Міржақып Дулатұлы
Тапсырма:
1 Деректермен жұмыс. (Шығармашылығы мен
пікіплер). Ақындығы. «Оян, қазақ» жинағындағы отырлық езгіге,
қараңғы марғаулыққа қарсы күреске шақыру, халықты ояту идеясын ашық
көтеруі.
2 Міржақып өлеңдерінде отарлық саясатқа қарсы
ойдың, ағартушылық идеяның
молдығы.
Міржақып туралы
пікірлер
1 Тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің пікірінше, сол
кездері көпшілікке танымал болған «Қазақ» газетін Міржақып
Дулатұлының қарымды қаламы, көксемсер сөзі, жалынды
публицистикасынсыз елестету мүмкін емес. Ол еңбектерінде тарихшы
Міржақып туралы:
«Міржақып өте жылдам жазған және өте өткір
тақырыпқа жазған. «Қазақ» газеті сондай сапада, сондай биіктіктен
көрінуіне, меніңше, бірден-бір Міржақып Дулатұлына қарыздар. Жалпы
Міржақып Дулатұлы – қазақ журналистикасын жаңа сапаға көтерген
адам»,- деген пікір айтыпты.
2 Міржақыптың қызы Гүлнардың естеліктерінде жанұясы
тұрған Қызылордаға Үлкен Жезқазған басталатын Қарсақбайдан Қаныш
Имантайұлы Сәтпаев жиі-жиі келетін.
«Әкеміз қамауда болғандықтан бізді барлық
таныстар қалдырып кетті, оны бұл жағдай тоқтатпаған, - дейді Гүлнар
Дулатова.
«Менің шешем менің мектепті бітіргенімді Қаныш Имантайұлына айтып,
одан менің қай оқуға баратыным жөн туралы кеңес сұрады. Мен оқуымды
жалғастыруым керек деп, ол мені Томск қаласындағы медициналық
институтқа баруымды қалаған.
«Әкең Бутыр түрмесінде отырғанын айтуға қорықпа
Сібірліктер айдалып келгендерге үйренді, олар бұл жағдайға көңіл
аудармайды», - деді Қаныш Имантайұлы.
3 Гүлнар Дулатова еш уақытта өзінің жанұясына
жағымсыз нәрсе жасаған адамдардың есесін қайтарған жоқ,
алайда қуғанға ұшыраған Міржақып Дулатұлыдан бет қайтармаған
адамдарды әрқашан есте сақтаған. Оның бірі – Қаныш Сәтпаев. Алматы
қаласының әйгілі дәрігері Ханиса Қанышқызы
Сәтпаева:
«Гүлнар апай Міржақып Дулатұлы менің әкемді
өзінің інісі ретінде қарастырған, Гүлнар апай оны үлгі тұтып,
өзінің мамандығын таңдауға үлкен үлес қосқаны туралы айтатын» -
деген.
«Оян,
қазақ»
Міржақып Дулатов 1911 жылы маусым ішінде "Оян, қазақ" атты кітабын
таратқаны үшін Семейде абақтыға жабылып, 103 һәм 129 статъялар
бойынша айыпталып, Окружной соттың үкімі бойынша 19 ай қамауда
отырды. Орал губернаторының телеграммасы бойынша Дулатовтың үйіне
және редакцияда тінту болды, бірақ ештеңе табылмады.«Оян, қазақ»
өлеңдер жинағы алғашқы рет 1909 жылы жарық көрген. Бұл жинақ бірден
таралып, 1911 жылы қайта шығарылған. Кітаптың тақырыпаты ХХ
ғасырдың замандас зиялыларына манифест болған. 1911 жылы «Оян,
қазақ» жинағы, автордың айтуы бойынша, баспасөз істері басқармасы
тәркілеген.
Міржақыппен Ахмет Байтұрсынұлын халық ағату
ісімен халықты ояту салыстыруым.
