Материалдар / Менің сүйікті ұстазым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің сүйікті ұстазым

Материал туралы қысқаша түсінік
Шынында да,ұстаздар қауымы әр баланың көңілін тауып, шамшырақ бола біледі. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтім , әлі есімде. Себебі,жан-жағымдағылардың барлығы таныс емес.Тіпті ешқандай әріпті де танымаймын. Қолыма ең алғаш әліппені ұстатқан – ұстаз! Әріптерді жаттатып,қолға қалам ұстатып, жазуды үйреткен – ұстаз! Анамыздай ақыл-білімді, өмірдің сырын, жер-Жаһанды танып білуді үйреткен – ұстаз! Ұстаз – ұлы есім,қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін екінші,аяулы ана. «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
575
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің сүйікті ұстазым



Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар! Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар. Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Шынында да,ұстаздар қауымы әр баланың көңілін тауып, шамшырақ бола біледі. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтім , әлі есімде. Себебі,жан-жағымдағылардың барлығы таныс емес.Тіпті ешқандай әріпті де танымаймын. Қолыма ең алғаш әліппені ұстатқан – ұстаз! Әріптерді жаттатып,қолға қалам ұстатып, жазуды үйреткен – ұстаз! Анамыздай ақыл-білімді, өмірдің сырын, жер-Жаһанды танып білуді үйреткен – ұстаз! Ұстаз – ұлы есім,қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін екінші,аяулы ана. «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Ең алғаш еш нәрседен хабары жоқ, тарыдай болып келген бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, саналы тәрбие беріп, таудай азамат етіп шығару – ұстаздардың қолында.Сондай жандардың бірі , біздің сынып жетекшіміз, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат әпкиіміз. Бізге қазақ тілінің түрлі қыр-сырын үйретіп келеді. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып қана қоймай, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойымызға дарытуға, жақсыдан үйреніп, жамандықтан жиренуге үндейді. Ер балалар кейде ренжітіп, тәртіпсіз болып жатса, ұрысып алады да, қайта маңдайларынан сыйпайды.«Мен сендердің тәртіпіті , білімді,үлкен азамат болғандарыңды қалаймын»,- деп жымиып қоятыны бар. Әрқашан қасымыздан табылып, жанашыр, қорғаушы, екінші анамыз секілді. Ол - сүйікті ұстазым. Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді...Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ , сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да ардақтауға міндеттіміз» деген. Сондықтан да ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Себебі, олар – ұлы ,алғашқы, сүйікті ұстаз!















Менің сүйікті ұстазым

Данышпан да, дана да оқып сенен, Атақ-даңқын асырды бар әлемнен. «Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды, Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең! Мәриям Хакімжанова

Жоспары:

I «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» а)Ұстаз – ұлы есім

II «Ұстаз – мектептің жүрегі, қоғамның тірегі»

III Ұстазым ұлық бәрінен

Өмірде мамандықтың түрлері көп.Әр мамандықтың өз ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, білім береді. Демек, ұстаз барлық мамандық иесін тәрбиелеп, оқытып, үйрететін абзал жандар. Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? «Ұстаз мамандығы – барлық мамандықтың анасы» ,-деп дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғалым иесі де, ел қорғаған батыр да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандықтың иелері мойнына еш нәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие беріп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан да ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Ұстаз! Осы бір сөзде қаншама мән-мағына ,құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз! Қандай қасиетті сөз.Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін ұғым болса, соның бірі –ұстаз. «Ұстаздан тәрбие алған», «Ұстаздың алдын көрген» деген сөздер құлаққа ана тәрбиесін алған деген сөздермен ұштасады. Ұстаз – мектептің айнасы, бәйтерегі. «Жақсы ұстаз – мектептің жүрегі»,- деген Ыбырай атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны анық. Дана халқымыз «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Шәкірттерін азамат қып саналы Ұстаз ана, дана бола алады. Ең бастысы ұстаз мына өмірде Ұлағат боп, ұлық болып қалады.


Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Абай атындағы орта мектеп















«Менің сүйікті ұстазым» эссе

















Орындаған: Қамысбекова Талшын 7 «ә» сынып

Жетекшісі: Абдрахманова Салтанат










Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Абай атындағы орта мектеп















«Менің сүйікті ұстазым» шығарма

















Орындаған: Дәуренбек Динара 7 «ә» сынып

Жетекшісі: Абдрахманова Салтанат









Тренинг тақырыбы : Жасырын хат «Мен - ғажаппын»

Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлеріне қолдау көрсету, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі: «Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!»

Кіріспе сөз: ХХ ғасырдың басында неміс педагог-дефектологы П.Шуманның «бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген асыл сөзінен даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеу өте қиын екенін рас.Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде.Үйден оқытылатын балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына мынадай міндеттер қойылады.

1.Баланың мектепке дайындығын анықтау.

2.Тәрбиесіндегі кемістігін жою

3.Сабақты жүйелі жоспарлау

Екіншіден баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Тек қана баланың өзімен жұмыс жасағаннан көрі ата-анасымен қосылып, жұмыс жасаған балаға қатты ұнайды. Әрбір мұғалім жеке балаға сабақ бергенде сабағына әртүрлі ойындардың түрлерін қолдануға болады.

Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:

Нәтижесі:1. Олар ойланады.

2. Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады.

3. Ұжымдық сезімі қалыптасады.

4. Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

5. Қарым-қатынасты дамытады.


Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады.
Жүргізуші:  Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі


Тапсырмалары: «Мен осы өмірге келуіммен кереметпін» - 1-ші топқа арналған хат;
«Менің күш-жігерім көп,денсаулығым мықты.» - 2-ші топқа арналған хат;

 «Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.» - 3-ші топқа арналған хат.


Мен –ғажаппын!” Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн.

Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.

Мысалы:

Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.

Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.

Мен ғажаппын, мен кереметпін.

Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.

Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.

Мен тамаша жанмын.

Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.

Мен сабырлымын, салмақтымын.

Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды.

Мен әділетті, адал жанмын.

Мен айналама бақыт шуағын шашамын.

Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.

Менің қолымнан бәрі келеді.

Мені тек жақсы адамдар қоршаған.

Мен үшін өмірдің қызығы мол.

Мен бәріне ризамын.

Мен бақытты адаммын.

Қорыта айтқанда: «Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!» қағидасын бекем ұстанайық..









































Сабақтың тақырыбы: Уақыттың қадірі

Күні 6.12.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Абдрахманова С.

Сыныбы 5ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағаны.

Оқу мақсаттары

5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

5.4.4.1 – жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру,көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: өзіндік ой-тұжырымын жазба жұмыстарындаеркін білдіре алады

Жетістік критерийлері

Ақпараттарды іріктейді,ішінара ізденушілік жұмыстарын жүргізеді,шығармашылық жұмыс жазады.

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: тіл үйрену,бос уақытты пайдалы өткізу, спорт секциялары.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша, қарсылық білдіремін, мен бұл пікірді қолдаймын.

Алдыңғы оқу

Бос уақытты тиімді пайдалану ережелерін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Ойтүрткі. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Сендерді қай тілдер қызықтырады?

2. Тіл үйренуге не кедергі болып жүр?

3. «Уақытты бос өткізу» дегенді басқа қандай сөздермен беруге болады?

ОӘК материалдары

Ортасы















Ойлау дағдыларының

деңгейі


Бағалау критерийі

1. Оқушылар оқылым және тыңдалым материалдары негізінде ой түйінін жасайды. Өз уақытын тиімді пайдалана білген миллиардар Билл Гейтстің қайырымдылық істері туралы өз ойларымен бөліседі. Оқушылар топқа бөлініп,деңгейлік тапсырманы орындайды.

