Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты түйсігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты түйсігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге ,мұғалімдер, тәрбиешілерге керек мағлұмат. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты түйсіктері,яғни жас ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу,балаға сұрақ қою,ойнату,түйсігіне байланысты тапсырма беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2021
455
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Каспий өңірі «Болашақ» колледжі













КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы:

«Түйсік»










Орындаған: Қайыпбергенова Қ.

Тексерген:Ерубаева А.







Ақтау,2021ж.


Мазмұны



Кіріспе. Түйсік туралы жалпы ұғым......................................................................3

І. Түйсік ағзалары және түйсіктің түрлері............................................................5

1.1. Түйсік ағзалары ...............................................................................................5

1.2. Экстероцептивтік түйсіктер............................................................................7

1.3. Органикалық түйсіктер..................................................................................13

1.4. Қозғалыс түйсіктері және вибрациялық түйсіктер.....................................16

ІІ. Түйсіктің негізгі заңдылықтары......................................................................17

2.1. Адаптация........................................................................................................17

2.2. Сенсибилизация..............................................................................................19

2.3. Синестезия және бір ізді образдар................................................................20

ІІІ. Балада түйсіктердің дамуы мен өзара байланысы.......................................21

Қорытынды............................................................................................................25

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................27


Кіріспе

Түйсік туралы жалпы ұғым


Адамның жан-жағында толып жатқан заттар бар, үнемі түрлі құбылыстар болып тұрады.

Материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарының біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнеленуін түйсік деп атаймыз.

Түйсік – біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс, осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлап, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсік себепсіз тумайды. Біз түсік арқылы заттың формасын, түсін, көлемін білеміз. Қолымызбен қозғап, заттың салмағын білеміз. Түйсік арқылы болмаса, біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың формалары туралы да біле алмаймыз. Түйсік таным процесіне жатады, өйткені адам таным процесі арқылы дүниені таниды. Түйсік басқа психикалық процестерге қабылдауға, есте сақтауға, ойлауға, қиялға материал береді. Адам дүниені ең алдымен өзінің сезім мүшелері арқылы ғана түйсінеді. Заттар мен құбылыстар адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер тигізбесе түйсіну де пайда болмайды. Түйсіну арқылы адам өзінің дене мүшелерінің ауырғанын тағы осы сияқты әсерлерді де сезеді. Түйсіну біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады.

Иә, біз өзіміздің түйсігіміз арқылы айналамыздағы заттардың қасиеттерін, қатты, жұмсақтығын, олардың бетінің тегіс немесе кедір-бұдыр екенін, салмағын, температурасын, иісін, дәмін, түсін, дыбыс шығаратынын, шығармайтынын, қозғалатын, қозғалмайтынын біле аламыз. Мұның сыртында түйсік арқылы өз денеміздегі өзгерістерді, оның мүшелерінің қозғалысын, қалпын, ішкі мүшелеріміздің жұмысын, оның бұзылуын, тағыда басқа жағдайларды біліп, қабылдаймыз. Сол себепті психолог-мамандар «Түйсік - әлем жайындағы біздің барлық біліміміздің бұлағы, қабылдау, елестеу, еске түсіру, ойлау секілді күрделі тану процестері үшін материал осы түйсік арқылы беріледі...», - дейді.

Хайуандар да түйсінеді. Бірақ адам мен хайуанаттардың түйсінулерінің арасында үлкен айырмашылық бар. Хайуанаттардың психикалық әрекеттері де сыртқы дүниенің сәулелері болып табылады. Бірақ олардың дүниені сәулелендіру айналасындағы қоршаумен тек биологиялық байланысын ғана сәулелендіреді, екіншіден, олардың сезім мүшелерінің сезгіштігі шектеулі болады. Адамның дүниені тануы сезім мүшелері табиғи заттарды түйсінумен ғана тынбайды, сонымен бірге ол өз еңбегімен жасап шығаратын заттарды да түйсініп отырады. Адамның дүниені тануы хайуанаттардай жалғыз ғана, оның сезім мүшелері биологиялық құбылыстары мен олардың құрал-саймандар арқылы, жай сезім мүшелерімен түйсіне алмайтын заттарды да түйсіне алады. Мәселен, бүркіттің көзі қаншалықты үлкен болғанымен заттардың белгілерін айыруға келгенде ол адамның көргенінің көбін көре алмайды. Иттің иіскеу сезімі қаншалықты күшті болғанымен ол адам ажырататын иістердің мәнін ажырата алмайды.

