Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамытуда М.Монтессори әдістемелік жүйесін пайдалану

Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамытуда М.Монтессори әдістемелік жүйесін пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамытуда М.Монтессори әдістемелік жүйесін пайдалану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2024
68
0 рет жүктелген
2790 ₸ 3100 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамытуда

М.Монтессори әдістемелік жүйесін

пайдалану

Мавленова Мапуза Ануаровна

Түркістан қаласы «Толағай» бөбекжай балабақшасы Тәрбиеші - магистр


КІРІСПЕ

2021 жылы 13 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Оның негізінде 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі - 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы.

Жоба Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары және мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту, қалалық және ауылдық балабақшалар арасындағы оқыту сапасының алшақтығын қысқарту, балалар орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін балабақшалар салу, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын құру және басқа да мәселелер қарастырылған. Жобаның басты мақсаты- барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру.

Бірінші міндет- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету мәселесіне бағытталған. Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің басшысы Эльдар Түлековтің айтуынша, 2021-2025 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосу мен ашудың қадамдық жоспарын әзірлеген. Сондай-ақ, «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде мемлекеттік стандарт өзгертілетін болады. Бала дамуының жаңартылған моделін енгізу басталады», - деді департамент басшысы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологиясын таңдауда көпнұсқалып қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану педагогтан үлкен шеберлікті талап етеді. Сол себептен отасында және балабақшада баланы жан-жақты қалыптастыруда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану басты мақсаттардың бірі.Осы тұрғыда мектепке дейінгі ұйымда қолданылып жүрген инновациялық технологиялардың бірі М.Монтессори технологиясы болып табылады. М.Монтессоридің зерттеулері барысында жазылған еңбектері тек балабақшада ғана емес, отбасында да мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі үшін берер пайдасы көп.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы. М.Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі ХХ – ғасырдың бірінші жартысында итальяндық дәрігер, педагог әрі ғалым Мария Монтессоридің ұсынған оқыту және тәрбиелеу жүйесі. Монтессоридің бұл әдістемесі әрбір тбалаға деген жеке жұмыс жасауға негізделген. М. Монтессори (1870-1952) 31 тамыз айында Италияда дүниеге келген, Италиядағы  медицина докторы дәрежесін алған тұңғыш әйел адам болды. Бұл жүйе 100 жыл бұрын М.Монтессори тарапынан ойлап табылғандықтан, соның есімімен аталған. Бүгінгі таңда Монтессори педагогика атақтылыққа тағы да ие болуда. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін дүние жүзіндегі көптеген балалар мекемелері қолдануда. М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі әлемнің 80 мемлекетінде кең таралған және уақыт сынағынан өткен. Оның идеясы Испания,АҚШ, Индия, Англия, Голландия елдерінде ерекше кең көлемде таралған. М.Монтессоридің прогрессивті педагогикалық идеялары Э.Эриксоннның (жас ерекшелік кезеңдері), З.Фрейдтің (балаларды ерте жаста оқыту), Ж.Пиаженің (Баланың интеллекті мен ақыл-ойын дамыту), К.Роджерстің (бала мен педагогге гуманистикалық көзқарас), Ж.Итард, Э.Сегеннің (баланың интеллектуал-дық дамуында саусақ пенмидың байланысы) идеяларымен ұштасады. Монтессоридің ілімі мен жүйесі әр түрлі балалар мекемелерінде: мектептер, балалар оңалту орталықтарында, балалар үйі, балабақшалар, кеңінен қолданыла бастады. М.Монтессори: «Бала дүниеге келгеннен бастап өзін- өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның  ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау» - деген екен.Бұл Монтессори - педагогиканың негізгі ұстанымдарының бірі. Баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамуына қысым көрсетпеу  керек, яғни балаға бостандық беру..

