Материалдар / Мектепішілік бақылау анықтамасы Тәрбие 2024-2025 оқу жылы

Мектепішілік бақылау анықтамасы Тәрбие 2024-2025 оқу жылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепішілік бақылау анықтамасы Тәрбие 2024-2025 оқу жылы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2024
71
1 рет жүктелген
3900 ₸
Бүгін алсаңыз
+195 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +195 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


обл

кмм

2024-2025 оқу жылы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша Мемлекеттік құзырлы органдармен бірлескен құжаттардың басшылыққа алынуы»

бақылау нәтижесі туралы

АНЫҚТАМА


Бақылау тақырыбы: «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша Мемлекеттік құзырлы органдармен бірлескен құжаттардың басшылыққа алынуы

Бақылау мақсаты: Құжаттардың бірыңғай талаптарға сәйкестігін назарда ұстау


Бақылау объектісі: Тәрбие жұмысының 6 құндылыққа негізделген жоспары

Бақылау субъектісі: анықтама

Бақылау түрі: Фронталды

Бақылау нысаны: жоспар

Бақылау әдістері: Құжаттамаларды зерделеу

Жауаптылар: ДТІЖО

Орындау мерзімі: қыркүйек айы


Қорытындысы: 2024-2025 оқу жылы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерді. Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл баршаға және әрбір адамға бірдей мүмкіндік беретін қоғамды қалыптастыратын адал азаматтар табанды еңбегімен еліміздің дамуына өз үлес қосқанда ғана мүмкін болады.

Озық дамыған мемлекет құру үшін азаматтарымыз жаңаша ойлай білуге және жасампаздыққа ұмтылуы қажет. Осыған орай жастарды тәрбиелеу «Адал азамат» идеясымен үндеседі. Бұл балалар мен жастардың бойында әділдік пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын дарыту арқылы адал еңбек пен қоғам игілігін алдыңғы орынға қоятын, адал, әділетті азаматтарды тәрбиелеуге бағыт береді.

Ал, «Әділетті Қазақстан» идеясы әрбір азаматқа өзін-өзі жүзеге асыруға және табысқа жетуге бірдей мүмкіндік беретін қоғам құру мақсатын көздейді. Бұл мақсатқа жету үшін балалар мен жастардың бойында тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, заң мен тәртіп құндылықтарын дамытуды қажет етеді.

«Озық ойлы ұлт» идеясы балалар мен жастардың бойында білімге құштарлық, шығармашылық және инновациялық ойлау, кәсіби даму, бірлік пен ынтымақ құндылықтарын дамыту арқылы өзгерістерге бейімделіп, инновациялық технологияларды ұтымды қолданатын ұлтты қалыптастыруға бағытталады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев озық дамыған мемлекет құру өскелең ұрпаққа тікелей байланысты екендігіне тоқталып, оларды тәрбиелеуге ерекше назар аудару міндетін қойды. Ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын:

тәуелсіздік және отаншылдық

бірлік және ынтымақ

әділдік және жауапкершілік

заң және тәртіп

еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

жасампаздық және жаңашылдық құндылықтарын саралап, бала тәрбиесіндегі басты бағдар ретінде айқындады.

Ұлт болашағы балалар мен жастардың бойына қандай құндылықтар сіңіретініне байланысты, сол себепті өскелең ұрпақты тәрбиелеу – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі.

Сондықтан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы елімізді жаңартатын «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» ұстанымына негізделеді.

Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.

Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;

Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;

Қаңтар – заң және тәртіп айы;

Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;

Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.

Құндылықтарды қалыптастырудағы жүйелі және кешенді жұмыс оқу-тәрбие процесінде күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шараларды қамтиды:

күнделікті:

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.

«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.

«Үнемді тұтыну» – жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар арқылы суды, тамақты, энергияны және табиғи ресурстарды үнемді тұтынуды және іс-әрекет барысында табиғи ресурстарға (су, энергия және т.б.) ұқыпты қарауды қалыптастыру.

«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде арнайы күй тыңдату.

апта сайын:

«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.

Аптаның дәйексөздері – бүкіл ұйымның сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, халық даналығы, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, тақталарда және т.б. орналастырылады.

«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру, әңгіме өткізу.

Апта сайын сынып сағаттарын өткізу шеңберінде білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс іске асырылады. Сынып сағаттарының мазмұнына келесі алдын алу шаралары біріктіріледі:

Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам;

Буллингтен қорған!

Ойынға салауатты көзқарас;

Өмірге салауатты қадам;

Қоғамдық мүлікті қорға!