Адамның түйсіне алу қабілеті – сезгіштік болса, ол абсолюттік және айыру сезгіштік деп екіге бөлінеді. Абсолюттік сезгіштік деп жүйке саласының өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуын атайды. Ал тітіркендіргіштердің түйсік туғызатын ең аз шамасы – оның абсолюттік табалдырығы. Жалпы, адам баласының сезім мүшелерінің абсолюттік сезгіштігі өте үлкен. Алайда абсолют сезгіштікте, айыру сезгіштігі де тұрақты емес, түрлі жағдайларға байланысты олар өзгеріп отырады. Осы өзгерулер үш себептен: сезім мүшелерінің әсер еткен тітіркендіргішке бейімделуіне қарай, әр мезгілде пайда болатын түйсіктердің бір-біріне ықпалына қарай, адамның тұрмыс жағдайына, әсіресе, іс-әрекетінің, кәсібінің талабына қарай.

Бұл сезгіштіктің өзгеруінің бірінші себептен пайда болатын жағдайы – адаптация, екінші себептен пайда болатын жағдайы – сексибилизация.

І. Түйсік ағзалары және түйсіктің түрлері

1.1. Түйсік ағзалары


Түйсіктердің физиологиялық негіздері ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі анализаторларда іске асып отырады. Кибернетика тілімен айтқанда, адам - өзін-өзі басқаратын жүйе. Анализаторлар - сол жүйенің негізгі ақпараттандыру мүшесі. Ағза барлық анализаторлардан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына қарай орталық жүйке жүйесі функцияларын реттеп отырады: бірде жаңа реакция тудырып, бірде бұрын өтіп жатқан әрекеттің барысына өзгеріс кіргізіп, оны түзетіп, бағыттар береді. Ми қабығында ылғи үздіксіз өтіп жатқан күрделі қызмет анализаторлар арқылы іске асыл отыратын кері байланысқа сүйенеді.

Анализаторлар үш бөлшектен құралады:

а) перифериялық орган - сезім мүшелері (рецепторлар);

ә) өткізгіш бөлім - рецепторларды тиісті орталықтар мен байланыстырыл отыратын аффередттік және эфференттік жолдар;

б) мидағы орталықтар.

Бірінші компоненті - сезім мүшелері (рецепторлар) - әр түрлі құрылған жүйкелік аппараттар. Олардың міндеті - сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін жүйкелік қозуға айналдыру. Анализаторлардың бұл сатысында өсерді тек қарапайым дәрежеде ғана талдау іске асып отырады. Екінші компоненті - өткізгіш бөлім - сыртқы энергияның сезімтал жүйке талшықтарының ұшында қозуды екі жолмен екі бағытқа (жоғары, төмен) жайып отырады.

Бір жолмен орталыққа тебетін талшықтар арқылы қозуды жұлын мен ми бағанасына және ми қабырындағы алқаптарға жеткізіп отырады; екінші жолмен орталықтан тебетін талшықтар арқылы мидан қозу толқынын әр түрлі ағзаларға өткізеді. Жүйке талшықтарының бойымен қозу бір секундтың ішінде 120 метрдей тездікпен өтіп жатады. Үшінші компоненті - мидағы орталықтар (анализатордың шешуші бөлімі).

Жүйке жүйесіндегі басқа бөлімдердің жасушаларының құрылысымен салыстырғанда, бүл орталықтың жасушаның құрылысы ерекше түрде әрі күрделірек боп келеді. Ағзаның ортаға икемделу реакцияларын дәл қамтамасыз етіп, нәзік талдау жасап отыратын мүше - мидағы осы орталықтар. Бұрын физиология ғылымында мидағы орталықты белгілі бір жерге жай топталған нейрондардың жиынтығы деп түсінетін. Қазір зерттеуші ғалымдар психоморфологиялық бұл көзқарасты қате деп тауып отыр. Осы кездегі үстем пікір - функциялардың динамикалық жайласуы. Ми орталықтары – мидың бір жерінде бұлжымай қатып қалған алқап емес, күрделі қарым-қатынас жасап отыратын, бір-бірімен тығыз байланыстағы ми алаптары. Ол алаптар ортаның қойған талабына сай бірінің орнын бірі басып отыруға, бір топ нейрондардың атқаратын қызметін екінші алап атқаруға қабілетті келеді. Психология пәнінде ми қабығының мұндай қызметін компенсатордың әрекет деп атайды.

