Материалдар / МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА КӨШУГЕ ДАЙЫНДАУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА КӨШУГЕ ДАЙЫНДАУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа білім беруге көшуде мектепалды даярлықтың басты мақсаты – болашақ мектеп оқушыларының старттық мүмкіндіктерін теңестіру. Мектепалды даярлық қана баланың қоршаған әлеммен қарым-қатынасында рухани-адамгершілік құндылықтар, интеллект, таным белсенділігі, іс-әрекеттерінің іргетасын қалауға бағытталған. Оқытудың алғашқы сатысының жетекші идеясы - сыйластық пен сенім жағдайында ғана жүзеге асырылатын тұлғаның толық дамуы, баланың жеке қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне көңіл аудару болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2018
1482
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ

ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА КӨШУГЕ ДАЙЫНДАУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС


Мақсаты және міндеттері:


  1. Бала дамуында туындаған мәселелерді ескерту (ерте диагностика және дамуындағы бұзушылықтарды коррекциялау);

  2. Даму, оқыту, әлеуметтенудің өзекті міндеттерін шешуде балаға көмек (ықпал) беру: мектепке дайындықты қамтамасыз ету, оқу қиындықтары, білім беру маршруттарын таңдау мәселелері, эмоциялы-жігерлі шеңбердің бұзушылықтары, құрбыларымен, педагогтармен, ата-аналармен өзара қарым-қатынас мәселелері;

  3. Тәрбие-білім беру бағдарламаларын психологиялық қамтамасыз ету;

  4. Ата-аналар, педагогтардың психологиялық-педагогикалық құзырлығын дамыту.



































1.КІРІСПЕ


Жаңа білім беруге көшуде мектепалды даярлықтың басты мақсаты – болашақ мектеп оқушыларының старттық мүмкіндіктерін теңестіру. Мектепалды даярлық қана баланың қоршаған әлеммен қарым-қатынасында рухани-адамгершілік құндылықтар, интеллект, таным белсенділігі, іс-әрекеттерінің іргетасын қалауға бағытталған. Оқытудың алғашқы сатысының жетекші идеясы - сыйластық пен сенім жағдайында ғана жүзеге асырылатын тұлғаның толық дамуы, баланың жеке қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне көңіл аудару болып табылады.

Сондай-ақ, мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты және мемлекеттік саясаттың бөлінбейтін бөлігі болып табылады және жаңа білім беруге көшуде мектепалды даярлық топ балаларына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажеттігі туындайды.

Мектепалды білім беру жалпы білім беру жүйесінің5-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі білімнен бастауыш білімге үйлесімді көшуін, сабақтастығын қамтамасыз ететін толық құқылы буыныболып табылады.

Психологиялық-педагогикалық қолдау – бұл мектепалды даярлық үдерісінде әрбір баланың табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметті-психологиялық және педагогикалық жағдайлар құратын толық, жүйелі ұйымдастырылған қызмет.

Баланы қолдау бойынша жұмыстың тізбектілігі келесі алгоритмді ұсынады:

1. Мәселенің қойылымы. Сұраныстың түсуінен, мәселенің мәнін түсінуден, бала туралы жиын жоспарын әзірлеуден және диагностикалық зерттеу жүргізуден басталады.

2. Алынған ақпараттың сараптамасы. Барлық қызығушылық танытқан мүдделермен мәселені шешудің мүмкін жолдары мен тәсілдерін бағалау және талдау, әртүрлі шешімдердің жағымды және теріс жақтарын талқылау.

3. Кешенді көмек беру жоспарын әзірлеу. Әрекет тізбектілігін анықтау, тараптардың функциялары мен жауапкершіліктерін, іске асыру мерзімдерін бөлу:бала, педагог, ата-ана, мамандарға арналған бірлескен ұсынымдар өндіру. Барлық қатысушыларға бала мәселелерін шешу жолдары мен тәсілдері туралы кеңес беріледі.

4. Мәселені шешуде жоспарды іске асыру. Әрбір қатысушымен ұсынымдарды орындау.

5. Қолдау қызметі нәтижелерінің мәнін ұғыну және бағалау.Не сәтті болды?Қандай сәтсіздік пайда болды? Неліктен? сұрақтарына жауаптар болжайды. Жеке мәселенің шешімі немесе бала дамуына одан әрі дамуын жүргізу. Одан әрі не істеу қажет? сұрағына жауап.








