Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балаларды аппликацияға үйрету . Көмекші қ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп жасына дейінгі балаларды аппликацияға үйрету . Көмекші қ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
2171
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





«Балдәурен» шағын орталығы







Мектеп жасына дейінгі балаларды

аппликацияға үйрету .



Көмекші құрал



















































Көмекші құралды құрастырған: Шалова Г.К







Мектепке дейінгі мекемелерге және ата –аналарға арналған көмекші құрал.











Алғы сөз.

Балалардың эстетикалық көзқарасы мен талғамын дамытудың бірден - бір тиімді жолдары көркем-өнер болып табылады . Эстетикалық тәрбиеде көркем- өнерге ерекше көңіл бөлінеді.Ол әртүрлі сезімге бөлей отырып,қоршағанортаға мұқият қарауға үйретеді. Әркімнің өмір құбылыстарын көркемдік тұрғысы -нан қабылдауы қашан да өзіндік ерекшелік болып табылады.Бала қашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосуға бейім. Балалар өз ойларын шығармашылық қабіллеттер арқылы жет- кізе алады. Мектепке дейінгі мекемедегі бағдарламаның шығармашылық сала -сының бірі жапсыру сабағы. Жапсыруға үйрете отырып, балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, қол моторикасын, шығармашылық қызығушылықтарын арттыра түсеміз.

Аппликация (жапсыру) -(латынша арріісаііо — салу) дегеніміз - кез келген материалдан кесіліп алынған әр түрлі формалардан, фигуралардан белгілі бір фонға сәйкестендіре отырып тігу немесе жапсыру арқылы көркем бейне жасау әдісі. Аппликацияға әр түрлі материалдарпайдаланылады: былғары, киіз, шұға, ағаштың қабығы, тері, мата, ши, қағаз т.б.Қағаздан аппликация жасауXVI ғасырда пайда болады.

Аппликация — мектепке дейінгі жастағы балалардың жапсыру арқылы жасалатын іс-әрекетінің бір түрі.

Аппликация — бейнелеу іс-әрекетінің балалар сүйетін біртүрі: балаларды қағаздың ашық түсі, фигуралардың сәттілікпен үйлесімді орналасуы қуантады, қию мен жапсырудың техникасы оларда үлкен қызығушылық тудырады.Балалар аппликациялық жұмыстарды орындайотырып, жаңа нәтижелерді игереді, басқа сабақтарда алған үғымдарынқалыптастырады. Бейнелеу іс-әрекетінің барлық түрлері, соньщ ішіне аппликация да кіреді, балаларда белгілі бір білімнің қалып- тасуына, іскерліктерінің дамуына, дағды мен жеке бастың тәрбиесінің қалыптасу-ына бағытталады.Аппликацияның өзіндік ерекшелігі балаларға заттардың түр-түсі туралы, олардың құрылысы, көлемі, жазықтық формасы мен композициясы туралыбілімді белсене меңгеруге мүмкіндік береді. Қиылған формалардыәрлі-берлі жылжытуға, бір форманы екіншісінің үстіне салып көріп салыстыруға аппликацияның мүмкіндігі мол. Бүл композиялық білім мен іскерлікті жедел игеруге көмеқтеседі, ол тек сюжетті және декорациялық аппликация жасау үшін ғана емес, сондай-ақ сурет салу үшін де маңызды.

Аппликацияға қолданылатын құралдар: Түрлі - түсті қағаз, табиғи заттар түрлі түсті қатты қағаз, мата, салфетка, түрлі жіптер , желім , т.б.Аппликацияны үйретудің техникасымен түсті қағаздардың маталарын қиындыларына ұлттық композицияның сюжетін ,көлемін анықтау, бастапқы эскізін басып салу,фигуралар салу, фонын анықтау,фигуралардықағаздан ою, фигураларды кішкентай бөлшек- термен желімдеу,үлкен фигураларды және басқа да деталдарды фонға желімдеу.

Коллаж – техникасы бір қаттылау дененің бетіне әр түрлі бейнеде желімдеу.

Аппликацияның бірнеше түрлері бар:

Заттық аппликация

Симметриялы аппликация

Сюжетті аппликация

Сәнді аппликация



Бірінші сәбилер тобындағы аппликация.