2. Монтессори жүйесі 3 басты қағиданы құрайды:

1. Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеру; 2. Даму еркіндігімен қамтамасыз ету; 3. Баланың әрі қарайғы интеллектуалды дамуының негізі ретінде сенсорлық және дене тәрбиесінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдану. 1896 жылы Рим университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан алғашқы медицина докторы болып табылады.Университеттің емханасынада ақыл – ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді. 1900 жылы Марияның өзі дамуын да ауытқушылықтыры бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірқатар уақыты өткеннен кейін оның  тәрбиеленушілері оқу, жазу, есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді. М.Монтессори «Балалар үйі» атты еңбегінде балалар үйінде қызмет етіп жүрген уақытындағы жағдаяттарды баяндайды. Ойын барысында бір бала өзінің жолдастарын шеңбер етіп жинап алып, өзі ортада тұрып бір нәрсені қатты дауыспен түсіндіріп жатады. Бала мұғалім немесе ана рөлінде сөйлеп жатқан.Мұны көрген тәрбиеші үнін өшіріп, тыныштануды бұйырады. Сонда бала үндемей, шетке тұрып қалады. Бұл жерде тәрбиешінің қателігі сол, ол баланың жаңадан ашылып келе жатқан қабілетін құрметтеуі керек еді, өйткені балада лидердік қабілет дамып келе жатқан еді. Ойын барысында балаға еркіндік беру керек, ойын баланың жан-жақты қабілетін ашып береді. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы – «оқы,оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай – ақ, олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады.  Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ, мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды.  Монтессори әдісі үшін негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз. 

3.Монтессори әдісінің оқыту мен тәрбиелеудегі міндеттері мен принциптері

Монтессори әдіс-тәсілдерін пайдалануда алғарт негізінде мынадай міндеттер қойылады:

-Баланың ұсақ қол моторикасын, бұлшықеттерін дамытуға мүмкіндік беру керек, жаттығу барысында қол мен интеллекттің ұштасуын ескеру,

- Қимыл-қозғалыс жаттығулары барысында қимыд белсенділігін арттыру,

-Бала денсаулығын су, ауа, күн, фитотерапия, жалаң аяқпен жүру арқылы нығайту,

-Өз-өзіне қызмет көрсетуге дағдыландыру: түймесін қадау, шашын тарау, киіну, шешіну, қолын жуу, аяқ киімін тазалау, жуу, бүктеу, т.б.

-Қоршаған ортаға қомқорлықпен қарауға үйрету: еден жуу, қоқысты жинау, өсімдіктерді отырғызу, гүлдерді баптау, т.б.

- Көру, есту, сипап сезу, дәм сезу түйсіктерін әр баланың өздігімен дамыту ына мүмкіндік беру,

-Сенсомоторика арқылы тілін дамыту жаттығуларына көшу. Белсенді сөздік қорын дамыту, жазу және оқу дағдысына үйрету,

-Математикалық қарапайым түсініктерді қалыптастыру, қаламмен, қылқаламмен, өшіргіш, қайшымен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру,

-Заттарды салыстыру, таңдап алу, бақылауға, оларды топтастыруға үйрету,

М.Монтессори баланы жан-жақты дамытуда ең алдымен мыналар қажет дейді:

  1. Баланың білім алуы мен танып білуіне жағдай жасалған арнайы орта ;

  2. Баланың әрекеттерін сырттай бақылаушы және оған көмекші рөлін атқарушы тәрбиеші;

  3. Жеке тұлғаны дамытушы жылы аймақ.

Монтессори педагогикасының негізгі принципі: Баланы өз – өзін тәрбиелеуге, оқытуға дамытуға ынталандыру. «Маған өзім істеуге көмектес». Монтессори топтарында балалар арнайы әзірленген қоршаған орта- Монтессори материалдары көмегімен өздігінен оқиды. Монтессори материалдарында өзін –өзі бақылау мүмкіндіктері қамтылған, бала өз қателіктерін өзі көріп, өзі соған бейімделеді.

