Жунусова Айнаш
Даулетбаевна
Теміртау қаласының
әкімдігі
Теміртау қаласының білім беру
бөлімінің
№4 «Дельфинчик» бөбекжайы»
МКҚК
Мектепке дейінгі білім беру
ұйымында
оқыту мен тәрбиелеуде IT
қолдану жолдары
«Өзгерістердің
керемет
қозғалтқышы –
технология»
Элвин
Тоффлер
Бәсекеге қабілетті білім
кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының
басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене
отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік
жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке
дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім
берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз –
балабақшадан қаланатындығы баршамызға
мәлім.
Еліміздің өркендеуі мен
гүлденуі – болашақ ұрпақ қолында. Бүгінгі күннің айдарындағы
басты мәселе бала тәрбиесі. Бала тәрбиесі тәрбие жұмыстарында ғана
емес, тәлім, таным үрдістерінде жүзеге асады. Ұрпақ тәрбиелеу –
қоғам алдында әрбір тәрбиеші ұстаздың басты міндеті болып саналады.
Яғни, бүгінгі білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияның
негізделуін және де ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет
етеді. Балабақшада оқу тәрбие үрдісінде жаңа технологияны пайдалану
заман талабынан туындап отырған мәселе. Осы орайда ел Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «Оқу үрдісін ақпараттық
технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын
кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, ұйымдастырылған
оқу қызметінде жаңа IT пайдалануға жаппай көшуіміз керек.
Заманымызға сай қазіргі қоғамда ақпараттандыруда тәрбиеші
ұстаздардың біліктілігін IT қолдану саласын көтеру негізгі
міндеттердің біріне айналды. Қазіргі заман талабына сай тәрбие мен
таным саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді әрбір
тәрбиеші меңгеріп қана қоймай оны тәжірибеде орынды қолдана отырып,
өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы
тиіс.
Тәрбиешіге қойылатын
талаптардың бірі - оқытудың жаңа IT меңгерту. Осындай аса қажетті
технологиялардың бірі – IT пайдалану. IT – ны игеру қазіргі заманда
әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. IT дамуы кезеңінде
осы заманға сай білімді бала тәрбиелеу тәрбиешінің басты міндеті
болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды
дамуы жан – жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлғаны
қалыптастыруды талап етеді. Оң мотивацияларды қалыптастыру –
тәрбиешінің кәсіби міндеті. Мотив баланың танымдық
қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік дағдыны меңгерудегі
қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін
баланы коммуникативтілікке бағыттап ұйымдастырылған оқу қызметінде
бала іс-әрекетін ынталандыратын ерекше ұйымдастырылған оқу қызмет
формаларын таңдау керек деп есептеймін.
Білім беру саласындағы көп
қолданыста жүрген IT құралдары:
-
интерактивті тақта;
-
мультимедия;
-
интернет кеңістігі;
-
электрондық оқулық.
Менің
тәжірибемде көрсеткендей,
IT
пайдалануда ұйымдастырылған оқу қызметін
ұйымдастыру балалардың оқу қызметіне деген
ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде тәрбиешілер балалардың жемісті
және тиімді іс – әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді
әдістерді
емес ұйымдасқан оқу қызметін
пайдалануда.
Белсенді әдістердің ұйымдасқан
оқу қызмет түрлері.
- Видео
- Компьютер
-
Интернет
- Мультимедиялық
құралдар
- Электрондық
оқулықтар
Инновациялық білім беру
құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта,
интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар
мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк,
инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі
таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы
объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық
жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі –
мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу
іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары
анық. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін өткізер алдында
жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал мультимедиялық
оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары
айқын.
Видео - ұйымдасқан оқу
қызметін қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы
ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына
және оқу қызметке қызығушылықты арттырады.
Компьютер, мультимедиялық
жабдықтар - ақпаратты өңдеуге арналған құралдар, бұл оқытудың жаңа
күшті техникалық құралы, тәрбиешілер, ата-аналар мен мектеп жасына
дейінгі балалар арасындағы өзара қарым-қатынас құралы. Балабақшада
компьютерлер, интерактивті тақталар дамушы заттық ортаның ұйытқысы
болып табылады. Ол жеке ойындық оқыту құралы емес, ол білім беру
үрдісінің жан-жақты бағыттарын біріктіруші, оларды байытушы және
балабақшаның дамушы ортасын өзгертуші әмбебап ақпаратты жүйе
ретінде қабылданады.
Жаңа IT қолдануда ұйымдасқан
оқу қызметінде пайдаланудың тиімділігі:
- Балалардың еркін ойлауына
мүмкіндік береді
- Ақыл ойын
дамытады
- Шығармашылық белсенділігін
арттырады
- Ұжымдық іс-әрекетке
тәрбиелейді
- Тіл байлығын
дамытады
- Жан-жақты ізденушілігін
арттырады
Қазіргі таңда интерактивті
бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік
беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс
табуда. Осындай құралдардың бірі мультимедиялық оқулықтарды
балабақшада кеңінен пайдалану оқу қызметтерін жоғары дәрежеде
жүзеге асыруға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу
қызметінде мультимедиялық оқулықтар арқылы уақытты тиімді және
ұтымды пайдаланып келеді.
Ойымды қорыта келгенде,
балабақшада IT пайдалану - бала танымын жан-жақты дамытудың шешуші
құралы. IT пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділіктерін
арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады,
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. IT негізінде -
оқытудың жаңа моделін құруға жол ашылып отыр. IT оқу қызметті
түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес,
сонымен бірге оқу қызметті жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі. Жаңа
IT қамтылған еңбек нәтижелі болады, адам мәдениетті болады, өзіне,
қоғамға, оның материалдық және рухани құндылықтарына деген құрмет
пайда болады. IT қолдана білу педагогикада жаңа
әлеуметтік-экономикалық шарттарда өзін жайлы сезінуіне, балабақшаға
ашық білім беру жүйесі ретінде қызмет ету мен даму сатысына көшуіне
көмектеседі. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде білім беру
сапасын арттыруда IT қолдансақ, қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті
мәселелерді шешуде, яғни жан – жақты көп мәдениетті, шығармашыл,
әлеуметті бейімделген тұлға қалыптастырсақ еліміздің болашағы
баянды болмақ!
Әдебиеттер:
1. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т.
«Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану
бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі». Алматы: «Дайыр
Баспа», 2010ж.
2. К.Ж.Бұзаубақова. «Жаңа
педагогикалық технология». Тараз: Оқулық,
2003.
3. Бөрібаев Б., Балапанов Е.
«Жаңа ақпараттық техналогиялар», - Алматы,
2001ж.
4.
«Бала мен балабақша»
Алматы: журналы №11,
2020 ж.