Қауіпсіз қоғам.

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» алдын алу шарасы сынып сағаттарында ақпараттық қауіпсіздік, кибермәдениет, кибергигиена, медиа сауаттылықты дамыту тиісті мүдделі мемлекеттік орган мамандарымен бірлесіп пікірталастар, кездесулер өткізу ұсынылады.

Қорытынды ұсыныс:

Бақылау нәтижелерін негізге ала отырып, тәрбие бағдарламасын жетілдіру.

Құжаттардың уақытылы және сапалы толтырылуын қамтамасыз ету.

Тәрбие жұмысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыру.


Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары



облысы

кмм

2024-2025 оқу жылы бойынша ««Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруда балалардың жас ерекшелігін ескере отырып ұйымдастыру» бақылау нәтижесі туралы

АНЫҚТАМА


Бақылау тақырыбы: «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруда балалардың жас ерекшелігін ескере отырып ұйымдастыру

Бақылау мақсаты: Тәрбие жұмысының басымдықтарын және сапасын анықтау


Бақылау объектісі: Сынып жетекшілері нің жұмысы

Бақылау субъектісі: анықтама

Бақылау түрі: Фронталды

Бақылау нысаны: жоспар

Бақылау әдістері: Жоспардың орындалуын бақылау, талдау

Жауаптылар: ДТІЖО

Орындау мерзімі: қыркүйек айы


Қорытындысы:

2024-2025 оқу жылы бойынша біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде сынып жетекшілерінің жұмысы жоспарға сәйкес жүргізіліп, балалардың жас ерекшеліктері ескерілген. Тәрбие жұмысы барысында оқушылардың танымдық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуына назар аударылды. Жоспарланған іс-шаралар уақытында орындалып, олардың сапасы талапқа сай болды. Оқушылардың жас топтарына сәйкес тәрбиелік іс-шаралар әртүрлі бағытта ұйымдастырылған. Төменгі сынып оқушылары үшін ойын элементтерімен сабақтар өткізіліп, орта және жоғарғы сыныптарда сыни ойлау мен өмірлік дағдыларды қалыптастыруға арналған іс-шаралар жоспарланған. Оқушылардың рухани-адамгершілік, патриоттық, экологиялық тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінген. Бұл бағыттар бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар бағдарламаның толықтай жүзеге асқанын көрсетеді. Оқушылар бағдарламалық іс-шараларға белсенді түрде қатысуда. Әсіресе, сынып жетекшілері мен тәрбиешілердің үйлесімді жұмысының арқасында оқушылардың қызығушылығы артқан.  Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қажеттіліктерін ескеру арқылы, мектепте тәрбиелік жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларына арналған іс-шаралар қарапайым әрі қызықты түрде болса, жоғарғы сынып оқушылары үшін мазмұны терең тақырыптар қамтылған.

Тәрбие бағдарламасы тиімді іске асырылуда. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған іс-шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуде. Алайда, кейбір сыныптарда әдістемелік қолдауды күшейту қажет.

Қорытынды ұсыныс:

  • Тәрбие жұмысын одан әрі тиімді жүзеге асыру үшін сынып жетекшілері балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдануды жалғастыруы қажет.

  • Оқушылардың белсенді қатысуын арттыру үшін топтық және жеке жұмыстарды жетілдіру ұсынылады.

  • Жыл бойы жоспарланған іс-шаралардың орындалуын жүйелі бақылап, түзетулер енгізіп отыру қажет.

Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары






обл

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2024-2025 оқу жылы бойынша «2024-2025 оқу жылына сынып жетекшілердің тәрбие жұмысын жоспарлау сапасы» бақылау нәтижесі туралы

АНЫҚТАМА


Бақылау тақырыбы: 2024-2025 оқу жылына сынып жетекшілердің тәрбие жұмысын жоспарлау сапасы