1.2. Экстероцептивтік түйсіктер


Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.

Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.

Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп, дамуына еңбек процесі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің (тілдің), сананың пайда болуы күшті себеп болды. Адам түйсіктерінің жануарлар түйсіктерінен сапалық айырмашылығы болатындығы, олардың тіршілік жағдайына байланысты түрліше көрінетіндігі ғылымда әлдеқашан дәлелденген жәйт.

Мәселен, құстардың дене құрылысын да, психикасын да айқындайтын негізгі факторлардың әуелде үшып жүріп тіршілік етуге бейімделгендігі. Бұл үшін құстардың көзі қырағы, құлағы естігіш болуы аса қажет. Жыртқыш құстардың көзі аса қырағы, өйткені олар өз жемтігін алыстан көруі қажет, ал иттерде иіс түйсігі ерекше дамыған. Әйтсе де, құстар да, иттер де заттардың мән-мағынасын, бір-бірімен байланысын ажырата алмайды. Адам түйсіктерінің ерекшелігі олардың ойлау, сөйлеу әрекетімен тығыз байланыстылығында.

Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады: экстероцептивтік, интотоцептивтік, пропраоцептивтік.

1. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстероцептор деп атайды. Бұған көру, есту, тері түйсіктері жатады.

2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін (хабарлайтын) түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атайды.

3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Мұның рецепторы проприоцептор деп аталынады. Енді осы топтағы түйсіктерге жеке тоқталып өтейік.

Экстероцептивтік түйсіктер – бұл түйсіктер организмнің сыртында орналасады. Жататындар: көру, есту, сипап сезу.

Көру түйсігі. Біздің өмірімізде көру түйсігінің ерекше маңызы бар. Зерттеулерге қарағанда адам 180 түрлі тусті және олардың арасындағы 10000-нан аса реңкін айыра алады. Адам түйсінетін түстер ахроматикалық және хроматикалық болып бөлінеді.

Хроматнкалық - гректің "түсті, боялған"деген сөзінен шыққан.

Ахроматикалық - түссіз. Ахроматикалық түстер - қара, ақ, сұр түстер.

Хроматикалық – түстерге - қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін түстердің барлың реңктері кіреді.

Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде көзімізге ұзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000 000 бөлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі ұзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана көз заттардың түсін (бояуын) ажыратады. Мәселен, қызыл түс ұзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрондай ұзындықтағы электромагнит толқындарының әсер етуінен пайда болады.

Көру мүшесі - көз. Оның негізгі бөлімі - көз алмасы. Көз алмасы - үш түрлі қабықпен (ақ түсті тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.

Ақ қабықтың түсі пісірілген жұмыртқаның ағына ұқсас. Мұның алдыңғы жағы аздап дөңестелген түссіз мөлдір қасаң қабыққа айналады. Мөлдір қасаң қабын арқылы көз алмасының ішіне жарың сәулесі енеді.

Тамырлы қабың ақ қабықтың астында жатады. Қасаң қабықтың артқы жағы, тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке байланысты түрліше болып келеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық орналасқан. Ен ішкі, үшінші қабықты торлы қабық дейді. Мұнда жарық сәулесінің сезімтал таяқшасы және шақша колбочка деп аталатын фоторецепторлары орналасқан "пигмент" - латыннан аударғанда "бояу " деген мағынаны білдіреді. Онда 130 миллионға жуың таяқша, 7 миллиондай шақша жасушалары бар. Таяқшалар ымыртта, қараңғыда көрудің, ал шақшалар күндіз көрудің аппараты делінеді. Заттардың түстерін көру "үш түсті көру" теориясымен түсіндіріледі. Осы теорияны алғаш ұсынған ұлы орыс ғалымы М.В. Ломоносов болса, оны одан әрі дамытқан неміс ғалымы Г. Гельмгольц. Осы аталған ғалымдар көздің тор қабатында үш түрлі жұмыр клеткалар бар, олардың бір-бірімен айырмашылығы жарың сәулелерінің әсерін түрліше сезетіндігінде деп жорамал жасады.

Спектрге қараған кезде одан табиғаттағы жеті негізгі түсті және олардың сансыз реңдерін айыруға болады. Ересек адам түстің 180-дей жеке түрлерін және он мыңнан астам реңктерін ажырата алады.

Түстер хроматикалық, яғни бояулы (қызыл, қошқыл сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық, яғни бояусыз (ақ, қара және барлық сұр түстері) болып екіге бөлінеді.

Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің жарықтылығы, өңі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек жарықтылығымен ғана ажыратылады.

Түстің жарықтылығы — түстердің қара түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ақ түс ең жарық түс, қара түс жарықтылығы ең төмен түс болып табылады.

Түстердің өңі дегеніміз бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы.

Түстің қоюлығы — жарықтылығы бірдей сүр түстерден жеке түстердің айырмашылығы. Ең қою түс — қызыл түс болады.

Есту түйсіктері. Бұлардың құлаққа жағымдыларын - консонанс, ал жағымсыздарын - диссонанс дыбыстары дейді, консонанс - француздың "консонансе" деген сөзі, қазақша үйлесімді, жағымды деген мағынада айтылады. Дисонанс - француздың "диссонансе" деген сөзі, қазақша "үйлесімсіз" деген мағынада. Есту мүшесі – құлақ үш бөлімнен тұрады. Оның біріншісі - сыртқы құлақ. Сыртқы құлаққа дыбыс түтігімен қосылған құлақ қалқаны жатады. Ортаңғы құлаққа - балғаның, төстік, үзеңкі кіреді. Есту мүшесінің үшінші бөлігі - ішкі құлақ. Ішкі құлақтың бітісі өте күрделі, оның өзі үш бөліктен - босағадан, иірім түтіктен және жартылай имек каналдардан тұрады. Бүкіл негізгі жарғақша бойлай корт мүшесі орналасқан. Оның құрылысы да өте күрделі. Корти мүшесінің аса маңызды бөлігі - өте жіңішке талшықтары бар сезімтал жасушалардан тұрады. Осы жасушалар дыбыс қабылдайтын рецепторлар деп аталады. Есту түйсігінің де сыртқы дүниені танып білуде атқаратын маңызы зор. Біздің құлағымыздың ішінде шамамен 24000 көлденең талшықтан тұратын құлақ жарғағы болады. Құлаққа жеткен дыбыс толқыны құлақ жарғағының талшықтарының бірін қоздырады. Бұл қозу миға беріледі, оның нәтижесінде дыбыс түйсігі пайда болады. Біздің есту аппаратымыз жиілігі секундына 16-дан 20000-ғадейінгі дыбысты ұстайды. Біз еститін дыбыстардың барлығын екі топқа бөлуге болады:

1. Музыкалық дыбыстар - бұлар ән салғанда, саз аспаптарында ойнағанда.

2. Шулар - сықырлау, дүрсілдеу, тарсыл-гүрсілдер.

Есту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері — дыбыс толқындары. Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудін жиілігі, амплитудасы (құлашы) және тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған сәйкес есту түйсіктерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы — бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі, дыбыстың қаттылығы — бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі, тембрі — тербеліс түрінің сәулеленуі. Біздің құлағымыз бір секунд ішінде 16 тербелістен немесе герцтен 22 мың герц (тербеліс) ішіндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиілігі бұдан асатын тербелістерді кұлақ шала алмайды. Өйткені бұлар өте жіңішке, ультрадыбыстар. 16 герцтен төменгі дыбыстарды да құлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай түрін инфрадыбыстар деп атайды. Құлағы ең сақ аңқұстар дегенде ең алдымен жарғанат айтылатыны белгілі. Оның есту қабілеті 175 мың Гц, одан соң ит — 100 мың Гц, шегіртке — 90 мың Гц, тауық — 38 мың Гц келеді. Адамның естігіштік қабілеті — сайрауық құстармен бір деңгейде — 20 мың Гц болады екен.

Тері түйсіктері. Тері түйсігінің рецепторы — денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мұрынның кілегей қабықтарында да мол. Тері түйсіктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (сүйкеніс), қысым, дуыл түйсіктері), температура (жылыны, салқынды білдіретін түйсіктер) және ауырғанды білдіретін түйсіктер. Тері түйсігі рецепторларының есебі жоқ. Тек ауырғанды білдіретін нүктелердің өзі ғана денемізде 900 мыңнан асып жатады. Терінің түрлі алаптарында сезгіштік бірдей емес.

Тері түйсігінің рецепторы денедегі тершің өн бойына орналасқан. Тері Терінің сезгіштігі адам денесінің әр жерінде әр түрлі болады. Бір нәрсе тигенде тілдің, саусақтың ұшы, арқа сезімтал келеді. Бір жеріміздің ауырғанын жақсы сезетін - арқа мен бет терілері, ал нашар сезетін саусақ ұштары мен алақан.


