«Менің кемшіліктерім мен жетістіктерім» / психологиялық тренинг/

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің кемшіліктерім мен жетістіктерім» / психологиялық тренинг/

Материал туралы қысқаша түсінік
: Дәл бүгінгі күні біз бәріміз білімді болып, биікке көтеріліп ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Ол адам ең алдымен , өз неге қабілетті, өзінде жақсы не бар соны түсініп алу керек. Жақсылық пен жамандықты айыра білу керек, өзінің бар қабілеттерін жетілдіріп және өзіндегі кемшіліктерін түзете білуге тиіс. Бүгінгі шараның тақырыбын «Менің кемшіліктерім мен жетістіктерім» деп алған себебіміз де осы. Осы тақырыпта бірнеше тренингтік жаттығулар жүргіземіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің кемшіліктерім мен жетістіктерім»



Жүргізілу барысы: Бөлмедегі орындықтарды дөңгелете қойып, ата – аналар отырғызылады да барлық қатынасушыларға арнайы дайындалған түрлі – түсті қағаздар таратылады. Қағазға әркім өз есімін көрнекі етіп жазып, кеудесіне тағу тапсырылады.

Қатынасушылар шараның тақырыбымен, мақсатымен және ережелерімен таныстырылады.

Психолог: Дәл бүгінгі күні біз бәріміз білімді болып, биікке көтеріліп ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Ол адам ең алдымен , өз неге қабілетті, өзінде жақсы не бар соны түсініп алу керек. Жақсылық пен жамандықты айыра білу керек, өзінің бар қабілеттерін жетілдіріп және өзіндегі кемшіліктерін түзете білуге тиіс. Бүгінгі шараның тақырыбын «Менің кемшіліктерім мен жетістіктерім» деп алған себебіміз де осы. Осы тақырыпта бірнеше тренингтік жаттығулар жүргіземіз.

1-жаттығу (психолог)

«Бір күні танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей, біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетейік.

1-нұсқау

Бір – біріне күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу.

2-нұсқау

Оң жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу

3-нұсқау

Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу

4-нұсқау

Маңдайларын бір- бірлеріне тигізіп сәлемдеседі

Сәлемдесу рәсімі аяқталғаннан кейінгі қойылатын сұрақтар:

  1. Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыз?

  2. Сізге қандай әдіс ұнады?

  3. Осы әдістердің қайсысын пайдаланып көрдіңіз?

  4. Отбасы мүшелерімен қалай сәлемдесесіздер?

2-жаттығу. «Жақсы» мен «Жаман» қасиеттер.

Шараның тақырыбында айтылғандай, келесі жаттығуымыз «Жақсы» мен «Жаман» қасиеттер деп аталады. Не нәрседе де «жақсы» мен «жаман» бар. Мысалы, адамның өмір сүру белестерінде де, қоғамның пайда болуында да, өмір сүріп жүрген тіршілік жасап жатқан табиғаттың өзінде де «жақсылық» пен «жамандық» кезек-кезек кездесіп отыратыны бәрімізге белгілі. Осы жерде Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі.

Алла мықты жаратқан сегіз батыр,

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек- кезек жығылып, жатып тұрып,

Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.

Міне, осы жұмбақтың жауабы, сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез келген адамның мінезінде де дәл осы екі батыр бар. Ол екеуін табу үшін өзіңіздің айнадағы бейнеңізге қарап ойланыңыз. Маған қарап тұрған кім? Ол қандай адам? Сізге берілген парақтың оң жағына «жақсы», сол жағына «жаман» қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз. Ол үшін алдымен өзініздің бойыңызда қандай қасиеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазасыздар. (3 минут уақыт беріледі).

  1. Қандай қасеттеріңізді көп жаздыңыз?

  2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?

  3. Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?

  4. Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?

Бұл шараның жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерімізді асыру болатын.


Қарапайым ережелерді есте ұстаңыз:

  1. Өз жүрегіңізді жек көрушіліктен босатыңыз - өзіңізді ренжіткен адамдарды кешіріңіз.

  2. Өз жүрегіңізді толқулардан босатыңыз – олардың көбі пайдасыз.

  3. Қарапайым өмір сүріңіз, барға қанағат етіңіз.

  4. Істеген жақсылығыңызға мақтау күтпеңіз.

  5. Сіз басқаларға қалай қарасаңыз, өзгелер де сізге солай қарайтынын ұмытпаңыз.



Қорытынды: Ой толғау. «Өмір деген..............» аяқталмаған тезис.

Рефлексия.

  • Шара саған ұнады ма ..................................?

  • Ойландырған сәттер ..................................?













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
3213
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі