Материалдар / Мектепалды даярлық топтарына арналған тілашар тойының сценарийі

Мектепалды даярлық топтарына арналған тілашар тойының сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық топтарына Тілашар тойы жоспарының көмегі тиеді деп ойлаймын. Жоспарда балалардың білімінің тексерілуі, өнерге баулу, ата-анамен байланыс т.б. қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Маусым 2018
1423
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тілашар тойы»Мақсаты: Балалардың ойын, тілін дамытып, дүниетанымын қалыптастырып, ана тілінде сөйлеу шеберлігін үйрету, қалыптастыру. Баланың бойындағы өнерін көрсете білуіне мүмкіндік жасап, оқушы бойындағы ерекше қабілетін ашу, тәрбиелеу.Көрнекілігі: шарлар, суреттерБарысы:Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым, құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата-аналар, балалар! «Тілашар тойы» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Кеше ғана алаңсыз ағаш атқа шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгін де бойларында жауапкершілік пайда болып, дайындық тобын аяқтап, 1- сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын, жас бүлдіршіндер! Шәкірттер атының баласы емес, халықтың баласы болсын. Қазір алдарыңызда бүлдіршіндер дайындық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін ән-күймен, өлеңдермен өрнектеп өнерімізді ортаға салмақ. Біліміміздің артып, сөз байлығымыздың молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік. (Оқушыларды таныстырып, музыкамен ортаға шығару.)
  • Ойлап шешер ақылмен,
Жауап берер жайменен.Тапсырманы орындайды, Достарынан қалмайды. Тастай Ернар
  • Білімімен үлгі болған сыныпқа,
Отырмайды ойланбастан тынып та.Айсауле біздің өнегелі, өнерлі,Арасында достарының беделді. Демешова Айсауле
  • Мынау менің сезгенім,
Ол сыныптың данасы.Өзінің де, өзгеніңӘділ болар панасы. Жумашев Әділ
  • Күні бойы тынбаған,
Үлкендерді сыйлаған.Сабырлы біздің Жасмин,Ұқыптылыққа бойлаған. Шунушкалиева Жасмин
  • Келеді сонау қашықтан,
Мектепке әркез асыққан.Ислам біздің ақ көңіл,Көңілі дария тасытқан. Тулеуғали Ислам
  • Ертеңгі күнін ойлайтын,
Бес алам деп қалмайтын.Аршыл біздің Айымгүл,Жалқаулыққа бармайтын. Жұмағалиқызы Айымгүл
  • Әзілді жаны сүйеді,
Армансыз ол күледі.Дилияр біздің әрқашан,Жып-жинақы жүреді. Алтынбаев Дилияр
  • Әдепті ол сақтайды,
Әділетті жақтайды.Жансаяны біздің апайлар,Тәртіпті деп мақтайды. Айтқали Жансая
  • Тентек, бірақ ақылды,
Сыйлап жүрер жақынды.Әлинұр біздің ұлдардыТәртіпке әркез шақырды. Сағынғали Әлинұр
  • Би билейді талмайды,
Әсем әнін арнайды.Біздің нәзік Асылайды,Барлық бала тыңдайды. Қадырбай Асылай
  • Сыйлап сәлем береді,
Үлкендерді көргенде.Кенжалыны сыныпта,Ізетті деп біледі. Куликеш Кенжалы
  • Қыздарымыз ұқыпты,
Сүйкімді әрі қылықты.Ақбота біздің әрқашан,Ұстазына көмекші. Амангелді Ақбота
  • Өнер қуған жасынан,
Сөз асырмас басынан.Намысқой біздің Ислам,Табылар дос қасыңнан. Казенов Ислам
  • Сабырлы, жайлы, жан-жақты,
Қыздарымыз сымбатты.Аягөз біздің әрқашан,Досымыз болар қымбатты. Далабаева Аягөз
  • Жауапты өзінің ісіне,
Көмектесер кісіге.Ақылды болып өсе бер,Достарыңның ішінде. Сағат Исмайыл
  • Кішкентайы сыныптың,
Тентек емес жуас тым.Ақбота біздің сыпайы,Досқа адал шынайы. Махсот Ақбота