Сипай сезу түйсіктері. Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктерінің бірі — сипай сезу (осязание) түйсігі. Мұның екі түрі бар. Біріншісі — пассив сипай сезу. Бұған тері түйсігі түгелдей кіреді. Екіншісі — актив сипай сезу. Актив сипай сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің ұштасып келуінен көрінеді. Актив сипай сезу түйсігінің рецепторы адамның қолында (саусақ, алақан) орналасқан. Осы түйсік — әрекеттің нақтылы бір түрінің ықпалымен күшті дамып отырады.

Сипап сезу түйсіктері. Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктердің бірі - сипап сезу түйсігі. Мұның екі түрі бар. 1. Пассив сипап сезу. 2. Актив сипап сезу. Актив сипап сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің әлсіз немесе күшті тітіркендіргіштердің әсерін бүл заңмен түсіндіру қиынға соғады.

Сипай сезу түйсіктерінің жалпы еңбек процесінің «ұсақтүйек» ерекшеліктерін меңгеруде, мектепте оқушыларды қол еңбегінің дағдыларына үйретуде, сондай-ақ соқыр, мылқау, керең адамдардың тіршілігінде ерекше орын алатыны түсінікті.


1.3. Органикалық түйсіктер


Түйсіктердің екінші тобына — органикалық түйсіктер жатады. Оларды интотоцептивтік түйсіктер деп те атайды. Бұл организмнің ішінде орналасады. Бұған жататындар: дәм түйсінуі, иіс түйсінуі, ауруды түйсіну, барлық органикалық түйсінулер (шөлдеу, қарны ашуы).

Органикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі мүшелердің қабаттарына (өңеш, қарын, ішек, тамыр, өкпе, жүрек т. б.) орналасқан. Ашыққанда, шөлдегенде не сусын қанғанда, жүрек айнығанда, іш ауырғанда және т. б. осындай жағдайларда болатын сезінулер органикалық түйсіктерге жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді.

И. М. Сеченов сондықтан да түйсіктердің бұл тобын «көмескі түйсіктер» деп атаған. И. П. Павлов мектебінің зерттеулері көрсеткендей, дені сау адамның органикалық түйсіктері оның жалпы «хал-күйінің» негізі болып табылады.

Иіс түйсіктері. Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың жасушаларына түрлі химиялық заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш жасушалары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезім жасушаларын тітіркендіріп отырады. Иіс түйсіктерінің түрлері көп. Мәселен, Африкадағы бұмен тайпалары арыстанның, зебрдің ізін иіскеп жүріп-ақ оңай тауып алады, олар иісті ең жақсы аңшы иттерден артық біледі. Үндістанда жыланның жатқан жерін иісінен біліп табатын адамдар бар. Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, керең адамдар да ерекше жетілген. Мәселен, олар бөтен адамдарды, түрлі нәрселерді алыстан, иісінен таниды. Үйге кірген адамды да, таныс көшесін, тұрған үйін де олар иісіне қарап оп-оңай айыра алады.

Иіс түйсіктері. Қазақ психологы Қ.Жарықбаевтың айтуынша, «Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың тал шықтарына түрлі химиялық заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш талшықтары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш талшықтарын тітіркендіріп отырады».

Дәм түйсіктері. Тіліміздегі дәм бүршіктері дәмді айыратын мүше болып табылады. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға еритін әр түрлі химиялық заттар екені белгілі. Дәмді – ащы, тәтті, тұщы (тұзды), қышқыл деп, төртке бөліп жатады. Дәм түйсіктері адам психологиясына түрліше әсер естетін қасиеттер.

Дәмді айыратын мүше — тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялық заттар. Дәмді тәтті, ащы, тұзды, қышқыл деп төртке бөледі. Дәм, иіс түйсіктері бірімен-бірі араласып жататындықтан, адам көбінесе дәмді де дұрыс айыра алмайды. Мәселен, тұмауратқан адамның дәмді айыруы бәсең болатындығы — дәм, иіс түйсіктерінің араласып жататындығына жақсы мысал. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді — тілдің ұшы, ащыны — тілдің түбі, қышқылды — тілдің екі жақ шеті, тұзды тілдің ұшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затты тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажырата алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.

