Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы инновациялық тәжірибелер.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ҰЗЫНАҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК
МЕКЕМЕСІНІҢ «АҚҚАЙЫҢ» БӨБЕКЖАЙЫ КМҚК
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Курс тақырыбы: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық менеджмент
Өзіндік жұмыс тақырыбы: Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы инновациялық тәжірибелер
Қабылдаған: Сахова А.Т.
Орындаған: Куаныш Владимировна Жумабекова
Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы инновациялық тәжірибелер
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында мектепке дейінгі ұйымдарға ерекше көңіл бөлуге шақыра отырып ...ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда. Бұл салада тәрбиешілердің біліктілік талаптарын, оқыту әдісін қайта қарау қажет»- деп атап өткен болатын. Тұңғыш президенттің көрегендікпен көрсете білген бағыт-бағдары мен алаш арысы Әлихан Бөкейханның «Халыққа қызмет ету – білімнен емес мінезден», ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген аталы сөзін басшылыққа ала отырып өзімнің бастамашылық, ұйымдастырушылық қабілетім мен тілдерді меңгеру және ұлттық салт-дәстүрді танып білуге деген қызығушылықты оны жандандыру ісінің сапалылығы мен көркемдігінің мағыналылығын бағалау ең басты құндылығым.
Қазірде кезде еліміздің стратегиялық дамуының ең басты ұстанымдарының бірі алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарынан көріну болса, осыған байланысты білім берудің жаңа заманауи сапасына қол жеткізуге бағытталған кең ауқымды міндеттерді шешуге қабілетті педагогикалық кадрларды даярлаудың маңызы артады. Біздің жағдайда білім беру жүйесі үшін басқару құзыреттілігі бар мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің педагог қызметкер –басқарушылық құзыреттілікті игерген менеджердің перспективалық түрін қалыптастыру міндеті өзекті болып табылады.
Мектепке дейінгі мекеменің дамуының қозғаушы күші педагогтардың шығармашылық әлеуеті болып табылады: олардың кәсіби өсуі, жұмысқа көзқарасы, өз тәрбиеленушілерінің әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау қабілеті.
МДҰ-ның даму режимі қазіргі заманғы білім беру кешенді бағдарламаларын, технологияларды және әдістерді, мысалы: АКТ, жобалық әдіс, көрнекі үлгілеу әдісі, дамыта оқыту, іздеу қызметі әдісі, жоспарлаудың әртүрлі әдістері негізінде бірыңғай білім беру кеңістігі шеңберіндегі жұмыс, соның ішінде топтамалы-перспективалық, циклограммалық жоспарды пайдалануды көздейді. МДҰ білім беру және ақпараттық ортаны трансформациялау, икемді вариативті жұмыс режимі, жұмыстың жаңа педагогикалық тәсілдері, мысалы педагогикалық шығармашылық (бір уақытта бірнеше педагогтар мен тәрбиешілермен сабақ өткізу) жағдайында жұмыс істейді. Даму режимінде жұмыс істейтін МДҰ өз қызметін инновациялық режимде, эксперимент режимінде ұштастыра отырып жүзеге асыра алады
Даму режимінде жұмыс істейтін МДҰ-да әрбір тәрбиеленушіге жеке-бағдарлы көзқарасқа негізделген жеке білім беру бағыттары міндеттеледі.
Мектепке дейінгі білім беруді дамыту, оның жаңа сапалы деңгейге көшуі инновациялық технологияларды әзірлемей жүзеге асырылмайды. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтары әрқашанда жаңалыққа бейімділігімен ерекшеленді.
Бұл жағдайда әсіресе кәсіби құзыреттілік маңызды, оның негізінде педагогтар мен басқарушылардың жеке және кәсіби дамуы жатыр. Кәсіби педагогикалық қызметтің тиімділігі, МДҰ білім беру үдерісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу-осының барлығы МДҰ педагогтарының кәсіби өсуінің негізгі өлшемдері болып табылады.