  • Терең ойлап ақылмен,
Тіл табысар бәрімен.Үлкенге құрмет көрсетіп,Көз тартады ісімен. Салихов Ерасыл
  • Шыр айналып би билеп,
Ән салуды ұнатқан.Сыныптағы ерке қыз,Көпті аузына қаратқан. Серік Әдемі
  • Арманы көп ойында,
Қайсарлық бар бойында. Тілеймін құтты қадамды, Болашақ сенің жолыңа. Амирулла Аңсар
  • Жақсы оқып сабақты,
Өз ісіне жауапты.Тазалықты сүйеді,Көмекшім боп жүреді. Қуанышқызы Малика
  • Жайлы мінез, сабырлы,
Ортамызда салмақты. Ақылшы болып жүргейсің, Адал дос болып ақылды. Исатай Саят
  • Сабақты жаймен оқыған,
Көңілге оны тоқыған.Белсенді болып жүргейсің, Биіктен көрін әрқашан. Амангелді АяжанМұғалім: Айналайын балалар,Сендерде ой сана бар.Өздеріңнен өседі,Өнершілдер, даналар.Өсті міне бойларың,Өсті міне ойларың,Қуанышқа ортақпын,Құтты болсын тойларың.Өтті қызық көп күндер,6 жасқа жеттіңдер.Барасыңдар мектепке,Бір белестен өттіңдер.Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз» (барлығы орындайды)Жасмин: Қуанамыз сыйлаймыз,Қуаныштың мың гүлін.Даярлық топты қимай біз,Қоштасатын күн бүгін.Исмайыл: Өз үлгіңді ұстаймын,Айтқаныңнан шықпаймын.Мен балапан құстаймын,Баулыдың сен мұғалім. Айсауле:Қуанышты көңілді,Нағыз жақсы мереке.Бүгін барлық баланы,Шығарып салмақ мектепке.Т.Ислам: Бізге тәртіп үйреткен,Ән салдырып билеткен.Таныстырған ең алғаш,Әріптермен, суреттермен,Ол тәрбиеші мұғалім.Малика:Жақсылыққа құмармыз,Жақсы адам болып шығармыз.Таза сәби жүрекпен,Айтамыз сізге мың алғыс.Есік қағылып, залға Жалмауыз кемпір жүгіріп кіріп, айқай салады. Жалмауыз кемпір:Сәлеметсіңдер ме балалар! Самал жел маған хабар берді. Сендерді мектепке барады дейді. Солай ма, құлағым естімейді. Барасыңдар ма мектепке?Балалар хормен: Иә, барамыз!Жалмауыз кемпір:Әй неге сонша айқайлайсыңдар? Керең дейсіңдер ме мені?А, барайын деп жүр екенсіңдер ғойКім сендерді жібереді екенОқу сендерге неге керек? Мектепке барсаңдар ерте тұру, сабақ оқу  керекОл неге керек, мен сияқты  жүре бермейсіңдер ме, түске дейін ұйықтап.Мұғалім:Жоқ, апа, сіздікі дұрыс емес. Мектепке бармасақ біз жаза да, оқи да алмас едік. Ертеңгі ел болашағы біздің қолымызда. Елімізді биіктен көру үшін үлес қосуымыз керек.Жалмауыз кемпір:Ұқтым, оқу керек екен, сендер мектепке не ұстап барасыңдар? Балалар: Сөмке. Жалмауыз кемпір:Ол сөмкелеріңде не болады? Мысалы, менің сөмкемде не бар, қараңдаршы? (сөмкесінен тас, рогатка, кнопка алып көрсетеді). Ал енді сендер сабаққа барғыларың келсе, мына жұмбақтарды шешіңдер. Жұмбақтар:Қабат-қабат қаттама,Ақылың болса аттама (Кітап) Кішкентай ғана бойы бар,Айналдырып киген тоны бар. (Қозы)Көп-көп ине, көп ине,Бір сабағы жоқ инеІс тікпейді, әрине.  /кірпі/Мұрны пұшық, көзі қысық.Өзі пысық , бұл не?….  /мысық/Жалмауыз кемпір: Ал сендер қандай пәндерді оқыдыңдар мектепте? Ол пәндерден алған білімдеріңді тексеріп көрейін. Математикадан санамақ білесіңдер ме? Айтып беріңдерші. (Иә!) Санамақ айтылады. Жалмауыз кемпір: Ой жарайсыңдар! Ал мына тактаға қараңдаршы! Бұл кімнің портреттері? Бұл кімдер? (Оқушылар сөйлейді)Жалмауыз кемпір: Жарайсыңдар, балалар! Менің де сендер сияқты мектепке барғым келеді. Ендеше, кеттім! Дайындалайын! Сау болыңдар!Мұғалім: Жарайсыңдар! Олай болса келесі тапсырмаларды орындап көрейік. Мен айтқан мысалдарды тезірек шығара қойыңдар.