Сілекейде еріген заттардың дәм бүршіктерін тітіркендіруден дәм түйсінуі туады. Дәм бүршіктері деп ауыздың кілегей қабығында көп қабатты эпителимен оралған сопақ денелерді айтады. Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішіндегі таңдайда, жұтқыншақтық арт жағында орналасқан. Олардың көп орналасқан жері - тіл аймағы. Дәм түйсіктерінің негізгі төрт түрі бар – тәтті, қышқыл, тұзды және ащы. Дәм түйсіктерінің толық болуы үшін иістің маңызы бар. Ол болмаса, әр түрлі тағам дәм жағынан бірдей болып көрінуі мүмкін. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін сезеді.

Бұл жөнінде қазақ психологы Қ.Жарықбаев былай дейді: «Дәм түйсіктері де адам психологиясына түрліше әсер етіп отырады. Мәселен, дәм ді тағамдар – адамның тәбетін арттырады. Тәбет – дәм нервтерін қоздыратын психикалық акт. Асты көңіл қойып, сүйсіне ішу, ыдыс-аяқ пен стол жапқыштардың эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай келуі – адамның жан дүниесіне жағымды әсер етеді. Түйсіктердің басқа түрлері сияқты (көру, есту т.б.) дәм түйсігін де адам тіршілік қажетіне қарай жақсы дамыта алады. Мәселен, тамақ өнеркәсібінде істейтін адамдардың (дегуста тор) дәм түйсігі айтарлықтай жетілген. Олар алақанындағы ұнды уқалап көріп, оның қай жердің бидайынан тартылғанын, шараптың дәмін татып, қай елдің жүзімінен жасалғанын бірден анықтай алады».

1.4. Қозғалыс түйсіктері және вибрациялық түйсіктер


Пропраоцептивтік түйсінулер – бұл бұлшықетте, сіңіруде және нерв системасының ішкі жағында орналасады. Жататындар: дірілдеу, тамыр тартылып қалу.

Кинестезиялық түйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді. Кинестезиялық түйсіктерді кейде қозғалыс түйсігі деп те атайды. Оның рецепторлары – ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйкелерінің ұштары.

Тең басу түйсіктері. Мұндай — түйсіктерді статикалық түйсіктер деп те атайды. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратта орналасқан. Статикалық түйсік — бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегі алып тұрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді.

Вибрациялық түйсіктер. Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болады. Негізгі анализаторлары (түйсіну мүшелері) сау адамдар көбінесе өздерінде бүл түйсіктердің болуын байқамайды. Көзі, құлағы, тілінен бірдей айрылған американдық Елена Келлер мен орыстың ғылыми қызметкері Ольга Скороходованың өмірі мен творчестволық әрекеті анализаторлардың адам қаларлық жағдайда бір-бірімен байланысып отыратындықтарын, әсіресе, мұнда вибрациялық түйсіктердің қандай маңыз алатындығын жақсы көрсетеді.

ІІ. Түйсіктің негізгі заңдылықтары

2.1. Адаптация


Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштікті: абсолюттік, айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз — сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік табалдырық — түйсік табалдырығының шегі. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштің болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Мәселен, біреу алақанындағы бір ми квадрат аумаққа түсетін салмақты 3гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу осындай жерге түскен салмақты алты грамнан бастап сезеді. Бұдан соңғы адамның түйсік табалдырығы екі есе артық та, абсолюттік сезгіштігі екі есе кем екендігі көрінеді. Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан төмен жатса, оңда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезе алмайды, көз ультра күлгін сәулелерді көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді. Өйткені осы тітіркендіргіштердің бірде-біреуінде түйсік туғызарлықтай күш жоқ.

Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табалдырығының мөлшерімен пайдаланады. Мәселен, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3-4грамм қосу керек, Айыру табалдырығы түйсіктің түрлерінде әртүрлі болып келеді. Мәселен, жарықты айыратын табалдырықтың күші 1/100-ге тең. Бүл айтылғандарды мынадай фактілермен дәлелдейді. 100 шамдық жарық Күшіне тағы бір шамдық жарық қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артатындығы байқалады. Ал жүз кісі қатынасқан хорға тағы да он адам қосылса, хордың даусы аздап болса да көтеріледі.

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация дейді. Адапатация латынша «адаптацио», қазақша «бейімделу» деген мағынаны білдіреді.

Адаптация құбылысы адам сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Түйсіктердің қай-қайсысы да адаптацияланады. Мәселен, көру түйсігіндегі адаптацияны алайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптациясын туғызады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде көздің қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл қарашықтан өтетін жарықтың мөлшері 17 есе көбейеді деген сөз. Көздің қараңғыда көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалардың әсері

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!