Тәрбиешілердің әдістемелік, инновациялық қызметке қатысуы, сайып келгенде, жеке педагогикалық жүйені, педагогикалық қызметтің жеке стилін қалыптастыруға ықпал етеді. МДҰ-дағы әдістемелік жұмыс педагогтың нақты тұлғасына, оның кәсіби өсуіне қатысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді,балабақшаның педагогикалық ұжымы үшін де, жалпы педагогикалық қоғамдастық үшін де, тәрбиеленушілер мен педагогтер үшін де маңызды педагогикалық құндылықтарды бекітуге ықпал етеді.
Жаңа оқу жылының басында педагогикалық ұжым алдына қойған міндеттер физикалық, моральдық күштердің, материалдық, қаржы құралдарының немесе уақыттың бірдей немесе аз шығындарында жоғары нәтижелер алуға мүмкіндік беруі маңызды. Егер ол мектепке дейінгі білім беру мекемесінің нақты міндеттерін шешуге мүмкіндік берсе, жаңашылдық табысты болып саналадыТәжірибе алмасу орталығына айналған Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы «Аққайың» бөбекжайында қазақ тілді-8, орыс тілді- 6 топта заманауи талапқа сай тәжірибелі педагогтер мен озық ойлы жастардың жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-аналармен бірлесе отырып жаңғыру мәселесінде адами құндылықтарды, рухани қазына,бала тәрбиесінде олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық беруді қолға алғанбыз. Мекеменің топ бөлмелері, арнайы бөлмелер заманауи талапқа сай безендірілген. Ғимараттың сол жақ қанаты ЖЖЕ бұрышы, ал оң жақ қанаты қазақтың ұлттық бұрышы негізінде жабдықталып,балалардың аталған тақырыптарды көрнекілік тұрғыда меңгеруіне жағдай жасадық.
Ұлттық бұрышта тектілікке тәрбиелеу ісі қыздарды ұлттық бұйымдармен, киім үлгілерімен, тоқыма өнерімен таныстырса, жыл сайын өтетін «Ханталапай» интеллектуалды топаралық жарыс асық ату ойынын ойнау арқылы ұл балалар ептілікке, ұйымшылдыққа, мергендікке тағы да басқа ер азаматқа тән ұлттық дағды, өнер-тәрбие алып жаңа заманның өткеліне табан тіреп тұрып, имандылық қалыптастырған бұрынғы тамырымызды тектілікпен бекемдеп, жүйелеу жолындағы өзекті бастаманы ұштастырумен нәр алып келеді.
Бүгінгі таңда әрбір педагог оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қажеттілігін ескере отырып, бір қатар төмендегідей мәселелерді қаперінде ұстанып отыр
:-өзінің алдына қойған мақсат, міндеттерінің нақты болуын қадағалайды;
-педагогикалық үдерісті қалай ұйымдастыру қажет деген мәселені жан-жақты алдын-ала ойланады;
-ол өз қызметінде жетістікке жетудің өлшемдерін айқындап алғаны тиімді болғанын қалайды.
Екінші жаңа бағытта: білім мазмұнын жаңарту мәселесі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытуда үздіксіз іздену, болашаққа ұмтылу барысында өзінен бұрынғы теория мен тәжірибенің ең бағалы, озық жақтарын алып, сын көзбен қарап, қайта жасау қажеттілігі туындайды.
Балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық жүйесі мен құрылысын зерделеп, тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру және ұйымдастырудың сапасын арттыруды жүзеге асыру қажет. Ол үшін, балабақшаның оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жақсартуды үнемі назарда ұстап, реттеп отыру, яғни білім беру бағдарламаларын іріктеу және оны тиімді жүзеге асыруға баса назар аудару, сапалы оқу-әдістемелік еңбектер дайындау және жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажеттілігі туындайды. Мектепке дейінгі тәрбие саласында балалардың білім беру бағдарламаларын меңгеруіне және тәрбие мен білім сапасын көтеру аясын едәуір кеңейтуге мүмкіндік беру мәселесін қарастыру қажет. Мектепке дейінгі тәрбиенің тұжырымдамасы мен стандартына сәйкес дамытушы, жетілдіруші және денсаулықты сақтау мен нығайтуға арналған ортаның сапасын арттыру мәселесіне басым көңіл бөлу.
