Материалдар / Мектеп – тәрбие берудің негізгі құралы...
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектеп – тәрбие берудің негізгі құралы...

Материал туралы қысқаша түсінік
Ы.Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында терең із қалдырған беделді тұлға екендігін барлығымыз білеміз. Бұл мақалада ағартушы бастаған өнегелі істің қазіргі заманда қалай дамығаны қарастырылған. Мақалада қоғам қайраткерінің өмірі мен педагогика саласына, білім мен тәрбие үрдістерінің дамуына қосқан үлестері туралы жан-жақты талдау жасалынған. Жас педагог ретінде мақала жазу барысында өз педагогикалық тәжірибемді кеңейтуге ықпал ететін факторлар пайда болды. Педагог жолы-өнегелі жол.
Авторы:
21 Ақпан 2024
56
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп – тәрбие берудің негізгі құралы...

Абдикулова Шуақ Мәжитқызы

Информатика пәні мұғалімі, Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы, Тараз қаласы, Жамбыл облысы, Қазақстан, shuakbaek@mail.ru



Аннотация

Ы.Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында терең із қалдырған беделді тұлға екендігін барлығымыз білеміз. Бұл мақалада ағартушы бастаған өнегелі істің қазіргі заманда қалай дамығаны қарастырылған. Мақалада қоғам қайраткерінің өмірі мен педагогика саласына, білім мен тәрбие үрдістерінің дамуына қосқан үлестері туралы жан-жақты талдау жасалынған. Жас педагог ретінде мақала жазу барысында өз педагогикалық тәжірибемді кеңейтуге ықпал ететін факторлар пайда болды. Педагог жолы-өнегелі жол.


Аннотация

Все мы знаем, что Ы. Алтынсарин - авторитетная фигура, оставившая глубокий след в истории просвещения казахского народа. В этой статье исследуется, как нравственная работа педагога эволюционировала в наше время. В статье дан комплексный анализ жизни общественного деятеля и его вклада в педагогику, развитие образовательного и воспитательного процессов. Во время написания статьи, как молодому учителю были факторы, которые помогли расширить мой педагогический опыт. Путь учителя - это нравственный путь.


Annotation

We all know that Y. Altynsarin is an authoritative figure who has left a deep mark in the history of enlightenment of the Kazakh people. This article explores how the moral work of the educator has evolved in modern times. The article provides a comprehensive analysis of the life of a public figure and his contribution to pedagogy, the development of educational and upbringing processes. At the time of writing, as a young teacher, there were factors that helped expand my teaching experience. The teacher's path is the moral path.



Түйін сөздер


Бұратана, қыздар мектебі, училище, оқыту методикасы.

Қазақ халқының бүгінгі таңда көзі ашық, білімі жоғары, хат тани алатын деңгейде өмір сүріп жатқанына Ы.Алтынсариннің ерең еңбегі сіңген.

Ыбырай- жаңа үлгідегі ақын, әрі ол- сол кездегі Россияда батыл жаңалық жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгілі мектеп алушы. Ол- мектптің өзіне бөлек ерекшелігі бар программаларын, оқу құралдарын жасаушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы.

Ыбырай Алтынсарин — Орта жүздің Қыпшақ руынан шыққан қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері. Шын аты — Ибраһим. Ол 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы Затобол ауданында дүниеге келген.

Отбасында әкесі Алтынсары хат танымаған, өз еңбегімен тіршілік еткен қарапайым шаруа адамы болған. Шешесі Айман халық аузынан жинақталған ертегілер мен жырларды көп білетін сауатты адам болған. Ыбырайдың шешесі халық ертегілері мен жырларын баласына жастайынан айтып отырған.

Ыбырай әкесінен ерте айырылып, атасы Балғожа бидің қолында тәрбиеленген. Балғожа Жаңбыршыұлы өз заманындағы ірі феодалдардың бірі еді. Ол ұзақ уақыт Орынбордағы шекара комиссиясы қол астында Қыпшақ руына старшын болған, өз аймағының атақты кісілерінің бірі, ірі бай. Ел ішіндегі көп жағдайларда биліктің тізгінін ұстаған би Орынбор əкімшілігінің алдында да, орыс шенеуніктеріне де сыйлы, беделді, белгілі кісі болыпты. Немересін адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған, Балғожа оны өзімен бірге жиын-тойларға алып барып, билік айтқызып, қанатын қатайтқан.

