Материалдар / «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» (әдеби-сазды кеш)

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» (әдеби-сазды кеш)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2019
345
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»

(әдеби-сазды кеш)

Мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Сахнаға Мұқағали бейнесін сомдаушы бала шығып, ақынның «Менің анкетам» өлеңін оқиды.

Оқушы:

- Туған жерің? - Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың. - Туған жылың? - 1931. Құрдасымын Шәмілдің. - Жынысың кім? - Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы тәуірмін…

- Партияда барсың ба? - Жоқпын. - Шыққан тегің? - Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын. - Білімің ше? - Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын.

- Ана тілің? - Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар. - Қайда істедің? - Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. Оқымаған, дипломсыз демесең, Бір басымнан бар мамандық табылар.

- Міндеттісің бе әскерге? - Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, Жанын қиған Мәскеуге.

- Сөгіс алып көрдің бе? - Ол жағынан періште дей алмаймын Мен мүлде. Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету, Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де…

- Шетелдерде болдың ба? - Болғаным жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, Осы отырған орнымда-ақ.

- Мекен- жәйің? - Мекен- жәйім – жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!

1 – жүргізуші:

Ат үстінде кешіп күллі ғұмырын,

Дұшпанының тоса білген құрығын.

Егескенін найза ұшында ойнатқан,

Рухы от, мен қазақтың ұлымын.

2 – жүргізуші:

Тал бойында сақтай білген тұнығын,

Қос өзендей қатар өрген бұрымын.

Отауында оңнан орын алатын,

Мен қазақтың қызымын.

1 – жүргізуші:

«Тәңірі құт, түбім Түрік, Көк Бөрім»,

Көмейімнен көкке өрлейді өктем үн.

Ботасынан құны басым ботаның,

Армысыздар, текті елім!

2 – жүргізуші:

Бәрін көрдік небір ханның, төренің,

Қия шыңға қадам басып келемін.

Сарқылтпаған ата дәстүр, өлеңін,

Амансыздар, өр елім!

1 – жүргізуші:

Құрметті жыр сүйер асыл жандар, қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби – сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2 – жүргізуші:

Қазақ ақындарының әрқайсысы шын мәніндегі дарын, қайталанбас шығармашылық тұлға ретінде дара. Сондай жеке дарындылардың бірі, Мұзарт таудың мұзбалағы – Мұқағали Мақатаев.

1 өнер: М.Мақатаевтың өз дауысында «Есіңе мені алғайсың» өлеңін аудиожазбадан тыңдату.

1–жүргізуші: Ақын Фариза Оңғарсынова журналистерге берген сұхбатында: «Мұқағали секілді үлкен ақынның шығармалары оның замандасы маған ғана емес, поэзияны түсінетін әр оқырманға ерекше жақын деп ойлаймын. Мұқаң екеуміз рухани өте жақын, туыс адамдармыз. Ол өзінің соңында келе жатқан маған, менің шығармашылығыма өз жүрегінің сәулесін түсірді. Өмірде қараңғыда жарқ етіп бір нүктеге түскен электр жарығындай құбылыс болды. Осылай Мұқағали біреу түсініп, біреу түсіне алмай жүрген менің жырларыма деген жалпы халықтың ықыласын оятты», - деп ерекше атап өткен болатын. Ақынның Фаризаға арнап шығарған өлеңін тыңдайық.

2-жүргізуші: Фариза қазақ поэзиясында жарқ етіп көрінген, сол бір ақынның отты жүрегін, отты мінезін өмірінің ақырына дейін сөндірмей ұстап келген асау толқын ақын еді. Қазақтың аяулы ақын қызы Фариза Оңғарсынованы 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

2 – жүргізуші:

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген асыл сөз бар. Мұқағали Мақатаевтың анасы Нағиман Батанқызы баласы жайында жазған бір естелігінде: «Ботақаным Мұқағали күллі қазақтың баласы боларын, ардақты ақын атанарын, Құдай ақы туған шешесі мен де, өмірлік жары да, туған бауырлары да білгеміз жоқ. Енді қарап отырсаам, тыңдап отырсам, Мұқағалиімді аспанға көтеріп жатқан Құдайдың берген таланты, өлеңінің қуаты шығар. Бұған да тәубе. Өзі тіршілігінде көрмеген құрмет пен қошеметті артында қалған біз – отбасы, жары мен балалары, бауырлары болып көріп жатырмыз. Қайсыбірін айтайын, Алатаудай айбарлымды ойласам, өзегім от болып жанады...» деген еді. Ендеше, Мұқағали Мақатаевтың «Шеше, сен бақыттысың» өлеңімен ортаға 5–сынып оқушысы Тоқтыбай Раноны шақырамыз.

4 «а» сынып оқушысы Ильясов Дидар «Сағынып аңсап барғанда».