2.5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

5-6 жас тұлғаның психологиялық тетіктерін шын мәнісінде қалыптастыратын кезеңі болып табылады. Бұл жаста бала организмінің қарқынды жетілуі жалғасады, жүйке жүйесі дамиды. Алайда, организм әлі де қалыптаспаған, сондықтан алты жастағы балаларға мектепте оқытуды ұйымдастыру кезінде мұны есепке алу керек. 5-6 жастағы балалардың психикалық дамуы өзіндік сана-сезімнің қалыптасуымен – өзін сезінумен және өзіне физикалық, рухани және қоғамдық жан ретінде қарауымен тығыз байланысты.Бұл жаста өзін-өзі бағалау қарқынды қалыптасады және баланың бағалау пікірі ересектердің өзіне берген бағалау қатынасымен бірге ілеседі.

5-6 жас ерекшелігінде баланың танымдық шеңберінде даму жалғасады: барлық анализаторлар біркелкі нысанға келтірілген, сезімталдықтың барлық түрлері жүзеге асырылады: көру қабілеті, түстерді ажыратудың дәлдігі мен нәзіктігі артады (бала барлық түстерді және оның реңдерін ажыратады), тактикалық сезімталдықты жүзеге асыратын есту қабілеті артады. Қабылдаудың барлық түрлері (уақытты, кеңістікті қабылдау) қалыптасады. 5-6 жастағы балаларда өз еркімен есте сақтау жақсы қалыптасады, олар мақсат қоюға, онымен жүруге, өзін-өзі бақылауды жүзеге асыруға қабілетті.

Бұл жастағы ойлаудың негізгі түрі – көрнекі-бейнелі ойлау. Алайда ол нақты бейнемен шектелмейді, маңыздырақ қадам - көрнекі-схемалық ойлауға көшеді. Оның көмегімен жеке ерекшеліктер ғана емес, одан да маңызды байланыстар мен пәнаралық қатынастар ерекшеліктерімен анықталады.Ойлаудың бұл түрі сөздік-логикалық ойлауды дамыту үшін негіз болып табылады. 6 жасқа қарай бала пікірлер жүйесін құра алады, өзінің біліміне қарай дұрыс қорытынды жасауға тырысады.

Бұл жаста балада түсінік қалыптасады, ол нақты көрнекі көрсетілген нәрселер туралы меңгеріп қана қоймайды, балада уақыт қатынастары, себебі мен салдары, кеңістік, шама, саны және т.б.туралы абстрактілі түсінік қалыптасады.

Баланың мектепке даярлығы мектеп туралы дұрыс ақпаратқа байланысты болады. Балаларға дұрыс объективті білім, мектеп туралы мәлімет берілгені маңызды. Біз баланың мектепке қызығушылығын дамытып қана қоймай, оқуға да үйрету қажетпіз. Баланың мектепке даярлығы кезінде танымдық, интеллектуалдық жағы да маңызды. Ол өзіне арнайы шеберлік пен дағдыларын, қажетті сөздік қорды, нақты білім деңгейін қамтиды. Мектепте сәтті оқуы үшін бала бойында ойлау, есте сақтау, шығармашылық қиял қабілеттері даму қажет. Осы сатылар ғана әрекеттің жаңа түріне баланың қатысуын қамтамасыз етеді, яғни ойыннан өзгеше, бала бойынан нақты қасиеттерді міндеттейді. Бала оқу тапсырмасын анықтай алуы, оны өз еркімен әрекетінің мақсаты ете білуі қажет. Бұл балаға «оқытудың жоғары деңгейін» қамтамасыз етеді.

Баланың мектепке даярлығының тағы бір түрі – физикалық даярлық. Бала мектепке физикалық дамыған, дені сау болып баруы қажет. Балада барлық физикалық қасиеттер – ептілік, икемділік, жылдамдық, күш –жігер және кез-келген істе табысқа жету үшін қажетті қасиет-шыдамдылық жақсы дамыған болуы керек.

3.МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТЫ ҚОЛДАУДА ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІ

Мектепалды даярлықты қолдауда психолог қызметіне педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларымен, яғни педагогтар, ата-аналар, балалармен жұмыс жатады. Сондай-ақ келесі жұмыс түрлері қолданылады: диагностикалық, консультациялық, түзету-дамытушылық, ағартушылық.

Б

Педагог-психолог

ағыттардың әрқайсысы жеке және топтық формаларды ұсынады. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін келесі схема түрінде көрсетуге болады.


Ата-аналар

Педагогтар

  • Алдын-алу

  • Диагностика

  • Кеңес

  • Түзету

  • Сараптау

  • Ағарту


Shape2

Жұмыстың жеке және топтық формалары

Shape3 Shape4 Shape5 Shape6

Балалар
















Балалармен жұмыс

1. Диагностика: мектепке даярлық көрсеткіштерін диагностикалау.