2Shape1 -3 жастағы балалрдың жапсыру іс –әрекетіне қатысты ерекшеліктер:

1. Ересектермен бірлесіп желімсіз жапсыруды түсінуге және құрылымына қарай жеке бөліктерден құрастыруға үйренеді.

2. 2-3 бөліктен тұратын түрлі заттарды құруға үйрету

3. жапсыру барысында фланелеграф, қағаздың бетін дұрыс қолдануға үйрету.

Жапсыру кезінде бала үйренеді:Shape2

1.Дайын пішіндерді орналастыруға

2.Қарапайым композиция құруға



Желімсіз аппликация.

Екінші сәбилер тобындағы аппликация

Аппликацияны үйретудің міндеттері :

1.Бұл жаста қайшы берілмейдібарлық формалар мен силуэттерді дайын күйінде алады.

2.Негізгі түрлерімен танысады, түстерді салыстырып айыра білуге және дұрыс атауға үйренеді.

3.Сәндік аппликация сабағында балаларда ырғақ пен симметрияны сезініп дамытады.

4.Жоғарыда ,төменде, бұрышында, ортасында,жанында,қатарында,

бір – бірінің кейін сияқты кеңістік

ұғымдарын меңгереді.

5.Негізгі бағдарламалық міндеттерге формаларды қағазға салу мен жапсыру тәсілдерін үйрену кіреді. Аса ауыр тиетіні жапсыру тәсілін меңгеру болып табылады.


Аппликацияны үйретудің әдіс- тәсілдер: Дайындықта ақпараттық-рецепциялық және заттардың түсін, формасын ажырату үшін жаттығып жатқанда репродукциялық әдісті пайдаланған жөн. Балалардың түйсіктерін дамыту, затты көре білуге үйрету, сезу және көру талдауларын жетілдіру. Сабаққа дейін иллюстрацияларды,картинкаларды қарауға болады.Дидактикалық ойындарды жүргізгенде заттардың формасы мен көлемін, түсін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді.

Формасының қандай бөліктен құралғанын, көлемін, түсін, құрылысын анықтайды. Түрлі қасиеттеріне олардың зейінін бағыттай отырып сұрақ береді. Ыммен түсіндіріп, бейнелі сөздерді қолданады. Кейде үлгілер пайдаланылады, тек заттың өзін көрсетуге мүмкіндік болмаған кезде ғана пайдаланылады және балаларға таныс болу шарт. Маңызды нәрсе жапсыратын заттарды ретімен қою мен жапсыру тәсілдерін көрсету болып табылады, жақсы көрінетіндей етіп көрсеткен жөн.

Желімдеу процесі бірнеше кезеңнен тұрады:

1.. Оң қолына қылқаламды дұрыс ұстау және желімді жеткілікті мөлшерде ала білу.

2. Желімді форманың бүкіл бетіне мұқият жағу, қылқаламды тұғырға қою.

3. Салфеткамен жауып тұрып форманы алақанмен басып тұру,артық желімді сүртіп алу.

ЖShape3 ұмыстарды талқылау. Жағымды эмоция тудыру керек: барлығын мақтай отырып қызықтауға итермелеу қажет. Жылдың екінші жартысында бала зейінін қателерге және оларды көре білуге үйрету керек. Жапсырудың сапасын бағалауға үйрету қажет. Нені меңгергенін, қандай жаңалықты білгенін, неге үйренгенін, қателіктерді қалай болдырмау керектігін айта отырып, жұмыстарды талдауға тарту керек.

Тәрбиешінің барлық әрекеттеріжұмыстың тәсілдерін тік жазықтықта балаларға көрінетіндей етіп көрсету керек. Форма жапсыратын төсенішті қағаздың оң жақ шетіне қыстырған дұрыс және айқын сөзбен түсіндіре отырып барлық әрекетті ретімен көрсету қажет. Келесі сабақтарда мольбертке шақырылған бала жапсыру тәсілдерін көрсете бастайды. Бұл жұмысқа және орындалу сапасына қызығушылығын арттырады, тәсілдерді тез меңгеруге көмектеседі. Жапсыру тәсілдерді меңгергенде көрнекілік қолданбай оны сөзбен еске түсіру керек немесе сұрақ қою қажет.