Жасынан зерек Ыбырай да атасын жерге қаратпай алғырлық танытып, көпшіліктің үмітіне айналады. Атасы Балғожа төңірегіне ақын-жырауларды жинап, өзі де өлең жазған. Сондықтан да Ыбырай бала кезінен туған халқының мəдениеті мен əдебиетінен сусындаған.

С.Сүлейменов 1844 жылы Орынбордағы шекара комиссиясы жерінде қазақ балаларына арналған арнайы мектептер ашу жоспарланған болатын. Мектептің негізгі мақсаты- қазақ балалары арасында жазушылар мен аудармашылар дайындау. 1846 жылы Балғожа өзінің немересі Ыбырайды сол мектепке қабылданатын кандидат болу туралы өтініш Орынбордағы шекара комиссиясының төрағасы генерал-майор М.В.Ладыженскийге жасаған. Сол жылдың 5 наурызында журналға шыққан қаулыда Ыбырайдың мектепке қабылданғандығы көрсетілген. Бұл мектепке Ыбыраймен бірге Орынборға тағы 10 қазақ балалары барады. Мектепте тәрбиеленушілерге басқа пәндермен қатар орыс, араб, татар, парсы тілдерін оқытқан. Осы мектепті бітірген балалар аталған тілдерді жетік білген. Мектепте оқыған жылдары Ыбырай тек «өте жақсы» оқығанымен қатар, білімі мен тәртібі, басқа тәрбиеленушілерге деген жақсы мінезі үшін бірнеше рет «алғыс» алған. Бұл туралы 1853 жылғы 31 мамырдағы «Акт испытаний» құжатында көрсетілген. Ыбырай мектепті 1857 жылы бітіріп, атасы Балғожаның қасында жазушы болып 3 жыл жұмыс жасайды. Кейін 1859 жылдың 1 тамызынан бастап Орынбор облыстық басқармасында тілмаш ретінде жұмыс істейді. Облыстық басқарма 1860 жылы Ыбырайға Орынбор бекінісінде (Торғай қаласы) қазақ балаларына арналған бастауыш мектебін ашуды тапсырады. Сол мектепте Ыбырай орыс тілінің мұғалімі болып тағайындалады.

Шалғайдағы қалада мектеп ашу Ыбырайға оңайға соқпады: не қаражат, не мектеп ғимараты, не оқулықтар болмады. Бұл мәселеге облыстық басқарма да, жергілікті билік те немқұрайлылық танытты. Бірақ бұл қиындықтар Ыбырайды тоқтата алмады. Ол өзі ауылдарды аралап халыққа зайырлы білімнің маңыздылығын түсіндіріп, халық арасынан қолдау табады. Жергілікті халықтан қаражат жинап, мектеп ғимаратының құрылысына кіріседі. Ғимарат жақын арада бітіп, 1864 жылы мектеп ашылады. Қазақ даласында оны «Қара шаңырақ», «Алғашқы қарлығаш» деп атады. 1864 жылы ол Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында: «Осы жылы қаңтардың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді: бəрі жақсы, есті балалар... Бұл балалар небəрі үш айдың ішінде орысша, татарша жаза білетін болды», — деп жазды. Бұдан біз Ыбырайдың ұстаздық жолының сəтті басталғанын байқаймыз. Бұл мектеп қазіргі кезге дейін сақталынған.

1-сурет. 1864 жылы Торғай қаласында Ыбырай Алтынсарин ашқан тұңғыш мектеп


1864 жылы Торғай қаласында Ыбырай Алтынсарин ашқан тұңғыш мектеп 1879 жылы Қостанай қаласы облыс орталығы болып құрылғаннан кейін мектеп үшін тастан ғимарат салу мәселесі шешілді. Мектеп ғимаратының құрылысы 1882 жылы басталды, ал 1884 жылы Троицк орыс-қазақ мектебі жаңа тас ғимаратқа көшіріліп, «Қостанай екі сыныптық орыс-қазақ училищесі» деп атала басталды.