М.Монтессори технологиясының  сатылары:

Монтессори әдісінде үш сатылы оқыту түсінігі бар. Балалардың жаңа білім алып, сөздік қорын толтыру үшін осы әдіс сабақта қолданылады.

  1. I-cаты – білім алу сатысы. Бұл  жерде балаға жаңадан білім беріледі. Тәрбиеші балаға белгілі бір заттың түсі, қасиеті туралы түсініктер береді.

  2. II-cаты – практикалық білім алу сатысы. Бұл кезде бала іс жүзінде білім алады. Тәжірибе арқылы  I-сатыда алған білімдерін пысықтайды.

  3. III-cаты –  тексеру сатысы. Бұл сатыда жаңа сөздер белcенді емес сөздік қордан белсенді сөздік қорға айналады. Ескеретін бір нәрсе, тәрбиеші баланың біліміне сенімсіз болса, онда бұл сынақтар жүргізілмейді

3. Монтессори тобындағы шеңбер.

Монтессори педагогикасының ең бір қажетті бөлшегінің бірі –шеңбер болып табылады. Монтессори педагогтарының бірі оны “ атмосфералық құбылыс” деп атаған екен. Монтессори педагогикасынын басты ерекшелігі- ол әлемнің қай  мемлекетіне барсаңыз да барлық жерде бірдей жабдық пен дидактикалық материалдың қолданылуы. Әлемнің түкпір- түкпіріндегі кез-келген  Монтессори- кабинеттен эллипс түрінде сызылған сызықты көруге болады. Бұл Монтессори шеңбері өтетін орны. Монтессори педагогикасының негізгі ұстанымы – баланың еркіндігі мен бар әрекетті өз бетімен орындауы болып табылатынын бәріміз білеміз. Ал шеңберде балалар бір –бірімен қарым –қатынасқа түседі,  яғни әлеуметтік жағынан пайдасы мол. Шеңбер 3 жасқа дейінгі және 3жастан 6жасқа дейінгі топтарда екі түрлі жүргізіледі. Бұл топтарда баланың жас  ерекшеліктеріне сай жаттығулар, тапсырмалар қолданылады.  Мысалы, 3 жастан 6жасқа дейінгі топтағы шеңбер барысында балалар көптеген  жаңа ұғымдармен танысады. Бір –бірінің алдында өз ойларымен бөліседі, бірін- бірі тыңдауға дағдыланады. Монтессори тобындағы шеңберді қарастырайық. Бұл топта сабақ барысында 2 шеңбер болады. Біріншісі жұмыс басында, екіншісі жұмыс соңына қарай өтеді. Балалар кабинетке келген соң, музыка қосылып, эллипстің бойымен жүреді. Балалардың арасынан күнде бір бала кезекші  болады. Жүру барысында балалар кезекшінің көрсеткен қимылдарын қайталайды. Одан соң бәрі отырып, ауа-райын, апта күнін, айдың нешесі сияқты мәселелерді талқылайды. Бұл жерде сұраққа кімнің жауап беретінін кезекші таңдайды. Барлық сұрақтар талқыланып болғанда  тыныштық уақыты  өткізіледі,осылайша бірінші шеңбер аяқталып, балалар еркін жұмысқа кіріседі. Ал екінші шеңбер жұмыс  соңына қарай өтеді. Екінші шеңберде белгілі бір тақырып қозғалады. Шеңберді әрқашан педагог жүргізеді, бірақ ол жалпы әңгімеге көмек беріп қана  отырады. Мұнда бала өз бетімен ойын айтып, сезімдерін басқаларға жеткізу мүмкіндігіне құқылы. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Монтессори «Өзім жасауыма көмектес» атты еңбегінде өз аймағын 5ке бөледі: 1. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы. 2. Сенсорика аймағы 3. Математика аймағы 4. Тіл аймағы 5. Ғарыш аймағы.





1. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы:

«Біз қаншалықты баланы өзінің мақсатына өзі жетуге үйретсек, соншалық тез еркін әрі мықты баланы қалыптастырамыз» деп М.Монтессори айтқандай, күнделікті өмір жаттығулар аймағы кішкентай балалар үшін ерекше маңызды. КӨЖ аймағында бала өзіне және өз заттарына қарауға көмектесетін материалдар орналасқан. Бала өзі киінуге (түйме, кнопка, жіпшелер, түйрегіштер, баулар, банттар, ілмектер сияқты заттар салынған рамкаларды пайдалана отырып) үйренеді. Ұқыпты бір нәрсені құюға, төгуге, ыдыс жууға, айна сүртуге, киім – кешек жууға, шын үтікпен оны үтіктеуге, салаттар жасауға, көкөністер тазалауға, кесуге, майдалауға, жаңғақ ашуға, аяқ киім тазалауға, бір жерден екінші жерге тасымалдауға өзіне – өзі қызмет етуге үйретеді. Бұл аймақтағы материалдар жұмыс жасап, оның қатесін қайта түзетуге мүмкіндік береді және қолдың ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған. Нәтижесінде бала ерексектердің көмегінсіз бірнеше іс-әрекеттерді орындауға дағдыланады.

Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға арналған жаттығулар

3-6 жастағы баланың сенситивтік кезеңін ескере отырып, олардың дене бұлшқеттерін жаттықтырып, өз денесін басқара білуге арналған арнайы қиыл –қозғалыс кеңістігін ұсынды. М.Монтессори В своих работах М.Монтессори приводила примеры таких физкультурных снарядов, как заборчик, трамплин, качели, веревочка, круглая лесенка, ступеньки с площадкой, ве­ревочные лесенки.

Серуен кезінде шанамен сырғанау, велосипед, самокат, курекшелер, арбалар, карусельдер пайдаланады. Егер бала 3-6 жаста осы әрекеттерді игеруге жағдай жасалатын болса, онда ол әткеншек тебуді, қабырғаларға өрмелеуді, арқаннан жасалған сызық бойымен жүруді , әр түрлі ритмикалық қимылдарды жасауға, сызық бойынмен жүру, тепе теңдікті сақтауды, төменгі скамейканың астымен еңбектеп өтуді, жүзуді үйреніп алады.

2. Сенсорика аймағы:

Бұл аймақта бала қоршаған ортаны зерттеуде өзінің сезімдерін қолдана білуге үйренеді – осындағы материалдар арқылы өзінің көру сезімін (Түрлі түсті кестелер, көлемі мен пішінін ажыратуға арналған материалдар т.б). Сипап сезу сезімін (сипау үшін тақтайшалар,маталардың қиындыларының жиынтығы т.б). Иіс сезу (иістері бар жәшікшелер). Дәм сезу (дәм сезу банкашалары т.б). Есту сезіміне (шуылдайтын қорапшалар, музыкалық аспаптар т.б) жетілдіреді, сол сияқты температураны ажырату, заттардың салмағының айырмашылығын білу және есте сақтау қабілеттерін жаттықтырады.

3. Математика аймағы:

Сенсорлық материалмен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды. Оның үстіне математиканы үйрену табиғи жүріп отырады: себебі бала жай ғана математикамен ұласатын дайындалған ортада өмір сүреді. Математикалық дамыту аймағы бала санауды, қосу мен азайтуды, көбейту мен бөлуді, түбірге алу, мағыналы сандармен жұмыс істеу үшін барлық керекті материалдардан тұрады.

Балаға ондық жүйені үйрету 3 кезеңнен тұрады. 1.Сандық санау және он көлеміндегі сандардың пайда болуы, снадардың таңбалануы. 2.Сандарды жазу, қосу, азайту, көбейту, бөлуді қарастыру. 3. Үлкен сандармен жұмыс, квадраттық және кубтық сандар, арифметикалық кесте бойынша есеп шығару. Ол үшін 10-90 ға дейін және 10-99 дейінгі сандарды игреуге арналған материалдар бар.