5 – сынып оқушысы Сахан Арнат «Бауыржан Момышұлына».

5-сынып оқушысы Темников Александр «Ғашықпын».

6 «а» сынып оқушысы Мұхамедиярова Асыл «Махаббат».

2 өнер. Ән. Мүсірәлиева Айжан «Сарыжайлау».

Көрініс.

1 – жүргізуші:

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін... – деп өзі жырға қосқан, сенімін артқан, жырын аманаттаған ақын бүгінде «қалың елі – қазағының» өлшеусіз махаббатына бөленді. Ол қазақ даласын тебірене жырлады. Олай болса, ортаға 6 «ә» сынып оқушысы Андреев Саматты «Қазақстан» туындысымен шақырсақ.

6 «ә» сынып оқушысы Өзенова Маржан «Отан».

7 «а» сынып оқушысы Қуатханқызы Анар «Фантазия».

7 «а» сынып оқушысы Алтынбекова Риза «Автограф».

7 «а» сынып оқушысы Мұсабек Абылайхан «Елім барда».

7 «ә» сынып оқушысы Қазыбек Құрманбай «Қара өлең»

3 оқушылардың орындауында «Балбырауын», «Ерке сылқым» күйлері.

2 – жүргізуші:

Мұқағали күнделігінде: “Маған нағыз баға беретін келешек ұрпақ! Нағыз бағалаушылар алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді. Мен өзім жайында мынаны айтам: мен XXI ғасыр ұрпақтарының құрдасымын”,- деп елінің егемен алып келешек ұрпағы, білімді де, ақылды балалары менің жырларымды оқып сусындар, бағасын берер деп келер ұрпаққа сенім артып, елінің болашағынан үлкен үміт күткен еді. Ол кезде ақын 43 жаста болатын. Қазір ақынның айтқаны келіп, Мұқағали жырлары әрбір оқырманға жақын да таныс. Оның барлығы ел бірлігінің, тыныштықтың жетістігі. Ендеше сахна төрінде 8«а» сынып оқушысы Нұрбай Дарынның орындауында «Болашаққа» өлеңі.

8 «а» сынып оқушысы Тойшиева Ақниет «Әке туралы».

8 «ә» сынып оқушысы Қызырханов Бекжан «Дала данышпаны».

8 «ә» сынып оқушысы Жұмағали Жанна «Досым, саған сенемін, сеніп өтем».

8 «ә» сынып оқушысы Искакова Жансая «Жастық».

4 өнер. Ән. 6 «ә» сынып оқушысы Андреев Самат «Сәби болғым келеді».

Көрініс.

Дәрігер:

* Мұқағали Сүлейменұлы, сіз әлі асханада отырсыз ба?

* Ия, мен әлі біріз жұмыстар істеуім керек.

* Қатты шаршамаңыз! Қалай, өзіңізді жақсы сезінесіз бе?

* Керемет десе де болады. Дәрігер мені мына құрғыр ауруханадан қашан шығарасыздар?

* Сіз осы жерге әлі біраз қонақ боласыз – ау. Дегенмен Мұқағали Сүлейменұлы, сіздің жүрегіңізде жарықшақ бар, ота жасап, жүрегіңізді ауыстырмаса, өміріңізге қауіп төндірді.

* Жүрек ауыстыру дейсіз ба?

10 сынып оқушысы Асан Мейіржан « Жоқ, дәрігер».

1 – жүргізуші:

9 «а» сынып оқушысы Огебина Суламита «Жүрек неге зат болып жаралмаған?»

9 « ә» сынып оқушысы Тұрлыбек Қыдырәлі «Қазақ жері».

9 « ә» сынып оқушысы Төлепбаев Бағлан «Пай, пай, өмір».

2 – жүргізуші:

Міне, бүгінгі кеште ақын өлеңдерін тыңдадық. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Хан тәңірдің биік шоқтығындай болған Мұқағали жырлары мәңгілікке жырлана береді.

Сахнаға Жайдарманның жайдарлы да, қөңілді КВН құрама командасын шақырайық. Қошеметтеріңіз!

1 – жүргізуші:

Әрине суық қайғы, суық қайғы,

Көңілін халқың бірақ суытпайды.

Егер де халық өзін ұмытпаса,

Батыл бол, халық сені ұмытпайды.

2 – жүргізуші:

Қайрымсыз қағазға ел бас ұрмайды,

Саған деген сағыныш басылмайды.

Табытыңды жасырса, ел жасырар,

Ал, уақыт, өзіңді жасырмайды!

1 – жүргізуші:

Қорытынды сөз мектеп директорына беріледі.

Құрметті қонақтар, ақиық ақын – Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби – сазды кешіміз осымен аяқталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!