Аппликацияға қолданылатын құралдар: Түрлі - түсті қағаз, табиғи заттар ,түрлі түсті қатты қағаз, мата, салфетка, түрлі жіптер , желім , т.б.

Аппликацияны үйретудің техникасымен түсті қағаздардың маталарын қиындыларына ұлттық композицияның сюжетін ,көлемін анықтау, бастапқы эскізін басып салу,фигуралар салу, фонын анықтау,фигуралардықағаздан ою, фигураларды кішкентай бөлшектермен желімдеу,үлкен фигураларды және басқа да деталдарды фонға желімдеу.

Коллаж – техникасы бір қаттылау дененің бетіне әр түрлі бейнеде желімдеу.

«Ыдыстағы балмұздақ» .Қажетті құрал:картон А5, фломастер, түрлі түсті салфеткалар, желім, түрлі гүлдер.

1. Ыдыс суретін фломастермен салып аламыз. .

2. Түрлі түсті салфетка балалардың таңдауы бойынша алынады.Салфетканы домалатып умаждаймыз.

3.Желім жағып суреттің жоғарғы жағына желімдейміз,гүлдерді желімдейміз.







«Алтын күз»

Қажетті құрал: Ақ қағаз, жапырақ , су бояқ , желім.















«Әсем әлем»

Қажетті құрал:Түрлі жапыпақ, желім, қатты қағаз.

«Кішкентай қонжық»

Қажетті құрал: Түрлі түсті қағаз, салфетка, қайшы, желім.







«Судағы балапан»

Қажетті құрал: Қатты қағаз, жіп, желім,түрлі түсті қағаз.

«Көбелек» Мазайка.

Қажетті құрала:картон,ермексаз.

«Балық»

Қажетті құрал: Диск, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы.



«Керік» МозайкаҚажетті құрал: Ермексаз, су бояқ, сүлгі, қатты қағаз.

«Саңырауқұлақ»Қажетті құрал: гуашь,ақ қағаз.

«Күз»

Қажетті құрал: Паралон, қайшы, желім, қатты қағаз.

«Арыстан»

Қажетті құрал: Салфетка, желім, түрлі түсті қағаз,қатты қағаз.

Қажетті құрал: Түрлі түсті салфетка,желім,қатты қағаз.

«Кірпі»

Қажетті құрал:: түрлі түсті қағаз,, картон А5, қайшы желім, фломастер

1. Суреттегідей қағазды бүктейміз, мұрыны жоғары болатындай.



2. Басқа түсті алып бүктеу, иректеп бүктеу.

3. Желімдеу

.








Естиярлар тобындағы аппликацияға үйретудің әдіс-тәсілдері


-Ақпараттық-рецепциялық- әдіс .

-Репродукциялық әдіс тиімді болып табылады.

-Тәрбиеші балалардың қайшыны қалай ұстағанын, олардың қалай ашқанын, бұның кімдерге қиынға түскенін бақылап тұрады.

-қайшымен жұмыс істеу қию тәсілдері көрсетіледі.тік үшбұрыштардан қисық кесінділер кесуге,

-шаршылы диагоналы бойынша кесуге,қағаздан трапеция мен үшбұрыш қиып алуды үйренуі керек.Сәндік жұмыстарды орындау үшін өте үлкен емес дайын шеңбер, сопақша, гүлдер мен жапырақтардың силуэттері ұсынылады.