4. Тіл аймағы:

Балаға тілді алып жүруші ретінде тілді дамытуға арналған (онсыз толыққанды интеллектуалды  өсу мүмкін емес болғандықтан) тиісті материалдар қажет. Берілген аймақта  жазуға моторлық (қимылдық) дайындық, фонетикалық естудің дамуы, жазу мен оқуға үйрету, т.б қарастырылады. Бұл жерде бала өзінің қорын кеңейтуге, әріптермен танысуға, саусағымен қиынырақ әріптерді салуға, манна жармасына сурет салуға, сондай – ақ жылжымалы алфавит арқылы сөздерді қоюға үйрене ді. М.Монтессоридің айтуы бойынша, балаға жазуды үйреткен кезде бала айтылған сөзді дыбыстарға бөліп, оны талдап, одан кейін таңба ретінде графика түрінде дадыған қол моторикасы арқылы дәптерге жазады. Монтессори материалдарымен жұмыс жасай отырып, бала штрихтауды, тік сызықтарды сызуды, бормен және қаламмен жазуды, сөзді дыбыстық талдауды, оқуға, оқығанын әңгімелеп беруге үйренеді.

5. Ғарыш аймағы:

Жұмыс баланы қоршаған ортамен байланыстырады. Ғарыш аймағында балалар жер бедері, жер шары, әлем бойынша елдерді, олардың мәдениеті мен дәстүрін, өлі және тірі табиғатты, табиғат құбылыстарын, жануарлар мен өсімдіктерді, биологиялық, географиялық, физикалық, химиялық түсініктерін толық алады. Бұл аймақта балалар тереңдетіле түсінік алады.Балалар жұмыс істегісі келетін аймақ пен нақты Монтессори – материалды өзі таңдайды. Ол жалғыз өзі немесе басқа баламен жұмыс істегісі келе ме, оны да өзі таңдайды. Бала өзінің қарқынында жұмыс істейді. Монтессори баланың шынайы заттармен айналысуын «жұмыс» деп атайды, ал біз «ойын» деп санағанға үйреніп қалғанбыз.Шығармашылықты дамытуға арнап ересектердің еңбегі және мамандықтары жайлы түсінік беріледі. Берілген картоскалар арқылы балалар мамандықтарды топтастырады, олардың әрекетін қайталап көреді. Ғарыштық материалдар арқылы балалар уақытты бағдарлауды үйренеді: жыл мезгілдері, апта, сағат, күннің бөліктері, аты-жөні, туған күні. Бала өлшеуіш құралдармен пайдалануды игереді: метр, сағат, линейка, термотетр, күнтізбе, таразы. Балабақшада біз Монтессоридің бұл аймақтарын кез келген білім саласында пайдалана аламыз. Монтессори технологиясының көрнекіліктері бізге қолжетімді, қолдан жасауға да болады, қарапайым тұрмыстық заттардан жасап алуымызға болады, түрлі түсті, балаларға қызықты болып келеді. Ерекше көрнекіліктерді пайдалану арқылы балалардың зейіні артады, қызығушылықпен ұйымдастырылған оқу әркеттерін меңгере бастайды. Монтессори технологиясын жапсыру оқу қызметінде «Балықтар» тақырыбында мен магниттерді пайдалану арқылы балықтарды себетке жинадық, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінде сандарды қысқыштар арқылы орнын таптық, қоршаған ортамен таныстыру оқу қызметінде «Көліктер» тақырыбында топтық жұмыс жасадым, бір топқа манна ұнтағынан көліктің бейнесін шығару, басқа топқа фетрадан көлік құрастыру, бір топқа магниттерден қалаған көлікті жасап шығу, резиналар арқыды ұшақтың бейнесін шығаруды тапсырдым балалар өз жұмыстарын жасап, нәтижесін ұсынды, балаларға өте қызықты, басқа балалардың жұмыстарын көріп таң қалды.

