Материалдар / МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ- БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАУ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ- БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАУ.

Материал туралы қысқаша түсінік
№19 Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназия қабырғасында кәсіптік бағдарлау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы мақала.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2021
536
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ- БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАУ.

Кәсіптік бағдар мәселесі білім беру мен еңбек нарығының үйлесімді құралы болып табылады. Мектеп қабырғасынан бастап білім алушыларға кәсіптік бағдар беру бұл олардың болашақ өміріне және мансаптың өсуіне бағыттау қажет. Болашақ мамандықты таңдауда білім алушының қабілетін, қызығушылығы мен бейімділігін ескеру маңызды. Адамның өзін белгілі бір маман иесі ретінде көре алуы – көптеген ересек адамның өзі туралы түсінігінің ажырамас бір бөлігі. Адам өзі істейтін жұмысын қаншалықты жақсы көрсе, бұл түсінік те соншалықты адамға етене жақын болады, уақыт өте келе ол өзін осы мамандықсыз өмір сүре алмайтындай көреді. Егер адам қандай да бір себептермен өзінің сүйікті ісімен айналыса алмаса (жұмыссыздық, ауру, зейнеткерлікке шығу), бұл ол үшін нағыз өмірлік трагедияға айналмақ. Кәсіптік өзін-өзі айқындау тек сәтті таңдау ғана емес, ол мамандықты таңдауға дейінгі кезеңнен бастау алып, әрі қарай оқу мен сол мамандықты игеру барысында жалғасатын процесс. Мамандық таңдаудағы қиындық бұл – бір мамандықты таңдауға басымдық беріп, қалғандарынан бас тарту. Сол себептен №19 Д.А.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында 2020-2021 оқу жылында оқушылардың кәсіптік бағдарын дұрыс жолға қою мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Атап айтқанда, жеке кәсіпкерлермен кездесу, соның ішінде ауданымыздағы Алиева Қаламқастың әсемдік студиясына 10-11 сынып оқушылары барып қазіргі кездегі сұранысы бар мамандық иелерімен кездесті.

Мамандықтар әлемін ашамыз” атты онлайн саяхат, “Мамандықты дұрыс таңдау” тақырыбында видеожазбалар парақшамызға жарияланды,“Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы қандай?” тақырыбында тренинг, мектеп бітіруші түлектердің арасында сенімділікті арттыру мақсатында “Жастар ресурстық” орталығы “Сенімділік күш береді!” тақырыбында дөңгелек үстел, “2021 жылы ЖОО қалай түсуге болады?” тақырыбында “Современное образование” журналы 11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдарлау мақсатында онлайн форум, “Бағыт және мамандық” тақырыбында 9 сынып оқушыларының ата-аналарымен бағдарлы оқытуға байланысты, бағдарлы оқытуды тиімді ұйымдастыру оқушы бейімін анықтауда ата-ана ролін айқындау және алынған сауаланамалардың нәтижесімен таныстыру мақсатында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.

2021 жылдың 09 сәуір күні "Жақсы мамандық- жарқын болашақтың бастауы" жобасы аясында еліміздің ЖОО түскен түлектеріміз, Әбзәділ Ғалымжан Орынбасарұлы, Алмасбек Дильназ Алмасбекқызы, Әлімханқызы Аружан, Талғатұлы Әділет, Аршаева Ақеркемен онлайн кездесу барысында өз ойларымен бөлісті. ЖОО түскендегі қиыншылықтары мен қызықтары, өз мамандықтарының ерекшелігі, қандай ұпаймен грант иегері болып атанғандары туралы баяндап, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. " Қазақстандағы ұлт мектептері" түлектеріне арналған ашық есік күні өткізілді, іс- шараға 11 сынып оқушылары қатысты.