Бақылау мақсаты: Құжаттардың бірыңғай талаптарға сәйкестігін назарда ұстау

Бақылау объектісі: Сынып жетекшісінің жұмыс жоспары

Бақылау субъектісі: анықтама

Бақылау түрі:тақырыптық

Бақылау нысаны: жоспар

Бақылау әдістері: Жоспарларды қарау және талдау

Жауаптылар: ДТІЖО

Орындау мерзімі: қыркүйек айы


Қорытындысы: 2024-2025 оқу жылында сынып жетекшілердің тәрбие жұмысын жоспарлауының сапасы қаралып, бірыңғай талаптарға сәйкес келуі тексерілді. Жоспарлар сараланып, кейбір кемшіліктер мен толықтырулар қажеттілігі анықталды. Көпшілік сынып жетекшілері тәрбие жұмысын жоспарлауда әдістемелік ұсыныстарды сақтаған. Алайда кейбір жоспарларда мақсаттар мен міндеттерді нақтылау, іс-шаралардың мазмұнын тереңдету қажеттілігі байқалды. Жоспарлардың көпшілігі жүйелі түрде құрылған, жылдық іс-шаралар жоспарланған. Жоспарлар бойынша сынып жетекшілері оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуге тырысады. Оқушының шығармашылық әлеуетін дамыту бойынша нақты шаралар өткізілуде. Жоспарланған тәрбие іс-шараларының тақырыптары маңызды және өзекті мәселелерге бағытталған. Алайда кейбір шаралардың өткізілу формаларын әртараптандыру қажет. Жалпы алғанда, сынып жетекшілердің тәрбие жұмысын жоспарлауы қанағаттанарлық деп бағаланады, бірақ сапаны жақсарту мақсатында кейбір тұстарында жетілдіру қажет.

Қорытынды ұсыныс:

  1. Жоспарларды толықтырып, бірыңғай талаптарға сәйкестендіру.

  2. Сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысының әдістемелік құралдары мен нұсқаулықтарын беру.

  3. Жоспарды орындау барысында оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау.


Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары
















обл

«» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2024-2025 оқу жылы бойынша «» бақылау нәтижесі туралы

АНЫҚТАМА


Бақылау тақырыбы: Білім беру ұйымында қауіпсіз, жайлы физикалық оқу ортасын қамтамасыз ету


Бақылау мақсаты: инфрақұрылымның жағдайы мен қауіпсіздігі (ғимараттар, оқу кабинеттері, спорт ғимараттары)

- авариялық шығулар мен өрттен қорғау жүйелерінің болуы және жағдайы

- жайлылық деңгейі (температура, жарықтандыру, желдету)

Бақылау объектісі: оқушылар

Бақылау субъектісі: анықтама

Бақылау түрі:жеке

Бақылау нысаны: жоспар

Бақылау әдістері:

Жауаптылар: ДТІЖО

Орындау мерзімі: қазан айы


  1. Қорытындысы: 2024-2025 оқу жылында өткізілген Ғимараттардың және оқу кабинеттерінің жағдайы

    • Ғимараттың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары талап етілмейді.

    • Оқу кабинеттері санитарлық нормаларға сәйкес жабдықталған.Спорт ғимараттары Спорт залы жақсы жағдайда. Барлық қажетті спорт жабдықтары бар.Авариялық шығулар мен өрттен қорғау жүйелері

    • Авариялық шығулар жұмыс істеп тұр. Оларға қолжетімділік қамтамасыз етілген.

    • Өрттен қорғау жүйелері орнатылған және дұрыс жұмыс істейді. Өрт сөндіру құралдары қолжетімді және мерзімінде тексеруден өткізілген.Жайлылық деңгейі

    • Температура: барлық оқу кабинеттерінде және ғимарат ішінде температура қалыпты деңгейде ұсталады.

    • Жарықтандыру: оқу орындарына жеткілікті табиғи және жасанды жарық қамтамасыз етілген.

    • Желдету: ғимаратта желдету жүйесі жұмыс істеп тұр, ауаның сапасы қанағаттанарлық деңгейде.

Қорытынды:
Мектеп ғимаратында қауіпсіз және жайлы физикалық оқу ортасы қамтамасыз етілген. Инфрақұрылым талаптарға сай, авариялық жағдайлардың алдын алу жүйе





Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары












обл

«» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2024-2025 оқу жылы бойынша «Мектепішілік есепте тұрған оқушылармен атқарылатын жұмыстар» бақылау нәтижесі туралы

АНЫҚТАМА


Бақылау тақырыбы: Мектепішілік есепте тұрған оқушылармен атқарылатын жұмыстар


Бақылау мақсаты: «қиын» балалардың уақытын тиімді пайдалануын бақылау


Бақылау объектісі: оқушылар

Бақылау субъектісі: анықтама

Бақылау түрі:жеке

Бақылау нысаны: жоспар

Бақылау әдістері:

Жауаптылар: ДТІЖО

Орындау мерзімі: қазан айы

Қорытындысы: 2024-2025 оқу жылында Мектепішілік есепте тұрған оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау болып табылады. Аталған оқушылардың мінез-құлықтарын түзету, қоғамдық өмірге оңтайлы бағыт беру мақсатында мектеп психологы, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтармен бірлескен жүйелі іс-шаралар жүргізіледі.