Қазір мен дыбыстарды айтамын. Егер ол дыбыстар дауысты болса шапалақ соғамыз. Ал дауыссыз болса аяқ тарсылдатамыз. (а, т, о, е, қ, ш, с, ә, ө, с)

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар! Олай болса тақпақтарға кезек берейік.К.Ислам:Оқимыз білім аламыз,Болашақ жолын саламыз.Даярлық топпен қоштасып,Біз мектепке барамыз.Жансая: Құшағыңда жарқылдап,Өтті сәби күндерім.Би биледім ән тыңдап,Алаңдауды білмедім.Саят: Жеті жасқа толамыз,Әдепті бала боламыз.Ата-ананы қуантып,Кілең бестік аламыз.А.Ақбота:Біз балауса баламыз,Жетілді ой-санамыз.Даярлықпен қоштасып,Біріншіге барамыз.Аңсар:Мектебің мынау класыңОсында он жыл тұрасың.Тарыдай болып кіресің,Таудай болып шығасың.

Би: Флешмоб

Аягөз:Алғаш рет өзіңненБілім алды балалар.Оқу сырын өзіңнен,Біліп алды балалар.Ерасыл:Күннің нұры шуақты,Сергітеді денемді.Құрдастарым сияқты,Оқушымын мен енді. Айымгүл:Жастың өсті санасы,Елжірейді жүрегі.Даярлық топқа бар бала,Алғыс айтып жүреді.Дилияр:Білім алған өзіңнен,Дәрігер, ұшқыш, не ғалым.Саған ыстық сезіммен,Қарайды жұрт, мұғалім.Асылай:Мен де өзіңді әрдайымҚамқоршым деп ұғамын.Күліп атқан таңдайын,Жарқынсың сен, мұғалім. Кенжалы:Таудай биік талабым,Оттай лаулап жанамын.Салт-санасын сақтаймын,Дала мен қаланың,Мен мектепке барамын.

«Алғыс» көрініс. Анасы балаларына қызанақ береді. Балалары: (Жансая, Әділ) 1. Апа, дәмді қызанақ бергеніңіз үшін сізге көп-көп рахмет!Анасы: (Асылай) 1. Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар! Жақсы қызанақ өсіргені үшін бақшаға айтыңдар! (Бақшаға барып бастарын иеді)Бақша: (Т.Ислам) Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, құнарлы қара топырақты Жерге айтыңдар! Балалары: (Жансая, Әділ) 2. Мейірімді жер, дәмді қызанақ өсіргенің үшін көп рахмет! Жер: (Исмайыл) Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар! Нұр үстіне нұр төгіп, әлемге шуақ себетін құдіретті Күнге айтыңдар! Балалары: (Жансая, Әділ) 3. Уа, әлемге тіршілік берген, мейірімді Күн! Сенің сәулеңнен нәр алған қызанақ қандай дәмді еді! Сол үшін саған көп рахмет! Күн: (Айымгүл) Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар! Қызанақты дәмді еткен адамның еңбегі, қызанақты отырығызып баптаған адамға алғыс айтыңдар! 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