Материалдар / МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мем¬лекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұр¬пақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің ен¬шісінде. Заман өзгерген сайын¬ әдіс-тәсілдер көбейіп, жа-ңବ¬рып, толығып жатыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2021
270
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ

54 «Асыл-Арман» бөбекжай бақшасы

«Балбөбек» тобының тәрбиешісі

Алжанова Айгерим Ануарбековна

Шымкент қаласы


Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мем­лекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай  мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұр­пақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің ен­шісінде. Заман өзгерген сайын­  әдіс-тәсілдер көбейіп, жа­ңа­­­рып, толығып жатыр. Бала­лар­дың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технология­ны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады.

Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар:

1. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы.

2. Тәй - тәй технологиясы

3. Монтессори технологиясы

4. Зайцев технологиясы

5. Дамыта оқыту технологиясы

Дамыта оқыту технологиясын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде пайдалану – өмірталабы. Сондықтан да оқыту үрдісінде қойылатын қазіргі талаптар мұғалімнен үлкен ізденіс пен шеберлікті қажет етеді. Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтады. Дамыта оқытуда мұғалім мен оқушы арасындағы жаңа қарым-қатынас қалыптастырып, оқушылардың берілген тапсырмаларды талдауына, салыстыруына, өз беттерінше әрекет етулеріне, яғни ой еркіндігіне зор маңызы береді. Сөйтіп, балалардың зейін қойып ойлауы мен тапқырлығына мүмкіншілік туғызып, ойларын одан әрі дамытуларына жол ашады.

Менің де тәрбиеші ретінде алға қойған мақсатым – балаларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар, олардың шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру. Сол себепті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін идеялық жағынан ғылыми негізде өмірмен байланысты ұйымдастырып, баланың қызығуын, құштарлығын танытуға бағыттаймын. Соңғы кездері өз тәжірибемде дамыта оқыту технологиясының элементтерін қоданып келемін. Әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамыта оқыту технологиясының стратегиялары балаларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға, ойнай отырып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді. Жаңашыл тәрбиеші ретінде әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиеленушілердің қызығушылық-тарын тудыратын әдіс-тәсілдерді саралап, топтағы әр баланың деңгейін ескеріп, өзіндік пікір, идеялар, өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін тапсырмалады дайындап келемін.

Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас педагоги-калық жүйе. Оның нәтижесінде әр баланың өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында, педагогтың рөлі мен атқаратын қызметінде, т.б. Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда.

Баланың тілдерін жаттықтырып, ой –өрісін кеңейту үшін көп жұмыстыр жүргіземіз. Ертеңгілік қабылдаудан кейін, балаларға жеке жұмыс жүргіземін. Балалардан өз отбасы туралы жайлы әңгімеге тартамын.

Өлең шумақтарын оқып беріп, балаларға қайталаптып жаттықтырамын. Ертеңгілік қабылдау, жуыну, тамақтану уақытында сабақтарда, серуенде жүргізілетін жұмыстардың бәрі, баланың сөйлеу тілін қалыптастыруға арналады. Осы жұмыстарды жүргізе отырып, олардың әр сөзінің сауатты, салауатты болуын қадағалаймыз. Яғни дұрыс айта алмаған сөзін дұрыстап қайталап айтуын талап етеміз. Тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында балаларға тақпақтарды мәнерлеп жаттату, ертегілерді айтқызу. «Күз», «Күзгі жапырақтар» және жыл мезгіліне байланысты көптеген тақпақтарды жатқа айта алады.

«Алтын сақа», «Қарлығаш пен дәуіт», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Алдар көсе мен бай», Жеті лақ пен қасқыр» ертегілерін әңгімелеп бере алады. Топтағы балалардың бәрін елгезек, алғыр деп айта аламын. Әсіресе Нұрдәурен. Олжас, Ақерке; Дәурен, Мая, Мейрамгул сынды балалар ертегінің мазмұнын тыңдап рөлдерге бөліп ойнай алады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев Педагогика. Алматы – 2002 ж.

2. 3.М.Сансызбайқызы., Б. Рысбайқызы. «Ойна да ойлан». Алматы. «Шартарап». 2000ж

3. Мектепке дейінгі тәрбие. №4, 2014ж.

4. Мектепалды даярлық.№5,№6, 2013





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!