Материалдар / Мектеп білім алушыларына сапалы білім берудегі мектепішілік әдістемелік қызметтің ұйымдастырылуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп білім алушыларына сапалы білім берудегі мектепішілік әдістемелік қызметтің ұйымдастырылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім беру жолдары
Авторы:
22 Желтоқсан 2023
170
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп білім алушыларына сапалы білім берудегі мектепішілік әдістемелік қызметтің ұйымдастырылуы

Мукаметжанова Меруерт Мухитовна

Алматы облысы Райымбек ауданы «Албан Асан

Барманбекұлы атындағы ОМГ МДШО» КММ


21-ғасыр - ғылым ғасыры. Сондыктан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының білім алушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы білім алушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондыктан оку-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педагогикалык технологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарылату үшін басты бағыт- бағдар берілуде. Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялык педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын тандап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарапынан көңіл бөлінуі тиіс. Қазіргі инновациялық- озық технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Ғалым-педагог, психологтар пайымдауына жугінсек, В.Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологий» деген еңбегінде оны «Оқу-тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру, яғни белгілі педагогикалық жүйенін тәжірибеде жүзеге асатын жобасы»,- деп қарастырады. Инновациялық (озық) білім беру деп - тұлғаның бағдарлы көзқарасты, білімдегі дәлдікті, шығармашылык бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады. Оқыту технологиясы оку мазмұнын өндеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан, білім алушылардың оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, білім алушыларға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек, оқыту технологиясы - педагогикалык әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

- Балаға ізгілік тұрғысынан қарау; - Оқыту мен тәрбиенің бірлігі; - Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; - Балаға өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; - Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; - Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.

Осы ретте оқу-әдістемелік жұмыстардың рөлі зор. «Албан Асан Барманбекұлы атындағы ОМГ МДШО» КММ 2023-2024 оқу жылында

әдістемелік жұмыс білім сапасын арттыруда инновациялык әдіс - тәсілдерді оқу үдерісіне енгізуді жалғастыра отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу бағытында ұйымдастырылды.

Ондағы негізгі мақсат оқыту мен оқуда жана әдіс - тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жан-жақты психологиялык - педагогикалык жағдай туғызу арқылы білім сапасын көтеру.

Міндеттері:

Сабақта және технологияларды тиімді пайдалануға дағдыландыру;

Мұғалімдердің психологиялык - педагогикалык қабілеттерін ұдайы жетілдіріп отыру;

Мұғалімдерді нәтижеге бағытталган іс - әрекетке бейімдеуге үйрету

Мұғалімдердің өзін - өзі жетілдіруіне баса назар аудару;

Мектептің педагогикалык ұжымының іс - әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру (озык тәжірибені ендіру, жалпылау, тарату).

Күтілетін нәтиже:

білім алушылардың білім сапасын көтеру

Жаңа формат сабақтарды еңгізуге көшу;

Мұғалімдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыру:

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің мәртебесін көтеру.

Осылайша ұйымдастырылған жұмыс барысында , келесі оқу жылындағы өзекті мәселелерге қол жету көзделеді:

1.Үлгерімі төмен және орташа білім алушыларды сабаққа тарту.

2. Компьютерлік сауаттылығы төмен білім алушылармен жұмыс.

3.Жаңа сабақты меңгертуде кері байланыс алу .

4.Сабақ материалдарын дайындау/ видеосабақтар, ресурстар/.

5.Білім алушыларды басқару/ тәртібі/.

6. Білім алушылардың кызығушылығын ояту.

7. Уақытты хронометраждау.

8. Білім алушыларды мұғалімдердің өз бетінше білім алуға дайындауы.

9.Сабақты жоспарлау.

10.Сабақ мақсатын анықтау.

11.Ата-анамен байланыс.

12.Білім беру платформаларымен жумыс.

13. Вариативті компонент есебінен берілген сағаттарды білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою үшін қолдану.

14 Мұғалімдердің пәндік білімін тереңдету.

15.Түрлі курстарға жанды қатысу

16.Виртуалды кабинет ұйымдастыру

17.Білім алушыларды білім жетістіктерін мониторингілеу

Осылайша мектеп ұстаздары шеберлігін ұштауда қазіргі әдістемедегі технологияларды тәжірибелеріне енгізуде. Солардың бірі білім алушылардың шығармашылық қабілетін, ұшқыр қиялын дамытуға бағытталған деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Бұл мәселені алғаш Қазақстанда Ж.Караев зерттеген екен. Деңгейлеп саралап оқыту нәтижесінде оқушылар жеке, жұппен , топпен жұмысты жақсы жүргізеді. Белсенділіктері артады, қызығушылыктары басым болады. Сабақта өз ойын еркін жеткізе алады, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Инновациялық технологиялардың бірі – ақпараттық технология. Оқытудың ақпараттық технологиясы - ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар.

Ақпараттандыру технологиясы арқылы заман талабынан сай сабақ берудің тиімділігі өте көп. Күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр мұғалім өзі көз жеткізіп отыр.

Мектебімізде оқу-тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны еңгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетілуде. Кез-келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. "Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз" қағидасы ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болу тиіс. Ұстаздың өзі - ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!