Аппликацияға үйретудің міндеттері

Қоршаған ортадағы заттардың формасы туралы білімін кеңейте беру қажет, тікбұрышты, шаршыны, жолақты, шеңберді, үшбұрышты, сопақшаны айыра білуді және дұрыс атауды үйренеді, тек трапецияны бұрынғыдай бейнелеп салыстыру негізінде анықтайды. Құрылысы анағұрлым күрделі заттық бейнелеуді құрастыруды үйренеді. Жұмыста пайдаланатын детальдарының саны өседі: үйшіктің енді бірнеше терезелері мен есіктері де болады. Түстерді айыра білуге үйрету қарқынды жүргізіле береді. Негізгі түстермен қатар бірқатар түстер де пайдаланылады. Әр түрлі түс үйлесімдерінің әдемілігін көре білуге үйрету керек, түсті сезіне білуін аппликациялық жұмыстарға әр беретін құралдың бірі ретінде дамыту қажет. Түрлі кеңістіктік елес пен бағдарлаудың дамуына көп көңіл бөлу керек. Аралық,бірдей қашықтықта, шетінен т.б. сияқты ұғымдармен таныстыру керек. Екінші кішкентайлар тобында ұсынылған білімді бекіту қажет. Композициялық дағдыны және ырғақты түсінуді дамытуды жалғастыру маңызды. Қайшымен жұмыс істеу техникасына баса назар аударылады. Оқу жылында қиюдың түрлі қарапайым тәсілдерін игеруі керек: қайшыны дұрыс ұстауға және онымен жұмыс істей білуге, түзу сызық бойымен дұрыс кесуге, қисық кесінді жасауға және заттардың дөңгелек формаларын кесуге үйрету қажет. Жапсыру техникасын жетілдіріп отырған жөн.





Естиярлар тобындағы аппликацияға үйретудің әдіс-тәсілдері

Заттардың контуры бойынша қол қозғалысын қадағалау, түрлі дидактикалық ойындарды пайдалану, иллюстрацияларды, ашық хаттарды қарау, сондай-ақ айналада болып жатқан құбылыстарды бақылау. Үйрету әдістері балалардың бұрынғы меңгерген тақырыбына да байланысты болып келеді. Жетекші әдістердің бірі – алдағы бейнелейтін затты талдау мен зерттеуді қарастыратын ақпараттық-рецепциялық әдіс болып табылады. Зат туралы, оның сапасы мен бейнелеу әдістерін айтуға мүмкіндік бере отырып, олардың белсенділігін арттырады. Жеке бөліктерден заттық бейнелеуді құрастыра отырып, форма қиюды, көлемдік қатынасын сақтай отырып заттың құрылысын беруді үйренеді. Сәндік немесе бір типтес заттық бейнелеуді орындайтын болса, онда құрастыру нұсқаларын, түс үйлесімін, әр түрлі орналасуын, нұсқалы үлгілердің тиімді пайдаланылуын көрсету керек. Немесе тек бір заттың өзін белгілі бір элементтермен түрліше безендіруге болады. Естиярлар тобында қию алғаш рет жүргізіледі. Сондықтан басты назар қайшымен жұмыс істеу техникасына аударылады, қию тәсілдері көрсетіледі. Бірінші сабақта тәрбиеші қайшыны қалай дұрыс ұстау керектігін көрсетеді. Қағазды кесу тәсілдерін көрсете отырып тәрбиеші алдымен қайшының жүзін ашып, сол қолымен қағаздың жіңішке тілкемін салады да, қайшының сақиналарын басып қалып, кішкентай тілкемнен тік үшбұрыш немесе жолақ шығатынын көрсетуі керек. Жалпақ қағаз тілкемін кескен кезде қайшының жұмыс істеу тәсілін көрсету керек. Балаларды дөңгелек формаларды кесу тәсіліне үйрету процесінде қағазды қолда жайымен айналдыра отырып оларды шаршының, үшбұрыштың тек қана бұрыштарын кесу керектігіне үйрету керек. Бұл – балалар үшін ең қиын тәсілдің бірі, сондықтан алдымен жаттығу үшін жай қағаз, сонан соң түрлі-түсті қағаз беру керек. Қиюдың әдістерін барлығына көрсет. Барлық көрсететін әрекетін нақты сөзбен түсіндіріп, кейде бейнелі салыстыруға жүгінеміз. Сопақшаны қандай қағаз дайындамасынан және қалай қиюға болатынын сұрау балалар үшін аса пайдалы болып табылады. Балалар ойлана отырып, бұл форманы тік үшбұрыштың бұрышын кесіп тастап барып алуға болатынын айтады. Тәрбиеші бұрыштың айналдырыла кесілетінін пысықтайды. Қию техникасын меңгеруді түрлі қызықты аппликациялық бейнелеуді жасаудың кепілі деп түсінулері керек. Алдыңғы тәжірибелерге сүйене отырып мұнымен балалардың белсенді ойлауын, дұрыс шешім табу қабілетін дамытуға болады. Бірқатар жағдайларда репродукциялық әдіс тиімді болып табылады. Тәрбиеші балалардың қайшыны қалай ұстағанын, олардың қалай ашқанын, бұның кімдерге қиынға түскенін бақылап тұрады. Кейде қағазға әуелі саусағымен сызық «сызып», қайшыны сол бойынша жүргізуді ұсынуына болады. Бұл қию тәсіліне байыпты көзбен қарауына көмектеседі. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер бірлікте және өзара тығыз байланыста қарастырылады. Көрнекі құралдардың көмегінсіз-ақ тапсырманы түсіндіре алатын тәрбиеші сөзінің ролі артады. Аппликацияның қалай жасалатыны, түрлі формаларды қандай қағаз дайындамасынан және қандай тәсілмен қиюға болатыны туралы жиі сұрақ қою қажет. Бейнелілік, мәнерлілік ұғымдарын түсіндіре беру үшін жұмыста көркем сөзді жиі пайдаланған жөн. Нұсқалық сипаттағы аппликация жасау кезінде балалардың белсенділігін және өз бетімен жұмыс істеуін арттыратын ақыл-кеңесті пайдалану қажет. Қайшымен жұмыс істеу күрделі болғандықтан, жеке үйретуге көп көңіл бөлу керек. Бірақ, бір баламен жұмыс істей отырып та барлық топты қадағалап отыру қажет. Қию тәсілдерін көрсеткен кезде жаттығуға арналған жай қағазды пайдалану керек. Тәрбиеші жұмыстың ретін балалардың естеріне түсіріп отырады. Жапсыру мен қию сапасына көңіл аударады, нашар меңгерген баламен жеке жұмыс істейді, аппликация жасауда үлкен бейнелілік пен мәнерлілікке қол жеткізуге қозғау салады.

