Мектепте оқушыларға
патриоттық тәрбие беру жолдары
Бүгінгі таңда қоғам мен
мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің
бірі – жас ұрпақты Қазақстандық
патриотизм мен
ұлттық патриотизмге тәрбиелеу болып
табылады.
Жалпы «Патриотизм»
дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік,
қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну,
өз Отанының бүгінгі күнімен және болашағына жауапты екенін
білдіреді.
Негізінде Патриотизм – туа
бітетін қасиет емес, санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз
тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім.Осындай ұлы сезімді өскен
ортасына, қалыптасқан қоғамына қарай түрліше дамытып, алуан сатылы
деңгейге жеткізетін, ұстаздардың үздіксіз тәрбие беруінің жемісі.
Өкіншіке орай, кейбір кездері патриоттық сезімі жоғары қалыптасқан
оқушыларымыз туған жерінің игілігі үшін дөрекілікке ,тәртіп
бұзушылыққа, қажет болса, сол мақсат жолында ғұмырын құрбандыққа
шалуға дейін барады.Жастықтың арқасында кеудені намыс
кернеп,қоғамның игілігі үшін, темір тордың арғы жағынан шығып
жатады. Осы балаларға арналған темір тордың артында буыны қатпаған
балаларға қысым жасап, патриоттық рухтарын таптап, балардың мысын
басатын әрекеттер жасалып жататыны анық. Қатаң да, әділетсіз
әректтердің арқасында балалар шектен тыс әрекеттерге шыдамай, темір
тордан қашып жататындары көптеп кездеседі. Буыны қатпаған
жасөспірім қателесіп, теріс әрекеттерге барғаны үшін темір тордың
артында қысым көрсетілмей, керісінше, рухани көмек беріп, жас
өскіннің ішкі жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып,
адамгерпшілік қасиеттерін қалыптастырса, буыны қатпаған жасөспірім
темір тордан қашпай, қателіктерін түсініп, дұрыс жолға түсетіні
сөзсіз. Қорыта
айтқанда әр ұрпақ өзінен бұрынғы
ұрпақтың жалғасы болғанымен, өз дәуіріне өзінше үн қосып, соны
соқпақ іздейді. Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге
сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой-санасы мен сезімін
дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек. Ел Президенті Қазақстан
халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының
отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға
тиіспіз...» - деген болатын. Қазақстан – түрлі тарихи аласапыранды
басынан өткеріп барып, тәуелсіздікке қол жеткізген, көп ұлтты
республика. Сондықтан оның берік болуы патриоттық тәрбиені дұрыс
жолға қою ұстаздардың қолында.