Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Менің сүйікті ұстазым
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Менің сүйікті ұстазым
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар! Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар. Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Шынында да,ұстаздар қауымы әр
баланың көңілін тауып, шамшырақ бола біледі. Алғаш мектеп
табалдырығын аттаған сәтім , әлі есімде. Себебі,жан-жағымдағылардың
барлығы таныс емес.Тіпті ешқандай әріпті де танымаймын. Қолыма ең
алғаш әліппені ұстатқан – ұстаз! Әріптерді жаттатып,қолға қалам
ұстатып, жазуды үйреткен – ұстаз! Анамыздай ақыл-білімді, өмірдің
сырын, жер-Жаһанды танып білуді үйреткен – ұстаз! Ұстаз – ұлы
есім,қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін
екінші,аяулы ана. «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен
айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге
үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа
жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын
адам.
Ең алғаш еш нәрседен хабары
жоқ, тарыдай болып келген бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп,
саналы тәрбие беріп, таудай азамат етіп шығару – ұстаздардың
қолында.Сондай жандардың бірі , біздің сынып жетекшіміз, әрі қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат әпкиіміз. Бізге қазақ
тілінің түрлі қыр-сырын үйретіп келеді. Шәкірттерін білім нәрімен
сусындатып қана қоймай, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді
бойымызға дарытуға, жақсыдан үйреніп, жамандықтан жиренуге үндейді.
Ер балалар кейде ренжітіп, тәртіпсіз болып жатса, ұрысып алады да,
қайта маңдайларынан сыйпайды.«Мен сендердің тәртіпіті ,
білімді,үлкен азамат болғандарыңды қалаймын»,- деп жымиып қоятыны
бар. Әрқашан қасымыздан табылып, жанашыр, қорғаушы, екінші анамыз
секілді. Ол - сүйікті ұстазым. Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы
құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын
да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де
ұстаз өсіреді...Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ ,
сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да ардақтауға міндеттіміз»
деген. Сондықтан да ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен
бас иеді. Себебі, олар – ұлы ,алғашқы, сүйікті
ұстаз!
Менің сүйікті ұстазым
Данышпан да, дана да оқып сенен, Атақ-даңқын асырды бар әлемнен. «Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды, Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең! Мәриям Хакімжанова
Жоспары:
I «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» а)Ұстаз – ұлы есім
II «Ұстаз – мектептің жүрегі, қоғамның тірегі»
III Ұстазым ұлық бәрінен
Өмірде мамандықтың түрлері
көп.Әр мамандықтың өз ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе,
мұғалім оларды оқытады, білім береді. Демек, ұстаз барлық мамандық
иесін тәрбиелеп, оқытып, үйрететін абзал жандар. Мұғалім – жалпы
білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу
қызметін атқаратын маман.Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар
шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес
пе? «Ұстаз мамандығы – барлық мамандықтың анасы» ,-деп дәл тауып
айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие
әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғалым иесі
де, ел қорғаған батыр да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да,
егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк
күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім
алған. Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы жауапкершілігі
жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл
мамандықтың иелері мойнына еш нәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай
ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие беріп, таудай
азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан да ұлағатты
ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Ұстаз! Осы бір
сөзде қаншама мән-мағына ,құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр.
Ұстаз! Қандай қасиетті сөз.Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын
себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының
жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін ұғым болса, соның бірі
–ұстаз. «Ұстаздан тәрбие алған», «Ұстаздың алдын көрген» деген
сөздер құлаққа ана тәрбиесін алған деген сөздермен ұштасады. Ұстаз
– мектептің айнасы, бәйтерегі. «Жақсы ұстаз – мектептің жүрегі»,-
деген Ыбырай атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің,
тәрбиенің іске аспайтыны анық. Дана халқымыз «Қыран түлегіне
қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды»
демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі.
Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды
соншалықты дәрежеде дамытады. Шәкірттерін азамат қып саналы Ұстаз ана, дана
бола алады. Ең бастысы ұстаз мына өмірде Ұлағат боп, ұлық болып
қалады.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Абай атындағы орта мектеп
«Менің сүйікті ұстазым» эссе
Орындаған: Қамысбекова Талшын 7 «ә» сынып
Жетекшісі: Абдрахманова Салтанат
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Абай атындағы орта мектеп
«Менің сүйікті ұстазым» шығарма
Орындаған: Дәуренбек Динара 7 «ә» сынып
Жетекшісі: Абдрахманова Салтанат
Тренинг тақырыбы : Жасырын хат «Мен - ғажаппын»
Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлеріне қолдау көрсету, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: «Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!»
Кіріспе сөз: ХХ ғасырдың басында неміс педагог-дефектологы П.Шуманның «бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген асыл сөзінен даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеу өте қиын екенін рас.Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде.Үйден оқытылатын балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына мынадай міндеттер қойылады.
1.Баланың мектепке дайындығын анықтау.
2.Тәрбиесіндегі кемістігін жою
3.Сабақты жүйелі жоспарлау
Екіншіден баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Тек қана баланың өзімен жұмыс жасағаннан көрі ата-анасымен қосылып, жұмыс жасаған балаға қатты ұнайды. Әрбір мұғалім жеке балаға сабақ бергенде сабағына әртүрлі ойындардың түрлерін қолдануға болады.
Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:
Нәтижесі:1. Олар ойланады.
2. Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады.
3. Ұжымдық сезімі қалыптасады.
4. Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
5. Қарым-қатынасты дамытады.
Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігіп
отырады.
Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп
танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша?
Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз
қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды
жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер
беріледі
Тапсырмалары: «Мен осы өмірге келуіммен кереметпін»
- 1-ші топқа арналған хат;
«Менің күш-жігерім көп,денсаулығым мықты.» - 2-ші топқа арналған
хат;
«Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.» - 3-ші топқа арналған хат.
“Мен –ғажаппын!” Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн.
Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.
Мысалы:
— Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.
— Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.
— Мен ғажаппын, мен кереметпін.
— Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.
— Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.
— Мен тамаша жанмын.
— Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.
— Мен сабырлымын, салмақтымын.
— Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды.
— Мен әділетті, адал жанмын.
— Мен айналама бақыт шуағын шашамын.
— Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.
— Менің қолымнан бәрі келеді.
— Мені тек жақсы адамдар қоршаған.
— Мен үшін өмірдің қызығы мол.
— Мен бәріне ризамын.
— Мен бақытты адаммын.
Қорыта айтқанда: «Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!» қағидасын бекем ұстанайық..
Сабақтың тақырыбы: Уақыттың қадірі
Күні 6.12.2017 |
Мұғалімнің аты-жөні: Абдрахманова С. |
|
Сыныбы 5ә |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағаны. |
Оқу мақсаттары |
5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру 5.4.4.1 – жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану. |
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың барлығы орындай алады: тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру,көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады. Оқушылардың кейбірі орындай алады: өзіндік ой-тұжырымын жазба жұмыстарындаеркін білдіре алады |
|
Жетістік критерийлері |
Ақпараттарды іріктейді,ішінара ізденушілік жұмыстарын жүргізеді,шығармашылық жұмыс жазады. |
|
Тілдік мақсат |
Негізгі сөздер мен тіркестер: тіл үйрену,бос уақытты пайдалы өткізу, спорт секциялары. Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша, қарсылық білдіремін, мен бұл пікірді қолдаймын. |
|
Алдыңғы оқу |
Бос уақытты тиімді пайдалану ережелерін біледі. |
Жоспар
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
|||||||||||||||||
Басталуы |
Ойтүрткі. Сұрақтарға жауап беріңдер. 1.Сендерді қай тілдер қызықтырады? 2. Тіл үйренуге не кедергі болып жүр? 3. «Уақытты бос өткізу» дегенді басқа қандай сөздермен беруге болады? |
ОӘК материалдары |
|||||||||||||||||
Ортасы Ойлау дағдыларының деңгейі Бағалау критерийі |
1. Оқушылар оқылым және тыңдалым материалдары негізінде ой түйінін жасайды. Өз уақытын тиімді пайдалана білген миллиардар Билл Гейтстің қайырымдылық істері туралы өз ойларымен бөліседі. Оқушылар топқа бөлініп,деңгейлік тапсырманы орындайды. 1-топ.Сұхбаттағы диалог мәтінінен зат есімдерді теріп, олардан жұрнақтар арқылы жаңа сөздер жасайды. 2-топ.Оқылым мәтінінің мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтелдер жазады. 3-топ. «Уақытты бағалай білеміз бе?» сұрағына «Төрт сөйлем» әдісі арқылы жауап жазады. Ойдан түбір сөздер жазып,сол сөздерден жұрнақ арқылы туынды сөздер жасап, кестеге түсіреді.Осы сөздерден сөйлемдер құрастырады
|
Деңгейлік тапсырмалар
ОӘК материалдары
|
|||||||||||||||||
Соңы |
Рефлексия. «Бағдаршам» арқылы бүгінгі сабақты қорытындылайды. Жауаптарға сәйкес бояйды. Үйге тапсырма. «уақыт алтыннан қымбат» тақырыбында эссе жазады.. |
«Бағдаршам» әдісі
|
|||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||
Саралау Қосымша критерийлер арқылы бағалау |
«Ғибратты сөз» айдарымен берілген нақыл сөздердің мәнін түсініп оқиды. Оларды салыстыра отырып, ой толғайды. Уақыт біреуге ұзақ, біреуге қысқа болып көрінуі мүмкін.Бұл оның қандай іспен не тірлікпен толтырылғандығына байланысты. ( С.Маршак) |
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті «Басбармақ» әдісі |
|||||||||||||||||
Рефлексия |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?) Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?) Мен келесі сабағымды жетілдіруге қандай факторлар әсер ететінін білдім.? Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қатынасты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту. |
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Күні: 6.12.2017ж Сынып: 7 |
Мектеп: Абай атындағы орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні:Абдрахманова С.Қ. Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Қазақтың дәстүрлі әндері |
|||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.О4. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау. 7.4.3.1-фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану; |
|||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар орындай алады: идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстырып,фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады. |
|||||||||||||||||||
Бағалау критерийі: |
|
|||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар стиль түрлерін салыстырып, талдайды.Өз пікірлерін,көзқарастарын,болжамдарын өзіндік дағдыларына сүйене отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы, шығармашылық қабілеттерін пайдаланып, ойын еркін жеткізе алады. |
|||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Азаматтылығы мен əлеуметтік белсенділігі жоғары, сыни тұрғыдан ойланатын, шығармашыл тұлға тәрбиелеу. |
|||||||||||||||||||
Пəнаралық байланыс |
Қазақ әдебиеті |
|||||||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Оқушылар «Қазақ музыкасы » бойынша білімдерін тереңдетіп, тілдік дағдыларын қалыптастырды. |
|||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну Қолдану 15 мин Сабақтың ортасы 15 мин |
Тренинг. 1. Кешегі сабақта есте қалған қызықты эпизод пен қиындық туғызған тапсырманы әр оқушы айта отырып, жаңа сабақта атқарылатын іс-әрекеттерге, нені жетілдіруге болатынына болжау жасайды.Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.
|
|
||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
5 мин |
Рефлексия. «Блоб ағашы» |
|
||||||||||||||||||
Саралау Барынша қолдау көрсету: Орташа қолда Қолдау көрсету аз: |
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
|
|
||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: |
|
|||||||||||||||||||
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? |