Материалдар / Міржақып Дулатов «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы, «Бақытсыз Жамал» романы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Міржақып Дулатов «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы, «Бақытсыз Жамал» романы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушыларына қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2019
1557
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі

Тараз қаласы

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Оралбаева А.С.

Тобы: 1ХТН-18-2


XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиет.XX ғасыр 20-30 жылдарындағы әдебиеттің ерекшелігі. Міржақып Дулатов «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы, «Бақытсыз Жамал» романы.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы: XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиет.XX ғасыр 20-30 жылдарындағы әдебиеттің ерекшелігі. Міржақып Дулатов «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы, «Бақытсыз Жамал» романы.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, релаксация, шығармашылық зерттеу, QR Code.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Power Point бағдарламасында жасалған презетациялар, слайд, жеке тамсырмалар, тест тапсырмалары, кітаптар көрмесі, альбом, сандық білім беру ресурстары.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, информатика, қазақстан тарихы.

Саабақтың мақсаты: Білімділік: XX ғасыр басындағы әдебиетке шолу жасау.М.Дулатовтың шығармашылық өмір жолымен таныстыру. Ақынның жазушылық жолындағы асқан дарынын, шеберлігі жайында толық мәлімет беру.

Дамытушылық: шығармаларды жан-жақты талдау арқылы студенттердің дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ізденіс-шығармашылық дағдыларын дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік: студенттер бойында өз жеріне, өз халқының әдебиеттегі жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікті баулу, оның қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Пайдаланған әдебиеттер:1.С.Мақпұрұлы, Т.Сыдықов Қазақ әдебиеті Астана «фолиант» 20072. З.Қабдолов, С.Қирабаев Қазақ әдебиеті Алматы 20153.Ұ.Асыл Қазақ әдебиеті 11 сынып Алматы 20074.Б.Қапасова Қазақ әдебиеті 11 сынып Алматы «Атамұра» 20155.С.Ч.Тұрсынғалиева Қазақ әдебиеті 11 сынып Астана «Арман-ПВ» 20156.Міржақып Дулатов Оян, Қазақ! Алматы «Атамұра» 20037.Қ.Бітібаева Әдебиетті тереңдетіп оқыту Алматы Мектеп 2003

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі 2 мин 1.Студенттермен сәлемдесу 2.Дәрісхананың сабаққа әзірлігін тексеру

II.Өткен тақырыпты қайталау (слайд-презентация арқылы) 20 мин Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал», «Маса» жинағы, «Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегі. 1.А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы 2.Ақынның «Қырық мысал» аудармалар жинағы 3.«Маса» жинағына енген шығармалар 4.«Әдебиет танытқыш» ғылыми еңбегі 5.Тест тапсырмалары

III.Жаңа сабақты баяндау (сандық білім беру ресурстары арқылы ) 40 мин 1.XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиет 2.XX ғасыр 20-30 жылдарындағы әдебиеттің ерекшелігі 3.Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы 4.«Бақытсыз Жамал» романы

IV.Жаңа сабақты қорыту (сандық білім беру ресурстары арқылы)14 мин1.«Хронологиялық диктант» дәптермен жұмыс2. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, айшықтаудың түрлерін табу, кітаппен жұмыс3.«Бақытсыз Жамал» романын аудио кітапта тыңдау 4.«Бақытсыз Жамал» романынан үзінді оқу, композициялық-сюжеттік талдау5.Кейіпкерлерге сипаттама бере отырып, романды талқылау тұжырымдау

V.Жаңа сабақты бекіту (сұрақ-жауап әдісі) 10 мин 1.«Кім жылдам» ойыны 2.«Жүректен жүрекке» релаксация

VI.Қорытындылау, бағалау 2 мин Белсенді қатысқан студенттердің жұмысын бағалау

VII.Үй тапсырмасы: 2 мин «Бақытсыз Жамал» роман кейіпкерлерінің реалистік сипаты







III.Интерактифті тәсіл арқылы жаңа сабақты баяндау

Тақырыбы: :XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиет.XX ғасыр 20-30 жылдарындағы әдебиеттің ерекшелігі. Міржақып Дулатов «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян, Қазақ!» өлеңдер жинағы, «Бақытсыз Жамал» романы.

IV.Жаңа сабақты қорыту (сандық білім беру ресурстары арқылы) 14мин 1.«Хронологиялық диктант» дәптермен жұмыс *1885ж 25 қарашада М.Дулатов дүниге келді *1897-1902ж Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқыды *1909ж Петербургте «Оян, Қазақ» атты өлеңдңер жинағы жарық көрді *1910ж «Бақытсыз Жамал» романы Қазан қаласында басылды *1928ж желтоқсанында бір топ қазақ оқығандары қатарында тұьқынға алынды *1935ж 5 қазанда Соловки тұтқындар лагерінде ауыр науқастан қайтыс болды

Оян, Қазақ!

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты.

Найзаменен түртсе де,

Жатырмын,қазақ,оянбай.

Мұнша қалың ұйқыны

Бердің бізге,ой,Алла-ай!

Бар ма екен біздей ғафыл жұрт,

Атырафқа көз салсақ.

Көзі іскенше ұйқыға

Келе жатқан тоя алмай?

Етемін үміт жастардан,

Жаңа гүл шашқан бақшадай.

Мұрадын оңай кім табар,

Жар салып жұртқа қақсамай?

Халыққа,жастар,басшы бол!

Қараңғыда жетектеп.

Терең судан өтер ме,

Мың қойды серке бастамай?


Шәкірт

Ай жарық, салқын ауа, күзгі түнде,

Ұйықтаған үлкен шаһар жатыр күйде.

Жалғыз-ақ тырыс шәкірт кітап ұстап,

Есінеп ояу отыр пәтер үйде.

Дегенмен отыр ояу жалғыз сүлде,

Ұмытқан басқа істің бәрін мүлде.

Әкеткен ой жетелеп, рухын билеп,

Алысқа әлдеқайда жапан түзге.

Ойлайды ол: ашсам сырын, тапсам ғылым,

Жұртым-ау қылсам еңбек, болып құлың...

Кітапты екі қолдап қысып ұстап,

Иіріп отыр іштен қиял жібін.

Мұқтаждық мейірімсіз жолын бөгеп,

Байлар жоқ мұны көріп берген көмек.

Түгелдеп киім, тамақ, оқу хақын,

Шамасы аз жеткізе алмай жүрген жүдеп.

Көніп жүр таршылыққа неше жылдай,

Қыс оқып, жаз ақша іздеп, ешбір тынбай.

Шыдаса көп калған жоқ, мақсұт жақын,

Абырой, денге саулық берсе құдай.

Я, алла! Талапкердің бақытын аш,

Ақ жүрек пайдалы іспен атағын шаш.

Ұлтына қараңғыда қамаулы өскен

Жарқырап жарық сәуле болғандай бас.

Мың ділдә білімдінің жалғыз сөзі,

Таңырқап жұрттың бұған тұрған кезі.

Сен болып бақыт таңы нұр түсірсең,

Сыпырылып қайғы бұлты кетер өзі.

Айнымай тұтқан жолың болсын мынау:

Азаттық, ағайындық, теңдік сұрау.

Тайсалмай дұрыстыққа жанды қисаң,

Борышы адамдықтың сонда тұр-ау...

Таза бұлақ

Бар екен таудан аққан таза бұлақ,

Түк ел жоқ маңайында қылған тұрақ.

Жағалай біткен ағаш жапырақты,

Жайқалып күн мен желден тұрған қорғап.

Шілденің тас қыздырған ыстық күні,

Мөп-мөлдір суы салқын, әйбат түрі.

Шыныдай жалтыраған тазалығы

Көрініп айнадай боп жатқан түбі.

Жиһангез үш жолаушы келе жатқан,

Шөлдеген ыстық күнде таңдай қатқан.

Кез болып бақытына әлде қалай,

Су ішіп мейірі қанған сол бұлақтан.

Рахат сусын қанып, жан жайланып,

Қарап тұр аққан суға қайран қалып.

Көреді суағардан жазулы тас,

Жағалап жоғарырақ жүрсе барып.

Үшеуі мұны көріп қалды тоқтай:

Жапанда жазуы бар неткен тақтай?!

Жазылған оқып көрсе, сөзі мынау:

«Болсаң бол, ей, жолаушы, бұл бұлақтай!»

Саудагер екен бірі үшеуінің,

Тыңдаңыз сондағы айтқан сөзі мұның:

«Япыр-ай! Бұл жазылған ақыл екен,

Өткізбей ағар бұлақ күні-түні.

Алысқа бармақшы ол тынбай ағып,

Қосылмас өзге бұлақ бұған нағып?

Зорайып ақырында өзен болып,

Суынан пайдаланар тамам халық.

Менімше, мұнан мұрат, мағына сол,

Кәсіп қыл, жалқауланбай, талапты бол.

Бұлақтай мақсұдына сен де жетіп,

Басыңа тигізерсің пайданды мол».



Сәрсенбай

(Жамалдың әкесі)

Жамал

(басты кейіпкер)

Ғали

(Жамалдың сүйген жігіті)

Қалампыр

(Сәрсенбайдың бәйбішесі)

Шолпаан

(Жамалдың анасы

Сәрсенбайдың тоқалы)

Байжан

(Жұманның әкесі)

Жұман

(Жамалдың жары)

Құрмаш

(Сәрсенбайдың ауылы)

Ғазиз молда

(татар молда)

Кейіпкерлерге спаттама бере отырып, романды талқылау, тұжырымдау


V.Жаңа сабақты бекіту (сұрақ-жауап әдісі) 10 мин 1.«Кім жылдам» ойыны

-Міржақып Дулатов қай жылы дүниеге келді? -Міржақып қай жерде білім алды? -Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы қалай аталады? -Міржақыптың қазақ әдебиетіндегі орны?

2.«Жүректен жүрекке» релаксация

-Бүгінгі сабақ сіздерге не берді, сіз не алдыңыз? -Өз ойларыңызды бір-екі сөйлеммен жеткізіңіз?

VI.Қорытындылау, бағалау 2 мин Белсенді қатысқан студенттердің жұмысын бағалау







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!