Материалдар / "Менің Президентім"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Менің Президентім"

Материал туралы қысқаша түсінік
" Менің Президентім" Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, ноудбук, суреттер. Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, мадақтау Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Елбасын және елбасы күнін Үйренуі керек: Рәміздерді құрметтеуді. Мотивациялық қозғаушы Тәрбиешінің іс - әрекеті Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! - Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
322
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













Тұңғыш президент күніне арналған

" Менің Президентім" атты іс-шара






Краснознаменное ОМ-нің жанындағы

«Айгөлек» шағын орталығының

тәрбиешісі: Егизбай А.М.















Краснознаменное, 2018 жыл


" Менің Президентім"


Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, ноудбук, суреттер.

Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, мадақтау

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Елбасын және елбасы күнін

Үйренуі керек: Рәміздерді құрметтеуді.

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?

- Қыс мезгілі келеді екен.

Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.

- 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?

- Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.

- Балалар, бұл кім?

- Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?

- Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.

- Балалар елбасымызға арнап тақпағымызды айтайықшы.

Ерке:

- Елбасымыз Нұр аға

- Салғызып Алтын орда

- Көркейтіп елін қазақтың

- Көрсетпей өмір азабын.

Айбек:

- Қуат алған өзінен

- Туған елдің ұлымын

- Бақытты етіп өсірген

- Отанымның гүлімін.

Кәусар:

- Қазақ елі – Қазақстан

- Болашаққа үн қосқан

- Жақсы күнге жетелеп

- Елбасым менің – Нұрсұлтан

Дидар:

Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды,

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.


- Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.

- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?

- Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы қарап білейік.

- Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.

- «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.

Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.

Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.

- Балалар, рәміздер туралы кім тақпақтар біледі?

Таир:

- Көк аспандай көкпеңбек

- Қазақстан жалауы

- Көк емес ол тектен - тек

- Елдің ашық қабағы.

Дидар:

- Елтаңбасы елімнің

- Неткен әйбат әдемі

- Тұнығындай көңілдің

- Ортада аспан әлемі.

Айбек:

- Тәуелсіздік жолында

- Талай - талай тер тамған

- Билігім өз қолымда

- Еркіндігім – елтаңбам.


Балалар, дидактикалық ойын ойнайық. Ойын:«не жетіспейді?»

Ойын шарты: Балалар мынау не?

Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп жабыстырайық.

Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.

- Балалар, біз нені жабыстырдық?

- Күннің түсі қандай?

- Күннің пішіні қандай?

- Тудың түсі қандай?

- Күнді

- Сары

- Домалақ

- Көк


Сергіту сәті

- Елбасымыз кім?

- Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?

- Біз қай елде тұрамыз?

- Біз бүгін не жабыстырдық?

- Балалар, қазір біз көгілдір экран арқылы елбасшымызға арнап «Нұр - аға» атты әнімізді шырқайық.

- Жарайсыңдар, балалар!

Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!

Келген қонақтарға сау болыңыздар дейік.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!