Материалдар / Мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың оқу – танымдық әрекетін қалыптастырудың ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың оқу – танымдық әрекетін қалыптастырудың ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру, тәрбиелеу жұмыстары барысында түрлі әдіс – тәсілдерді ойын түрінде үйлестіре қолдану, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық ойлау қабілетін арттыру. Аталған мақсатты жүзеге асырудағы міндеттеріміз: Танымдық, білімділік, іскерлік қасиеттері жан-жақты дамыған еркін ойлы, тілі жетік, ерікті жігерлі, өзіне сенімді балдырғанды келесі білім сатысына – мектепке дайындау; Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмысының қаншалықты маңызды екенін ата-аналарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту – тәрбиелеу жұмыстарына ата-аналарды қатыстыру; Баланың логикалық ойлауын дамыту бағытында тәжірибеде жүргізілген жұмыстар: оқыту мен тәрбиелеу жұмысын баланың жас ерекшелігінен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып мектепке дайындау, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты талаптары негізінде ұйымдастыру; Балалардың бір орнында ұзақ уақыт отырып қалмауын,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2024
288
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Белгілі психолог Л.В. Выготксий: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапта ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» - деп, білімдік тәрбиелік үрдістерді дәстүрді мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс – тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйымдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді. Мектеп жасына дейінгі балаларға жақын, олардың танымдық, білімдік, іскерлік әрекеттеріндегі жетекші әрекет – ойын болғандықтан, ойын түрінде ойландыра отырып оқыту, тәрбиелеудің тиімді жолдарын айқындау – бүгінгі күндегі өзекті мәселенің бірі – деп біліп, баланың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру негізінде балаларды жан – жақты дамытудың тиімді жолдарын қарастыруда алдымызға біздің №12 «Балауса» тобында төмендегідей мақсат, міндеттер қойдық. Мақсаты: Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру, тәрбиелеу жұмыстары барысында түрлі әдіс – тәсілдерді ойын түрінде үйлестіре қолдану, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық ойлау қабілетін арттыру. Аталған мақсатты жүзеге асырудағы міндеттеріміз: Танымдық, білімділік, іскерлік қасиеттері жан-жақты дамыған еркін ойлы, тілі жетік, ерікті жігерлі, өзіне сенімді балдырғанды келесі білім сатысына – мектепке дайындау; Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмысының қаншалықты маңызды екенін ата-аналарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту – тәрбиелеу жұмыстарына ата-аналарды қатыстыру; Баланың логикалық ойлауын дамыту бағытында тәжірибеде жүргізілген жұмыстар: оқыту мен тәрбиелеу жұмысын баланың жас ерекшелігінен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып мектепке дайындау, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты талаптары негізінде ұйымдастыру; Балалардың бір орнында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескертіп сабақтарды ойын түрінде ұйымдастыру (қимылды-әуенді ойын-жаттығулар, қимылдықозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы, тапсырмаларды алма-кезек ауыстырып орындату, эстафеталық ойын барысындағы тапсырмалар т.