Бөбекжайда әдістемелік жұмысымыздыңның инновациялық моделі шығармашылық топтар, ғылыми-әдістемелік кеңес, тәлімгерлік мектебі, өз білімін жетілдіру орталығында, ақпараттық қолдау тобы мен отбасымен біріккен қызмет барысында жүзеге асырамыз. Бөбекжайда «Рухани жаңғырудың – бастамасы балабақшада» тақырыбында білім беру мен тәрбие жүйесін дамыту мақсатында орталық ұйымдастырып, балабақша аралық іс-шаралар атқарылуда.
Бөбекжайда ұйымдастырылған әдістемелік қызметтің инновациялық моделін қолдану негізінде күтетін нәтижеміз:
-
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнының жаңаруы мен сапасы жоғарылайды;
-
Ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс жетілдіріледі;
-
Педагогтардың кәсіби педагогикалық құзыретін және әдістемелік жұмыс стилі өсуі, инновациялық қызметке дайындық деңгейлері көтеріледі;
-
Әдістемелік әзірлемелер дайындалады.
Даму режимінде жұмыс істейтін МДҰ-да әрбір тәрбиеленушіге жеке-бағдарлы көзқарасқа негізделген жеке білім беру бағыттары міндеттеледі.
Мектепке дейінгі білім беруді дамыту, оның жаңа сапалы деңгейге көшуі инновациялық технологияларды әзірлемей жүзеге асырылмайды. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтары әрқашанда жаңалыққа бейімділігімен ерекшеленді.
Бұл жағдайда әсіресе кәсіби құзыреттілік маңызды, оның негізінде педагогтар мен басқарушылардың жеке және кәсіби дамуы жатыр. Кәсіби педагогикалық қызметтің тиімділігі, МДҰ білім беру үдерісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу-осының барлығы МДҰ педагогтарының кәсіби өсуінің негізгі өлшемдері болып табылады.
Тәрбиешілердің әдістемелік, инновациялық қызметке қатысуы, сайып келгенде, жеке педагогикалық жүйені, педагогикалық қызметтің жеке стилін қалыптастыруға ықпал етеді. МДҰ-дағы әдістемелік жұмыс педагогтың нақты тұлғасына, оның кәсіби өсуіне қатысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді,балабақшаның педагогикалық ұжымы үшін де, жалпы педагогикалық қоғамдастық үшін де, тәрбиеленушілер мен педагогтер үшін де маңызды педагогикалық құндылықтарды бекітуге ықпал етеді.
Жаңа оқу жылының басында педагогикалық ұжым алдына қойған міндеттер физикалық, моральдық күштердің, материалдық, қаржы құралдарының немесе уақыттың бірдей немесе аз шығындарында жоғары нәтижелер алуға мүмкіндік беруі маңызды. Егер ол мектепке дейінгі білім беру мекемесінің нақты міндеттерін шешуге мүмкіндік берсе, жаңашылдық табысты болып саналады Жан-жақты дамыған өнегелі, ізденімпаз, креативті жас ұрпақ тәрбиелеу – қазіргі заманда алға қойылып, отырған өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай мен бөбекжайда «Мектепке дейінгі ұйымның білім беру үрдісінде ТРИЗ технологиясын қолдану» тақырыбында жобасын 2016-2021 жыл аралығына жоспарлап жүзеге асырудамын.
Тақырыптың дәйектемесі: Көптеген онжылдық бойы білім беру жүйесі ақпараттық-өсімпаздық сипатты алып жүрді, орындаушы-адамды қалыптастырды, баланың тек қана орындаушы қабілетін дамытты: яғни зейін, есте сақтау, басқаның әрекетін, көрген-білгенінқайталау біліктілігі, автоматты түрде ақырына жеткізу сияқты кәсіби дағдысы және тағы сол сияқты, ал қиын және маңызды бөлігі – шығармашылық қабілетке – өз кезеңінде қажетті төмен деңгейде мән берілді.
Қазіргі уақытта қоғам өсіп келе жатқан ұрпақтың білім беру жүйесіне жаңа талаптар ұсынады, соның ішінде бірінші кезекте – мемлекет тарапынан құрылған әлеуметтік тапсырысты орындау үшін мектепке дейінгі білімге қойылған. ҚРМЖМББС талабына сай, инновациялық қызметті жүргізуші бағытының бірі – әр баланың танымдық қабілеті және шығармашылық әлуетін дамыту субъектінің өзімен, басқа балалармен, үлкендер және әлеммен қатынасы болып табылады. Сондықтан, қазіргі қоғамға берілетін, таным үрдісін өзгеріс жарататын, балаға білім үрдісінің субъекті болуға мүмкіндік беретін шығармашыл педагогика қажет.
