«Балдәурен» шағын
орталығы
Мектепке дейінгі
мекемелердегі қолданылатын ойындардың
маңызы.
(Тіл дамыту
ойындары)
Құрастырған: Шалова
Г.К
Ойын арқылы балалардың
ойлау қабілетін арттыру және тіл байлықтарын
дамыту.
.
Ойын дегеніміз
не? Ойын - бала әрекетінің бір
түрі. Ойын- қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы
іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды
жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының
қызметі:ойынға тарту, рақат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру
Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары
бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған
ортамен қарым-қатынасқа түседі, мәдениетті сөйлеуге, толық сөйлеуге
үйренеді, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады. Психологтар мен
педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек
ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді. Ойында
бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін
көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік
нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік
берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға
мүмкіндік береді. Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту
құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін
қалыптастыратында, тіл байлықтарын дамытатында - ойын әрекеті болып
саналады. Ойын тек баланың іс-әрекеті
ғана емес, ойын – еңбек, ойын – оқу,ойын- сөздік қор, ойын -
әлеуметтік қарым – қатынаста ерекше орын алатын әрекет түріне
жатады. Ойын ұғымына анықтама берсек – бұл адамның мінез – құлқын
өзі басқаруымен анықталатын әлеуметтік тәжірибені қалыптастыратын
негізгі іс - әрекеттер түрі. Ойынсыз ешқандай бала дамымайды,
қалыптаспайды, ойын арқылы бүлдіршіндер қоршаған ортаны таниды.
Әсіресе, баланың өмірінде іскерлік ойындар және тіл дамыту
ойындарының орны ерекше. Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың
әр алуан ойын түрлері олардың қимыл - қозғалыстарын, ептілігі мен
бейімділігін, танымы мен пайымын дамытып, өрістетіп отырады деп
санаған. Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне
тән мотивтері болады. Ойынның қозғаушы күші - баланың нақты тілегі
мен кызығуы Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны
бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп
отырған материалын балалар зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне
көмектеседі. Өйткені балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға
ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп,
тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық
топтарда жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылады. Ортаңғы топтан
бастап ақырын толық сөйлеуге дағдыландырамыз, ал ересек топ пен
даярлық топта бірнеше сөздерден құралған сөйлемдер арқылы толық
жауаптар беруге дағдыландырамыз. Әсіресе ойын арқылы сабақтар
өткізілгенде. Ол үшін әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын
төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:
1.Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен
материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек
2.Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден
түсіндірілгені жөн. 3.Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын
қамтамасызетуі керек. 4.Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың
түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім
қабылдай білуіне, ойланып толық жауап берулерін қадағалау
керек.
Бағдарламадан
алған
Білімдерін
қалыптастыру,тиянақтау,
Пысықтаку.
|
Балалардың
қызығушылықтарын ояту, белсенділіктерін
арттыру.
|
Дидактикалық ойындар –
балалардың білімдерін арттырудың құралы.
Тіл дамыту ойындары –
балалардың сөзік қорын байытудың құралы.
-
-
-
-
-
-
-
Ойын кезінде баланың
бойында
|
Тапқырлық
|
|
|
|
|
Ұйымдастыру
қасиеттерін қалыптастыру
|
Қолданылған
әдебиеттер:
1.Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко
«Игры и упражнения по развитию умственных способностей у детей
дошкольного возраста» 1989г.
2.Кішібаева Д. «Ойындардың
пайдасы» Бастауыш мектеп, 20041-Б.52-56.