараттарды саралауға, сезімдік тәжірибені жинақтауға, заттық қимылдарды игерумен ойлау процестерін белсендіруге, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға бағытталған. Бұл сала бойынша балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда түрлі дидактикалық ойындар мысалы: түстерді ажырату мақсатында «Көбелектермен гүлдер», «Шатасқан қолғаптар», немесе пішіндерді ажырату мақсатында «Үйшікті құрастыр», «Аққала» «Неге ұқсайды?»-деген сияқты ойындар арқылы,сондай-ақ математикалық ұғымдарды меңгеру мақсатында «Биік-аласа», «Ұзын-қысқа», «Оң жақ-сол жақ» т.б ұғымдарға 74 арналған түрлі дидактикалық ойындарды қолдана отырып, балаларға пирамида сақиналарын ретімен сала білуді, қақпақтармен қыстырғыштарды түстеріне қарай ажырата білуге арналған ойын түрлерін орындауды ұсынамын. Шығармашылық бойынша ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеумен оқыту шығармашылық әрекет процесінде шынайы әлемнің бейнелерін қалыптастыруды,заттық ұғымдарды айқындауды, нақтылауды және жалпылауды қамтиды. Бұл сала бойынша ең бастысы балаларға карандашпен қылқаламды дұрыс ұстай білуге, кеңістікті дұрыс бағдарлай білуге үйрету жұмыстарын жүргіземін. Олармен әсіресе «Суретті аяқта» яғни дайын салынып тұрған қоянға бала тек жетіспей тұрған құлағын сала білу керек немесе сол сияқты осыған ұқсас бала қандайда бір заттың бір бөлшегін салуын сұраймын. Бұл баланың жетіспей тұрған бөлігін табуына, зерігіп кетпеуіне ықпал етеді. Музыка жетекшісінің көрсетуімен би қимылдарын орындайды. Балаларды тәрбиелеумен оқытуда органикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша өзіне қызмет ету дағдыларын, әлеуметте өзін ұстауы мен оған қарым қатынасын қалыптастыруға, оларды әлеуметтік және тұрмыстық ортаға тартуға түрлі әлеуметтік-мәдени дағдыларды игеруге бағытталған. Бұл сала бойынша мен балалармен «Үй жануарларының төлдері», «Жыл мезгілі», «Торғай мен қарға» т.б дидактикалық ойын түрлерін ұсынамын. Табиғат бұрышындағы гүлдерге су құю,балықтарға жем беру сияқты серуен кезінде табиғатты бірге бақылай отырып; күн қандай? мынау қандай құс? жапырақ қандай? –деген сияқты сұрақтар қойылады. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың түзете – дамыту көмегін көрсету үдерісінде атқарылатын іс-шаралар. Балаларға ерте жастан түзете –дамыту көмегін көрсету үдерісінің мазмұны мынадай ісшаралардан тұрады: - баланың психофизикалық даму деңгейін кешенді әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзету көмегінің бағыттарын анықтау мақсатында пәнаралық бағалау; - жеке дамыту бағдарламасын құру; - жеке дамыту бағдарламасын жүзеге асыру; - ата - аналарды баланың дамуын бағалау мен бақылауға үйрету,үй жағдайында дамытуға бағытталған ойындар мен сабақтарды ұйымдастыруды үйрету; - ата-аналарға әлеуметтік –психологиялық қолдау көрсету, мүмкіндіктері шектеулі балаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілденген әлеуметтік қолдаулар туралы және мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат беру; - жеке түзете –дамыту бағдарламасының тиімділігіне мониторинг жасау (ата-анамен бірлесіп) Түзете дамыту үдерісінің негізгі құралдары ретінде мынадай материалдар қолданады. 1. Баланың психофизикалық даму деңгейін бақылау арқылы анықтау үшін ата-аналарға арналған сауалнама. 2. Баланы психологиялық-педагогикалық тұрғыдан тексеру кестелері (топтық бағалау) 3. Баланың ойын әрекеті барысындағы мінез-құлқын бақылауға арналған кестелер. 4. Жеке дамыту бағдарламасының барлық бөлімдеріне арналған анықтамалық –әдістемелік материалдар. Түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырушы топ мамандары әр түрлі көмекші компенсаторлы – техникалық құрал –жабдықтарды, арнайы құралдар мен психофизикалық даму деңгейін бағалауға арналған компьютерлік бағдарламаларды қолданады. Әрбір балаға жеке дамыту бағдарламасы баланың жас ерекшелігін есепке ала отырып кешенді зерттеуден кейін төмендегідей мақсат пен міндеттерді жүзеге асыра отырып жасалады. Мектеп жасына дейінгі арнайы тәрбиенің негізгі мақсаты - баланың эмоционалды, әлеуметтік, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау; жеке басының қасиеттерін қалыптастыру; Міндеттері: баланы кешенді зерттеу (медициналық-психологиялық-педагогикалық) және дамыту жеке бағдарламасын құрастыру; Балалармен бірлескен