Біздің көзқарасымызша, мектепке дейінгі білім беру мекемесі жүйесінде «Білім берудің тиісті деңгейлерінің МЖМББС кіріктіру және ҚР «Білім туралы» заңын жүзеге асыру үрдісінің сәттілігі балабақшада тәрбиеленушілердің байқампаздық, құрамдастыру, салыстыру және талдау білігі, заңдылығын, байланыстылығын және тәуелділігін табу, сияқты қасиеттерінің толыққанды дамуы үшін мүмкіндік беретін – осының барлығының жиынтығы танымдық-шығармашылық қабілетін құрауға жағдай жаратуда қамтамасыздандыруы мүмкін.
Баланың шығармашыл тұлғаға «өзгеруі»педагогикалық үрдістіңқолданатын технологиясына, сол үшін, біздің көзқарасымызша егер тәрбиеші шығармашылық әрекетті ұйымдастыру алгоритімін меңгергенде, бала үлкеннің ойлау тәсілін «көшіріп алса» және әр түрлі заттық алаңда «басып отырса» яғни мектепке дейінгі мекемедегі «оқытуға» қарағанда «жасау» белгісіне мән береді. Осылайша, баланың танымдық-шығармашылық дамуы педагогтың өзінің тұлғалық шартының бірі болады. Төмен деңгейдегі шығармашылық қабілетке ие тәрбиеші, ешқашан бала үшін олардың дамитын үрдісінде шығармашылық әрекетті ұйымдастыра алмайды.
Өкінішке орай, қазіргі білім беру тәжірибесі кемеліне жеткен жоқ. Күн сайын кәсіптік міндетті орындағанда, педагог біртіндеп қабілетін қалыптан тыс ойлауға жоғалтады, көбіне мақсатқа жету үшін даңғыл жолмен келе жатып, жүйесіз әдістемелеік қадамдар жиынтығы арқылы, байқау және қателесу жолымен, жаңа нәтижелі туындаған мәселені шешу жолын іздемей, керісінше, туындаған себебін талдамай үлгілі шешімге сүйенеді. Айтарлықтай жоғары деңгейдегі құзыреттілік кәсіптік әрекетте жалғыз сол –ақ тәсілмен жүзеге асырылады, яғни стереотипті.
Оқыту мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруда жаңа әдістер, тәсілдер және түрлерін зертеуге біз әлдеқайда бірмезгілде педагог пен мектеп жасына дейінгі баланы танымдық-шығармашылыққа оқыту мәселесін шешуге қабілетті ТРИЗ технологиясына ықылас білдірдік. ТРИЗ технологиясы интегралды, өзіндік сипатына көпмүшелі, танымдық – шығармашылық қабілеттің және шығармашылық қиялдың дамуына, өзін-өзі тануға, тұлғаның өз ойын білдіруіне мүмкіндік береді, бала мен үлкенге қызықты, мектепке дейінгі білім берудің ҚРМЖМББС талабына сай, тек қана сапалы ғана емес, оқыту үрдісіне еліктіруменде қамтамасыз етеді. ТРИЗ технологиясының басты мақсаты шығармашыл тұлғаны қалыптастырудағы қазіргі тұжырымдамасымен тығыз шырмалады, ал білім мен білік оқытудың соңғы мақсаты, ал әр адам өзін-өзі тануы, шығармашылық әрекетті үшін құралы, тәсілі, алаңы болып табылады. Осының барлығы балабақшамыздың оқыту және тәрбиелеу үрдісінде ТРИЗ элементтерін қолдана отырып, жас ерекшелігіне сай құзыретті, танымдық белсенді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге түрткі болды.
