Материалдар / Мектепке дейінгі білім беруде цифрлық технологияларды пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі білім беруде цифрлық технологияларды пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы инновациялық тәжірибелер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2021
1937
24 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мектепке дейінгі білім беруде цифрлық технологияларды пайдалану»


КМҚК “Аққайың” бөбекжайының

әдіскері: А.О.Токтамысова

Цифрландыру – жаһандық үрдіс. Бұл үрдістен бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды және  халқының тұрмыс сапасын жақсартуды ойлаған мемлекеттердің ешбірі бас тартпайды. Қазақстан да осы елдердің қатарында. Сондықтан Мемлекет басшысы елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын енгізді.

Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, кез келген процесті, қазіргі жағдайда, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру.

Мектепке дейінгі ұйымды цифрландыру осы үрдіске қатысатын барлық объектілерге: балаларға, олардың ата-аналарына, тәрбиешілеріне, білім беру жүйесінің әкімшіліктеріне ыңғайлы және тиімді құралдарды жасауды білдіреді. Сонымен қатар, оқу үдерісін цифрландыру, адамның адамдық қарым-қатынасының оңтайлы теңгерімі және виртуалды ортада нақты және цифрлы әлемді синтездеудің бір түрі болып табылатыны маңызды.

 Заманауи білім берудің негізгі бағыттарының бірі - желілік қызмет, әлеуметтік желілерді білім беру ресурстары ретінде пайдалану және шалғай шеберлік сабақтарын өткізу, тренингтер. Желілік платформаларды қолданумен цифрлы білім берудің типтік ерекшеліктері - бұл икемділік, ұтқырлық, өндіріс қабілеттілігі, диалогтық және интерактивтілік, медиа ағындарды қабылдауға бағдарлау. Осының барлығы сандық экономикадағы құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Дегенмен, осыған байланысты желілік мәдениет мәселесі туындайды.

Оқытудың дәстүрлі әдістерімен және инновациялық педагогикалық технологиялармен ұштастыра отырып, оқу процесінде барлық электрондық оқыту платформаларын жүйелі түрде пайдалану білім, білік және дағды әр түрлі деңгейдегі балаларды оқытудың тиімділігін еселей түседі.

Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру білім беруді цифрландырумен және өскелең ұрпақты сандық әлемге бейімдеуге дайындаумен тығыз байланысты.

Тақырыпқа негіздеме: МДҰ – да цифрлық технологияларды енгізудің басты шарттарының бірі-балалармен цифрлық құралдардың мүмкіндіктерін білетін, олармен жұмыс істеу дағдысы бар, санитарлық нормалар мен оларды пайдалану ережелерін нақты орындайтын, мектепке дейінгі балаларды жаңа цифрлық технологияларға тарту әдістемесін меңгерген педагогтар жұмыс істеуі тиіс.

Тақырыптың өзектілігі: Цифрлық технологияларды педагогтардың, ата-аналар мен балалардың бірлескен әрекеттері үшін қажетті білім берудің, коммуникацияның қуатты техникалық құралы бола алады.

Мақсаты: Педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін цифрлық білім беру контенттерін тиімді пайдалануға әдістемелік көмек көрсете отырып дамыту, Цифрлық технологияны белсенді енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру.

Бөбекжайда педагогтардың кәсіби құзыретін цифрлық технологиялар арқылы көтерудегі әдістемелік қызметтің міндеті:

  • Педагог кадрлардың кәсіби шеберлігін цифрлық контентерін пайдалануға бағыттау арқылы көтеру

  • Педагог, ата-аналар мен балалардың біріккен әрекетіне цифрлық білім беру ресурстарын кіріктіру.

  • Білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды қолдану арқылы заманауи әдістемелерді енгізу.

  • Білім беру процесіне цифрлы технологияны енгізе отырып әдістемелік әзірлемелердің электрондық банкін құру

Күтілетін нәтиже: Педагогтардың кәсіби шеберлігі цифрлық технологияларды пайдалану арқылы артты. Электронды ресурстардағы Контенттерді білім беру үрдісінде қолдану дағдыларын меңгерді. Электронды құжаттарды жүргізеді. Жеке цифрлық білім беру ресурстарынан банк жаратты. Әр түрлі интернет конкурстарға қатысу мүмкіндіктері артты. Өздерінің жеке шағын сайттарын жаратты.

Педагогтардың цифрлық құзыреттілігі саласындағы консультативтік әдістемелік қолдау жүйесі бөбекжайдағы әдістемелік қызметтің ұйымдастырылуы. Сондықтан бөбекжайда аталған жұмыстар жоспарланып, орындалуда.

  • Мәселелі– теориялық семинар «Мектепке дейінгі ұйымның әрекетіне инновациялық технология ретінде цифровизацияны енгізу»

  • Ұжымдық шығармашылық жұмыс «Балаларды ерте дамытуда электронды кітаптың тиімділігі»

  • Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі «МДҰ-ң білім беру үрдісінде цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану»

  • Пед кеңес «Білім беру сапасын арттырудағы цифровизацияны қолдану»

  • Шебер сынып «Ұйымдастырылған оқу қызметіндегі цифрлық технологиялар»

Педагогтардың ҚРЖМББС талабына сай цифрлық білім беру конттентерін пайдалану, төмендегі білім беру салаларында ұйымдастырылды.



Педагогтерді бүгінгі білім беруде пайдаланылатын интернет-сервистермен, Bilimland платформасының мүмкіншіліктерімен таныстыру.

BilimBook – сыныпта да, үйде де пайдалануға ыңғайлы, оқушының  танымдық деңгейін арттырып, зейіні мен бейімін шыңдайтын бірден-бір оқыту құрылғысы. Басты мақсат – қала мен ауыл баласы арасындағы цифрлық білім алуды теңестіру.

Бұл құрылғы Қазақстан мектептеріне интерактивті оқытудың жаңа сатысына көтерілуге мүмкіндік береді.

Әдістемелердің әр алуандығы мұғалімге оқыту үдерісін қызықты форматта жоспарлауға мүмкіндік бере отырып, оқу материалын жеңіл меңгеруге ықпал етеді; оқу модульдерінде иллюстративті материалдар көп, оның ішінде анимациялық роликтер, диаграммалар, кестелер, сызбалар, ойын түріндегі интербелсенді тапсырмалар.



Вilimland.kz платформасы – барлық жастағы балаларды оқытуға арналған курстардың жиынтығы ғана емес, жаңа заман мұғалімі мен оқушыға арналған көмекші.

BilimLand-пен бірге білім шыңына, арман асқарына бірге қанат қағайық!



Цифрландыру – Қазақстанның озық ел атану жолындағы басты құралы. Қазақстан 2018-2022 жылдары «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асырады. Демек, тәуелсіз еліміз болып, Үкіметіміз болып, алға қарай талпынған жастарымыз болып, заманның қайда, қалай бет алғандығын ұқтық, осы жолда басты бәйгеге тіктік. Өйткені стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру тұрғысынан алғанда әлемде бейбіт және бәсекелестік жағдайда дамудың бұдан ауқымды басқадай басты бағыты да жоқ. Халықтар мен елдер және олардың дәстүрі әртүрлі болғанымен, прогрестің бағыты – біреу және ол айқындалып отыр. Цифрландыру қазіргі әлеуметтік-экономикалық салалардың барлығына ортақ. Демек  алдағы бес-он жылдың ішінде әлемнің барлық елдері осы жолға түсетін болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!