б.) Психологтардың айтуынша, баланы дамыту үшін шешуші көрсеткіш білімнің молдығында емес, ал оларды әрекет типінде анықтағандай меңгеруінде. Баланың өзі қашан Мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың оқу – танымдық әрекетін қалыптастырудың ерекшеліктері Ермухаметова Гульнаш, «Аружан» шағын орталығы КМҚК-нің тәрбиешісі Абай облысы, Семей қаласы тыңдап, көріп, өзі қолымен ұстап істегенде ғана, барлығын терең және ұзақ уақытқа меңгереді. Психологиялық тұрғыдан балаларды мектепке оқыту дайындығы танымдық даму үдерістерінің деңгейін, тұлғалық қасиетін, қоғамдық маңызды сұраныстарын, мүдделерін, мінез сипаттарын айқындау нәтижелерін білдіреді. Мектеп алды балаларын оқытуға психологиялық дайындыққа және бағдарламадағы тапсырмаларды табысты игеруіне тікелей ықпал ететін жетекші оқуға қажетті сапаларға қасиеттерге мыналар жатады: Оқу мотиві Көріп талдау (көрнекі бейнелі ойлау) Оқу міндетін қабылдау қабілеті Алғашқы дағдылар Жазу дағдысы Үйренуі (үйреткен нәрсені қабылдағыштығы) Вербальді механикалық ес Мектеп жасына дейінгі балалармен түзету және дамыту жұмыстарын жүргізгенде осы жоғарыда аталған қасиеттерді дамытуға назар аудару қажетті. Мектепке оқуға психологиялық дайындығы баланың жалпы психикалық деңгейін бейнелейді, оқуға қажетті жетекші қасиеттер мектеп алды балалардың психикалық дамуының негізі болып табылады. Мектепке дейінгі жас кезеңі өзіндік ерекшелікпен сипатталады, өйткені осы жас аралығында бала өзіндік тұлға ретінде қалыптасады. Бұл жөнінде ғалымдар Л.С. Выготский, А.Н. Леоньтева, А.П.Усова, В.В.Запорожец және т.б. зерттеулері мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекеті, танымдық әрекеті, сөзі, өнегелік мінез – құлық нормалары тәрізді қасиеттері баланың әлеуметтік тәжірибені игеру үдерісінде қалыптасатынын көрсетеді. Қазіргі мектеп жасына дейінгі балаларың оқу танымдық әрекетке қызығушылықтары мен ынта-ықыластарын қалыптастыру арқылы олардың белсенділігін арттыру маңызды. Мәселен Л.С.Выготский ол туралы былай деген: «Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса. Осыны іске асыру үшін барлық күшжігерін салатынын және бала өзі қимылдайтын, ал тәрбиеші болса тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек. Балалардың оқу танымдық әрекетке қызығушылығы ынта-ықыласы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты, ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуна тәуелді. А.Н.Леонтьев: «Менің өмірімдегі мен нені меңгере алдым, я болмаса соны ұғына алдым ба жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты, қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін, маңыздылығы қандай...» - деп, психология ғылымының «мән» мен «маңыз» деген ұғымдардың түсініктемелерін зерттеген. Егер балалар оқыту үдерісіндегі бағдардың мәнін, маңыздылығын ұғынып, оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын, компоненттерінің маңыздылығын меңгеруге қажетті білім негіздерін ескерсе, онда танымдық әрекеттің тиімділігінің артқаны. 17 Проблемы дошкольного воспитания и образования Мектепке дейiнгi тәрбие және бiлiм мәселелерi А.Н.Леоньтев: «Таным-әрекет түрлерінің бірі болғандықтан, таным барысындағы қиындықтарды жеңу жөніндегі ерік күші таным әрекетінің мақсатын кімнің алға қоятынына елеулі дәрежеге байланысты деп жорамалдауға болады», – деп түсінік береді. Танымдық үдерістердің амалдарын меңгеру арқылы бала шындық болмыстағы заттардың байланыстары мен қатынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың айырмашылықтарын, ұқсастықтарын көре білуге үйретеді. Мұндағы себеп пен нәтиженің заңды байланысын түсінеді. Нақтырақ айтсақ, қабылдайды. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп, көзінің жету – оның ұғынуы болып табылады. Оқыту үдерісі баланың әрекеті мен шындық танымдық үдерістердің бірлігі арқылы орындалады. Ендеше танымдық үдерістердің әр түрінің өзіндік ерекшелігі, маңызы мен орны бар. Танымдық әрекет, арнайы ұйымдастырылған оқытудан құрылады, күрделі психологиялық білім бола отырып, оқыту үдерісімен қоса өріледі. Ал оқу үдерісінде балалар бұрыннан белгіліні жаңалық деп қабылдайды, ғылым жинақтаған түсінік, деректерді игереді. Олар өздері үшін бұрыннан белгілі шындықты қайтадан ашқан сияқты болып, шәкірттердің дара мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне орайластырылған, - дидактикалық бейімге келтірілген, әрі қарай қарапайымдастырылған материалдарды меңгерумен айналысады. Сонымен бірге оқу барысындағы таным міндетті түрде, мейлі тікелей не жанама, тәрбиешінің көмегінің болуын қажет етеді, ал ғылым тұлға аралық қатынастарды көбіне қажет етпейді. Оқудың міндеті – табиғат, қоғам және баланың психикалық үдерістердің даму заңдылықтарын бала санасына ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көгі. Бала қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Танымдық әрекет түрлерінің ең басты ерекшелігі – баланың үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді баланың оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан да, оқу үдерісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл-ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық әрекетті қалыптастырудың тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді. Мектеп жасына дейінгі балалардың осы жас кезеңінде белсенді болу мүмкіндіктері елеулі түрде арта түседі. Бұл жас кезеңінде баланың танымдық әрекеттерінің дамуы маңызды, ол оқу таным барысында көрініс табады. Осы жағдайда негізгі форма ретінде әрекетке сипаттама кіріседі. Көптеген педагогтардың еңбектерінде мектеп жасына дейінгілерді саналы әрекетке кірістіру қажеттігі, яғни бұл үрдістерде олар өздері барлық жаңа заттардың қасиеттерін, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсете алатындығы, оларға берілетін мүмкіндіктерге сай білімді өз бетімен меңгеретіндігі айтылады. ( А.Усова, И.Г.Песталоцци, Е.Панко, Г. Лямина және т.б.). Мектеп жасына дейінгі оқыту мен тәрбие теориясын дамытуға Швейцарияның аса көрнекті педагог-демократы И.Г.Пестолоцци мектеп жасына дейінгі балалардың оқу – танымдық әрекетін дамытудағы тәрбиешінің ролін ерекше атап көрсетті. Пестолоццидің пікірінің сәби кезден бастап балалардың айналадағы дүниені тануы оқыту арқылы жүзеге асады дейді. «Баланың әрбір сөзі әрбір әрекеті, - деп жазды И.Г.Пестолоцци, - бұл оның бақылаулары нәтижесінде қалыптасқан ой-өрісінің жемісі». Осы пікірге сүйене отырып, ол баланың танымдық әрекетін дамытуға әсер ететін оқытудың эврестикалық бақылау әдістемесін жасайды. Песталоццидің жұмыстарында мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың сипаты жеткілікті түрде көрінеді. Ол оқытуда жаттығу, бақылау арқылы баланы жан-жақты дамыту, дұрыс, айқын түсініктерін қалыптастыру тәрізді ортақ мақсаттар қоя отырып, Я.А.Коменский сияқты ол да баланың ұйымдасқан оқуы қажеттігін баса көрсетеді. Оқыту арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды тәжірибесін береді. Сонымен бірге оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, білім жүйелерін меңгереді, сөйтіп өзін практикалық әрекетке даярлайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана бала ой мен дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру - ұзақ уақытты керек ететін күрделі үдеріс. Оқыту үдерісінің жүйелі, түсінікті, нақты қалыптасуы- танымдық әрекеттің маңыздылығын арттырады. Оқыту екі жақты сипатта жүретін тәрбиеші мен баланың бірлескен әрекетінде көрінеді. Сондықтан тәрбиеші баланың жаңа білімді қабылдауына, бұрынғы өзінде бар біліммен байланыструына, ой қорытындысына дұрыс тұжырым жасауына көмектеседі. Оқу жұмысын таным әрекеттің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады. Оқу – танымдық әрекет бұл арналы баланың өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Оның азаттық нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және әрекет түрлері болып табылады. Балалардың оқу танымдық үдерістері әрекет үстінде жүзеге асады, себебі әрекеттің нәтижесі оны таным өрісінің жаңа шеңберіне алып келеді, ол үшін жаңа білім, білік пен дағдылардың көзі ашылады. Оқытудағы таным үдерісінің әр бір буыны өзіне тән сапалы белгісі бар үдерістер. Сонымен бірге, оның әр қайсысы білімді қабылдауда оны дамытуда маңызды рол атқарады. Демек, оқыту үдерісінің сатылары өз ара бір – бірімен байланысты, толық таным үдерісі екені табиғи заңдылық. Оқу үдерісінің компоненттеріне көңіл бөле отырып, тәрбиеші дұрыс ұйымдастыруынан сабақтардың нақты мазмұны анықталады және де әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдалану ерекшелігі арқылы балалардың танымдық әрекетінің дамуна әсер етеді. Мектепке дейінгі оқыту әдістемелік жақтан балалардың жас ерекшеліктері мен міндеттерді ескере отырып, жеке зерттеген дидактикалық материалдар мен құралдарды пайдаланумен ерекшеленеді. Дидактикалық ойындар, ойын – ойын тапсырмалар мен тәсілдер балалардың қабылдай алушылығын көтеруге ықпал жасайды. Ғалым Ф.Фребельдің дидактикасына тән ерекшелік – балалардың тұтас тобымен сабақ түрінде тәрбиеші жүргізетін тікелей оқыту болып табылады. Ол балалардың ерекшелігін, қажеттілігін ескеріп, ойын формасы арқылы ойлауға үйрететін ойын – сабақты ұсынды. Бұл пікірде сондай – ақ ойын - сабақ әрекеті баланың белсенді саналы әрекетінің табиғи қажеттілігіне сәйкес келеді. Әрекет нәтижесі көрнекі, шынайы болғандықтан, әсіресе, мектеп алды балалар үшін аса тартымды мақсатқа айналады. Оқу әрекеті - балалардың негізгі әрекеті болып табылады. Ол өте күрделі құбылыс. Оқу әрекетінде оқу міндеттері шешіліп, мақсаткерлік, матив, танымдық үрдіс ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің 18 қалыптасумен аяқталатын, түрлі сезімдік көріністермен және т.б. сипатталады. Мұндай оқыту балалардың ақыл-ойының дамуына елеулі әсер етеді, адам үшін жаңа заңдылықтармен, танымдық практикалық мәселелерді шешу жолдарына бағыттайды. Ақыл-ой тәрбиесі балардың ойлау операциясының: дамуы танымдық үдерістерді және қажеттіліктерді қарастырады. К.Д. Ушинскидің пікірінше, «ақыл – ой еңбегі адамдарға қиын дүние емес». Сондықтан да баланы ақыл – ой еңбегіне «аз да болса» араластыру қажет. Ол баланың ой қабілетін заңдылықтарына негіздей отырып, оқыту үдерісі баланың білім алудағы өзіндік еңбегіне сүйенуі керек, өйткені «өзіндік ойлау» өз бетінше игерген білім арқылы дамиды деп есептеді. Ушинский еңбектерінде ақыл – ой әректі балалардың оқуға икемділігі, оқуға деген ұмтылысы мен қажетсінуі түрінде көрініс береді. Ол ақыл – ойды қандай бағытта, қандай формада дамыру» керектігі туралы қарастыра отырып, өз еңбектерінде оқу үрдісінде ақыл – ойын дамыту мен тәрбиелеудегі жағдайларға ерекше мән береді. Ақыл-ойды дамыту мен тәрбиелеудегі ең негізгі, дидактикалық шарт – тәрбиеші мен балалардың оқу үдерісіндегі еңбегі дұрыс болу деп түсіндірді. Оқыту үдерісінде балаларда оқу жұмысы баланың ақыл – ой жұмысын белгілі бағытқа жұмсау қабілетін жасау және онымен байланысты тыңдау, есту, қарау, көру, қабылдау және тану үдерістері қалыптасады. Біздің ойымызша, мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл – ой әректтері, түрлі нәрселерді түсінуі, баланың оқуға өте құштарлығы, кез – келген нәрсені тез арада қабылдап алатыны байқалады. Бұл талдаулардан шығатын қорытынды мектеп жасына дейінгі балалардың мінезін дұрыс қалыптастыруда тәрбиеші жақсы мінез – құлық бітісін дамыту үшін үлгілі әрекеттерін мадақтап, мадақтау мен жазалауды дұрыс қолдана отырып, өздерінің мінездерін өздері басқаруға дағдылануы тиіс. Мектепке дейінгі білім беру теориясында білім туралы мағынасында қарастырылып, қоғамдық - тарихи таным нәтижесін балалардың оқу үдерісінде меңгеруі деп тануда (В.И.Усова, В,И.Ядышко). В.И.Ядышконының пікірінше, білім балалардың меңгерген оқу – таным ақпараты болып табылады, ол фактілер мен құбылыстардың байланысын айқындайтын нақтылы фактілері, ережелерді, заңдар мен заңдылықтарды қамтиды. Балалардың оқу – танымдық әрекетін қалыптастыру бағдарламаларының көмегімен оқу сабақтарын ұйымдастырудан көрініп, ол оқу танымдық міндеттерді шешу кезінде негізгі теорияларды және оны қолданудың тәсілдерін меңгеру барысындағы әр баланың белсенді, дербес және нәтижелі жұмысын бағыттауы және жұмылдырылуы тиіс. Оқу барысында балалардың танымдық әрекетін анықтауда олардың өз бетінше танымдық ықылас – ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп – ұйымдастырылады. Балалардың оқу – танымдық әрекетке қызығушылықтары мен ынта- ықыластары олардың білімдерінің деңгейі мен сапасына, ойлау әрекеті сапасына, ойлау әрекеті әдіс – тәсілдерінің қалыптасумен тығыз байланысты. Балалардың оқу – танымдық әрекетке қызығушылықтары мен ынта ықыластары тәрбиешіге де байланысты болады. Ал оқыту әдістері неғұрлым белсенді болса, соғұрлым балаларды қызықтыру жеңіл. Оқу – танымдық әрекетке деген ынта – ықыласты оятуда келесі қызметкерлердің маңызы зор: -оқудағы жетістіктерді қамтамасыз ету; -балалардың артта қалуының алдын алу; -«қиын балалардың» диагностикасы; -үлгермеушілікті болдырмау; -оқу материалының мазмұны; -білім берудің әртүрлі формалары мен әдістері; -ақыл-ой қабілеттілігі мен жалпы оқу біліктерін дамыту. Оқу үдерісі - өте күрделі жүйе, оның ішкі психологиялық қыры күннен күнге күрделене түсуде. Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері балалардың оқу танымдық әрекетін қалыптастыру, осыған орай тәрбиешінің өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі бейімдеу, оқыту шеберлігін дамытуды талап етеді. Оқыту үрдісінде – мектеп жасына дейінгі балалардың оқу – танымдық әрекетін қалыптастыру үшін барлық қажетті шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды, қажетсінуді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттары, проблемаларды шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын қамтуды қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан да білім беру мен оқыту үдерісі балаларды оқыту барысындағы, олардың саналылығы, белсенділігі, білімі мен біліктерінің беріктілігін, дамыту талаптарын қамтиды. Оқу – танымдық әрекеттегі білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, оны терең меңгере отырып, өзгермелі өмір жағдайында білім мен біліктерін әрекет барысында қолдана алумен сипатталады. Мектепке дейінгі жастағы таным әрекеті балалардың келесі жас кезеңіне өтуінде сабақтастықты қамтамасыз ету үшін оқу әрекетінің негізгі элементтерін меңгеруге бағытталады, өйткені оқу әрекеті мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекет түрі болып табылады. Демек өсіп келе жатқан жас ұрпақты өмірге дайындау, мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастырудың мәні мен маңызы арта түспек.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Л.В. Выготский «Избранные психологические исследования». Мышление иречь /под.ред. А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия. – М.: Изд-во АН РСфСР, 1956. 2. К.Д. Ушинский «Таңдамалы шығармалары». – Алматы: Жазушы, 1949 - 5 том. 3. В.И.Ядешко, Ф.А. Сохина. «Мектпке дейінгі педагогика». Алматы, Мектеп.. 1982. 4. Усова А.П. Обучение в детском саду. М.: Просвещение. 1970ж. 5. Эльконин Д.Б. Детская психология. –М: Просвещение,1960. 6. «Қазақстандағы мектепке дейінгі білім» №5,2009ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!