2-сурет. 1884 жылы Ыбырай Алтынсарин құрған Қостанай екі сыныптық орыс-қазақ училищесі


Жабылу шегінде тұрған мектептің жаңа ғимаратқа көшірілуі — Ыбырай Алтынсаринның тікелей еңбегі. Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогикалық қызметінде оқушылардың тәрбие мәселесіне ғана емес, еңбек білімінің мәселелеріне де үлкен назар аударып отырған, сондықтан ол Торғайда қолөнер училищесін ашты, кейін ол Яковлев училищесі деп аталды. Ол басынан бастап облыстың уездік қалаларының барлығында бір-бірден орталық училищеден ашуды көздеген еді. Торғай облысы аумағындағы ауылдарды аралап жүріп, халықтан қаражат жинады. Илецк, Николаев, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-екі сыныптық орыс-қазақ училищеден ашты. Бұл оқу шаңырақтарын мұғалімдермен қамтып, шәкірттермен толтырды. Мектептерді ашпас бұрын Алтынсарин елді мекендердің аумақтық орналасуын, халықтың жиілігін алдын-ала зерттеп отырды, содан кейін ғана мектептерді ашуға кірісті. 1881 жылы мектепке мұғалім болып тағайындалған А.Мозохиннің деректеріне сүйенсек, мектепті ашуға Алтынсариннің сіңірген еңбегі көп. Мектеп құралдары, жиһазы, оқулықтары және тағы басқа керекті мектеп жабдықтарының барлығын Ыбырай өзі дайындаған.

Ыбырай қазақ даласында бірінші болып қыздарды білімге тартты. 1887 жылы Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ашты. Қыздар мектебін ұйымдастыруы — ұлы ағартушының бұл тұрғыда жасаған үлкен еңбегі. Аса маңызды бұл бастамада ол патша өкіметі тарапынан кедергілерге тап болады. В.В.Катаринскийге жазған бір хатында былай деп хабарлайды: «Қазақ қыздарына арнап ашылмақ мектептің табысты боларына губернатордың күдігі бар... ал мұндай маңызды істі бастамаса, ешқашан да ештеңе де болмайды ғой. Бұл істің Ырғызда оңға басатындығына мен қазірдің өзінде кәміл сенемін». Осыған қарап отырып біз Ыбырайдың жоспарының орындалуына деген сенімділігін байқаймыз.

Ы.Алтынсариннің В.В.Катаринскийге хатынан үзінді «Аса қадірлі Василий Владимирович! Осы хатыммен бірге доверенность жіберіп отырмын. Я, ұмытып бара жатыр екенмін ғой. Ырғызда қыздар мектебін ашу үшін тамыздың аяғында сонда боламын. Оның үстіне, Бөрте болысында болыстық мектептің ашылуын тездету үшін Елек уезінде болуым керек. Бұл мектепті ашуға рұқсат алынды. Бұл мәселелер осында губернатор келгеннен кейін әбден анықталмақ. Губернатордың Қостанайға келуін маусымның онына күтіп тұрмыз. Көшіп келген орыстардың балалары үшін мектеп ашу жөнінде губернатормен Караулов та, мен де сөйлесетін болдық. Губернатор кеткеннен кейін, істің ыңғайына қарай, біз қалай көрісетінімізді, менің Сізді Қостанайда кездестіретінімізді Сізге хабарлармын. Қостанайға келуіңізді қатты тілек етемін. Қостанай. 28 мамыр, 1887 жыл». Бұл үзіндіден байқағанымыздай, Ыбырай қазақ қыздарына арналған мектеп ашылуына рұқсат алып, көп үзамай арманы жүзеге асады. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына интернаты бар арнаулы мектеп ашылады. Шындығында бүл қазақ халқының өмірінде болған аса үлкен оқиға еді. Аса маңызды бүл бастаманың сәтті болғанына Алтынсарин аса қуанады. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ашуға рұқсат алады.

Қазіргі таңда 1887 жылы 15 қыркүйекте ашылған Ырғыз қалалық бір сыныптық қыздар училищесі Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп ретінде қызметін жалғастыруда.

Ыбырай мектептерінде өтетін сабақтарының бәрі де орыс тілін жақсы біліп шығуға арналды, сабақтың көпшілігі орыс тілінде жүрді.

Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де үрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге ерекше назар аударды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды. Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар енгізді. Шиеленіскен тартыстар, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты.

Ы.Алтынсарин қыздарға арнап ашылған мектептерде оқуды негізінен ана тілінде жүргізді, бірақ орыс тілі де оқу мазмұнының ең маңызды бөлімі болып саналды. Ушинскийдің педагогикасын зор көрегендікпен меңгере отырып, орыс-қазақ қыздарына арналған мектептеріне арнап жаңа оқулықтарының негізгі түрлерін, олардың өзара педагогикалық ерекшеліктерін Ыбырай екшей білді. Ол асқан шеберлікпен негізгі үш бағытты – ғылымилылық, көркем әдеби және пайдалы техникалық – өз оқулығында ұштастыра алды.

Ы.Алтынсарин мектепте оқуды негізінен ана тілінде жүргізді. Ол орыс-қазақ қыздар мектебіндегі оқу үшін ана тілінің өмірлік мәнді екендігіне сенді. Орыс-қазақ мектептерінде оқу тілінің проблемасын шешуде ол бастауыш мектеп пен екі класты училищелер қос тілді болуға тиіс, яғни орыс тілі де қазақ тілімен бірге оқытылуы керек деп тапты. Ыбырай қос тілді оқытудың жүйесін құрды және оны сәтті түрде іске асырды.

Ы.Алтынсарин оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық əдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мəн берген. Сондықтан да «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық жəне «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазған.

1879 жылы жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы»: бірінші — балалар өмірі туралы орыс тіліндегі əр түрлі хрестоматиядан, көбіне Паульсонның хрестоматиясынан алынған əңгімелер; екінші əр түрлі жастағы адамдардың өмірін суреттейтін əңгімелер; үшінші — қазақ жыршыларының өлең жырларынан үзінді; төртінші — қазақтың мақал-мəтелдері тəрізді төрт бөлімнен құралған.

Өз жүйесінде Ы.Алтынсарин орыс тіліне үйретудің «аударма әдісі» дегенді қолданды. Бұл әдіс бойынша, шәкірт оқуда ана тілінде де, орыс тілінде де еркін ойлай алады. Ол орыс тілі сабақтарында ана тілін жанама, қосалқы санауға қарсы болды, керісінше, ана тілінен жүргізілетін жазбаша және ауызша жұмыстарды жеке, дербес оқу жұмысы деп қарады.

Сөз, сөйлем мағынасын екі тілде бірдей ұғыну, орысша да, қазақша да ойлай, сөйлей, жаза білу, сөздік жасау, жаттау, көркем мәтінді оқыту сияқты педагогикалық мәселені жемісті шешу үшін алдымен мұғалімнің өзі осы екі тілде сауатты сөйлеуі керек деп ойлаған.

Ыбырай әдеби оқу методикасын қазақ тәжірибесіне түңғыш рет енгізе отырып, төрт түрлі факторды бірге алып қарайды. Олар: біріншісі – материал, екіншісі – соның берілу тәртібі мен методикасы, үшіншісі – оқушы, төртіншісі – мұғалім. Қазіргі әдебиет сабағында қолданылатын түсіндірмелі оқу әдісін алғаш рет өзінің еңбектерінде қолданған Алтынсарин еді.

Ыбырайдың әдеби оқу методикасына тән бір жаңалығы – өлең жаттау тәсілі. Ыбырай өлеңдері – балалардың жаттауына әрі ұғымды, әрі білімділік-тәрбиелік мәні зор, логикасы жақсы тоқылған, тез жатталатын болған.

Ы.Алтынсарин материалды ойластырылған сабақтар жүйесіне құрып, мөлшерлеп, бірте-бірте беруді, берілген білімді баянды ете отырып қана жаңа материалға көшу жолын ұсынды.

Тұңғыш қазақ педагогы — Ыбырай Алтынсарин екі түрлі ірі мəселені алдына басты мақсат етіп қойды: біріншісі — мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халықты ағарту жұмысы; екіншісі — халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тəрбиелік істері.

Сабақтың жүйесіздігі, баланың пәнге қызықпауы, үлгірмеуі пәннің емес, мүғалімнің кемшілігінен туады. Ыбырай әрбір мұғалім өз пәнін жақсы, жетік білуі тиіс деген.

Пәнді білу дегеніміз – өз ісін де, баланы да терең сүюден туатын үлкен мемлекеттік іс. Сол себепті, мұғалім мектептегі білімнің негізгі кілті, ал оқулық мектептің қайнар бұлағы.



Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. «Қазақ энциклопедиясының» кітапханасы: «Тұлғалар», М.Әуезов: «Ыбырай Алтынсарин –қазақ мәдениетінің зор қайраткері»

  2. «Қазақ энциклопедиясының» кітапханасы: «Тұлғалар», С.Сулейменов: «Жизнь и деятельность Ибрагима Алтынсарина»

  3. Қадыржан Сейталиев. «Педагогика тарихы». «Білім» баспасы, 2008.

  4. «Алтынсарин оқулары». – Арқалық қаласы, 1991.

  5. Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы

  6. Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. І-т., Алматы, 2009.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!