«Менің Қазақстаным»-патриоттық әндер
байқауы
Мақсаты:Оқушылардық патриоттық сезімін ояту. Өз ана тілінің
құдіреттілігін таныту. Оқушыларды туған жерін, туған елін, туған
тілін сүюге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Армысыздар! Құрметті қонақтар,бүгінгі еңсесі
биік егемен елдің жарқын болашағының үмітін ақтар жас
ұрпақ.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары
үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды
қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен
өтті. Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай
елде туғанымызға бақыттымыз. Сіздердің назарларыңызға
Тәуелсіздіктің 25-жылдығы мерекесіне орай 1-2- сынып оқушылары
арасында өткелі отырған «Менің Қазақстаным» патриоттық әндер
байқауына қош
келдіңіздер!
ҚР Әнұраны
орындалады.
Енді әділ қазылар алқасымен таныс
болайық!
1. Әділ – қазылар алқасының төрайымы
–мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары; Бекенова
Г
2 . Мектеп кітапханашысы: Исакова
Г
3.Ермуханова Меруерт-әлеуметтік педагог.
Ендеше ,сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп,
мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Куанғанда күлкімнен түн түрілген ,дей
отыра
сіздердің алдарыңызда 1 «А» сынып оқушылары
Хор: «Менің Қазақстанысым» қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші:
Қазақ аты береке-бірлік дер
ем,
Қазақ осы бірлікті тірлік деген,
Сахараға бүгінде шықты қазақ,
Тәуелсіз бір тағалы жүйрікпенен, - дей келе сахнаға ..1 «Ә»
оқушылары Хор:»Қазақстан
бақытты»
Жүргізуші: Мерейім - нұрлана бер
азат Күнім!
Көрдік біз бұл бақыттың
азаттығын,
Таңымды тамылжытқан әсем
әнмен
Тыңдаңыз елін сүйген жастар
үнін!
дей келе кезекті 1 «Б»
Ән. «Көк тудың
желбірегені»
Жүргізуші:Алтын бесік, туған жер, далам
менің,
Қанат қаққан ұяңнан балаң
едім.
Сырлы сазын жүректің төгейін деп,
Сағынышты сан жылғы ала келдім. Сахнаға 1 «В» сынып оқушылары:
Хор: «Көк тудың
желбірегені»
1-жүргізуші:Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс-тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай
қорғаған.2 «А» сынып
оқушылары.Хор:«Отаным менің
Қазақстан» әні. Қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші: Ел тұрады шаттық, қойып
көңілге
Жарқырайды Елтаңбаң да
төріңде
Ірге тасын жатыр берік
қаланып
Бетті бұрдық алға-жарқын
өмірге!
2 «Ә» сынып окушылары
хор:«Қазақстаным
менің» әнін қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші: Сен неткен Отан - Анам, ғажап
едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар
едім.
Болашақ ұрпағының бақыты
үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ
елім!
Бүгінгі патриоттық әндер сайысына қатысушы
үміткерлерімізді түгелдей тыңдап шықтық. Әділ қазылар әділ баға
береді деп сенеміз. Әділ қазыларымыз шешім қабылдағанша
ортаға қтысушыларымызды
шақырамыз.
Жүргізуші: Кең далам, көл-дариям, сеңгір
тауым,
Бабалар жеңді
ерлікпен небір жауын.
Байрағым желбіреп тұр
биіктерде,
Байладым тәуелсіздік - өмір бауын! - дей келе
ендігі сөз кезегі әділ-қазыларға
беріледі.
Бүгінгі «Патриоттық әндер» атты байқауымыз өз
мәресіне жетті.. Біз сіздермен
қоштаспаймыз.Келесі көріскенше сау болыңыздар дейміз!