Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
М.Дулатов публицистикасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
М.Дулатовтың публицистикасы
Аса көрнекті ақын, жазушы, драматург, педагог, публицист, аудармашы Міржақып Дулатов қазақ халқының арман-мүддесін терең түсіне біліп қазақ қоғамында жаңадан өрістеп келе жатқан демократияшыл идеялардың жаршысы болды. Адамзатты ескіліктен, мешеуліктен, зорлық-зомбылықтан, қанау мен езуден құтқаратын күшті құрал – оқу-білім, өнер-ғылым, адал еңбек, өділдік пен адамгершілік мәселелерін көтерген "Оян, қазақ!" жыр кітабы бірден қазақ елінің ұранына айналды. Ақынның көңіл күй лирикалары да саяси-әлеуметтік мәселелерді қозғады. Адамзат тарихында қилы-қиямет оқиғалармен, дүбірлі даму үрдісімен ерекше орын алған ХХ ғасырдың басы қашаннан еңбегі еш, тұзы сор қазақ халқы үшін де сындарлы кезең болғаны белгілі. Осындай талма тұста, шешуші сәтте ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен алтын айдарлы арыстарымыздың қатарында Міржақып Дулатовтың есімі бұл күнде зор ілтипатпен аталады.
Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты тақырыбы — ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeгiзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды. Сондай аумалы-төкпелі, аласапыран кезеңде халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, аузы алты қарыс патша өкіметіне қарсы бас көтерген қазақ азаматтарының іс-әрекеттерін ұлт азаттығы үшін күрес деп бағалаған жөн. Басым көпшілігі сауатсыз, қараңғыда бұйығып жатқан елді оятып, жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке тарту, әлбетте, оңай бола қойған жоқ. Соның үшін де А.Байтұрсынов ұйықтап жатқан елді оятар ма екен деп «Масасын» ұшырды. М.Дулатов «Оян, қазақ!» деп ұран салды. С.Торайғыров «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» деп жалын атты. Ә.Бөкейханов орыс газеттеріне қазақ жерін қалай болса солай тартып алып жатқан, қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды. Алдымен Міржақып Дулатұлының публицистикалық туындыларын пайда болған уақыт ерекшелігіне байланысты айқындасақ, біріншіден, 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейінгі – Ресей отаршылдығына қарсы ел үшін, жер үшін күрес кезеңіне байланысты жазылған публицистикалық шығармаларынан көреміз. Екіншіден, Ақпан төңкерісінен бастап Қазан төңкерісіне дейінгі – Уақытша Үкімет тұсындағы елдегі демократиялық қозғалыстар кезеңіндегі шығармалары болса, үшіншіден, Қазан төңкерісінен бастап, Кеңес өкіметі толық орнағанға дейінгі – Азамат соғысы жылдарындағы большевизмге қарсы күрес кезеңіндегі публицистикалық шығармалары. Қазақ баспасөзінің көшбасшысы болған «Қазақ» газетінің материалдары М.Дулатұлының тек жеке өмірінің ғана емес, публицистикалық еңбектерінің де дереккөздері болып табылды. Олай болуының себебі, «Қазақ» газетінде жұмыс істеген жылдары оның бойына біткен бар табиғи публицистік таланты толығымен ашылып, терең білімділігі айқын көрінді деуге болады. М.Дулатұлының «М.,», «М.Д,», «Мадияр», «Түрік баласы» сияқты бүркеншік аттармен газет беттерінде үздіксіз басылып тұрған материалдары оның ақын-жазушы, саяси күрескерлігімен қатар, публицист, сыншы, зерттеуші, тарихшы екендігін де көрсетті. «Қазақ» газетінің бірінші жылғы сандарында көтерілген «ұлттың саяси еркі мен жерін өз қолына түгел алып болып, енді қазақтың өз жеріне, атамекеніне өзін сыйғызбай ығыстыра бастаған ақ патшаның зорлығы; халық санасын ояту мәселесі; қазақ қоғамын темір құрсаудай қысып, бойын жаздырмаған ортағасырлық мешеулік; бірін-біріне айдап салып, билей беру мақсатында патша берген болыстық билікке таласу; ел қатарлы өз мүддесін өзінің қорғауына жол бермеген надандық пен саяси құқықсыздық т.б. ұлттық деңгейдегі басты мәселелер болатын. Осы көтерілген өзекті мәселелер М.Дулатұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жариялаған «Жер аудару», «Қазақ жайлы», «Шәкірттер жайынан», «Земство һәм қазақ», «Мектеп-медреселер мәселесі», т.б. мақалаларында қазақ ұлтының өмірі, ел тынысы жан-жақты бейнеленді. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету — әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат", "Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi — "Шағым" өлеңі. Бір қарағанда "Шағым" өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді толып жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.
Жүректен қашан шығар қадалған оқ,
Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?
Қажыған қам көңілді бip көтерер
Жанымда жан ашитын адам да жоқ, —
деп Міржақыптың өзі айтқандай, халқының тұрмысындағы әлгіндей керітартпа кемшіліктер оның жүрегіне оқ болып қадалады.
Шын мәнінде, Міржақып Дулатұлы публицистикалық мақалаларымен ХХ ғасырдың әлеуметтік жағдайындағы қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік, тарихи, мәдени, әдеби маңызы зор мәселелерін терең талдап, «Қазақ» газетінде жариялап отырды. М.Дулатұлы халықтың мұңы мен зарын сөз еткен, оның дұрыс жолмен шешілуіне ықпал жасаған публицистикалық еңбектерімен ұлт тәуелсіздігінің негізін қалыптастырғандығын «Қазақ» газеті арқылы айқындап берді. Бүгінгі күнде жазушының өмірі туралы фильм үлкен экранда таспаланды. Тарихи фильм 1909-1935 жылдарды, «Алаш-Орда» үкіметі мен Қазақстанның ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі Міржақып Дулатұлының өмірінің айтулы кезеңін қамтиды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының өткен жылы түсірген 6 бөлімді сериалының негізінде өңдеп шығарған өнімі. 6 бөлімді «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалы. Өмірден өтсе де, Міржақыптың рухқа толы жалын жырлары ел есінде мәңгі жаңғыра бермек.