Тақырыптың өзектілігі: Мектепке дейінгі білім дамудың жаңа кезеңінде тұр. Оның алдында көптеген ауыр мәселелер бар: қазіргі заман талабына сай, сапалы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету, әр баланың толыққанды дамуы мен эмоционалдық амандығына жауапкершілікті көтеру. ҚРМЖМБС талабына сай педагогтар алдындағы негізгі мақсат – әр баланың жас және жеке ерекшелігі мен бейімділігіне қарай қолайлы әлеуметтік жағдай жарату, танымдық және шығармашылық қабілетін қалыптастыру, тілін дамыту. өмірлік мәселелерді тиімді және стандартты емес шеше алатын Шығармашылық Белсенді тұлғаны қалыптастыру балалық шақта қаланады және адам тұлғасын одан әрі дамытудың, оның табысты шығармашылық қызметінің шарты болып табылады. Сонымен қатар, көп жағдайда мектепке дейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары балалардың шығармашылық қабілеттерінің жүйелі және жүйелі дамуын қамтамасыз етпейді, олар негізінен стихиялы ғана дамиды және нәтижесінде өз дамуының орташа деңгейіне де жиі қол жеткізе алмайды. ТРИЗ-технология тәрбиешілерге оқыту процесін өзгертуге көмектеседі, сабақтарға дамытушылық сипат береді, балалардың шығармашылық әлеуетін жандандырады, бұл жалпы алғанда тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамытуда оң серпін алуға мүмкіндік береді.
Жаңашылдығы: ТРИЗ технологиясының әдіс-тәсілдерін мектепке дейінгі жастағылардың дамытушы әсерін қамтамасыздандыра отырып шығармашылық құрылымын жаңарту аясында ұлттық құндылықтармен байланыстыру.
Мақсаты: Оқыту-тәрбиелеу үрдісін жүзеге асыруда ТРИЗ элементтерін қолдана отырып,. балаларды жас ерекшелігіне сай құзыретті, танымдық белсенді, шығармашыл, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңдіру арқылы бәсекеге қабілетті зияткер ұрпақ тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
-
Оқу әрекетіне қызығушылығы артады.
-
Қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді, сөздік қоры толығады.
-
Әр түрлі салада қалыптан тыс тапсырмаларды орындайтын шығармашыл тұлға қалыптастырады.
-
Логикалық ойлауын қалыптастыруға көмектеседі, баланың бұйығылық, тұйықтық, жасқаншақтық сияқты қасиеттерін еңсереді.
Педагогтардың –
-
Педагогтармен жұмыста шығармашыл ахуал туғызу, қызметкерлер, ата-аналар, балаларға балабақшада жайлы болуын қамтамасыз ету.
-
ТРИЗтехнологиясының әдіс-тәсілдерін енгізе отырып білім кеңістігінде ойлаудың орамдылық, алғырлық, жүйелілік, диалектілік сияқты сапасын және шығармашылық қиял – шығармашылық қабілеттің іргетасын балалардың әр түрлі әрекетіндегі нәтижесін көтсету; педагогикалық ұжымның шығармашылық құзыретін дамыту.
-
Ойын тапсырмаларының көмегімен балалардың жаңа идеялар туындататын қабілетін, дәстүрден тыс ойлауға, мәселелі жағдайларды жылдам шешуге дағдыландыру.
-
Аталған технология баланың танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілетіне әсерін анытау.
Күтілетін нәтиже:
-
ТРИЗ әдістемелік жүйесін игеру арқылы білім деңгейі көтеріледі.
-
Оқыту және тәрбиелеу үдерісінде ТРИЗ технологиясы элементтерін қолданады.
-
ТРИЗ технологиясының ойын элементтері арқылы өнертапқыш баланың ойлау белсенділігі артып, шығармашылық қиялы мен сөйлеу әрекеті жетілдіріледі.
Зерттеу нысаны: мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілетінің даму үрдісі.
Болжам: ТРИЗ технологиясын қолдану– мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудебалалардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілетін дамытуда тиімді серпін алуға мүмкіндік береді, егер:
-
Педагогтарды дайындау озық сипатқа ие болса
-
Балалардың жеке ерекшеліктері мен танымдық және шығармашылық әлеуетінің базалық даму деңгейін ескерсе
-
ТРИЗ технологиясының әдіс-тәсілдерін кешенді және жүйелі қолданса
-
Оқыту үрдісіндегі әрекет иелерінің сабақтастығын белсенді жүйеге кіріктіріп құрса
Қатысушылары: Балабақша тәрбиеленушілері, ата-аналар, педагогтар.