1-топ.Сұхбаттағы диалог мәтінінен зат есімдерді теріп, олардан жұрнақтар арқылы жаңа сөздер жасайды.

2-топ.Оқылым мәтінінің мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтелдер жазады.

3-топ. «Уақытты бағалай білеміз бе?» сұрағына «Төрт сөйлем» әдісі арқылы жауап жазады.

Ойдан түбір сөздер жазып,сол сөздерден жұрнақ арқылы туынды сөздер жасап, кестеге түсіреді.Осы сөздерден сөйлемдер құрастырады

Түбір сөз

Туынды сөздер

тіл

тіл+ші







Білім алушы

Мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді.

Өзекті мәселелер бойынша өз ойын дәлелдермен келтіреді.


Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін мазмұны бойынша жұбыңызға 2 сұрақ қойыңыз. Мәтіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ойыңызды дәлелдермен келтіріңіз.

Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынығып алсыншы деп бір сағаттан кейін оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Жарты сағат уақытымды қайтарып беріңіз онда!» - деген екен. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың», - деген екен немістің ұлы ақыны Гете. Бұл жөнінде еңбекқор қытай халқында «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деген нақыл сөз бар. Рас, біле білгенге уақыт – мүмкіндік. Ал сол мүмкіндікті кім қалай пайдаланып жүр?!


Дескриптор

Білім алушы

- мәтін бойынша 2 сұрақ құрастырады;

- дайындаған сұрақтарын жұбына қояды;

- жұбының сұрағына жауап береді;

- өз ойын дәлелдер келтіріп, жауап береді


Деңгейлік тапсырмалар


ОӘК материалдары



Соңы

Рефлексия. «Бағдаршам» арқылы бүгінгі сабақты қорытындылайды. Жауаптарға сәйкес бояйды.

Үйге тапсырма. «уақыт алтыннан қымбат» тақырыбында эссе жазады..

«Бағдаршам» әдісі


Қосымша ақпарат

Саралау Қосымша критерийлер арқылы бағалау

«Ғибратты сөз» айдарымен берілген нақыл сөздердің мәнін түсініп оқиды. Оларды салыстыра отырып, ой толғайды. Уақыт біреуге ұзақ, біреуге қысқа болып көрінуі мүмкін.Бұл оның қандай іспен не тірлікпен толтырылғандығына байланысты. ( С.Маршак)

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

«Басбармақ» әдісі

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

Мен келесі сабағымды жетілдіруге қандай факторлар әсер ететінін білдім.?

Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қатынасты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.



















































Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Күні: 6.12.2017ж

Сынып: 7

Мектеп: Абай атындағы орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні:Абдрахманова С.Қ.

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың дәстүрлі әндері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.О4. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

7.4.3.1-фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады: идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстырып,фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады.

Бағалау критерийі:

  • Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды

  • Құрылымы мен аудиториясын ажыратады

  • Тілдік ерекшелігін салыстырады

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар стиль түрлерін салыстырып, талдайды.Өз пікірлерін,көзқарастарын,болжамдарын өзіндік дағдыларына сүйене отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы, шығармашылық қабілеттерін пайдаланып, ойын еркін жеткізе алады.

Құндылықтарға баулу

Азаматтылығы мен əлеуметтік белсенділігі жоғары, сыни тұрғыдан ойланатын, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Пəнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Оқушылар «Қазақ музыкасы » бойынша білімдерін тереңдетіп, тілдік дағдыларын қалыптастырды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


5 мин










Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану


15 мин































Сабақтың ортасы


15 мин
















Тренинг.

1. Кешегі сабақта есте қалған қызықты эпизод пен қиындық туғызған тапсырманы әр оқушы айта отырып, жаңа сабақта атқарылатын іс-әрекеттерге, нені жетілдіруге болатынына болжау жасайды.


Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.






Мағынаны тану



Тапсырма

Төмендегі үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Тапсырмаларды орындағанда, тілдің сапасы мен тазалығына назар аударыңыз.