Жұмыстарды талқылау

Балалардың өздерін белсенді түрде қатыстыра отырып талқылау керек. Олардың сәтсіздіктерінің сырын, қателіктерінің себептерін айтатындай етіп сұрақ қоюы керек. Тәрбиеші барлық бауырсақтардың дөңгелек емес екенін ескертеді де, неліктен олай болғанын сұрайды. Жауап бере отырып, дөңгелек формаларды қию әдістерін тағы да жетілдіре түседі. Бейнелердің айқындығына да көңіл аудару аса маңызды.



Ересектер тобындағы аппликация



Алты жастағы балаларда бақылау ойындар мен сенсорлық тәрбиенің әсерінен форма, түс, көлем және заттардың басқа да сапасы туралы білімі қалыптасады. Осы жастағы балалардың қоршаған ортасы туралы едәуір білімі болады, көптеген түрлі іскерлік пен қию тәсілдерінің техникасын меңгереді. Баланыңбуынықатайып, шымырланады, оның қозғалысы да епті және нақты бола бастайды. Бұның барлығы үйренудегі аса күрделі міндеттерді анықтауға мүмкіндік береді.

Ересектер тобында аппликацияға үйретудің әдіс-тәсілдері

Алдыңғы сабақтардағы сияқты күнделікті өмірде алда бейнелейтін заттарды талдауға, иллюстрациялық материалдарды қарастыруға, айналадағы құбылысты зерттеуге көп көңіл бөлу керек.

Егер алдыңғы топта тәрбиеші балалардың белсенділігін сұрақ қоя отырып арттыратын болса, енді балалардың өздеріне ерік беру қажет. Балаларға заттарды талдауға көмектесетін жоспарды ұсынуға болады немесе заттарды қарай отырып не туралы айтуға болатынын сұрау керек. Қиын тиген жағдайда тәрбиеші заттарды талдау процесінде ненің қалып қойғанын жетелеп сұрауына болады. Осы жастағы балдырғандар тобында заттардың белгілері мен сапаларын салыстыруға көп көңіл бөлу керек, балаларды көлемдегі, пропорциядағы айырмашылықты көре білуге үйрету қажет, форма жасайтын қозғалысты жетілдіруді жалғастыра беру керек. Сәндік-қолданбалы өнер туындыларын қараған кезде түс үйлесімін, формалар үндестігін, композиция мәнерлілігін байқауға үйрету қажет.

Қиюдың жаңа тәсілдерін өткен кезде жұмыстың әдістері мен кезеңдерін көрсету тәрбиешішің еншісіне тиеді. Мәселен, қос қабатталып бүктелген қағаздан бірыңғай заттарды қию жүзеге асырылады. Тәрбиеші қағазды қалай бүктеу мен кез келген таныс формаларды қалай қию керектігін, сонан кейін бірыңғай бірнеше фигуралардың қалайша алынатынын көрсетеді

Симметриялы формалы затты зерттеу кезінде қағаздың екінші жартысын жаба отырып балалардың зейінін оның контурының жартысын жүргізуге аудару керек.

Аппликация жасаудағы едәуір тәжірибелерін ескеріп тәрбиеші үйретудің сөздік тәсілін қолданады. Сұрақтардан, көрсетулерден және ескертулерден өңге тәрбиеші балалардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ақыл-кеңесті көп пайдаланады. Мысалы, сәндік аппликацияны дайындау үшін тәрбиеші балаларға әуелі қағаздың қолайлы түсін таңдауды, жұмысты қандай элементтермен әшекейлеуді ойластыруды, әдемі болу үшін оларды қалай қию және



Жұмыстарды талқылау

Аппликацияны талдауды балаларды белсенді түрде қатыстыра отырып жүргізу қажет. Алдыңғы сабақтардағыдай балалардың зейінін жұмыстың мазмұнына, бейнелеудің ерекшелігіне, қиюдың сапасына (естиярлар тобына қарағанда жоғары талап қоя отырып) аудару керек. Балаларды өзінің жасаған аппликациясына сын көзбен қарауға және оны басқамен салыстыруға үйрету керек.





Қорытынды

«Шығармашалық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмытылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.Жас жеткіншектерді жан-жақты етіп тәрбиелеу – ең басты мәселелердің бірі. Оны шешудің негізгі бір тармағы – эстетикалық тәрбие беру барысында ерекше үлес бейнелеу өнерінің еншісіне тиетіндігінде. Бұл жөнінде танымал ғалым Ф.Жұмабекова: «Бейнелеу өнері тәрбие құралы ретінде баланың жеке басының жан-жақты дамып, қалыптасуына тікелей әсер етеді» - дейді. Бейнелеу өнерімен танысу барысында баланың ақыл-ойы жетіліп, жағымды мінез-құлықтары мен адамгершілік қасиеттері қалыптасып, әсемдік пен сұлулықты қабылдау қасиеті артады. Яғни, қоршаған ортаға, табиғатқа деген эстетикалық сезімі шыңдала түседі.

Эстетикалық тәрбие беруде экскурсияның да маңызы аса зор. Бұл – оқу-тәрбие жұмысының мазмұнды да қызықты түрі. Экскурсия балаларды бейнелеу өнері сабақтарында алған білімдерін кеңейтіп, тереңдетіп, тиянақтауға септігін тигізеді. Мұғалім әрбір экскурсияның алдына белгілі мақсат қойып, бейнелеу өнері бойынша шығармашылық жұмыстардың ерекшелігі жайлы айқын түсінік беруі тиіс.

Бейнелеу өнер сабақтарында шығармашылық жұмыстардың әр түрлі тұрпаттары мен әдіс-тәсілдер түрін пайдалану оқушының аппликация жасауда шығармашылық тәсілдерін игеруге көмектеседі.

  1. Қолданылған әдебиеттер:

Бейнелеуөнерiбойыншадидактикалықойындар / Ф.Жұмабекова.-Алматы: РАУАН, 1994.- 8 бет.

Бейнелеуісәрекетіменконструкциялардыүйретуметодикасы

Н.П.Сакулина , Т.С. КомароваАлматы «Мектеп» 1985











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!