Монтессори тобындағы материалдарға төмендегідей талаптар қойылады: 1. Бала өз қозғалыс қажеттіліктерін іске асыра алу үшін ортаның барлық материалдарына еркін қол жеткізе алуы керек.

2. Материалдар төмен, жақсы көрінетін, баланың бойына сәйкес сөрелерде тұрғаны жөн 3. Төменгі сөрелерге ауыр, көлемді материал, ал жоғары сөрелерге жеңілірегін орналастырған дұрыс болады. 4. Балалардың материалды орнынан қозғауды жеңілдету мақсатында оны бөлшектеп әкелуге үйретуге болады. 5. Материалдарды жақтаулары ыңғайлы шағын табақшаларға орналастырған жөн.
6. Баланың Монтессори - топта бейімделу кезеңінде пластикалық жинақтар қолдануға болады, бұл ыдыс құлаған жағдайда, сәтсіз жағдайда қорқыныш, өзіне сенімсіздігін төмендету мақсатында істеледі. 7. Сенсорлық және күнделікті өмір жаттығулары аймағы қозғалыс дамуы қалыпты балаларға арналған ортаға қарағанда құрылымы бойынша көлемдірек болуы керек.
8. Материалдар дамуында бұзылуы бар балаларға қызықты болғаны жөн: классикалық Монтессори-материалдардың арасында көзге түсетін, ашық түсті қоямыз.
9. Презентациялардың кезеңділігін ескеру керек (цилиндрлер блогында бірнеше тесікті жауып қою, ілгекті рамкаларды 2-3 үлгімен шектеу). 10. Қозғалыс бұзылуы ауыр балалар  үшін материалды түрлендірген дұрыс (“қызғылт мұнара” кубиктерін магнитпен жабдықтау, цилиндорлер көлемін үлкейту, оңай қысылатын қысқыштар қолдану) 11. Қағаздан жасалған құрал –жабдықтарды ламинациялау немесе пластикалық заттармен алмастыру керек. 12. Карточкалардағы суреттер қажетінше ірі және шынайы болғаны абзал.


Қорытынды:

Қорыта келе, мен Монтессори технологиямының баламен топтық және жеке жұмыс жасауда өте тиімді технологиялардың бірі екенін тәжірибе жүзінде байқадым, оқу қызметтерінде жаңа әдістерді пайдалана отырып, мынадай қорытындыға келдім:

- Монтессори технологияс баланың  дамуына  бағытталған, ол заттық-кеңістік  ортаны  жасайды, -Ата - анамен  байланыс нығайды, ата-аналар да өз ризашылықтарын білдірді, -Баланың өздігінен еркін дамуына ықпал етеді, оларға біздің ұзақ жұмыс жасауымыз міндетті емес, тек бағыт берсек болғаны, -Менің жаңа технологияны меңгеру арқылы кәсіби құзіреттіліктерім қалыптасты, тәрбиеші мамандығының жаңа қырларын ұғына бастадым, -Балалар өздеріне қызмет етуді, еркін қозғалуын, материалдармен ұзақ уақыт жұмыс жасауға, таңдау жасауға, өздігінен шешім қабылдауға жеке тапсырмалар беру арқылы лидердік сапалары байқалды, -Балалардың өз-өзіне деген сенімге, өз ойын ашық айта алуға, жеке жұмыс жасауға, бір – бірін сыйлауға, достық қарым – қатынасқа, өзін жеке тұлға ретінде дамуына мол мүмкіндік берілді. Монтессоридің ұсынған бұл әдістері күнделікті тұрмыста да, үйде де , ойын барысында да, арнайы оқу барысында да үлкен қолданысқа ие, әлемнің дамыған елдері қолдаған , атақты ғалым, өнер иелері тәлім алған бұл технолгияны мен де қолдаймын, кез келген оқы қызметінде бір элементін пайдалансам да, баланың жарқын болашағына септігін тигізеріме сенімім мол.





Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!