Материалдар / Мектеп жасындағы оқушының омыртқа жотасының қисаюы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп жасындағы оқушының омыртқа жотасының қисаюы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың омыртқа жотасының қисаюы күн санап қарқындап өсіп жатыр.Менің зерттеуім бойынша оқушылардың омыртқа жотасының қисаюына мектеп сөмкесінің ауырлығы себеп.Мектеп сөмкесінің әртүрлі жастағы оқушының денсаулығына әсерін зерттеу және артық жүктемені болдырмау үшін ата-аналарға ұсыныстар жасау, бұл оқушының денсаулығына әсер етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2022
519
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ» КММ-сі





Тақырыбы:

«Мектеп жасындағы оқушының омыртқа жотасының қисаюы».

Секция: Биология





Орындаған: Саназар Инабат Дауренқызы

7-сынып

Жетекшісі: Садықова Сымбат Әбубәкірқызы

Биология пәні мұғалімі

Ғылыми жетекшісі: Сагындыкова Э.У

Ш.Есенов атындағы КТИУ-нің Педагогика ғылымының кандидаты,

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының доценті





Ақтау 2022 ж


Мазмұны


Абстракт (аннотация)

І. Кіріспе бөлім........................................................................................................8

II. Негізгі бөлім........................................................................................................6

2.1. Омыртқа жотасының қызметі.........................................................................6

2.2. Сколиоз ғасыр дерті........................................................................................8

2.3. Мектеп жасындағы оқушының омыртқа жотасының қисаюының емдеу мен алды-алудың жолдары...................................................................................10

III. Зерттеу бөлімі..................................................................................................12

3.1. Бүкірейген ұрпақтың болашағы бұлыңғыр.................................................12

3.2. Мектеп сөмкесінің ауырлығынан пайда болатын ауру түрі –омыртқа жотасының қисаюы...............................................................................................13

IV. Қорытынды......................................................................................................15

V. Ұсыныс..............................................................................................................16

VІ. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................17















АННОТАЦИЯ

Зерттеудің негізгі мақсаты:

Оқушылардың омыртқа жотасының қисаюы күн санап қарқындап өсіп жатыр.Менің зерттеуім бойынша оқушылардың омыртқа жотасының қисаюына мектеп сөмкесінің ауырлығы себеп.Мектеп сөмкесінің әртүрлі жастағы оқушының денсаулығына әсерін зерттеу және артық жүктемені болдырмау үшін ата-аналарға ұсыныстар жасау, бұл оқушының денсаулығына әсер етеді.

Зерттеудің өзектілігі:

Қазіргі таңда, өкінішке орай, біздің мемлекетте адамдарда омыртқа жотасы ауруларының деңгейі жоғары. Көп жағдайларда ата-аналар балаларының сколиоздың бастапқы белгілеріне назар аудармайды және сколиоздың ауыр формасы дамығанда бірақ көмекке жүгінеді. Баланың көтеретін сөмкесі, отыратын партасы, оның дене салмағы мен бойына сәйкес келе бермейді. Шамадан тыс ауыр зат көтеру және оны ұзақ уақыт көтеріп жүру баланың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Зерттеу міндеттері:

  • Осы мәселе бойынша әдебиетті оқып үйрену.

  • Оқушылар арасында қандай портфель сұранысқа ие екенін анықтау.

  • Портфельдің оқушының денсаулығына әсерін зерттеу.

  • Ата-аналарға ұсыныстар әзірлеу.

Мәселе:

Бұл зерттеу жұмысының мәселесі бойынша материалды жеткіліксіз зерделеуден және сабаққа арналған оқулықтар мен дәптерлердің көп санымен оқушы сөмкесінің шамадан тыс жүктелуінен тұрады.

Зерттеу гипотезасы:

Омыртқаға көп күш түседі.Адамның омыртқасына қарағанда жануардың омыртқасына түсетін күш аздау. Адам көп қозғалады. Таңнан кешке дейін компьютердің алдында отырады. Спортпен айналыспайды,бассейнге бармайды, тек екі қолмен ғана жұмысжасайды. Қозғалыстың аздығы адамды ауруқылады. Ал омыртқа ауырса, оның ішіндегіжұлын қысылады. Жұлын қысылса, адамныңденесін қоректендіріп тұрған қанның тарауыәлсірейді де, соның салдарынан бастан бастап,аяғыңның ұшына дейінгі ағзалардың, ішкі
ағзалардың барлығы ауырады
.

























АННОТАЦИЯ

Актуальность работы:

Сегодня, к сожалению, в нашей стране очень высок уровень заболеваний позвоночника. Во многих случаях родители не обращают внимания на начальные симптомы сколиоза у своих детей и обращаются за помощью только тогда, когда у них развивается тяжелая форма сколиоза. Рюкзак, стол и сиденье ребенка не подходят его весу и росту. Поднятие слишком большого веса и длительное ношение его может отрицательно сказаться на физическом развитии ребенка.

Цель исследования:

Искривление позвоночника у школьников растет день ото дня. Согласно моим исследованиям, причиной искривления позвоночника у школьников является вес школьной сумки. Изучить влияние школьных ранцев на здоровье учащихся разного возраста и дать рекомендации родителям по недопущению перегрузок, влияющих на здоровье учащихся.

Научно-исследовательские цели:

Изучить литературу по этой теме.

Определить, какой портфель пользуется спросом у студентов.

Изучить влияние портфеля на здоровье учащихся.

Разработка рекомендаций для родителей.

Проблема:

Это и недостаточная проработка исследовательского материала, и перегруженность портфеля ученика большим количеством учебников и тетрадей к уроку.

Гипотеза исследования: на позвоночник действует большая сила. На позвоночник животного действует меньшая сила, чем на позвоночник человека. Люди много двигаются. Он сидит перед компьютером с утра до ночи. Спортом не занимается, в бассейн не ходит, работает только двумя руками. Недостаток физических упражнений вызывает тошноту. А когда болит позвоночник,спинной мозг внутри него сдавливается. Когда спинной мозг сужен, циркуляция крови, питающей человеческое тело, уменьшается, и, как следствие, внутренние органы, от головы до пальцев ног-

все тело болит.



























Annotation

Relevance of work:

Today, unfortunately, the level of spinal diseases is very high in our country. In many cases, parents do not pay attention to the initial symptoms of scoliosis in their children and only seek help when they develop severe scoliosis. The child's backpack, table and seat are not suitable for their weight and height. Lifting too much weight and carrying it for long periods of time can adversely affect a child's physical development.

Purpose of the study:

The curvature of the spine in schoolchildren is increasing day by day. According to my research, the weight of the school bag is the cause of the curvature of the spine in schoolchildren. To study the impact of school bags on the health of students of different ages and provide advice to parents on how to avoid overloading that affects the health of students.

Research goals:

Study the literature on this topic.

Determine which portfolio is in demand among students.

Examine the impact of the portfolio on student health.

Development of recommendations for parents.

Problem:

This is an insufficient study of research material, and an overload of the student's portfolio with a large number of textbooks and notebooks for the lesson.

Research hypothesis: a great force acts on the spine. Less force acts on the animal's spine than on the human spine. People move a lot. He sits in front of the computer from morning to night. He does not go in for sports, does not go to the pool, works only with two hands. Lack of exercise causes nausea. And when the spine hurts, the spinal cord inside it is compressed. When the spinal cord is narrowed, the circulation of blood supplying the human body is reduced, and as a result, the internal organs, from the head to the toes, the whole body hurts.






























І.Кіріспе

«Бүкірейме, түзу отыр, тік жүр, түзу жат, түзу тұр, ауыр көтерме, белің қисаяды» деген сөздерді ұстаздарымыз мен ата-анамыздан жиі еститінбіз. Бірақ бала көңіліміз бұл сөздердің түпкі астарына бойлай бермейміз. Ойланып қарасақ, мұның астарында бала денсаулығы, бүкіл елдің болашағы жатыр.Осы ретте халық «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпапты. Барлық омыртқа бір-бірімен шеміршектер, бұлшық еттер, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды. Омыртқа жотасы – тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу болады, иілімдер білінбейді. Сәбидің мойны қатқанда мойын, отыра бастағанда арқа иілімі біліне бастайды. Ал қаз-қаз жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18-20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасады. Ал омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюы – «сколиоз ауруы» деп аталады.