жұмыс әсіресе күннің екінші жартысында балалардың дербес ойын әрекеті кезінде жүргізіледі. Балалармен дидактикалық ойындар әсіресе түстерді ажырату мақсатында қыстырғышпен ойнайтын ойындар «Заттың қалған бөлшегін құрастыр» бұл ойында бала күнге сары түсті қыстырғыштан күн сәулесін құрастыра білуі керек немесе жасыл түсті шыршаға жасыл түсті қыстырғыштан тікенектерін жасайды немесе бұлтқа көк түстен жаңбырды қыстыру арқылы 75 жұмыстанады. Бұл ойын барысында бала түстерді ажыратады және саусақ маторикасы дамиды. Бұл менің тобымдағы ерекше тәрбиемен оқытуды қажет ететін балалардың сүйікті ойындарының бірі боп келеді. Сюжеттік-ролдік ойындарда бұндай ерекше білімді қажет ететін балалар өте қызығушылық танытады. Менің тобымдағы бұндай балалар ер балалар болғандықтан болар, олар жүргізуші немесе құрылысшы болғанды жақсы көреді. Стол үсті ойындарында пазлы құрастыруды аса ұнатпайтынын байқадым. Тек педогогтың көмегімен бастаған ісін аяқтап құрастырып шығады. Олар әсіресе текшелерден үй құрастырғанды, биік мұнара тұрғызғанды ұнататынын байқадым. Дербес ойын кезіндеде менің тобымдағы бұндай балалар белсенділік танытады. Осындай ерекше білімді қажет ететін балалармен жүргізілген жұмыс түрлерін апталық циклограммада көрсетіп жазамыз. Қазіргі таңда Республикамыздағы орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты ерекше білім беруді қажет ететін балалар оқитын білім беру ұйымдарының жұмысын қашықтықтан жүргізу қажеттігі туындап отыр. Балалармен ата-аналарға психологиялық-педогогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру үшін білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына электрондық платформалар мен басқа электрондық қайнаркөздерге қол жеткізу мүмкіндігі берілді. Жұмыс қатысушылардың шектелмеген санда онлайн түрінде бейне-сабақтар, консультациялар өткізуге мүмкіндік беретін, қашықтан жұмыс істеу режимінде ZOOM интернет платформасы жүзінде жүзеге асады. Онлайын сабақтарды көрсетілген немесе басқа жүйеде жүзеге асыру мақсатында есептік жазба құру, сабақтар кестесін, баланың ата-аналарымен келісіп алу керек. Жұмыстың бұл режимі ППТК мен ОО жағдайында іске асырылады жеке және топтық сабақтарды ұйымдастыру кезінде тиімді әрі балалардың ата-аналарымен кері байланыс орнату үшін ыңғайлы. Педогог пен ата-ана компьютер, телефонмен, планшетпенде интернетке кіре алады. Баламен жұмыс істеу кезінде қажет болатын бейне және аудио байланысқа қосылу мүмкіндігі бар. Көрсетілген режимде жұмыс істеу бейне көрсетулерді, аудиожазбаларды, анимациялық материалды кеңінен қолдануға көрнекі-сюжеттік, дидактикалық материалдарды көрсетуге мүмкіндік береді. Балалармен сабақ міндетті түрде атаананың қатысуымен өтеді. Ата-анасы бірлескен сабақ өткізуге көмектеседі. Компьютерлік технологиялармен болатын әрбір сабақ баланың жеке мүмкіндіктерімен, білім алуға қажеттіліктерін ескере отырып жүргізілу керек. Компьютер алдында отырған баламен жұмыс кезінде денсаулық сақтау факторлары міндетті түрде сақталу керек. Балаға көп жүктеме беруге болмайды. 5 жасар бала үшін қашықтықтан оқыту ұзақтығы 10 мин аспау керек және ол күннің бірінші жартысында өткізілуі тиіс. Қашықтықтан оқыту аптасына 2 рет жоспарлануы керек. Сабақты жоспарлағанда педогог отбасының қолында бар құралдарымен оқулықтарын ескеру керек. Мектепке дейінгі ерекше білімді қажет ететін балалармен қашықтан жұмыс істеуді ұйымдастыру мынадай тәртіппен ұсынылады. --Қажетті дидактикалық материалдарды пайдаланып,шағын сабақтардың бейне түсірімдерін ұйымдастыру. --Технологияларды пайдаланып, ол балалардың ата-аналары үшін кеңес беру мүмкіндігін қарастыру, күн тәртібін ата-аналармен бірге құрастыру. --Балалардың тапсырмаларды орындауларына орай мониторинг жүргізу және ата-аналарымен кері байланыс жасау. -- Балаларға карантин кезінде санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтап құрбы құрдастарымен және ересектермен байланысты шектеудің маңыздылығы туралы ата-аналарды ақпараттандыру. Қорыта келе, әрбір педогог бөбекжайдағы ерекше білімді қажет ететін әрбір баламен дер уақытында қашықтықанда немесе балабақшада жұмыстанып, сол балаларға көңіл бөле білсе олардың ертеңгі күні толық қанды дені сау, өмірге құштарлығы мол бала болып өсетініне сенім мол.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!