Ұсынылған мәтіндердің бірі – «Абай-ақпарат» сайтынан, Жанғали Жүзбаевтың «Қазақ күйлері» мәтінінен үзінді, ал екіншісі massaget.kz сайтынан «Қазақ күйлері» үзінді алынған. Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, формасын, айырмашылығын табыңыз (120-150 сөз).


А мәтіні

Қазақ күйлерінің көбі поэтикалық сөйлемге құрылған, күйші жырды аспапта жыр жазғандай (қағазға емес) әрекетке барған, бұл әдіс саз құраудың осы күнге дейін жалғасып келе жатқан тамаша жолы болып табылады. Орыс фольклортанушысы В.Гошовский халықтық музыка стильдерін «музыкалық диалект» деп атаған. Ол музыкалық фольклордың диалектісі ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың ойы деген пікірді орнықтырды. Қазақ музыкасын түркілік музыканың бір диалектісі деп қарайтын болсақ, онда оның сарыны мен тілдік даму жүйесін қатар қараған жөн болмақ. Күй тілдік даму жүйесі немесе күй тілі деген ұғымды тарқата айтсақ, ол халықтың төл тіліндегі екпіндік, ырғақтық, өлшемдік интонациялардың музыкалық шығармашылықтағы композициялық бейнесі болып шығады. Кез келген күйдің сазында сөздік тіркестер бар, сонымен бірге, сөздердегі тоникалық және силлабикалық өлеңге тәнік буындар да айқын көрініп отырады. Күйді нотамен таңбалауда осы жайт ескерілетін болса күй жазбасы саласы әлбетте, мол мүмкіндіктерге қол жеткізе алады.

(«Абай-ақпарат» сайты, Жанғали Жүзбаев. Қазақ күйлері. 132 сөз)

Ә мәтіні

Қазақ күйлері


Қазақтың музыкалық мәдениетіндегі ең күрделі өнер - күй. Ол тек аспаптық сарын ғана емес, ұлт мінезін айқындайтын нышандардың бәрін біріктіретін рухани құбылыс. Күйтану ғылымының бүгінгі зерттелуі - оның тарихын, шежіре-аңызын, мектеби ерекшелігін, сонымен бірге, музыкалық шығарма ретінде теориялық тұрғыдан талдануын, дәстүрлі және кәсіби оқыту әдістерін хал-қадарынша қамтып отыр. Осының нәтижесінде күй мен күйшілік үрдістің ұлттың рухани сұранысын өтей алатын қазіргі деңгейі қалыптасты. Уәж кәсіби домбырашылыққа қатысты болғандықтан, күйшілік мектептің қалыптасуы мен дәуірлік тарихына қысқаша тоқтала кеткен орынды болар.

Күй - өте көне өнер, оның шығарма ретінде қалыптасуы ұлт емес, ұлыстық дәуірден бастау алады. Ұлыстық дәуір мәдениеті Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы замандарынан сыр тартады. Қазіргі аңыз күйлердің ішінде сол замандардан қалған туындылар мынау еді деп айту мүмкін емес, ал, әдеби мұраларымыз сақталған. Мысал ретінде Томирис туралы әпсананы айтуға болады. Одан кейінгі дәуір Түрік қағанаты. Бұл кезеңдегі күйлердің де дерегі жоқ, бұл әдебиетімізде ұлыстық ояну кезеңі деп аталады.

(massaget.kz сайтынан, 147 сөз)


Дескриптор


-стиль түрін анықтайды;

-мәтіндерді салыстырады;

-тілдік ерекшеліктерін ажыратады;

-мәтіндердің негізгі идеясын анықтайды.

























































Сабақтың соңы



5 мин

Рефлексия. «Блоб ағашы»


Саралау

Барынша қолдау көрсету:

Орташа қолда

Қолдау көрсету аз:


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!