Мектепте жыл бойы мамандықты таңдауға бағыттау мақсатында бітіруші сыныптардың жетекшілері сынып сағаттарын өткізді, атап айтқанда, "Жақсы мамандық- жарқын болашақтың бастауы" жобасы аясында жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында 10 “Б” сынып жетекшісі Амирханова Салима сыныбымен "Мен таңдаған мамандық" тақырыбында, 9 “Б” сынып жетекшісі Умиралиева Камила сыныбымен "Мамандық таңдау маңызды іс" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа сыныптың ата-анасы, аудандық поштаның қызметкері Ахметова Меруерт қонаққа келіп, қызметімен таныстырды. 10 В сынып жетекшісі Ғани Амиралиев сыныбымен "Мамандық таңдау- басты бағдарымыз" тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында пікір бөлісу кезінде оқушылар болашақта қандай мамандық иесі болғысы келетінімен бөлісті, бейне көрсетілім, жұмбақ хат, тесттік тапсырма, психологиялық сәт сияқты бөлімдерді қамтыды. ДБОЖО Акнар Арихова ХХІ ғасыр мамандықтары туралы қосымша мәлімет беріп өтті. Қазіргі таңда космобиологтар, космогеологтер, космотуризм бойынша менеджерлер, ғарыш құрылыстарының өмірлік циклін жобалаушылар, веб- дизайнер, промоутер т.б. көптеген мамандықтар бар екенін көп адам біле бермейді.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағында орналасқан жоғарғы оқу орындарымен үзбей түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. «Азаматтық авиация академиясы» оқу орнының өкілдері 9-11 сынып оқушылары мен ата-анасының қатысында онлайн кездесу, “Мамандық таңдаудың маңызы” тақырыбында 9-11 сынып оқушылары мен ата-анасымен Жуалы ауданында орналасқан №16 Жуалы колледжінің ДТІЖО, Astana IT University, “Жамбыл облысының 10-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы” тақырыбында “ Семей медициналық университеті” мамандарымен, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультеті, Қиыр шығыс кафедрасының оқытушысы Тазабекова Гүлмираның ұйымдастыруымен “Мектеп түлектерімен кездесу” тақырыбында, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Жамбыл облысының бітіруші түлектерімен, “Серпін -2050” әлеуметтік жобасы аясында 9-11 сынып оқушыларымен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен онлайн кездесулер өтті.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің” мамандарымен мағыналы кездесу болды. Университет тарихы, белгілі түлектер, құрылымы, корпоративті басқару, топ-менеджмент, ғылыми кеңес, даму стратегиясы, сыртқы бағалау сияқты мәліметтер, сонымен қатар төмендегідей сұрақтарға жауап берді:

Оқу ақысы қалай төленеді?

Жарқын жастық- баянды болашақ” тақырыбында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2 курс білімгері, “Елбасы” төсбелгісінің иегері Бақдәулет Ануарбекпен бірлескен кездесу өтті. Онлайн кездесуде оқушылар медицина мамандығын таңдауда қандай дұрыс қадамдарды жасау, қиындықтары, ҰБТ дайындықты қалай тиімді жүргізу әдістері туралы мәлімет алды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына” арналған Егеменді еліміздің белсенді жастарының Қазақ мемлекеттілігі, тәуелсіздік құндылықтары мен мәңгілік ел идеясы төңірегінде ұйымдастырылған “Жастар- болашаққа жол бастар!” атты интеллектуалды ойынның ережесі, мақсат-міндеттерін және артықшылықтарын түсіндіру мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің “Экономика және құқық” факультетінің өкілдері келіп кетті.

Тараз гуманитарлық- техникалық колледжінің өкілдері келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, колледж туралы мәліметі бар парақшаларын қалдырып кетті. Техникалық және технологиялық мамандықтарда грант қарастырылғанын және биыл оқуға түсу үшін емтихан тапсырылмайтынын атап айтты.

Сухомлинский әр оқушының сүйікті пәні болуы тиіс екенін атап өтті. Мұғалім баланың білімге деген қызығушылығын оятып, таланттарын ашады. Қызығушылық қалай туындайды? Ең алдымен әуесқойлық пайда болады. Әуесқойлық білімқұмарлыққа ауысу үшін зияткерлік белсенділік қажет. Әуесқойлық пәнге немесе құбылысқа деген қызығушылықты туындататын танымдық әрекетке деген қажеттілігін оятады. Сондықтан да баланың бойындағы әуесқойлықты жоғалтпау үшін және оның әрі қарай дамуына ықпал ету үшін ересектер әрдайым қолдау көрсетуі тиіс. Оқушылардың кәсіптік қызығушылықтарын дер кезінде анықтау және дамыту олардың болашақ кәсіптік табыстылығына оң ықпал етеді.

Мектеп оқушыларының кәсіптік бағдарын анықтау мақсатына қолданылатын көптеген тестілер бар. Олардың ішінде біз “Қызығушылықты зерттеу”(«Профиль» әдістемесі) әдісімен 9 сынып оқушыларынан сауалнама алдық, сол сауалнаманың нәтижесінде оқушылардың қай пәнге қызығушылығы жоғары екенін анықтадық.

Мектепте өткен іс-шараларды біздің инстаграм және фейсбук парақшамыздан бақылай аласыздар. @qonaev_mg

Тақырыпты Жүсіпбек Аймауытовтың сөзімен қорытындылағым келіп тұр, “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе”.



Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары: Арихова Ақнар Бақытханқызы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!