Жұмыстың бағыттары:

  1. Психологиялық көмек көрсету: Әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық тренингтер мен әңгімелесулер өткізу.

  2. Сабақтан тыс уақытты ұйымдастыру: Спорттық және мәдени шараларға қатысуын қадағалау, шығармашылық үйірмелерге тарту.

  3. Ата-аналармен жұмыс: Балалардың тәрбиесіне ата-аналарды тарту, ата-аналар жиналыстарын өткізу.

  4. Мониторинг жүргізу: Оқушылардың мінез-құлықтарын жүйелі бақылап, өзгерістерді тіркеу.

Бақылау нәтижесі:
Бақылау барысында анықталғандай, мектепішілік есепте тұрған оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Әр оқушымен жеке жұмыс жоспары жасалып, олардың психологиялық жағдайын жақсарту мақсатында тренингтер мен консультациялар ұйымдастырылды. Спорттық іс-шараларға қатысу белсенділігі жоғары деңгейде болғанымен, шығармашылық үйірмелерге қатысу төмен дәрежеде екендігі анықталды. Бұл бағытта қосымша жұмыстар жүргізу қажеттілігі бар.

Ата-аналармен өткізілген жиналыстар нәтижесінде, кейбір оқушылардың үйдегі тәртібі мен мектептегі тәртібінде оң өзгерістер байқалды. Алайда, жеке басының мінез-құлқында күрделі өзгерістер байқалмаған оқушылар да бар, олармен арнайы жұмыс жүргізілу қажет.

Қорытынды:
Мектепішілік есепте тұрған оқушылармен атқарылатын жұмыстар жалғасуда және олардың әлеуметтік бейімделуі мен бос уақытын тиімді өткізуіне бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Алдағы уақытта қосымша түзетулер енгізіліп, осы оқушылармен жұмыстар жалғастырылады.

Қорытынды ұсыныс:

Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары


«» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2024-2025 оқу жылы бойынша «Білім беру процесіне қатысушылар арасында өзара сыйластық және тілектестік қарым» бақылау нәтижесі туралы

АНЫҚТАМА


Бақылау тақырыбы: Білім беру процесіне қатысушылар арасында өзара сыйластық және тілектестік қарым

Бақылау мақсаты: Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы қарым-қатынасқа қанағаттану деңгейі Қақтығыстардың саны және оларды шешу

Бақылау объектісі: оқушылар

Бақылау субъектісі: анықтама

Бақылау түрі:жеке

Бақылау нысаны: жоспар

Бақылау әдістері:

Жауаптылар: ДТІЖО

Орындау мерзімі: қазан айы


Қорытындысы: 2024-2025 оқу жылында Оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу мақсатында сауалнама және бақылау әдістері қолданылды. Қатысушыларға зерттеу мақсаты мен әдістері туралы ақпарат берілді. Бақылау кезеңі:

Сабақ барысында мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас, өзара сыйластық және тілектестік деңгейі бағаланды.

Ата-аналар мен мектеп ұжымы арасындағы байланыс деңгейі анықталды.

Мектеп ішіндегі жалпы психологиялық ахуал зерттелді.

Қорытынды кезеңі:

Жиналған мәліметтер негізінде талдау жасалды.

Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы сыйластық деңгейін жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

Бақылау нәтижелері:

Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас: жалпы деңгейде сыйластық пен ынтымақтастық байқалды, бірақ кейбір сыныптарда тәртіп мәселелері бар.

Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы: көпшілігі достық және тілектестік негізде, бірақ кейбір жағдайларда топтар арасында түсініспеушіліктер байқалады.

Ата-аналар мен мектеп ұжымы арасындағы байланыс: жалпы жақсы, бірақ кейбір ата-аналармен қарым-қатынасты жақсарту қажет.

Ұсыныстар:

Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін тренингтер ұйымдастыру.

Ата-аналармен тығыз қарым-қатынасты орнату мақсатында жиі кездесулер өткізу.

Мектептегі психологиялық ахуалды жақсарту үшін ұжымдық іс-шаралар ұйымдастыру.

Қорытынды: Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы өзара сыйластық пен тілектестік қарым-қатынасты нығайту бағытында белгілі бір жұмыстар жасалды. Алайда, кейбір мәселелер бойынша қосымша шаралар қабылдау қажет.

Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!