Омыртқаның қисаюы, негізінен бала күннен пайда болады.Сондықтан ауруға шалдыққандардың 70-80 пайызы оның нақты қашан және неден туындағанын білмейді, яғни себебі белгісіз, оны идиопатиялық деп атайды. Мұндай сколиоз ер балаларға қарағанда қыздарда 4-7 есе жиі кездеседі екен. Омыртқаның қисаюын дер кезінде анықтау қиын. Себебі ауырмайды, тек баланың тез өсетін шағында, яғни жауырыны немесе қабырғасы қисая бастағанда ғана білінеді екен. 20 % сколиоз туабітті омыртқалардың өзгеруі салдарынан болады. Мәселен Клиппеля-Файля синдромы, жүйке-бұлшық ет жүйелерінің ауруы, полиомиелит, дәнекер тіндер аурулары, сүйектердің зат алмасуы, оқыс оқиғалардың салдарынан болған түрлі жарақаттар немесе зақым келген жерді кесіп алып тастағаннан кейін, қатерлі ісіктерді алып тастау мақсатында жасалған отадан кейін, сондай-ақ балаларда жүрекке немесе аяқтарының ұзындығында айырмашылық болған жағдайда жасалған операциядан кейін.

























II.Негізгі бөлім

2.1 Омыртқа жотасының қызметі

Омыртқа арасында шеміршек пен сіңір болады.Жарақат алғанда, ауыр көтергенде шеміршек жарылып кетеді де,омыртқа арасындағы жүйке тамырлары мен қан тамырлары қысылып қалады.Екі аяққа күш түсіп, шыдатпай ауырады.Омыртқа ауырса, оның ішіндегі жұлын қысылады. Жұлын-адам ағзасының ең маңызды органы.Жұлыннан қан тамырлары мен жүйке тамырлары шығады.Жұлын қысылса, адамның денесін қоректендіріп тұрған қанның тарауы әлсірейді де, соның салдарынан бастан бастап, аяғыңның ұшына дейінгі ағзалардың,ішкі ағзалардың барлығы ауырады. Яғни, ішкі органдардың холестицит, белсіздік, жүректің, ішектердің, зәр жүру жолының ауруларын асқындырады.Омыртқа жотасы-тұлғаның негізгі тірегі.

Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4-5 құйымшақ омыртқалар.
Омыртқаның құрылысы — әр омыртқаның денесі мен доғасы болады. Омыртқа доғасының көптеген (бір арқа, екі бүйір, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық) қанаттары бар. Омыртқа доғасы иіліп, денемен тұтасқан. Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын орналасады.

Мойын омыртқалардың пішіні жағынан басқа омыртқалардан біршама айырмашылықтары бар: омыртқа денесі кішілеу, бірінші мойын омыртқаның (ауыз омыртқа) денесі болмайды, ортасындағы қуысы үлкен әрі үшбұрышты. Мойын омыртқаларының біріншісі бассүйекпен байланысып, басты бұруға қатысады. Денеге күш түсуіне байланысты 3-мойын омыртқадан бастап 7-омыртқаға дейін пішіндері сәл өзгереді.

Арқа омыртқалары мойын омыртқаларынан ірілеу, арқа өсіндісі көлбеу орналасқан. Бүйір өсінділерінде және омыртқа денесінде қабырғалар бекінетін шеміршекті буын ойықтары болады. Арқа омыртқалар қабырғалармен байланысады.Бел омыртқалары басқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда денесі жалпақ әрі үлкен. Арқа қанаттары да жуан, бұл бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді.

Бел омыртқаларына дене салмағының күші көбірек түседі.
Сегізкөз омыртқалары бірімен-бірі қозғалмастай тұтасып кеткен. Пішіні үшбұрышты, ішке қараған беті сөл иіліңкіреп, ойықтау болып келеді. Ойыс жағынан сегізкөз омыртқаларының тұтасып кеткен іздері 4 көлденең бұдыр сызық болып анық көрініп тұрады. Сегізкөз омыртқаларының 4 жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің тарамдалған ұштары шығады.

Құйымшақ омыртқалар қалдық ретінде тұтасып кеткен.Тек бірінші омыртқада омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған.Қалғандары біртіндеп кішірейген.

Барлық омыртқалар бірімен-бірі шеміршектер, бұлшықеттер, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды.Омыртқа жотасы — тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді.
Омыртқа жотасы төрт жерінен алға және артқа қарай иіледі. Мойын мен бел омыртқалардың тұсында екі иілім алға қарай иілген. Арқа мен сегізкөз омыртқаларының тұсында екі иілім артқа қарай иілген. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу, иілімдері болмайды. Нәрестенің мойны қатқанда — мойын, отыра бастағанда арқа иілімі білінеді. Қаз тұрып жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18-20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының иілімдері кеуде, жамбас қуыстарының мөлшерін кеңейтеді. Иілімдер дененің тепетеңдігін жеңілдетіп, жүгіріп, секіргенде серпімділікті күшейтеді. Бұл омыртқалардың бірімен-бірі жалғасқан жеріндегі шеміршектердің созылғыштық қасиетіне де байланысты. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Бұл — қалыпты құбылыс. Кеуде қуысының қанқасы — кеуде торы 12 арқа омыртқасы, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы жағында жалғыз төссүйектен құралады. Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті болады. Жоғарғы 7 жұп қабырғалар (шын қабырғалар) шеміршек арқылы төссүйекпен байланысқан. Келесі жұп қабырғалардың шеміршек шеттері өзара қосылып, доға түзеді. Қабырғалар омыртқалармен буын арқылы қозғалмалы, төссүйекпен шеміршек арқылы шала қимылдап байланысады. Қабырғалардың 11,12-жұптарында (жетім қабырғалар) шеміршек болмағандықтан, алдыңғы шеттері бұлшықеттердің арасында бос жатады. Қабырғалар тыныс алу мен тыныс шығағанда кеуде қуысы көлемінің ұлғайып, кішіреюіне әсер етеді. Кеуде қуысында орналасқан мүшелер: жүрек, өкпе, ірі қантамырлар, кеңірдек, ауатамырлар, өңеш және жүйкелер. Кеуде торының пішіні жынысына, жас ерекшеліктеріне, дене бітіміне, дамуына байланысты. Кеуде торының жоғарғы және төменгі тесігі болады. Жоғарғы тесігі артқы жағынан бірінші арқа омыртқасының денесімен шектеледі. Бүйірі — бірінші жұп қабырғалармен, алдыңғы жағы төстіктің жалпақ бетімен бітеді. Жоғарғы тесік арқылы өңеш, кеңірдек ірі қантамырлар мен жүйкелер өтеді. Жануарлармен салыстырғанда денесін тік ұстап, тік жүруіне байланысты адамның кеуде қуысы екі жағына керіліп, кеңейген.

2.2Сколиозғасыр дерті

Сіздің арқаңыздың дәл ортасында орналасқан омыртқаңыз бүкіл ағзаңыздың негізгі тірегі болып табылады. Кез келген салауатты адамда омыртқасы сәл бүгулі түрде болады. Дегенмен, сколиоздан зардап шегетін адамдарда жұлын бағанасының тым қатты қисаюы байқалады. Мұндай адамдардың омыртқасының иілген түрі «С» немесе латынша «S» әріпіне ұқсас болады.

Пайда болу себептері:
Көп жағдайда сколиоздың пайда болу себептері белгісіз. Мұндай жағдайдағы сколиоз түрін идиопатиялық сколиоз деп атайды. Бұл сколиоздың ең көп тараған түрі. Ауруды жас мөлшерлеріне қарай топтап қарастырады.
• 3 жасқа дейінгі балалардағы – инфантильді (нәресте ) сколиозы
• 4-10 жас аралығындағы балалардағы – ювенильді сколиозы
• 11-18 жас аралығындағы балаларда кездесетін жасөспірімдер сколиозыКөбінесе, сколиозға қыз балалар жиі шалдығады. Белгілі бір санаттағы адамдардың омыртқасының қисаюы анатомиялық бейімділіктеріне байланысты болады. Әдетте, жылдам өсу кезеңінде омыртқаның қисайу қаупі артады.

Сколиоздың басқа түрлері:
Туа біткен сколиоз. Бала туылғаннан кейін бірден анықталатын сколиоз түрі. Мұндай сколиоздың түрі жас баланың қабырғалары мен омыртқалары дұрыс қалыптаспаған жағдайда туындайды.

Нейромускулярлы сколиоз.Жүйке жүйесінің мәселелерінің себебінен бұлшықетке әсер ететін сколиоз түрі.Мысалы, ДЦП, бұлшықет дистрофиясы, омыртқалардың бөлінулері және полиомиелит.

Сколиозды ерте сатысында еңкею арқылы білуге болады. Баланың қолын төмен түсіріп, еркін қойып, еңкейтіп қарасаңыз, желкеден белге дейінгі омыртқа жоталары түзулігі немесе қисайғандығы айқын көрінеді. Омыртқалардың қисаюының көлемін рентген суреттері арқылы көреді. Омыртқалардың өзгеруі туабітті болуы мүмкін. Рентген суреттерінен бүйір жақ кескініне қарап, туабітті ауытқу бар ма немесе омыртқалардың қалыпты иілуінің бұзылуы ма соны анықтауға болады. Сонымен қатар, рентген сәулесінің мөлшерін азайту үшін сәулесі аз суреттер, яғни «LOW DOSE»-суреттер қолданылады. Бұл суреттер тек қисаю бұрышын анықтауға жарайды. Омыртқасынан зардап шегіп жүрген адамдар дәрігердің қадағалауында болып, ем алып отыру қажет. Кейде бүкіл омыртқа жотасына магниттік-резонанстық томография (МРТ) жасалады. Жоғарыда айтылған зерттеулік әдістермен бірге қосымша мыналарды тексерген қажет:

Бой ұзындығын отырғызып және тұрғызып өлшеу;
• Салмағын өлшеу;
• өкпе көлемін өлшеу, өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау, өкпе қызметін зерттеу (спирометрия).
Бұл шаралар қисаюдың ауырлығын анықтау, ем-домды соған сай жүргізу үшін қажет.

Симптомдары:
Әдетте сколиоздың белгілері байқалмайды. Егер байқалған жағдайда, белгілер мыналарды қамтиды:

Арқаның және белдің ауырсынуы
• Ұзақ уақыт отырған немесе тұрып тұрғаннан кейін омыртқадағы шаршау сезімдерінің пайда болуы
• Жамбастың немесе иықтың пропорцияларының бірдей болмауы (бір иық екіншісінен жоғары болуы мүмкін)
• Омыртқаның бір жақ бағытқа қарай қатты қисайып тұруы

Кифосколиоз - омыртқаның тағы бір қалыпты қисаюының түрі болып табылады.
















2.3 Мектеп жасындағы оқушының омыртқа жотасының қисаюының емдеу мен алды-алудың жолдары

Медицинада омыртқа жотасының қисаюыныңконсервативті және хирургиялық әдіс бойынша емдейді. Аурудың бастапқы кезеңінде консервативті әдіс қолданылса, ауыр немесе әбден асқынған түрінде хирургиялық тәсілмен емдеуге тура келеді. Емдеудің консервативті әдісінде науқасқа емдік жаттығулар жасауға кеңес беріледі. Мәселен, мойын омыртқаға, арқа бұлшық еттеріне жасалатын жаттығулар. Сырқат кісі шалқасынан жатып, тізесі мен басын қосып, тербеледі. Одан кейін аяқтарын түзу ұстап, қолын жеткізеді. Шалқасынан жатқан күйі велосипед айдағандай аяқтарын қозғалтады. Келесі жаттығу – етпетінен жасалады. Етбетінен жатып, аяқтарын түзу ұстап, қол-аяғын аздап көтереді. Одан кейін аяқтарын түсіріп, қолдарын айқастырады. Толарсағынан ұстап, аяқ-қолдарын жоғары көтеруге

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!