2. Түзету-дамыту жұмысы: мектепке даярлықты қалыптастырудың бағдарламасын жүзеге асыру.

Ата-аналармен жұмыс

1. Диагностика: аса белсенді балалардың барлығын анықтау мақсатында ата-аналарға сауалнама жүргізу, мектепке дейінгі жастағы балалардың даму көрсеткіштерін зерттеу, бала мен отбасы туралы алғашқы ақпараттар жинағы.

2. Түзету-дамыту жұмысы: ата-аналар құрған жеке түзетулер.

3. Кеңес беру: оқу әрекетін қалыптастыру мен танымдық мотивацияны дамыту бойынша жеке және топтық кеңес беру.

4. Ағарту жұмысы: жаднамалар, бюллетень және оның мектепке баланың даярлығын үйлестіру бойынша әдістемелік ұсынымдар тарату.

Педагогтармен жұмыс

1. Кеңес беру: оқу әрекетін қалыптастыру мен болашақ бірінші сынып оқушыларының танымдық мотивациясын дамыту бойынша жеке және топтық кеңес беру

2. Ағарту жұмысы: жаднамалар, бюллетень және оның мектепке баланың даярлығын үйлестіру, сондай-ақ ата-аналармен тиімді өзара қарым-қатынас қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар тарату.

Психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысының басты бағыттары:

- Алдын-алу– бұл қандай да бір мәселенің пайда болғанын ескертетін қызметтің негізгі бағыттарының бірі. Мектепке дейінгі жаста алдын-алудың ерекшелігі - ата-аналар мен тәрбиешілер арқылы балаға ықпал ету.

- Диагностика(жеке, топтық (скрининг)). Жас ерекшеліктерін, сонымен бірге мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде психологиялық-педагогикалық қолдаудың мақсаттары мен міндеттерін есепке ала отырып, қолдауға қажетті негізгі бағыттарды анықтауға болады. Яғни оларды диагностикалау қажет: бала дамуының нормасын бақылау және әр жас ерекшелігіндегі күйзеліс кезеңдерін, жаңалықтарын білу арқылымәселелелі аумақтарды табуға болады.

- Консультациялау (жеке, топтық), ережеге сай, педагогтармен де, ата-аналармен де арызданған мәселе бойынша жүзеге асырылады.

- Дамыту жұмысы (жеке, топтық). Дамыту жұмысында маман бала өзінің оптимальды даму деңгейіне көтеріле алатын жағдайлар құру үшін дамудың орта жастағы нормаларына қарай бағытталады. Сондай-ақ дамыту жұмысы нақты қабілеттің жай ғана тренинг емес, ол оқыту жұмысындағы басқа факторлармен де жұмысқа үйлестірілген.

- Коррекциялық жұмыс (жеке, топтық). Қолдау жүйесінің маманы баланы жақындатуға тырысатын психикалық дамытудың нақты эталонын иеленеді. Коррекциялық жұмыстан соң ауытқуды «түзету» ұғымы, ал дамытудың соңында баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ашу мағынасы бекітіледі.

- Психологиялық ағарту мен білім беру: психологиялық мәдениетті қалыптастыру, білім беру мекемелерінің әкімшілігі, педагогтар, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзырлығын дамыту.

- Сараптау(білім беру және оқу бағдарламаларын, жобаларды, құралдарды, білім беру ортасын, білім беру мекемелері мамандарының кәсіптік қызметі).

Жылдың басында психологиялық функциялармен жеткіліксіз қалыптасқан балалар анықталады. Бұл балалар түзету-дамытушы аралық топтар құрамына кіреді және жыл бойына психологпен айналысады. Сәуір-мамыр айларында балаларды дамытудың динамикасын анықтау және педагогикалық жұмыстардың тиімділігін бағалау мақсатында қайталау диагностикасы өткізіледі.

Дамуында психикалық кемшіліктері бар, қарым-қатынас жасауда қиындыққа тап болатын, сондай-ақ эмоционалды қолайсыз балалармен психологиялық түзету және психологиялық алдын-алу жұмысын жоспарын (психологиялық тексеру деректерпі бойынша) құру мен өткізу. Жұмыс жеке және топаралық формада жүргізіледі. Педагогтармен жеке жұмысты жоспарлау кезінде нақты мақсатты, міндеттерді және жеке жұмыс мазмұнын таңдау ұсынылады (баланың ерекшеліктерін есепке ала отырып). Мектепалды даярлық аясында басты бағыттардың бірі- мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен мамандарының (педагог-психолог, логопед) арасындағы өзара әрекеттестік жүйесін енгізетін, балаларды мектеп өміріне сапалы даярлауға бағытталған түзету-педагогикалық қызметі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!