Жоба кезеңдері:
-
кезең – теориялық (2019-2020 о.ж.) –ТРИЗ технологиясының жүйелі идеялары мен пікірлерін түсіну.
-
кезең – әдістемелік (2020-2021 о.ж.) – ТРИЗ технологиясы негізінде тәжірибе мен үлгіні көрсету, жеке әдістемелік жүйенің бағытын құру және жоспарлау.
-
мониторингтік – зерттеу – педагогтарды тестілеу, ата-аналардан анкета алу, балаларды диагностикалық тексеру, тақырып негізінде бірлескен жоспар құру.
-
Қалыптастыру – енгізу – бар қордың шарттарын талдау, тақырыпты жүзеге асырудағы негізгі іс шараларды анықтау. ТРИЗ әдістерінің элементтерін қолдана отырып білім беру әрекетінде балалардың танымдық-шығармашылық дамуына тәжірибе жинақтау.
-
кезең –тәжірибелік-аналитикалық (2021-2022 о.ж.) – педагогтар тарапынан жаңа технологиямен оқыту және тәрбиелеуге бағытталған әзірлемелерді апробациялау. Жұмыстың нәтижелігін анықтау және кездескен қиыншылықтарды талдап, жою тәсілдерін қарастыру.
Кезеңдерді жүзеге асыруда педагогтардың ТРИЗ технологиясын тәжірибеде тиімді пайдалану үшін төмендегі шаралар ұйымдастырылды.
-
Аудандық семинар: “Мектепке дейінгі ұйымның әрекетіне ТРИЗ технологиясын енгізу”
-
Педагогикалық кеңес: “Балабақшаның оқыту-тәрбиелеу үрдісіне ТРИЗ технологиясын қолдану”
-
Шебер сынып: “Бүлдіршін, балабақша, ойын”
-
Семинар: “ТРИЗ технологиясы. Шығармашылық тіршіліктің қажеттілігі немесе таңдаулы еншісі
Балалармен ТРИЗ технологиясын пайдалана отырып төмендегі ҰОҚ-і жүргізілді.
-
Қиялдың типтік тәсілдерін пайдалана отырып ҰОҚ.
-
Жүйелі оператор әдісін пайдалана отырып ҰОҚ
-
Морфологиялық талдау әдісі нің Луллия шеңбері пайдалана отырып ҰОҚ
-
Морфологиялық талдау әдісінің Сиқырлы соқпақ ойынын пайдалана отырып ҰОҚ
-
Объектінің ішкі және ішкі жүйелерін біріктіруге арналған “Аудармақ”ойынын пайдалана отырып ҰОҚ
-
Объектінің ішкі және ішкі жүйелерін біріктіруге арналған “Жақсы-жаман”ойынын пайдалана отырып ҰОҚ
Жоба барысында ата-аналарамен төмендегі жұмыстар жүргізілді.
-
Семинар-практикум: “Білімқұмарларды өсіреміз”
-
Педагогикалық қонақжай: “Бала тілін ТРИЗ –ойындары арқылы дамыту”
-
Педагогикалық ликбез: “Бала тілін ТРИЗ –ойындары арқылы дамыту”
-
Ашық есік күні: “Зияткер тұлға бөбекжайы шақырады”
-
Психологтің “Баланың үй жағдайындағы шығармашылығын анықтау” сауалнамасы
Бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында қазақ ертегілерін триз технологиясын қолдану арқылы таныстыру -мектепке дейінгі баланың шығармашылық қиялын дамыту құралы ретінде тиімді пайдаландық.
-
“Тізімдеме" әдісі арқылы ертегіні құрастыру моделі
-
“Морфологиялық талдау" әдісі арқылы ертегіні құрастыру моделі
-
“Жүйелі оператор" әдісі арқылы ертегіні құрастыру моделі
-
"Сиқырлы үшбұрыш" әдісі арқылы ертегіні құрастыру моделі
-
Типтік қиялдау тәсілі көмегімен ертегіні құрастыру моделі
Жоба өнімінің арқысында өз іс-тәжірибемізбен бөлісе алдық.
-
“Бала мен балабақша” журналы. “Балабақшада ТРИЗ әдісі”
-
“ 770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңізСайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз