-Армысың көк аспан! Сен сондай
биік,еркін және шексізсің, сені көргенімізге
қуанамыз.
-Армысың Жер ана! Сен
барлығына өмір сыйлайған.
-Армысың көгілдір Су! Сен өмір
көзісің.
-Армысың асыл
Ауа!
-Армысың Күн! Сен сондай
мейірімді және ыстықсың.
-Біз Ерейментау қаласында
тұрамыз,сонымен мақтанамыз.
Балалар бүгін біз сендермен
біздің туған қаламыз Ерейментау жайлы
әңгімелесеміз.
-балалар мен сендерге қазі бір
өлең оқып беремін,сендер ол өлеңді мұқият тыңдап не жайлы
айтылғанын айтып бересіңдер?
Саялы Сарарқаның
даласында,
Сілеті мен Өлеңті
арасында.
Бір Ел бар Ерейментау
баурайында,
Бауырым біздің жаққа барасың
ба?
Қайтайық атқа мініп,тауға
шығып,
Ұнаса біздің Елде қаласың
ба.
Ұлан ғайыр аймағы бар, жанға
жайлы жайлауы бар,
Қоянды айғыр жалы, Ақ шоқы
сұңқар қия.
Күншалған,Ақжүн деген таулары
бар.
Батырлар Елі,Ақындар Елі ол
Ерейментау қаласы.
Балалар әр Елдің,әр қаланың
өзіндік мағынасы бар Елтаңбасы болады,мен қазір сендерді туған
жеріміздің Елтаңбасымен таныстырайын.
Мынау біздің туған қаламыздың
елтаңбасы:мынау шаңырақ-ол бірлік,достық,ұйымшылдықты білдіреді,ал
мынау таудың бейнесі-ол Ерейменнің тауларының көптігін
білдіреді,темір жол-ол Астана мен Павлодар қаласын жалғап тұрған
темір жолымыздың барын білдіреді,ал мына жерде бидай бейнеленген-ол
бидай өсіп, астығы мол бай жер екендігімізді
білдіреді.
Енді туған жерімізге саяхат
жасауға шақырамын.
Біз саяхатқа қоғамдық көліктің
түрі пойызбен шығамыз. (пойыздың әуенімен қозғалып
отырады)
-Балалар қараңдар біз келіп
қалған сияқтымыз!
Слайд.
Дегенде Елім қандай,көлім
қандай!
Құлпырған масатыдай Жерім
қандай.
Еркелеп,төсін сүйіп
аймаласам,
Барады туған жерге шөлім
қанбай.
Құтты болсын тойымыз, нақ
екінші мүшелді,
Осы күні еліме,тың дүние күш
енді.
Артқа тастап бәрін де,қиып күн
,ауыр сағатты,
Жайнады міне қазағым, үш
тұғырлы,үш елді
Ереймен талайларға арман
жерсің,
Сәбірлі Антайлардан қалған
жерсің.
Бөгенбай Жантай сынды
батырлардың,
Найзасын қанға бөлеп,алған
жерсің.
Мекені бұл елімнің, батырлары
айқасқан.
Кепті бұзып,жауды алып, ер
Бөгенбай айқасқан,
Олжабайдай жау жүректің
айтайлаған жері еді,
Дүбірінен шошынатын, таулары
мен айды аспан
-Балалар сендер осы видио
жазбадан нені көрдіңдер?
-Өз туған қалаларың жайлы не
айтасыңдар?
-Туған қалаларың
қандай?
-Сендер қандай көше аттарын
білесіңдер?
-Сендердің үйлерің қандай
көшеде орналасқан?
-Балалар сендер білесіңдер
ме,біздің қаламызда қандай ұлттар тұрады?
Дұрыс айтасыңдар,біздің
қаламыз қандай шағын болса да көп ұлттар тұрады,олардың басқа ұлт
екенін киімдерінен танимыз,әр Елдің ұлттық киімдері,ұлттық
тағамдары,өз тілдері болады.
Ойын: «Сыңарын
тап»
Мына жерде үш ұлттың
ұл-қыздары берілген,сендер әр ұлттың ұлдарына,сол ұлттың қыздарын
тауып беру керексіңдер.
Біздің ақын бабаларымыздың
Ерейментау жайлы жырлаған жырларынан үзінді
тыңдайық.
1.Қорған болған батырларың
Еліңе,
Айдар таққан үш найзамен
жеріңе. Мансұр
Жырға қосқан жыр Үмбетай
бабамыз.
Туын тіккен ер Бөгенбай
төрінде.
2.Ерейменім-дархан
елім
Ерейменім-туған
жерім
Ерейменім-мақтанышым,
Ерейменім-асқарлысың. Ажар
Сергіту
сәті:
Я и
ты»
Я
иду, и ты идешь— раз, два, три.(орнында )
Я
пою, и ты поешь — раз, два, три.(стоя, дирижируем 2-мя
руками)
Мы
идем и мы поем — раз, два, три.(шаг на месте)
Очень дружно мы живем — раз, два,
три.( хлопаем
руками)
Ерейментау-аспаны
көгілдір(қолдарын жоғары
көтеріп,онға-солға сермейді)
Көлдері де көгілдір (қолдарын
төмен түсіріп,сермейді)
Гулдери бар
жайнаган(алақандарын жинап,саусақтарын жан-жаққа
ашу «гүл
жасау») Табалмайтын еш
қайдан,
бізде көп
қайың,теректе. (аяқтың ұшымен
тұрып,қолдарын жоғары созады.)
Саңырауқұлақ та көп
бізде! (отыра
қалады)
Пеште тағы
пісіреді (алақандарын
шапалақтайды)
Мынандай тәтті
тоқаштар (қолдарын
жаяды)
Біздің қала көрікті,биік-биік
таулармен. (тау жасайды
Д/о «Ғимараттарды
құрастыр»
Төрт бөліктен тұратын
«Жұлдызай», «Мешіт», «Рахат», «Бөгенбай батыр» суреттерін
құрастырады.
Жақсы балалар біздің
саяхатымыз осымен аяқталды енді пойызымызға мініп, балабақшамызға
оралайық.
-Біз бүгін қайда саяхат
жасадық?
Д/о «Шын
жүректен»
Тәрбиеші жүрекшені алып
шеңбердегі тұрған бір балаға беріп,мақал-мәтел айтып
бастайды,балалар допты ары қарай беру арқылы туған жеріне деген
жылы сөзін немесе білетін мақалын айтып
береді.
ТРИЗ-ойыны:
«Жақсы-жаман»
Балаларды жағымды-жағымысыз
әрекеттерін ажырата білуге үйрету.
-Қала көшелерінде келе жатып,
қоқысты кез келген жерге лақтыра салсаң ол қандай
әрекет?
-Қоғамдық көлікте,өзіңнен
үлкен адамға тұрып орныңды берсең?
-Гүлдерді отырғызып,оған күтім
жасасаң?
Енді мен сендерге
балабақшамыздың алдын гүлдермен гүлдендіуді
ұсынамын.
Балалар осымен саяхатымыз
аяқталды,пойызға мініп орнымызды табайық,балабақшаға
аттанайық.
Міне,балабақшаға да келіп
жеттік.
-Балалар біз қайда саяхат
жасадық?
-Саяхатымыз сендерге ұнады
ма?
кімге бүгінгі саяхатымыз
қызықты болды, бұл саяхаттан өзіне жаңа бір мағұлмат алдым десе, ол
қызыл түсті гүлді алсын, кім жаңадан ештеңе алмады яғни онша
қызықты болмаса ол көк түсті гүлдерді алсын,кімге мүлдем
қызықсыз,ештеңеде түсінбесе ол сары түсті гүлдерді
алып,балабақшамыздың алдын гүлдендірейік.
|