Менің ойымша бірден Міржақып десек халықты ояту мақсатында
маса болып ызыңдап жайлап халықты оятам деген ағартушы Ахметте
бірден еске түседі.
Соның үшін де А.Байтұрсынов ұйықтап жатқан елді
оятар ма екен деп «Масасын» ұшырды. М.Дулатов «Оян, қазақ!» деп
ұран салды. С.Торайғыров «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн
болам» деп жалын атты.
Міржақып
Дулатұлының:
А.
Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі
мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде
бірінші орын алады… А. Байтұрсыновтың арқасында санасыз түрде
болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ
зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне
бастады…
- деген пікірі бізге етене жақын.Мұнда Міржақыптың айтқысы келген
ойы Ахметтің халықты ояту жолындағы ұстанымын жоғары бағалап өзіде
ағартушылық жолында құрбан екенін айта
кетті.
Ахметтің Маса
жинағы
«Сөз иесінен» деген «Масаның» бастапқы өлеңінде жазушы былай
дейді:
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары аяқтары ұзын маса.
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара яки кқызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса ашпас па екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?!
Бұл өлеңнің сарыны «Қырық мысалдың» өлеңдеріндей
емес. Бұл өлеңде Ахмет, «өзіне біткен түсі өзгерілмес» деп, белгілі
бір саяси бағытқа түскенін, одан өзгерілмейтін; саяси бағыт:
«ұйықтағандардың құлағына ызыңдап ояту» екенін көрсетіп отыр.
Ұйықтады дегені, əрине, қазақ елі ғой.
Ал енді Міржақыпқа
оралайық
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас- ты.
-Адамзат тарихында қилы-қиямет оқиғалармен,
дүбірлі даму үрдісімен ерекше орын алған ХХ ғасырдың басы қашаннан
еңбегі еш, тұзы сор қазақ халқы үшін де сындарлы кезең болғаны
белгілі.
Бұл
жолдар арқылы сондай аумалы-төкпелі, аласапыран кезеңде халқының
жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, аузы алты қарыс патша өкіметіне қарсы
бас көтерген қазақ азаматтарының іс-әрекеттерін ұлт азаттығы үшін
күресте басым көпшілігі сауатсыз, қараңғыда бұйығып жатқан
елді оятып, жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке тарту,қараңқыда
жастықтың оты жалындап тұрған шақта жұмыс қылмай,қайрат қылмай
ұйқыдан көз ашпаған халықты ояту болды.
- Міржақып бір ғасыр бұрын «Оян,
Қазақ!»,- деді. Біз ояндық па осы?!
-
Біз әлі қалғып отырмыз. Оянған жоқпыз. Неге?! Себебі, мемлекет
басында отырған кейбір қазақтарымыз ана тілін әлі білмейді.
Менсінбейді. Неге олар өз тілінде сөйлемейді?! Бұл - бір.
Екіншіден, мемлекет мекемелерінің аты қазақша, заты орысша. Кейде
өз ұлттық мүддемізді умытып басқа мемлекеттердің экономикасын,
саясатын қолдап кетуге бармыз. Бұл нені көрсетеді?! Бұл патша
заманынан бізге сіңген құлдықтың белгісі. Бұл әлі де кешегі өткен
Абылайдың, Кенесарының, Махамбеттің, Абайдың, Міржақыптың рухы
үзіліп қалғандығы. Біз әлі еңсемізді көтерген жоқпыз. Әлі де
намыстана алмаймыз. Рухани құлдырау, жерге бөліну, қол сүю...
Міржақыптың «Оян, қазақ» идеясы - қазақтың нағыз ұлттық идеясы.
Бізге әлі мыңдаған жылдарға азық болары хақ. Біздің оянғанымыз - өз
тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді нығайтып, ана тілімізді әлем
тілдермен тең дәрежеге көтеріп, қазіргі алпауыт елдермен
экономикамыз бен рухани әлеуетіміз бір сатыда тұруы деп
ойлаймын.